- •«Терістеуді терістеу». Оның мәні
- •Адамның әлемдегі орны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
- •Әлемдік тарихтың бірлігі мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Қоғамның революциялық және эволюциялық дамуының типтері.
- •Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.
- •Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.
- •Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
- •К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.
- •Кездейсоқтық пен қажеттілік: кезд.Қ қажеттіліктен туындайды ал алғ.Ы қажет.К Құдай
- •Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.
- •Қоғамдық сананың формалары: саяси
- •Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі ретінде.
- •Мәдениеттегі бірлік, сан салалылық және өзара қатынас. Ұлттық және ұлтаралық мәдениет.
- •Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.
- •Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесі. Абсолютті және теңестірілген ақиқат. Ақиқат кретерийлері.
- •XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия
- •Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм.
Мәдениеттегі бірлік, сан салалылық және өзара қатынас. Ұлттық және ұлтаралық мәдениет.
Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.
Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны.
Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасы ұлттық өмір құбылыстары мен мемлекеттік ұлттық саясаттың жаңаруы тәжірибесі мен мәселесін жаңаша зерделеу мен зерттеуді уақыт өткен сайын өзекті, маңызды ете түседі. Жаңарған қоғам тұсында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні жаңа сапалы жай-күй мен мазмұнға ие болады. Оның негізінде әр түрлі ұлттар адамдарының теңдігін тұғыр еткен халықтардың өзара қатынастары гуманистік тұжырымдамасы, қазақстандық патриотизм мен толеранттық, ұлттық және жалпықазақстандық мақтаныш, ұлтаралық келісім рухындағы тәрбие жатады. Сондай-ақ, халықтардың өзара байытылуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен алмасуға, олардың жан-жақты ынтымақтастығына, өзара түсіністік пен өзара сенімінің нығаюына, т.б. септесетін ұлтаралық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге деген қажетті мұқтаждық жатады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті әрбір қазақстандықтың өнегелік деңгейінің, биік мәдениетінің, оның барлық ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың мүдделеріне қатыстылығының көрсеткіші болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына айналған озық ұлттық, жалпыадамзаттық принциптер жүйесі, ол ұлттардың дамуы мен өзара байытылуы негізінде туындап, барлық халықтардың іс жүзіндегі, Қазақстанның да, сол сияқты, әлемнің де халықтары арасындағы ұлттық мүдделерді, ерекшеліктерді, тілдерді, дәстүрлерді құрметтеушілікті діттейтін жалпыұлттық келісім және толеранттықпен сипатталады. Халықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жалпыұлттық мінез-құлық этикасын, ұлттық мәдениет, тұрмыс, психология ерекшеліктеріне қатысты әдептілікті, тарихи тағдырлардың ортақтығын, т.б. саналы түрде ұғынушылықты бойында тұтуы тиіс. Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді. Халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі мен тәжірибесін қоғамның жаңаруы жағдайындағы Қазақстан бойынша нақты материалдар бізге халықтар, мемлекеттер достығы мен ынтымақтастығын нығайту бойынша мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз: Біріншіден, көпұлтты зиялы қауымның Қазақстан халықтары өмірін білуі, қазақстандықтар арасында биік ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және этносаясат принциптерін белсенді түрде өмірге бойлатушы болуы қажет. Көрсетілген мәселенің шешілуі адамдардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін одан әрі іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты, теледидарларда «Қазақстан халықтарының достығы» бағдарламасын ашу қажет. Екіншіден, ұлттық шектелгендік пен лаңкестікті, нәсілшілдік пен шовинизмді, ұлтшылдық пен рушылдықты, космополитизм мен мәңгүрттікті жоюға бірінші дәрежелі маңыз дарыта отырып, ұлттық, жалпықазақстандық, жалпыадамзаттық принциптер мен құндылықтардың гуманизмі мен тазалығын қорғай отырып, Қазақстанның да, сол сияқты, Еуразияның да ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын жасау қажеттігі пісіп жетілді. Үшіншіден, БАҚ арқылы көпұлтты қазақстандық қоғамды бірлестірудегі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің рөлін насихаттап, «Орта Азия халықтары» журналын ашу қажет. Төртіншіден, қазақстандық халықтардың тарихын саясаттану тұрғысынан танытып, олардың достығы мен өзара көмегін, сондай-ақ, әсіресе, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын әділ түрде айрықша көрсету қажет. Сондай-ақ, мысалы, республиканың барлық жоғары оқу орындарында «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» факультативтік дәрісін жүргізу мақсатқа сай болады.Бесіншіден, Орта Азиядағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды ғылыми-зерттеу орталығын ашу қажет, онда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс деп білеміз: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің саяси институттар мен процестердегі орны мен рөлі; ұлтаралық, мемлекетаралық қайшылықтар және оларды шешу жолдары; этникалық психологияның жалпыадамзаттық сипаттарының қалыптасуы; ұлттық және жалпықазақстандық сана-сезімнің, ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделердің арақатынасы; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздері; қазақстандықтардың жаңа этносаяси ортақтығын және жалпыұлттық, ұлтаралық келісімнің саяси механизмдерін қалыптастыру және т.б. Ұлттар мен ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың өзара мүдделілігімен беки түскенде ғана ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық және жалпыадамзаттықтың бірлігіне қол жеткізіледі. Бүгінде тұтастай алғанда, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселелерінің шешілуі әр түрлі халықтардың тату шаңырақ астына, келешекке ие ХХІ-ғасырдың тұрақты қоғамына бірігуіне септігін тигізері сөзсіз.
