Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fila_po_alfavitu_polnaya.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.38 Кб
Скачать

Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды.Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады.Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiну, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады.Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi.Дүниеге көзқарас дегенiмiз-, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Оның құрамына бiлiм; сенiмдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер; эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан, бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне, дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану.

Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниетаным үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік). Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Ел-жұрт. Осы заманғы саяси, экологиялық, демографиялық өзекті мәселелер. Оны шешудің жолдары.Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасы туралы айтқанда тек географиялық орта туралы түсінік пен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи оортасы, әрине көп. Экология – табиғат пен қоғам байланысы туралы ғылым. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі, қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін, халықтарын қамтып отырған «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды» талап ететін ғаламдық проблемаға айналды.Сондықтан елімізде табиғатты қоғау, оеың байлығын ұқыпты пйдалану мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде қаралып отырғаны да әбден заңды.

Ерте Грек философисының қалыптасуы мен ерекшеліктері.Антикалық философиядағы алғашқы бастама туралы ой-пікірлер (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,Анаксагор,Пифагор,Демокрит).Ежелгі Грек ф.3кез.бөл.1)Сократқа дейінгі.2)Классикалық.3)Римдік ж\е Эллиндік ф.

Ежелгі Греция ф.ерекшеліктері:1) Грек ф.мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.2) Грек ф. өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.3) Грек ф-ң пайда болуына және дамуына сол кездегі халқының ұлттық ерекшеліктері әсер етті.4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды.Көне Греция ф-ң дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.2) Грек ф-ң ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-стотель грек ф. өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кенейтті. 3) Біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғ. соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы су.Ол бір жағынан барлық денелер суда қалқып жүреді десе,екінші жағынан ол жай су емес, ол ақыл ой,осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді.Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы айда, аспан отының әсерінен пайда болды.Алғашқы тірі жәндіктертеңізде өмір сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп жануарлар п.б.Анаксименнің ілімінше жер ж\е басқа аспан денелері ауада қалқып жүреді.Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен қозғалып жүреді.Анаксогордың пікірінше, заттардың қарама қарсы қасиеттеріне қарай танып білуге болады.Мыс.салқын жылу арқылы. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік береді, Анаксагордың ілімі кейінгі антикалық ойшылдарға үлкен әсер етті.

Ерте Қытайдағы философиялық мектептер, конфуцийшілдік, моизм, легизм, даосизм. Дао ілімі.Қытай философиясы б.д.д. 6-3ғ мифология кейпінде п.б.Мифтердің өздерінде кейін философиялық ұйымдарға айналған түсініктер қалыптаса басталды.Ежелгі Қытайдағы ұлттық ф. ілімдер қатарына даосизм,конфуцийшілдік, легизм ілімдерін жатқызуға болады.Конфуций ф.этикалық мәселелерге негізделген.Конфуций ф. дүниені жаратушы көк аспан, сондықтан адамдардың міндеті дүниенің заңдылықтарын бұзбай бағыну.К.ілімінің негізгі проблемалары ескі ғұрып әдеттерді сақтау, патриархалды рулық, қоғамды қайтару, жастың үлкенді тындауы т.б.К.кітаптары Шудзин, Идзин, Жидзин,Луньюй. Моизм әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерігің - ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік аппараттағы төмен шен иелерінің мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды және белгілі бір дәрежеде олардың сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан - қоғамда белгілі бір орынды иеленгеннен кейін билеуші тебе топқа жақындауға тырысып бақты, жоғары тектің артықшылықтарын өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын. Әлеуметтік төменгі топтың кейбір түсініктерін қайта жаңғырта отырып, моистер мемлекеттік лауазымдарды шығу тегі мен туыстық принциптері бойынша иеленуді айыптады. Олар барлық адамдардың көктегі құдай алдында бірдей екендігін дәлелдеді.Легизм нег.сал.Шан Ян, өкілі Хань Фей.Легистердің мек.қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты.Қоғамд а тәртіпсіздік болмас үшін:1) Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек, 2) Аямай жазалау арқасында халық арасында үрей тудыру керек, 3) ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек,сонда олар үлкен қылмысқа бармайды, 4) адамдар арасында бір бірінде сенімсіздік тудыру керек.Даосизм әлемнің құрылу ж\е адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолында жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім.Нег.сал. Лао цзы. Дао дег. Ақиқат жол. Даолық ілімге сүйенсек дүниедегі барлық заттарды Инь Ян қағидасына байланысты екіге бөлуге болады.Инь әйелдік бастама, Ян еркектік бастама.Доа ілімі б\а өмір сүргіміз келсекУвей қағмдасын ұстаныныз.Дао ілімі б\а білімділіктін көрінісі үндемеуде.Үндемеген адам білім,сөйлеген адам білімсіз.

