Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fila_po_alfavitu_polnaya.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.38 Кб
Скачать

Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.

Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар – тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз.Тірі табиғаттың өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы ретінде көбеюді айтуымызға болады. Өлі табиғат ешқашан да тірі табиғатқа тән қасиеттерге ие болмайды. Жаны жоқ су, тас, топырақ пен ауа тірі табиғаттың негізгі тірегі болатын өмір сүру ортасын қалыптастырады.

Өмір философиясы. Шопенгауэр мен Ницше философиясындағы адам туралы мәселе. Өмір фил-н нег-н сал-н-дат ф-ы С.Кьеркегор.бурж-қ ф-ң субъ-вті-идеа- стік бағ-ы.Ө.ф-нда-иррационализм басқаларға қарағанда күштірек байқ-ды.О-ң өкіл-і: Шопенгауэр, Ницше, Дильтей,Зиммель ж\е Бергсон.Ө. Ф-ның қалыпта-на А.Ш-ң ф-сы әсер е-і.О-ң нег-і шығ-нда дүн-ні ө-ге де-н құшт-ық ид-сы арқ-ы түсін-еді.Ой-ң құнд-ғы күмәнді,ал адам-ң еркі ерекше жағ-й,ол санада емес,іс-әрекетте емес.Ой арқ-ы адам дүн-ні ерік рет-де таниды.Әр адам басқа-мен күресіп,ө-р кешпек.Ө-де мән жоқ, адам ешқ-н да қанағат тап-ды.Ницше о-ң концептуалды ид-сын аргарай жалғас-ады Н-ң пікір-ше қоғам-ң қозғаушы күші «ө-ге деген ерік» емес «билікке деген саналы Ерік».Дүн-ің құндылығы жоқ,ал ө-р қатыгез ойын.Осы ойында шамалы қабілеті бар адам жеңіп шығады,өй-і қабілетті рухтары күшті адам-ға қарсы тұрғандар қалың ұйымдасқан тобыр.Билікті күшті адамдар жүргізуі керек.Ницще бағ-ы табиғат заң-на жақындас-ып, қоғам заңд-ан аулақ ұстайды.

Платон философиясы. Идея туралы ілімі. Таным және диалектика. Платонның әлеуметтік-саяси концепциясы. Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Негізгі шығармалары: «Апология» ,«Критон» ,«Заңдар» т.б.Платон пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.Әр идея өз алдында мәңгі ж\е өзгермейді, ол өіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес.Идеялар бір бірімен так қана қарам қатынаста емес, сонымен бірге бір біріне бағынышты,н\е бірнеше идея бір идеяға бағынышты болады.Идеялар дег. заттардың мәңгілік бейнелері оларды ойша сезілетін заттар ғана көреді. Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым – «хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя – көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның ойынша, адам – әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

Сан және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Сапа және сан. Сапалық ж/е сандық өзгенрістердің орын алмастыру заңы. Методологиялық ж/е практикалық рол атқарады. Сандық өзг-р белгілі бір сапа шеңберінде бірте –бірте үздіксіз жүреді. Өз дамуының белгілі бір сатысында екінші бір затқа айналады, яғни сандық өзг. Толығымен сапалыққа ауысады, ал өспе сапаға өту әдетте секіріс формасына өтеді, секіріс нәт-де п.б-н жаңа сапа ж/е жаңа сапа мен сандық өзг. Тудырады. Сапа ж/е сандық өзг. Өзара орын ауыстырудың негізгі себебі қарама-қарсылықтарының бірлігі мен күресінде.

Сана- адам шығармашылының формасы, көрінісі, әлемді бейнелеудің тәсілі. Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық ж/е рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, фил/я, ғылым осының бәрі – сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйде біздің басымызға енген құбылыс па, әлде іштен шыққан дүние ме? Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабілет те емес.Сана адам миына байл. Пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі.Сонымен, сана дег/з – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

Сана және психикалық әрекеттің формалары- ойлау, ес (жады), ерік, эмоция. Сана және тіл. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя – мидың функ/ясы ретінде бірден пайда болған жоқ.Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда болуы 2 факторға байл.: Оның алдында алғашқы адамдар бірі – еңбек, екіншісі – тіл. Тіл де бірден п.б. жоқ Оның алдында алғашқы адамдар бірімен-бірі түрлі дыбыс, қимыл әрекеттер , ымдасу арқ. Ұғысқан. Тілге байланысты сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, қоғамдық рухани жеміске айналды. Тіл – сананың (ойдың) , материяның көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз (ойсыз ) адам да болмайды. Тіл мен ой ажырамас бірлікте. Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге дамиды. Әрине, тіл – дыбыс түрінде де, үнсіз жазба түрінде де, нышан түрінде де берілетін хабар.Кейбір нышандар бүгінгі дамыған тілдерде де сақталған. Мәселен, көше қиылысындағы бағдаршам, көк, жасыл, қызыл тулар, астапға атылған түрлі-түсті ракета, т.б. Сондай-ақ саусақпен ыммен өз ойын түсіндіру әлі кездеседі. «Ымға түсінбейтін дымға түсінбейді» дейді халық. Бір кезде осындай түрлі әрекеттерден тіл қалыптаса бастады. Сананың толық дамуы тек ана тілі негізінде болады. Тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге ол әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті.