Мәдениеттің дамуы: салт-дәстүр және новаторлық әрекет. «Бұқаралық» және «элитарлық» мәдениет мәселесі. Адамнан тыс мәдениет те, өркениеттілік те болмақ емес дедік, мәдениеттен де жұрдай адам да болмайды. Адам мәдениеті тәрбиеленетін, дамытылатын нәрсе. Соңғы уақытта «бұқаралық мәдениет» деген ұғым кездесетінін айттық. Батыстық мәдениет теорияларында ол кең тараған ағымдар қатарына жатады. Біздің ресіми әдебиетте бұқаралық мәдениет тырнақшаға алынып, қажетсіз, не мазмұнсыз мағынадағ ымәдениет түрі ретінде көрсетіледі. Әрине, батыстық ұяттан жұрдай, моральдық дәрежесі төмен мәдениет бар екені рас. Шындық бұлайша үстірт қаралудың өріссіз екенін көрсетіп отыр, Мәдениетті «жабайылатап», қарапайым сана қабылдауына жақындату тұрғысынан ондай мәдениет расында да батыстық қоғам дағдарысының көшірмесі болып табылады. Ал бұқара деген көлемді, киелі, мазмұнды ұғымды өз мәнісіне қарай пайдаланса, заманымыз мәдениет жетістіктерін қалың көпшілікке паш етіп отырғанын ескерсек, барлық мәдениет деген ұғымды өзгеше түсіндіру қажет болады. Бұл арада мәдениеттің идеологиялық процестермен тығыз байланысып жатқанын ескеру қажет.
Мәдениеттің философиялық түсінігі. Қоғам және мәдениет. Мәдениет – философиялық ой-толғаудың аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ құл диалектикалық байланысты нақты негізде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениеттің арқатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады. Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса, мәдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен. Н.Кузанскийдің пантеизмі. «Қарама-қарсылықтың бірлігі» қағидасы. Схоластикалық ф.дан гуманистік идеяға толы ф.лық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты жөні Н.Кребс (1401-1464) болды. Нег. еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы тур.», «Құдайдың көріпкелдігі тур» т.б.Кузанский пікірі б.ша, әлем қарама қарсы зат.н тұрады және олар мат.ғы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір біріне өте алатыны сияқты, бір біріне ауысып отырады. Ауысқан арама қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары б.ша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға матем.қ тәсіл мен тәжірибе көмектеседі.Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлел.ге , не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып таб.ды. Бірақ өзінің ақыл ойынын, іс әрекеттерінің арқасын да болып таб.ды. Бірақ өзінің ақыл ойының, іс әрекетінің арқасын дақұдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, келіп, «адам дег.оның ақыл ойы» деп тұжырымдайды. Ақыл ойды табиғаттын заңдылықтарын білу қажет үздіксіз толықтырып отыру қажет.
Ортағасырлық философия. Мән, зерде және сенім проблемасы.Батысеуропалық ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері мен дамуы. . Орта ғасыр деп аталған кезең Батыс Европа тарихында Рим
империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі (XIV-XV ғғ.).мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде христиан діні қоғамдықөмірдің барлық салаларында үстемдік етті барлық маңызды оқиғалар христиандықпен тығыз байланыста болды. Шіркеудің ықпалы, діни адамдардың мемлекеттік жоғары лауазымдарды иеленуінен көрінді олар корольдерге, билеушілерге ықпалын тигізді, осы дәуірдің көптеген ғалымдары, жазушылары, ақындары, суретшілері, музыканттары да діни тұлғалар болды. Ортағасырлық мәдениеттің ерекшеліктерін айқындау кезінде мына мәселелерді айта кету керек:1) діншілдік, догматизм2)идеялық төзбеушілік 3)дәстүрлілік 4)қағидалық 5) символизм
6) дидактизм, ұстаздық 7) әмбебаптық, энциклопедиялық білім 8)ортағасырлық рухани өмірдің психологиялық жан-жақтылығы.Ең алдымен философияның міндеті діни жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тірелді. Батысевропалық ортағасырлық философияның екі кезеңі:
1. Патристика немесе “шіркеу әкелерінің” ілімі - I-VIII ғғ –Квинт Тертуллиан, Климент Александрийский, Августин Блаженный, Тит
Флавий, Ориген, Боэций, Эриуген.
