- •Ақпаратты басқаруда денсаулық сақтау жүйесіндегі этикалық және құқықтық қағидалар
- •Мазмұны:
- •Электрондық құжат айналым жүйесін ұйымдастыру тәртібі
- •Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі
- •Ұлттық сәйкестендіру жүйесі туралы түсінік (ұсж)
- •Медициналық жұмысшылардың этикалық нормалары
- •Дәрігерлік құпия
- •Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:
басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;
денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;
денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.
Қорытынды
Қорыта келе, денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттық басқару қазіргі кезде тиімді әдіс. Ол Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады. "Электрондық үкімет" порталы арқылы тұрғындар жеке дәрігерге жазыла алады; керек кезінде толық мәлімет ала алады;Қазақстан Республикасына тіркелген не тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техникаларды әкелу мен әкетуді; балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуден өткізуді жүзеге асыра алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының кодексі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі. (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2. Электрондық құжат айналымы жүйесі.(zhb.sko.kz)
3. А.С. Аскарова. Учаскелік мейірбике мен пациенттің өзара қарым-қатынасының этика деонтологиялық аспектілері. Вестник КазНМУ.
4. Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі. Исатайская районная газета.«Нарын таңы». №39(3628) от 26.09.2013г.(www.naryn.kz). Сотрудник УЮ. Исатайского района. Магзомва Д.
5. Дәрігерлік құпия. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі. 95-бап (kk.wikipedia.org).
6. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2013 жылғы 29 қазандағы № 158 Қаулысы.
7.Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі (www.e.gov.kz)
8. Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығы.