  1. Сапаның сатылары: тіршілік ететінің барлығы әр түрлі сапаға ие, ал ең жоғары сапаға ие Құдай

  2. Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті , соған орай себепкер Құдай

Сезімдік және рационалдық таным. Ойлаудың формалары. Сана-cезім дегеніміз адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін, әреккеттенетін субъект ретінде түсіне бастуы. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, ұлттық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ, сана-сезім – адамның өзін-өзі түсінуінен гөрі кең ұғым. Өйткені, оған адамның өзін-өзі сезіну және реттеу қабілеттері де кіреді.

Славяншылдар және батысшылдар. Ресейдегі революциалық-демократиялық ойлар (Герцен, Чернышевский және т.б.). Батысшылдар Р-ің «еур-ландыру» ид-ын насихаттады ж/е қорғады.Олар-ң пік-нше,ел -с Еур-ға бағдар үстай оты-п, тарихи қысқа уақыттың ішінде экон-лық ж/е мәдени артта қалушылығын жойып, еур-ық ж/е әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдер Р-ң әлем-і ерекше мессиандық (қүтқарушылық) ид-н негіздеді. С-тің нег-н қалаушылар Хомяков, Киреевский, Аксаков, Самариндер. Селолық қауымның басты артықшылығы өз мүшелерін тәрбиелейтін рухани адамтершілік принциптерден көрінеді: ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. С-дін, пік-ше, қауым мүшелері бойында бұл қасиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстүрлерді бейсаналы инстинктті түрде сақтау жолымен жүзеге асады.

Сократ пен софистердің философиялық көзқарастары. Софистер “даналықтың” “шешендіктің” кәсіби ұстаздарды ретінде саналған ежелгі грек ф.осылай атаған.Олардың халықты риторикаға, ф.үйретудегі атқарған еңбектері зор. Дінненбас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық ж\е әлеуметтік релятивизм олардың ортақ көзқарасы б.т.Софистер екі топқа бөлінеді: “Аға софистер” Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Екінші топ: “Кіші софистер” Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері өздерінің дұрыстығын софизмдер логикалық әдістері арқылы дәлелдеу. Софистердің қызметтерінің мәні. Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар арсында философияның және басқа да білімдерді таратты. Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу. Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға. Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған.Сократтың 4әдісі: 1)Рационализмнің не екенін білу, 2) Адамның алдына қойған талаптың өзінді өзін танып алу мақсаты, 3) С.әңгімелесу әдісі, 4) Адамгершілік қасиеттер.

Спиноза мен Лейбництіңрационализмі. Лейбництің монада туралы ілімі.Cпиноза Бенедикт(1632-1677ж.) нидерланд философы. Негізгі еңбектердің “Діни саяси толғау”, “Декарт фило.ның қағидалары” , “Этика” т.б.Спинозаның ілімі бойынша,барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол-субстанция. Құдай,табиғат,әлем,түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер,синонимдер. Түпнегіздің атрибуттары модустары дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады.Біріншісі,түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Екіншісі,әлемдегі жеке денелер-модустар. Спинозаның ілімі боцынша,тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да-модустар.Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі сезімдік таным.Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл күйге байл.ты болады;екіншісі райионалдық таным, басқаша айтқанда ақыл ой арқылы таным.Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз;үшіншісі интуиция,не заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну.Бұл сатыда зат.дың мәнін түсініп білу арқылы,олардың түпнегізін білуге мүмкіндік аламыз.Құдайдың мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдардың ісі,ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: Адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, ж.е олардың табиғаттың дүлнй күштерінің алдындағы қорқынышы.Бірақ, Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру ж.е қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIIIғ. Француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным процесіндегі кейбір соны идеялары Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды. Г.Ф.Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды айқын көре білді.Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол ашуға тырысты. Г.Лейбництің рационалистік көзқарасы оның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап шығуға бөгет болмады.Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.

Таным - адамның әлемге деген әлеуметтік, тарихи дамуындағы қатынасы. Танымның субъектісі және объектісі. Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Білім адамның басында әуел бастан болмайды; ол оны өз өмірінің барысында, практикалық іс-әрекеттерінің нәтижесінде игереді. Адамның жаңа білімдерді игеру процесі таным деп аталады. Танымның субъектісі адам. Таным үшін субъект қана емес, сонымен қатар объект те қажет, өйткені субъект онымен өзара әрекетке түседі. Танымның субъектісі – адамның өзі туралы оның танымы мен практикасының объекті не екеніне қарай пікір айтуға болады.

