- •Емтихан сұрақтары
- •Компас жүйесінде редактрлеу түрлері. Объектілерді редактрлеу мүмкіндіктері.
- •Компас жүйесіндегі өлшеулер.
- •Компас жүйесінде өлшем және белгілеулер қою. Өлшемдер жайлы жалпы мәліметтер.
- •Штрихтау. Штрихтау шегін беру. Штрихтаудағы қолмен шек беру. Штрихтау параметрлері.
- •Компас-3d жүйесіндегі геометриялық объектілер. Графикалық құжатта торды қолдану.
- •Спецификация салу. Қолмен режимінде спецификация салу.
- •Ассоциативтік көріністер жайында мәліметтер.
- •Компас жүйесіндегі өлшеулер (измерения). Жазықтықта өлшеу. Өлшеу командаларының негізгі ерекшеліктері.
- •Құрастырылымды «төменнен жоғарыға» жобалау. «жоғарыдан төменге» жобалау. Жобалаудың аралас тәсілі
- •КомпаСтағы фильтрлер мен макроэлементтер.
- •Ажж математикалық қамтамасыз ету.
- •Төменнен жоғары қарай жобалау. Жоғарыдан төмен қарай жобалау. Аралас жобалау тәсілі.
- •Компас жүйесіндегі редактрлеу.
Емтихан сұрақтары
КОМПАС жүйесіндегі көріністер Көріністерді таңдау. Бұл опция тобында детальдың бейнеленуі жасалады жəне оның параметрлерін орнатуға болады.Алдынан, артынан, үстінен, астынан, сол жағынан, оң жағынан жəне Изометрия тағы да модельдегі қолданушы бағдарлары (ориентация) болады .Егер де деталь бейнеленуінің барлық бағдардағы көрінісі қажет болса,онда Барлық көріністерді таңдау (Выбрать все виды) опциясын қосамыз. КОМПАС жүйесіндегі сызбада төмендегідей ассоциативті көріністер
жасауға болады:
стандартты көрініс;
еркін көрініс;
проекциялық көрініс;
нұсқау бойынша көрініс;
тілік/қима көрінісі;
шығарылған элемент көрінісі;
жергілікті көрініс;
жергілікті тілік.
Ақпараттық, лингвистикалық қамтамасыздандырулар. АЖЖ-ды лингвистикалық қамтамасыз ету автоматтандырылған жоба процедурасы мен жобалық шешімдерді сипаттау үшін қолданылатын тілдер жиынтымен көрсетілген. АЖЖ-дың лингвистикалық қамтамасыз етудің негізгі бөлімі – адамның ЭЕМ-мен аралау тілі.
Тілдерді жіктеудің қабылданған жіктемесіне сай АЖЖ программалау жəне жобалау тілдерін бөліп көрсетеді.
Программалау тілдері. Программалау тілдері – программалық қамтамасыз етуді жазуға арналған тілдер. Бұл тілдер – АЖЖ-ды даярлау құралдары.
Программалау тілдеріне объектілік программаларын пайдалану ыңғайлылығы, əмбебаптығы мен тиімділігі(яғни, машина тілінде хабар жүргізілгенне кейінгі алынған программалар) бойынша талаптар қойылады. Пайдалану ыңғайлылығы программистің тілді меңгеруге жəне ең бастысы онда программаларды жазуға жұмсаған уақытымен көрінеді.
Əмбебаптығы АЖЖ-ды программалық қамтамасыз етуге тəн сан алуан алгоритмдерді суреттеуге арналған тіл мүмкіндігімен анықталады.
Объекті програмаларының тиімділігі, өз кезіндегі тіл қасиетіне байланысты болатын пайдаланылатын транслятордың қасиетімен анықталады.Тиімділік программаларды орындауға жұмсалған машина уақыты мен жады шығынымен анықталады.
Объективті программалардың əмбебаптығы мен тиімділігі тұрғысынан ең жақсы қасиетке машиналық бағытталған тілдер ие. Машина кодына жақындық пен (машина командаларының тілдері) ассемблер деп аталатын транслятордың қарапайымдылығы мен тиімділігін түсіндіруге болады.Бірақ ассемблер тілі адам үшін ыңғайсыз, оларды пайдалану программистердің еңбек өнімділігін төмендетеді. Сондықтан оларды уақыттың нақты ауқымында жұмыс істейтін немесе өз орындалуы үшін аса үлкен есептеу ресурстарын талап ететін АЖЖ-ды программалық қамтамасыз ету модульдерін ғана даярлауда қолданылады.
Есептеу техникасының дамуының бастапқы кезеңдерінде жасалған жоғары деңгейлі алгоритмдік тілдер арасынан ең кең тараған Фортран.Ол игеруде жеңіл жəне сандық талдау есептерін шешу кезінде аса тиімді.PARIS, ModART
– Caspa, ART – CM сияқты жүйелердің программалық қамтамасыз етілуі Фортран тілінде жазылған. Бірақ логикалық сипаттағы күрделі алгоритмдерді сипаттауда Фортранның мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан монитор немесе тілдік процессорлар сияқты программалар сияқты программаларды құру кезінде не ассемблерлі , HL – C, Pascal, P1-1, Ada сияқты есептеу емес процедураларының мүмкіндіктеріжоғарырақ дамыған тілдер пайдаланылады.
Ақпараттың қор (АҚ) – АЖЖ-дың барлық компоненттері пайдаланатын мəліметтер жиынтығы.
АЖЖ-ды ақпараттың қамтамасыз етуін тағайындау– АЖЖ-дың барлық құрамдас компоненттерінің ақпараттық қажеттіліктерін іске асыру.АЖЖ-дың АҚ-ының негізгі қызметі– ақпараттық қорды жүргізу, яғни мəліметтерге қол жеткізу, қолдануды жəне ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Сонымен АЖЖ-дың АҚ-ы ақпараттық қор мен оны жүргізудің құралдарының жиынтығы болып табылады.
АЖЖ-дың ақпараттық қорын жүргізу тəсілдері АЖЖ-дың ақпараттық қорын жүргізудің келесідей тəсілдері ерекшеленеді:
Файлдық жүйені пайдалану;
Кітапхананы құру;
Мəліметтер банкін (МБн) пайдалану;
Ақпараттық программалық адаптерлерді құру.
