Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fila_po_alfavitu_polnaya.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.38 Кб
Скачать

К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.

Марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай - ақ материалистік, ал марксистік теория - материалистік қана емес, сондай - ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне - бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі - бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.Сонымен, дүниеге диалектикалық - материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны танып - білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс - әрекетіне байланыссыз - ақ танып білуге болады деп санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс - әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс - әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бұл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды.Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісі тарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды, өйткені Маркстен бүрынғы материалистердің бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіңдіруде ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың бәрі идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер, адамдардың мақсат - мүдделері деді, бірақ бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс - әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда айта келіп. Әрине, бүл қарапайым фактілер Маркс пен Энгельстен әлдеқайда бұрын белгілі болатын. Бірақ олар, бұрынғы материалистер сияқты, бұл қарапайым фактіні айтумен тоқтап қалған жоқ, бүлар сияқты толып жатқан қоғамдық құбылыстардың негізінде терең жатқан заңдылықтың мәнін ашты, атап айтқанда, адамдардың алуан түрлі іс - әрекет, қимылдары материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екен, ал бұл өндірістің барысында адамдар өздерінің еркінен тыс, тәуелсіз өндірістік қатынастар орнатады екен. Қоғам өмірінің негізі бүкіл басқа идеологиялық, саяси т.б. қатынастарды айқындап беретін түпкі базисі - өндірістік қатынастардың жиынтығы екен.

Кант, Гегель, Л.Фейербах.18ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды. Канттың өмірін сынға дейінгі кезең, сыннан кейінгі кезең деп екіге бөліп қарастырады. 1770 жылдардан кейін оның ”Практикалық ақылға сын”, “Таза ақылға сын” (1781ж.), “Пайымдау қабілетін сынау” атты еңбектері жарық көрді. И. Канттың өмірінің екінші кезеңінде гносеология жасалады. Субъекті және оның қызметі мәселесі Канттың таным теориясына қосқан үлесі болып табылады. Кант тәжірибені апостериорлық және априорлық деп екіге бөледі. Априори – тәжірибеден бұрын оған тәуелсіз алынған білім дегенді білдіреді. Априори әуелден-ақ санаға тән білім деп саналады. Апостериори тәжірибеден алынған білім деп саналады. Тәжірибені екіұшты пайымдау құбылыс пен мәнді қарама-қарсы қояды. Құбылыс сыртқы көрініс, мән іште, тереңде, көрінбейді. Мән мен құбылыты қарама-қарсы қою одан әрі жалғасып, мұның өзі міндетті түрде агностицизмге апарып соғады. Агностицизм - бұл танымды ішінара теріске шығаратын ілім. Кант агностицизм бағытын (өкілі) ұстанды.Кант дүниені “өзіндік зат” және”біздің зат” деп екіге бөледі. ”Өзііндік зат” - өздігінен, бііздің санамыздан тыс өмір сүретін мән. “Өзіндік заттың” мәнін танып білуге болмайды. ”Өзіндік заттардан” басқа құбылыстар дүниесі бар. Оны Кант табиғат дейді. Құбылыстар дүниесі адам санасынан тәуелсіз өздігінше өмір сүре алмайды. Құбылыстар дүнисінде заңдылық жоқ, - дейді Кант. Адам ғана таным барысында ретсіз дүниеде заңдылық жасап береді. Оған трансценденталды ақыл - парасат көмекке келеді. Трансценденталды деген сөз о дүниелік дегенді білдіреді, бұл - сана мен таным шегінен тыс нәрсені білдіретін термин. Осы тұста Канттың субъектіні активті феномен ретінде қарастырғанын байқаймыз. Кант “білім қалай түзіледі?” деген сұраққа жауап іздеді. Ол априоризм арқылы білімнің жекеліктен жалпылыққа өтуін шешпек болды. Біілімді негіздеу Канттың басты мақсаты еді. Кант білімнің калай түзілетінін ашып бере алмады.Себебі ол пайымдау және парасат арасын алшақтатып жіберді. Сондай-ақ априорлық формалардың өзі қайдан щығатынын да түсіндірмеді. Кант “өзіндік затты”, мәнді тануда творчестволық елестетуге орын береді. Мән жоғарғы ақыл арқылы танылады. Жоғарғы ақыл трансцендентті, ол эксперимент пен бақылаудан тәуелсіз жоғарғы білім мен сенімге негізделген. Өмірінің ақырына қарай Кант логика және педагогикамен айналысады.12 жалпы ұғымдар - категориялар түзді. Кант антиномиялар туралы пікір айтты. Антиномия - санадағы қарама-қарсылықтар. Өзінің таным қызметінде адам қайшылықтарға кезікпей қоймайды. Олардан шығудың бірден бір жолы - парыз этикасы болып табылады. Өйткені адам өзінің эмпирикалық тіршілігінде табиғат заңдарынан төмен тұр, өйткені ол сыртқы дүниенің ықпалына бағынышты. Алайда мораль заңдарын, императивті басшылыққа ала отырып адам ғибратқа ие болады. Кант “категориялық императив” ұғымының авторы: ”Адам мүддеге жетудің құралы емес, ол - мақсат болуы қажет”. Кант айтты “Адамның жолы болмауы моралдық сананың жетіспеушілігінен”.2. Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы.Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім - “болмыс”; 2-бөлімі - ”мән”; 3-ші бөлімі –“ұғым” деп аталады. Гегельдің айтуынша, логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Бұл еңбегінде Гегель диалектиканың үш жалпылық заңының негізгі категорияларын ашты. (Категория – бұл жалпы, универсальды, философиялық ұғым).Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары объективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді. Оның пікірінше табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ табиғат дамымайды, дамитын тек идея деген қате пікірде болды. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті, танымдағы практикалық тарихи қызмет. Ойдың өмір сүру шындығы - бұл тіл. “Материя—бұл ұғымның бір көрініісі”, - деп қарастырды Гегель.3.Л.Фейербах (1804-1872) - неміс философы, атеист. Атеистік көзқарастары үшін 1830 жылы университеттің оқытушылық қызыметінен босатылған. Фейербах Гегельдің философиясын сынады. Гегельдің философиясына жасалған бұл сын Фейербахтың жалпы идеализмнен бас тартқанын көрсетеді. Өкінішке орай, Фейербах Гегель философиясын жоққа шығара отырып, оның диалектикасын түсінбеді. Фейербахтың антрапологизмі бірінші кезекте адам проблемасын көтерді. Антропологизм бойынша, адам философиясының ең басты бірден-бір және әмбебап пәні, ең жоғарғрғы өлшемі. Бірақ Фейербах адам мәселесін толық дұрыс шешті деп айта алмаймыз. Оның түсінігінше, адам - жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Адамды табиғаттың қарапайым бөлігі деп қарастырды. Фейербах антропологияны қоғамдық өмірді зерттеудегі әмбебап ғылым деп қорытындылады. Оның түсінігінше, дін - адамның қасиетіне жат нәрсе. Дегенмен, адам екіге бөлінгендей болып, өзінің мағынасын құдай арқылы сезінеді. Сонымен, Фейербахтың пікірінше, дін адамдағы “санасыз өзіндік сана” деген ұғыммен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]