2. Схоластика - X-XIII ғғ. (лат.- мектеп)– И.С.Эриуген, И.Росцеллин, П.Абеляр, Ф.Аквинский, Ансельм Кентерберийский, Ұлы Альберт, Ульям Оккам, Жан Буридан, Дунс Скотт т.б. Схоластика мен патристиканың арасында айырмашылық бар.
Оқытушылардың (патристикадағы) алдына қасиетті жазудың мазмұнын 30 құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы сауатсыз
адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің ұстанымы: «неге сенемін – соны танимын» болды. Схоластиканың негізгі мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.
Орта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың (Аквинский) ілімдерінен айқын көрінеді..
Ортағасырлық философиясындағы негізгі бағыттар: 1Реализм 2 Номинализм. Реализм ортағасырлық схоластикада орын алған философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен объективтік дүниенің, жалпы және жалқының ара қатынасы тур.мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғыстырды. Көрнекті өкілдері Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номализм өкілдері күрес жүргізді. Номинализм (лат.nomen – есім, атау) ұғымды тек жекелеген заттардығ атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағ.реализмге қарсы номалистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар тур.біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды. Номалистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тен тенденциялармен байл.ты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс. Скотт, Оккам.
Орыс философиясы.Қалыптасыу мен негізгі кезеңдері. О-с ф-сы әлем-к ф-да көрнекті орын ал-ы.О-ң себ-і – Ресей-ң а-мзат тарих-да ал-тын орны мен о-с жаны-ң жұмбақ таби-ы болса к-к.Өз-ң пайда бол-да ол,1жағынан,славяндық пүтқа табынушылық дүниетанымы-ң бірқатар белгілері мен бейнелерін қабыл-даса,2жағынан, христиандықты қабыл-у нәт-де Византиямен бай-с орнатып, сол ар-ы антик ф-ң көптеген ид-рын бойына сіңір.Алг-ы о-с ф-ы- киевтік митрополит Ил-ларион 9ғ.О.ф-ы 2 үрдіс қарама-қайш-ғы нег-де өтті:1сі о-с ойы-ң төлтумалылығына басты назар ауд-п, бүл төлтумалы-ы о-с-ң рухани ө-і өзгешелігімен байл-ды.2ші үрдіс Р-ге еуропалық мәдениеттің даму үдеріс та-ңуға тырысты. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді
Осы заманғы қоғамдық рухани және ғылыми-техникалық прогресстің арақатынасы. Ақпараттық өркениеттің дамуы және ерекшеліктері.Ғылым дегеніміз – табиғат және қоғам құбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүиеге келтірілген білімдер. Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным құралдарын да қамтиды. Ғылыми-техникалық революция, алдыңғы тарауларда айтылғандай, қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырларын ашып, солардың іс жүзінде қолданылуына жағдай туғызды. Философияда ғылыми-техникалық революцияның өзіндік теориясы бар. Әрине, ғылым дегеніміз өзінше қоғамнан тыс, бөлек, феномен емес, ол керісінше, осы қоғамның ерекше әлеуметтік институты, сол арқылы қазіргі ғылыми-техникалық погрестің мәнін түсінуге болады.
Өзгерудегі «қарамақайшылық». Диалектикалық қарамақайшылық. Қарамайшылықтың «бірлігі мен күресі». Қарама- қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы диалектиканың негізгі өзегі болып табылады. Ол- табиғаттың, қоғамның, адам ойлауының жүйелі дамуының жалпылық әмбебаптық 3 заңының бірі, айқындаушы. Өзгерудегі «қарамақайшылық». Диалектикалық қарамақайшылық. Қарамайшылықтың «бірлігі мен күресі» заңы даму пр-ң ішкі қайнар көзін ашады. Ескінің жойылып, жаңаның п.б. себептерін көрсетеді. Даму қай жағынан алып қарасақ та, оның негізінде ішкі қайшылықтар, қарама қарсылықтар күресі жатыр. Дүниеде қарама қарсылық еш нәрсе жоқ, оны адам баламы ерте заманнан –ақ байқаған, Арестотель бұл жөнінде «тіршіліктегі заттар мен мәнде қарама қарсылықтан тұратынын бәрі мойындайды : кемінде бастама қарама қарсылықта екенін бәрі де хабарлайды, айталық біреулер тақ пен жұпқа енді басқалар жылы мен суыққа 3-шілер шектілік пен шексіздікке 4-шілер махаббат пен қастыққа нұсқайды» -дейді.
