- •«Терістеуді терістеу». Оның мәні
- •Адамның әлемдегі орны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
- •Әлемдік тарихтың бірлігі мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Қоғамның революциялық және эволюциялық дамуының типтері.
- •Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.
- •Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.
- •Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
- •К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.
- •Кездейсоқтық пен қажеттілік: кезд.Қ қажеттіліктен туындайды ал алғ.Ы қажет.К Құдай
- •Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.
- •Қоғамдық сананың формалары: саяси
- •Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі ретінде.
- •Мәдениеттегі бірлік, сан салалылық және өзара қатынас. Ұлттық және ұлтаралық мәдениет.
- •Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.
- •Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесі. Абсолютті және теңестірілген ақиқат. Ақиқат кретерийлері.
- •XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия
- •Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм.
Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.
Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық - түліксіз, киім - кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере алайды. Ол игіліктерге ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек - адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, шешуші күші болып табылады.
Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез келген нақты өндіріс тәсілінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын - өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды құрады. Олай болса, өндіріс тәсіліне жалпылама талдау жасау үшін өндіргіш күштер деген не, олардың құрамы қандай, өндірістік қатынастар қандай қатынастардан тұрады, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланысы қандай деген сұрақтарды анықтау қажет.
Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы - адам.
Еңбек құралдары қоғамның өндіргіш күштерінің шешуші элементі болып табылады, өйткені адамның табиғатқа деген қатынасының сипатын айқындап беретін солар.
Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс - әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Сондықтан еңбек әуелбастан қоғамдық еңбек еді және солай болып қала бермек. Еңбек процесінде адамдар арасында орнайтын бұл қатынастар болмай қоймайтын қажетті қатынастар болып табылады.
Өнім бөлісу формасы да өндіріс құралдарына деген меншіктің сипатына тиесілді болады. Өндіріс құрал - жабдықтарының иесі өндіріс процесіне қатыспағанымен, өнімнің не барлығын алады немесе басым көпшілігін алады. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз объективті түрде қалыптасады. Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.
Адамдардың үздіксіз өсетін қажеттерін қанағаттандырудың бір ғана жолы бар - өндірісті ұдайы жетілдіріп дамыту. Өндірісті дамыту - қоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.
Сөйтіп, көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік философия материалдық, экономикалық қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайтындар: меншіктің формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну керек.
Қоғам – күрделі, динамикалық, өзін-өзі дамытатын жүйе. Оның дамуының қайнар көзі өзінде жатыр және қоғамда әлеуметтік прогрестің қозғаушы күш болып негізгі рольді адам атқарады. Қоғамның өзін дамытуы ғылыми техникалық революция арқылы жүзеге асады. Ғылым да, техника да, прогресс те – адамзат ақыл-ойының жемісі. Қоғам табиғаттан пайда болды, қоғам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан қоғам мен табиғат бір-бірімен байланыста.
Қоғамдық және жеке сана. Қоғамдық сананың құрылымы мен элементтері. Қандай қоғам болмасын, ол қоғамның үстемдік құрған таптарының мақсаты өздеріне тиімді қоғамдық пікір, саясаты, құқықты моральдық, идеялогиялық принциптерді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Қоғамдық санамен бірге әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана объективтік шындықты жалпыға белгілі ұғымдар мен категориялар ды ұғынумен шектелмейді, сонымен бірге объективті өмірді тікелей тану арқ., әр адамның жеке басына, біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне, т.б. сәйкес қалыптасады. Түрлі тарихи жағдайлар, экономикалық, таптық, саяси –әлеуметтік проблемалар жеке санаға әсер етеді. Әрине, жеке сана қоғамдық санадан тар өрісті болады. Ал қоғамдық сананы сақтаушы да, оны іске асырушы да – жеке адамдар. Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Қоғамдық сананы кім жасайды? Оны жасайтындар да –жеке адамдар. Сонда айырмашылығы неде? Ол былай. Біреудің досына жазған хаты, арызы, көрген білгендерді күнделікті өмір мен күйкі-күйбең тіршілікпен шектелетін болса, ол жеке санаға жатады. Ал егер сол хатта үлкен бір теориялық, не көптік мәселе қозғалса, ондағы пікірлер қоғамдық болып табылады.
