Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
43-49.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.48 Кб
Скачать

46. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырудың даму беталыстарыны міндеттері және негізгі бағыттары

Жүктi тиеу-түсiру жұмыстарының механикаландыруы шикі затты әкелуі мен дайын өнімін тиеуін, автоматтандырылған және механикаландырылған машина жүйелерін қолдану және т.б..

Басты мақсат — еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік циклінің ұзақтығының азайуы, жылжымалы құрамның қолдану тиімділігінің үлкеюі, босату демек, ауыр жұмыс істетейтін жұмысшылар саны.

МПРР барлық технологиялық операцияларды алғышартын біртұтас кешен ретінде құрады.

Тиеу – түсіру жұмысы(ТТЖ), жүк таситын тармақпен атқарылатын және тиеу – түсіру көліктерінің(ТТК),жүк таситын операциялардың тиеуге, түсіруге және әртүрлі жүктердің түрлерін сұрыптау жүзеге асырылуы көлік – жүк жүйесін көлікке құрайды.

Көлік процесі жүк тиеуді, тасымалдауды және жүкті түсіруді қосады.

Жүкті тиеу және түсіру, немесе тиеу – түсіру жұмысы, бұл жүк жіберушілер және жүк алушыларда көліктің кез келген түрінің жылжымалы құрамының жүктерін тасымалдау кезінде атқаратын көтергіш – көлік операциясы.

47. Жүктерді тасымалдау әдістері

Жүктерді тасымалдау деп бір орыннан екінші орынға әр-түрлі объекттерді тасымалдау процессі. Жүктерді автомобильдермен тасымалдау келісім арқылы жүзеге асады. Келісім автотраспортты кәсіпорнымен немесе жүк жөнелту ұйымымен және үш жақты(АКК жүк жөнелтуші және жүкалушының арасында) келісім болуы мүмкің.  Жылдық келісімде тасымалдаудың көлемі, тасымалдау реті, жүкті жөнелту және қабылдау бойынша жұмыс режимі, тасымалдау кезіңдегі жүктің сапсың жоғалтпайтындығы, арту-түсіру жұмыстарының орындалу реті, тасымалдаулар үшің есептеулер реті, сондай- ақ жүк ағымының рационалды маршруты мен схемасы анықталады. Жүк тасымалдаудың негізгі түрлері: су жолында контейнерлерімен (кеме, қайық), теміржолмен, автотранспорттпен, әуе жолымен (ұшақ, тікұшақ), құбырмен.

Су жолымен - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілетін шөгім кеменің қорпусында қызыл сызық - ватерсызықпен белгіленеді.

Темір жол көлігінде тасымалданған жүк көлемі әкелінген және әкетілген жүктердің, транзиттік тасымалдың және жергілікті қатынастағы тасымалдың жиынтығы болып саналады.

Жүк айналымының таза салмағы - жүктерді ешқандай бумасыз, тек орамда немесе ішкі орамда белгілі бір қашықтықта тасымалдаумен сипатталады.

Жол иелігіндегі жүк вагондары паркіндегі нақты парктердің жүк вагондары ескеріледі, олар былайша бөлінеді:

- жабық;

- жартылай вагондар;

- цистерналар;

- рефрижераторлар;

- өзге де вагондар.

   Автокөлік транспортында стандартты секілді, ірі ауқымды да тіпті қажетті мақсаттарға жету үшін арнайы таңдалатын қауіпті жүктер де тасымалданады.  

            Автокөлік тасымалы келесідей ерекшеліктерге ие:   • жүк жіберушіден алушыға дейін шамадан артық тиеусіз жүктерді жеткізу мүмкіндігі;   • жүктерді жоғары деңгейде сақтауды қамтамасыз ету;   • тасымалдаудың үлкен ұтқырлығы мен жылдамдығы;   • шағын қашықтыққа (200 км-ге дейін) тауарлы-бірліктегі жүктерді тасымалдау кезіндегі үнемділік;   • жүктерді тасымалдаудың бірқалыптылығы, жүктерді жинақтаудың қажеті жоқ.   • жүктердің бірталай партиясын ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде пайдаланылатын шектеу;   • жол торабынан тәуелді еместігі;   • ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезіндегі транспорттың қымбат түрі.  

Қазіргі кезде жүк тасымалдау тауар тасымалдау үшін қажет болып табылады, автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда. Бұл өз жүгін республиканың қай қаласына болсын, ТМД, Еуропа елдеріне және т.б. жедел және сапалы тасымалдаудың барынша тартымды түрлерінің бірі болып табылады.

ТМД мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың жетпіс пайызы автомобиль көлігінің көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені автомобильмен тасымалдау кезінде оны тасымалдаудың барлық ерекшеліктері ескеріле отырып қандай да болсын көлемдегі жүк тасу мүмкіндігі бар, соның ішінде температуралық режим сақталады, сонымен бірге стандартты емес және қауіпті жүктерді тасымалдауға тек автомобиль ғана қолайлы.

Әуе көлігі тасымалы – ең жас, ең қымбат және ең жылдам көлікпен тасымалдау. Келешегі аса зор болып табылатын бұл жүк тасымалы  қазіргі кезде жылдам да қарқынды дамуда.

 

Жүктерді жеткізудің бұл тәсілі өзгелеріне қарағанда ең жылдам болып табылады. Оның негізгі жетістіктері тасымал үдерісінің жылдамдығы, сондай-ақ жүктің қауіпсіздігі болып табылады. Сонымен қатар оның артықшылықтарына ұтқырлығын да жатқызуға болады, себебі жүктер ғаламшардың кез келген нүктесіне дерлік тасымалданады.

 

Сонымен, авиа фрахт – ең жедел және қымбат бағалы жүктерді тасымалдау немесе кейінге қалдыруға болмайтын жүктерді өзге көлік түрлері бара алмайтын жетуі қиын жерлерге жеткізу әдісі.

 

Әуе көлігі тасымалы – уақытты үнемдеу, бұл дегеніміз қажеттілік. Теңіз көлігі тасымалын немесе тағы басқа тасымал түрлерін пайдаланып, сіз өнімді бір елден екіншісіне жеткізуге 1 айдан 5 айға дейінгі уақытты шығындауыңыз мүмкін. Ал әуе көлігімен жүк тасымалдауды пайдалансаңыз, оған бар-жоғы 2 сағаттан 10 сағатқа дейінгі уақыт жұмсалады. Уақыт едәуір үнемделеді, солай емес пе? Ал бағасының айырмасы оншалықты көп емес.

Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы.

Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Құбыр желісіне жатқызуға болады.