Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақпаратты басқаруда денсаулық сақтау жүйесіндегі этикалық және құқықтық қағидалар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
34.45 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы:

Ақпаратты басқаруда денсаулық сақтау жүйесіндегі этикалық және құқықтық қағидалар

Қабылдаған: Омарбаева А.Н.

Орындаган: Дүйсебай Ж

Факультет:Жалпы медицина

Мазмұны:

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Электронды құжат және электронды құжат айналым

2. Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі

3. Ұлттық сәйкестендіру жүйесі

4. Медициналық жұмысшылардың этикалық нормалары

5. Дәрігерлік құпия

6. Денсаулық сақтаудағы ақпараттандырудың мәні

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет «электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

Негізгі бөлім

Электронды құжат және электронды құжат айналым туралы түсінік

Электрондық құжат айналым жүйесін ұйымдастыру тәртібі

Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін Электрондық құжат айналым жүйесі (ЭҚАЖ)  пайдаланылады,ол келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

  • пайдаланушылардың қол жеткiзуiн авторландыру және қол жеткiзу құқықтарын шектеу;

  • электрондық хабарды қалыптастыру (құру);

  • электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру;

  • электрондық құжаттармен ұжымдық жұмыс;

  • электрондық құжаттардың орындалуын бақылау;

  • электрондық құжатты iздестiру;

  • мемлекеттiк орган шегiнде және мемлекеттiк органдардың арасында электрондық құжаттарды жiберу және алуын растау;

  • электрондық құжаттарды сақтау;

  • мемлекеттік органның электрондық құжаттар мұрағатына электрондық құжаттарды тапсыру.

Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі

БЭҚАЖ – бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі. Яғни, басқармадағы барлық құжаттар, кіріс – шығыс құжаттарды, азаматтардың өтініштері, АХАТ қызметі бойынша келіп түсетін өтініштер, жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу, зияткерлік меншік құқық және құқық түсіндіру салалары бойынша сұрау хаттар мен азаматтардың жеке өтініштері және халыққа қызмет көрсету орталығынан келіп түскен барлық құжаттар осы база арқылы тіркеледі және басқарма басшысының қатаң бақылауында болады. Барлық құжаттар осы электронды базада тіркелгендіктен сұрау хаттар мен жеке азаматтардың өтініштері уақытылы, заңда көрсетілген мерзімде орындалады. Сонымен қатар, басқа облыс, аудан және басқа мекемелермен де хат алмасып отыруға және жеке, заңды тұлғалардың электронды тұрде өтініштері мен арыздарын қабылдауға болады.

Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі– қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал», электронды түрде халықты құжаттандыру жүйесінің қолайлы, тиімді бір түрі екені іс жүзінде дәлелденуде. «Электрондық үкімет» порталы — мемлекеттік қызметтерді жеке және заңды тұлғаларға онлайн түрде көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе. «Электронды үкімет» порталы экономикалық қылмысқа жол бермеуді, алаяқтықты, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын алдын-алуды қамтамасыз етеді.