Ерте Үнді философиясы.Ведалар Ерте Үндінің философиялық ойларының негізі.Көне Үнді ф. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі ф. ойлардың негізін діни мифологиялық жүйелер құрды. Ой пікірлермен қоғамдық күнделікті шарттарының өзіндік себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы 4 варнадан тұрады.1)Брахмандар әулиелер, 2) Кшатрий әскербасылар, 3) Вайшьи көпес, 4) Шудра қызметкерлер мен шаруалар.Үнді мәдениетінің ескерткіші Ведалар.Олар 4 бөлімнен тұрады 1) Самхит- құдайларға арналған гимндер жинағы, 2) Брахмандар-самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар т.б. 3)Араньякта-брахмандарға тән ритуалдардың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, 4)Ведалардың ең соңғы сатысы-“Упанишадта” .Веда дег. Ежелгі үнді Ф-мен мәдениетінің қайнар көзі. Ведалар Ригведа, Атхарведа,Самаведа, Яджурведа сияқты қасиетті кітаптар жинтығы.Үнді Ф. Ведалардың беделін мойындамай өз ілімдерін алға тартқан мектептер буддизм, жайнизм, локаята т.б.

Ерте Үнді философиясындағы бағыттар.Ортодоксальды философиялық мектептер: йога, ньяя, веданта, вайшешикажәне т.б.Ежелгі Үнді Ф екі үлкен ағымға бөл. Астика және Настика. Астика 6мектеп жатады Веданта, Санкхья, Иога, Миманса Веда, Няя, Вайшешика. Бұл мектептер ортодоксальді д.а. Веда беделін қабылдаған мек. Ал настикаға жат.мек. буддизм, жайнизм, локаята, бұл мектептер ортодоксальді емес д.а.яғни Веда беделін теріскегендер.Миманса Веда беделіне орналуаны шақратны мектеп.Нег.салғандар Прабхакар және Кумарила. Санкхья дүние материалды бастама мен абсолютті рух байланысынан п.б. деп тұжұрымдайтын мек.Нег.сал. Ишваракришна. Няя бұл мек. Логика мен гнесология аса құрметке ие.Нег.сал. Акшапада Готаман. Йога сан мен тәнді біріктіре отырып,сыртқы әсерлерден алшақтау туралы ұстанымды қолдаған мек.Нег.сал. Патанджали.Вайшешика дүние 9 субстанциядан құралады: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады деп санайтын бағыт. Нег.сал. Канада. Ведаларда адамның қалай өмір сүрі керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты дхарма дейді.Әркімнің дхармасы Құдай, жанұя, көршілер алдындағы парызы, әрекеті б.т. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.

