Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fila_po_alfavitu_polnaya.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.38 Кб
Скачать

Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.

Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден  объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі.  Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым.

Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.

Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1) экономикалық сала; 2) әлеуметтік сала; 3) саяси сала; 4) рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе - тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды. Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Адамда екі түрлі: табиғи және қоғамдық сипатта болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.

Бейнелеу ұғымы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу. Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан , жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгіліп, қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашан да жылтыр, теп –тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғарғы бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда Бейнелеудің 2 түрі кездеседі: бірі- изоморфизм,2-сі гомоморфизм.Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Ал гомоморфизм д/з бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болатыны. М: жер бетінің картадағы көрінісі. Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнеленуі әр қилы болады. Өлі материяда ондай бейнелеу негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады.

Болмыс категориясы, оның мәне мен пәні. Болмыстың негізгі формалары. Адам болмысы.Болмыс ф-ғы ең көне,дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік деген.Ол белгілі заңдыл-ға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. 1шден, табиғат болмысы,2-н тірі жан-адам болмысы.Табиғат дамуының жемісі,жеңісі бола отрп, а-м өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі.Гетеның әр а-м бұл фәниден аттанғанда,онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек.,3 қоғамдық болмыс.4-н руханилық әлемі

Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән. Материалдық дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен процестер түрінде өмір сүретіні белгілі. Дара затты, құбылысты, процесті бөлек деп қарастыруға болады. Әрбір бөлектің тек өзіне ғана тән, қайталанбайтын белгілері, байланыстары мен қасиеттеріболады Заттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшеліктері жалқылық деген ұғымды білдіреді. Әрине, әрбір бөлек құбылыс жеке қасиеттерімен, байланыстарымен , белгілерімен даралана отырып, материалдық дүниенің құрамдас бөлігі, оның өмір сүру әдісінің белгілі бір түрі болып табылады. Себебі өзге дүниеден оқшау қалған, байланыстан, қозғалыстан, тұтастықтан сыртқары тұрған ештеңе де жоқ. жалпылық деген-з белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызы ұқсас белгілер жиынтығы. Мән мен құбылыс ішкі жіктелу қатынасы, жіктелу формасы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастылығы әрі бір-біріне қайшылығы, қарама-қарсылығы. Ол қатынасты адам өміріндегі әлеуметтік процестер-ң ішкі ж/е сыртқы жақтары-ң ара қатынасы деуге б/ы. Мән мен құбылысты ажырату, бірақ оларды бір-біріне толық тәуелсіз алып қарауға, түсінуге болады деген сөз емес. Мән қандай да болмасын дербес процест-ң негізгі жағы. Яғни, біз белгілі бір дербес, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы біле аламыз. Мән мен құбылыс тұтастықтың тең жақтары емес, оның анықтаушы жағы – мән. Бірақ мән өзін тек құбылыстары арқылы анықтай алады. Құбылыстар саналуан. Бір мәннің өзі көптеген формада көрінеді, дәлірек айтсақ, мән көріну формалары арқылы қалыптасады, дамиды. Өйткені мән о бастан-ақ өзгермейтін нәрсе емес, оның өзі белгілі қалыптасу, жетілу ж/е жоғалу, өшу жолынан өтетін нәрсе. Сондықтан оның осы жолдан өтуінің әрбір кезеңі көптеген формаларда іске алуы мүмкін нәрсе.

Буддизм, мәні және бағыттары. Будданың нирвана және жан туралы ілімі. Буддизм Үндістанда б.з.д. 5-6ғ дүниеге келдіЦейлонда. Қытайда,Жапонияда т.б. ресми дін деп саналады.Нег.сал.Сидхартха Гаутама, будда дег.атқа ие болған.Будданның ілімінше адам баласы дүниедегі 4 ақиқатты түсінбей ж\е 8игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды.Сансара-өмірге қайта келу, карма-іс әрекетіне байланысты адамның болашағы анықталатын заңдылықтар.4 ақиқаты 1)өмір азапқа толы, 2) азаптың себ.бар, 3) азапты тоқтатуға болады, 4) азаптарды тоқтататын жолдар бар. Азаптан құтылу үшін 8 сатыдан тұратын талаптар орындау керек. 1) дұрыс қабылдау, 2) д.ойлау, 3) д.әрекет, 4) д. Өмір сүру салты, 5) д. Күш жұмсау, 6) ақылды д. қолдану, 7) д.ой шоғырландыру, 8) д.сөйлеу.Осы 8 жолды игерген адам АРХАТ д.а. Әулие дег.мағ.білдіреді.Буддизмнің екі бағыты бар Хинаяна ж\е Махаяна.Махаяна адамды азаптан құтқаруды кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы кез келген адам Нирванаға жете алады. Хинаяма Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді деп тұжырымдайтын талабы қатал бағыт.Нирвана қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгернен түрі,мокшадан айырмақшылығы,мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нивана бұл дүниеде азат етеді.Нирвана ең жоғарғы ләззат.

Ғылыми таным және оның белгілері. Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты – шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмприкалық жіне теориялық деңгейлерін ажыратып қарастырған жқн, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Эмприкалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қарастырылады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. деп э-яны айтамыз.Ерк-к адамның басына түскен ауыртпалық.

Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде. Диал-ң альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика. Болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды ж/е адам-ң ой санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда ж/е өзара байланыста қарастыратын фил-қ ілім, яғни диалектика болып табылады. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге, диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. «Даму дег/з не?» Дамудың қайнар көзі қайда? Құбылыстар неге дамиды? Даму қалай, қайтып іске асады? Оның бағыты қандай? Деген сияқты сұрақтар диалектика үшін аса маңызды. Диалектикаға қарама –қарсы қалыптасқан даму концепциясы, танымдық ж/е ойлау әдісі метафизика д.а. Электика –өзара іштей қабыспайтын,кейде тіпті бір біріне қарама қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы түйін жасады.

Диалектиканың категориялары: мазмұн және форма, себеп пен салдар, кездейсоқтық пен қажеттілік Мазмұн дегеніміз- заттың немесе құбылыстың ішкі құрамы,оларды құрастырып тұрған элементердің өзара байланысы. Түр –мазмұнның ұйымдасуы,құрлымы, оны құрайтын қарапайым бөлшектер. Себеп д/з- екі н/е бірнеше құбылыстың, заттың, олардың ішкі жақтары-ң өзара байл. Түсіп, бір-біріне әсер етуі барысында ол құбылыстар мен заттарда, олардың жақтарында тиісті өзгерістер туғызуы. Салдар д/з- өзара әсер етуі нәт-е құбылыстарда, зат-р мен олардың ішкі жақтарында п.б-н өзгерістер. Суды қыздырып қайнатуға жеткізу барысында молек/ң қозғ-а түсуі – себеп, ал булану – салдар.Егер айқындалған нақты бір жағдайларда мәннің толысуы, жетілгендігі соларға сай іске асу формаларын неғұрлым мүмкін етсе, осы мүмкіндік, осы міндеттілік, осындай бағыттылық – ол қажеттілік.Кездейсоқтық қажеттіліктің тууының, дүниеге келуінің, тіпті дүниеде болуының бірден бір жолы, тәсілі. Кездейсоқтық қажеттілік жоқ ж/е өзін қажеттілікте бекітуге, айналдыруға белгілі дәрежеде бағытталмайтын кездейсоқтық жоқ. Ол екеуі бір нәрсенің екі жағы ғана емес, сол бір нәрсенің екі түрлі қалпы. Сон-н да олар біріне бірі ауысып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]