Тарихи процестердегі субъект пен қозғаушы күштері. Әлеуметтік топ түсінігі. Қоғам өмірінің әлеуметтік саласы – оның түрлңше элементтерінің арасында қалыптасқан, айтарлықтай тұраұты байланыстар жүйесі: жеке адамдар мен әлеуметтік қауымдастықтар (рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық, таптық, отбасылық топтасулар) арасында түрліше қарым-қатынастар бар. Қоғам өмірінің әлеуметтік саласын дұрыс түсіну үшін қоғамдық-экономикалық формация, өндіріс тәсілі, базис пен қондырма, еңбек бөлінісі ұғымдарының шешуші маңызы бар. Өндіріс тәсілдерінің әрбір белгілі тарихи типіне сәйкес қоғамдық өмірдің өз әлеуметтік саласы: белгілі бір әлеуметтік топтар мен таптар т.б. бар. Қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы әлеуметтік топтар мен таптардың өзгеруін тудыратыны заңды нәрсе. Қоғамның әлеуметтік құрылысын әдетте ірі әлеуметтік топтарға бөлу қабыл алынған. Ірі әлеумкттік топтарға жататындар бүкіл қоғам (ел) шеңберінде өмір сүретін топтар: ру, тайпа, халықтық, ұлттық қауымдастықтар, таптар, кәсіптік және басқа әлеуметтік топтар, жас шамасына қарай (жастар, зейнеткерлер т.б.) бөлінулер жатады.

Техника философиясы. Технологиялқ детерминизм – бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның маңызды рөлі орасан зор. Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде–бір саласы қалмады. Қазіргі техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпалын тигізеді. Техника философиясы – бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңінен бастан кешіп жатқан батыс философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен байланыстырады. Техника философиясы – қазіргі әлемегі техника феноменін философиялық–методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт.

ұғымы-экзистенция.Э-я- тұлғаның ішкі рухани тіршілігі,оның терең нег-і.Бірақ,а-м-р күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді.Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын-қыстау жағдайда, ө-р мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Адам еркін ал еркіндік

Философия және оның пәні. Философияның негізгі қызметтері. Ертеректе философия пәні 3салаға бөлінді. 1)Диалектикалық материализм, 2)тарихи материализм, 3)этика,эстетика. Бұл бөлімдер маркстік лениндік философя қағидаларына сәйкес қарастырылатын болған. Қазіргі философия пәні тұтас құрастыру тенденциясы мына салалар бойынша жіктеледі. 1) философия және оның тарихы , 2)әлемді философиялық тұрғыдан түсіну, 3)адамның іскерлік әрекетінің маңызы.Ф. адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімін, қоғамдық санаң формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім.Ф.сөзі грек тілініен аударғанда даналық махаббат мағынасын білдіреді.б.з.д.7-6ғ ежелгі үнд,і қытай, грек жерлерінде бір уақытта п.б. Философия сөзін алғаш ретқолданған антика дәуірінің атақты философы және матиматигі Пифагор б.т. Ф.дүниегекөзқарастың бір түрі.Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық. Ф.дүниегекөзқарастың ғылыми теориялық түрі.Ф.көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: 1)космоцентризм, 2)теоцентризм, 3)антропоцентризм. Ф.п.б. адамзат баласының білім деңгейі мен ой санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.Ф. пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.Ф.өз алдында ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелері де айқындала түсті:Онтология болмыс т. ілім, гносеология таным т. ілім, аксиология рухани құндылықтар т. ілім, праксиология адам шығармашылығы т. ілім, антропология адам т. ілім, логика дұрыс ой қорыту жөніндегі ілім.Ф. бір-біріне қарама-қарсы көзқарас бар. 1. гносцестизм дүниені танып білу мүмкіндігіне сентін мойындайтын ілім оған қарама қарсы көз қарас 2. агносцестизм дүниені танып білумүмкіндігін теріске шығаратын ілім.Ф. атқаратын қызметтері функциялары:1) дүниеге көз қарас- дүниені түсіндірудің, оның бағалаудың принциптерімен әрекеттері. 2) гносиология- таным туралы ілім, 3) антология- болмыс т.і.4) ментадалогия- әдіс т.і. 5) аксеология- құндылық т.і. 6) антропология- адам т.і. 7)логика- ойлау т.і. 8) праксиология- адам шығармашылығы т.і. 9) этика-эстетика- әдептілік-әсемділік т.і.10) гуманизм- адамгершілік т.і.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]