Ерте Үнді философиясындағы ортодоксальды емесмектептер.Ежелгі Үнді Ф екі үлкен ағымға бөл. Астика және Настика. Астика 6мектеп жатады Веданта, Санкхья, Иога, Миманса Веда, Няя, Вайшешика. Бұл мектептер ортодоксальді д.а. Веда беделін қабылдаған мек. Ал настикаға жат.мек. буддизм, жайнизм, локаята, бұл мектептер ортодоксальді емес д.а.яғни Веда беделін теріскегендер.Үнді Ф. Ведалардың беделін мойындамай, өз ілімдерін алға тартқан ағымдарда қалыптасқан болатын,олардың қатарына буддизм, жайнизм және локаята жатады.Буддизм Үндістанда б.з.д. 5-6ғ дүниеге келдіЦейлонда. Қытайда,Жапонияда т.б. ресми дін деп саналады.Нег.сал.Сидхартха Гаутама, будда дег.атқа ие болған.Будданның ілімінше адам баласы дүниедегі 4 ақиқатты түсінбей ж\е 8игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды.Сансара-өмірге қайта келу, карма-іс әрекетіне байланысты адамның болашағы анықталатын заңдылықтар.4 ақиқаты 1)өмір азапқа толы, 2) азаптың себ.бар, 3) азапты тоқтатуға болады, 4) азаптарды тоқтататын жолдар бар. Азаптан құтылу үшін 8 сатыдан тұратын талаптар орындау керек. 1) дұрыс қабылдау, 2) д.ойлау, 3) д.әрекет, 4) д. Өмір сүру салты, 5) д. Күш жұмсау, 6) ақылды д. қолдану, 7) д.ой шоғырландыру, 8) д.сөйлеу.Осы 8 жолды игерген адам АРХАТ д.а. Әулие дег.мағ.білдіреді.Буддизмнің екі бағыты бар Хинаяна ж\е Махаяна. Жайнизм б.з.д. 6ғ б.п.нег.сал.Вардхамана. Жайнизм ілімі үшін адамның негізгі мақсаты босатылу.олар дүниедегі барлық заттар жанды д.а.Жайнизмнің негізінде таттавалар мән туралы ілім жатыр.Ең басты екі таттава нег.қасиеті, ерекшелігі таным болып табылатын джива ж\е аджива.Локаята Веда ілімін жоққа шығарады. Чарвака нег.сал.Локаятаның пікірінше, барлық денелер махабхут д.а. 4 түпнегізден тұрады:ауа, от, су, жер.Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт ләззат д.түсінген.

Жаңа ғылымдардың пайда болуы. Гелиоцентризм және ғаламның шексіздігі туралы ілім. Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей. Н.Коперник (1473-1543 жж.). Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы». Астроном. Әлемнің гелиоцентризм жүйесінің негізін қалаушысы. Негізгі идеясы: Аристотель-Птоломей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ашу:

1. Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осімен айналады;2. Дүниенің ортасы – Күн, Жер осы Күнді айналады; 3. Ай Жердің серігі. Н.Коперниктің гелиоцентрліктеориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болды. Қайта Өрлеу дәуірінің қажетін тудырған алыптарының аса бір көрнекті өкілі Дж.Бруно (1548-1600 жж.) Негізігі еңбектері: «Ғылымның шексіз және басқа әлемдер туралы». Бруноның пайымдауынша, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікті де, уақытта шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай бір, - деп санады. Әлем – универсум, жалғыз ғана мәнділік, сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым жәнеөзгерісте болады. Ол философиялық танымның мақсаты Құдайды емес, табиғатты танып – білу деп есептеді, мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты. Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп есептеді. Бірақ, ол сезім мен ақыл-ойды бір-бірімен қарама-қарсы қойды: семіздік қабылдау – танымның сенімсіз негізі, тек ақыл-ой нағыз білімнің көзі деп есептеді.. Г.Галилей (1564-1642 жж.) Италяндық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Негізігі еңбегі: “Әлемнің ең басты екі жүйесі- Птоломей және Коперник жүйелері туралы". Оның ғылыми қызметін екі бағытқа бөлуге болады.1. Механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды – динамиканы дамытты. Денелердің еркін құлауы заңы, жылдамдықпен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы ұғымдықалыптастырды.2.Астрономия саласындағы ғылыми ізденістері – айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердіңсеріктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады. Теориялық жаратылыстанудың негізін салды.Телескопты ойлап тапты. Телескоп көмегімен айды зерттеді. Юпитер спутниктерін ашты. Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ақиқаттығын көрнекті түрде дәлелдеді. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, дөңгелек, тік бұрыш тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойналып-толғанудың қажеті жоқ, таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек. Теориялық тұжырымдарың, бақылау, эксперимент негізінде, индувтиктік тәсілді қолданып жасады. Таным процесінде ол екі тәсілді: анализді (талдау) және одан кейін жүретін синтезді (біріктіру) пайдалануды көрсетті.

