Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
43-49.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.48 Кб
Скачать

43. Орманды жүктерді дайынадайтын қоймаларды

Өрімтал —құлатылған ағаштың діңі, тамырынан басына дейін дейін бұтанақтардан тазаланған. Тазалауды орман ішінде, арту алаңдарында немесе қоймаларда жасайды. Өрімталдың көлеміне,тұқымына және сапасына қарай дөнгелек түрін тілуге,жонуға,сыдыруға,целлилоза және ағаш қоймалжыңын шығаруға, дөңгелек(бөрене) қалпында қолдануға.

Өңделмеген түрде ,ол ағаштар бұтақтардан қырқылғаннан кейін қажетті ұзындыққа сәйкес көлденең кесіледі (олар домалақ деп аталады) және өңделген түрдегі –олар ағаштың табиғи түрін сақтап қалған домалақ кесілген ағаштан шыққан материалдар (кесілген ағаштар,жарылған материалдар,жонылған,сыдырылған) Барлық орман өнімдері ісмер сортимент және төмен сапалы ағаш болып бөлінеді.

Пайдалануына байланысты сортименттер келесі топтарға бөлінеді:

- ағаш өнімдерін ,темір жол шабақтарын,жәшік және құрғақ өнімдерге арналған бөшке жабдықтарын, шарап,сыра бөшкелерін жасауға арналған ағаштарды арамен кесуге,сүрлеуге арналған орман өнімдері;

- целлюлоза және ағаш үйіндісін жасауға арналған орман өнімдері(балансы);

- сіріңке шығаруға арналған орман өнімдері;

- кілтек шығаруға арналған орман өнімдері

Орман қоймалары пайдалануына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

- асулық-өңдеу

- асулық.

болып бөлінеді.

Асулық –өңдеу олар ағаштарды,шыбықтарды және сортименттерді қабылдауға,оларды алғашқы өңдеуге және ішінара өңдеуге ,дайын өнімді сақтау және ары қарай пайдаланушыларға тасымалдауға немесе ағаш өңдейтін кәсіпорындарға беру үшін арналған.

Орналасқан орнына қарай орман қоймалары келесі түрлерге бөлінеді:

- орман өнімдерін дайындайтын кәсіпорындардың төменгі қоймалары;

-орманасулы базалар;

- орман порттары;

- пайдаланушылардың орман қоймалары.

Орман өнімдерін қоймаларда сақталу кезінде оларда кемістіктердің пайда болмауын немесе бар болған жағыдайда олардың ары қарай дамымауын,ағаштың физико-механикалық қасиетін сақталуын қамтамасыз ету керек. Сақтау түрлері жыныстық табандылығына,климаттық аймаққа,сақтау мерзіміне, орман өнімдерінің пайдалануына байланысты.

Орман өнімдерін сақтаудың екі түрі қолданылады- ылғалды және құрғақ.

Ылғалды түрі-сақтау мерзімі бойы ағашты ылғалдылығын сақтау.Бөренелерді жаңбырлы түрде сулайды,яғни белгілі бір мезгілде сулап,және суда сақтау,бұл жағдайда бөренелерді толық немесе жартылай суға салады. Құрғақ түрде- ағашты толық құрғатып оны сақталу мерзімі бойы солай сақтау. Орман өнімдерін әр түрлі құрт-құмырсқалардан және әр түрлі аурулардан қорғау үшін әр түрлі препараттар қолданылады. Угітілуден және ауруға шалдығудан сақтау үшін ылғалдан қорғайтын антисептикалық бүркену пайдаланылады. Орман өнімдерін қорғау материалдарымен өңдейді,ол үшін оларды ерітінділерге салады,бүркеді немесе малярлық бүркену жасайды.

Қоймаларда орман өнімдері әр түрлі штабелдерге салынады: тығыз,қатар,тығыз-қатарлы,бумалы,пакетті

Тығыз штабель жақсы сыйымдылығымен мінезделеді,оларды штабелдеу үшін аралық қабат қажет емесТығыз штабелде ауа циркулляциясы өте баяу және бұл кезде ағаштың кебуі баяу.

Қатарлы штабель кезінде орман өнімдері тығыз қатармен салынады,бір бірінен көлденең аралық қабат арқылы бөлінеді . Қатарлы штабель кезінде ауа циркулляциясы өте жақсы,ол ағаштын кебуін тездетеді. Қатарлы штабельдердің сыйымдылығы ,тығыз штабельден төмен.

Бумалы  штабель орман өнімдері бума түрінде орналастырылады,бір бірінен қөлденең,еңістік немесе тік аралық қабаттармен бөлінеді.

Тығыз-қатарлы  деп орман өнімдерін бір бірінен көлденең аралық қабаттармен бөліп көп қатарға қаланған штабельді атайды.ауа циркуляциясының қарқыны,сыйымдылығы және механизациялау жұмыстары жағынан тығыз-қатарлы штабелдер тығыз және қатарлы штабельдардын ортасынан орын алады.

Пакетті штабель белгілі түрде және көлемдегі буылған , контейнелі немесе басқаша пакеттерден құралады .Пакеттер қатарын бір біріне параллелді немесе перпендикулярлы түрде салады.Пакеттік штабелдің кемшілігі бууга арналған жіпті және контейнерлерді көп қажет етеді.