Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBD_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.46 Кб
Скачать
  1. Деректер моделі түсінігі

Деректер моделі - деректер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз Деректер қорын пайдалану файлдық құрылым мәліметтерінде болған шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді.Деректер қорының көмегімен шешілетін әралуан есептер деректер қорын құрылымдау мен деректердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде деректер қорының бірнеше моделі пайда болды.Алғашқыда деректер қорының

  • иерархиялық,

  • желілік,

  • реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,

  • көпөлшемдік,

  • объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады.

Деректер қорының хронологиялық дамуын келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады:

Біртіндеп қол жеткізу файлдары(1960ж)

Еркін қол жеткізу файлдары

Мәліметтер қорының иерархиялық модельдері

Желілік модельдер(1970ж)

Реляциялық модельдері бойынша Коддтың жұмыстары

Мәліметтер қорының реляциялық модельдері

Үлестірілген мәліметтер қоры, клиент/сервер технологиясы(1990ж)

Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры (2000ж)

Сонымен қатар деректердің өзге модельдеріне негізделген белгілі модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге болады.

  1. Деректер қоры.

Деректер қоры. Негізгі ұғымдар.Ақпараттық технологияларды мәліметтер қоры үлкен роль атқарады. Деректер қоры дегеніміз – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) бар, өзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы.

Деректер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік ұжым бола алады. Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы және т.б. сияқты қасиеттерге ие.

Деректер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:

өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі;

домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны;

мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;

жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;

мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес келетін жазбалар жиыны.

Деректер қорының файлдық құрылым деректерінен басты айырмашылығы – деректерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар өзара байланыспаған деректер элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал мәліметтер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген элементтерінің арасында байланыс болады.

  1. Деректерді қорғаудың негізгі әдістері.

Дерекқорды қорғау,  деректерді жоғалту мүмкіндігі бар болғаннаң кейін көптеген қауіпті жағдайлардан (кездей соқ және жасанды) сақтау болады. Дерекқор жүйелерде деректерді жоғалту әр-түрлі себептерден болу мүмкін: - кейбір программалар жұмыстарын іске асырғанда жүйе қирау мүмкін, сол кезде дерекқор белгісіз жағдайда қалып қалу мүмкін; - екі бәсекелес программа жұмыс атқарғанда олардың арасында келіспеушілік болу мүмкін,  ол дурыс емес нәтиже алуға әкеледі; - дерекқорда деректер белгісіз қолданушылармен өзгертілуі мүмкін. Қорғау термины деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден немесе бұзудан қорғалғанға жатады. Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген деректердің тұтастығын сақтау (рұқсатты қолданушылар қол жеткізгенде бұзудан сақтау) болады.  Қорғау шаралары деген ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басшылармен қолданатын шаралар. Қорғау шараларының негізгі мақсаты қауіптірді және қылмыстарды болдырмау. Қорғау шаралары сондайақ шектеу функциясын қолданып қауіп әкелетін залал мөлшерін азайтады. Қорғау шараларына әкімшілік басқару құжаттары (бұйрықтар, инструкциялар),  аппараттық құрылымдар немесе қосымша программалар жатады. Рұқсатсыз қол жеткізуден, бұзудан, модификациядан, ашудан және қол жеткізуде кідіруден қорғау шаралары ақпараттық қорғау мен қауіпсіздендіру деп аталады. Деректерді құру, еңгізу, өңдеу және шығару үрдістерді қорғау шаралары ақпараттық қауіпсіздікке кіреді. Ақпараттық қауіпсіздіктің мақсаты: жүйенің бағалылығын қауіпсіздндіру, ақпараттың тұтастығын және туралығын кепілдеу және қорғау,  егер ақпарат өзгертілген немесе бұзылған болса, онда залалды кішірейту. Ақпараттық қауіпсіздік ақпарат құрылған, модификацияланған, таратылған, оған қол жеткізу қамтамасыз етілген оқиғаның бәрін есепке алуды талап етеді.

қпараттық жүйелерді, соның ішінде дерекқор технологиялар негізінді, қорғау және қауіпсіздендіруде төрт негізгі бағыттары бар. Болдырмау – ақпаратқа және технологияға тек қана авторланған персонал қол жеткізеді. Табу – егер қорғау механизмдерді айланып өтседе қылмыстарды және қауіптерді тез арада табуды өамтамасыз ету. Шектеу – егер табу және бодырмау шараларына қарамай қылмыс іске ассада залал өлшемі азайады. Қалпына келтіру – құжатталған және тексерілген қалпына келтіру жобалары болса онда ақпаратты тиымды қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]