Жаңа заман философиясы. Философиядағы таным әдістері. Эмпиризм және рационализм.Жаңа дәуір деп аталатын қоғамдық қатынастар Европада 17-19ғасырларда қалыптасты. Ренессанс филосфиясы схоластика гегемондығына бет қайтару реакциясы болып еді. Қайта өрлеу дәуірі философтары негіздеген философиялық ілімдер “жаңа дәуірге” келіп ұласты. Қайта өрлеу мен жаңа дәуір философиясының арасында қатаң шекара қойып болмайды. Френсис Бэкон мен Рене Декарттың философиясы қалыптасып жатқанда, Европаның кей елдерінде Ренессанс толық аяқталып бітпеген.15-18ғ. өндірістік өркениет дамыды. Англия, Голландияда экономикалық даму процессі ұлғайды. Нидерландия товарлары Испания арқылы тиімді рынокқа өткізіле бастады. Өндірістің даму жаңа қатынастар тудырды. Осының салдарынан Испания мен Нидерландия арасында қайшылық туды. Бұның соңы 1609 жылы алғашқы буржуазиялық революцияға әкелді. Ғылымға, техникаға сұраныс өсті. Экономикалық өмірдің талабы табиғатты танып білу, шынайы танымдық бағдарларды дамыту болып табылды.Жаңа дәуір философиясы гносеологиялық бағытта болды Схоластика бұрмалап өзгерткен Аристотель іліміне сүйенген бұрынғы философия ығыстырылды. Оның орнына тәжірибеге сүйенген философия келді. Эмпиризмге негізделген ғылми таным - жаңа дәуір философиясының негізі болды. Эмпиризм дегеніміз барлық білім тәжірибиеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Дегенмен, ағылшындық Френсис Бэкон соңғы Ренессанс философиясының аяқтаушы, жаңа дәуір философиясының бастаушысы болды. Таным 2 жолмен болады: бірі- сезім мүшелері арқылы : 2-шісі ойлау, ақыл-ой арқылы. Сезімдік танымға деген бетбұрыс бізге Ренессанс кезеңінен таныс. Жаңа философия гносеологиялық бағдары маңызды философия болып қалыптасты. Байланыс пен өзара әсерді қарастыруға талпыну заңды түрде рацональды ізденуді қалыптастырады. 17-ғасыр – рацонализмның пайда болу және қалыптасуы ғасыры. Эмпиризм және рационализм жаңа дәуір философиясының белгілері.. Эмпиризмнің негізін Ф.Бэкон қалады, көрнекті өкілдері: Гоббс, Локк, Дьюм, рационализм (лат.зерде д.а. танымның нег.зерде д.тұжырымдайтын ф.қ бағыт) ал рационализмнің негізін Р.Декарт қалады, көрнекті өкілі:Спеноза, Лебниц.

Ибн Рушд. Дін және философия (қос ақиқат).Ибн Рушд (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Діңмен ф.лық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниедегі өмір нег.қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа ф.рын антикалық ф.мен таныстыруда үлкен рөль атқарды. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол ф.ды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдардың діни сенім нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық ф.да еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]