- •«Терістеуді терістеу». Оның мәні
- •Адамның әлемдегі орны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.
- •Әлемдік тарихтың бірлігі мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Қоғамның революциялық және эволюциялық дамуының типтері.
- •Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.
- •Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.
- •Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
- •К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.
- •Кездейсоқтық пен қажеттілік: кезд.Қ қажеттіліктен туындайды ал алғ.Ы қажет.К Құдай
- •Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.
- •Қоғамдық сананың формалары: саяси
- •Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі ретінде.
- •Мәдениеттегі бірлік, сан салалылық және өзара қатынас. Ұлттық және ұлтаралық мәдениет.
- •Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.
- •Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесі. Абсолютті және теңестірілген ақиқат. Ақиқат кретерийлері.
- •XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия
- •Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм.
Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі ретінде.
Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде мәдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті – оның интенционалдығы. Бұл термин адамның о баста өз өзімен ғана шектеле алмайтындығын, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылатындығын білдіреді. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа-үшін-болу – адамның да, мәдениеттің де мағыналық анықтамасы. Жалпы, болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз. Сонымен, өркениет – өркен жайған, өскен мәдениет, яғни мәдениеттің жаңа бір даму сатысы, жаңа бір сапалық түрөзгерісі. Тіпті, керек десеңіздер, егер мәдениет жаратылыстық қажеттілік түріндегі оқшаулану, бөлектену, яғни өзіндік идентификация (бірегейлену) талабынан туса, өркениет сол “жекешіл”, “өзімшіл” мәдениеттің Басқаларды танып, мойындап, Басқаларға “ашылуы”, диалогқа ықылас таныту кезеңі. Өйткені өсу-өну-өркендеу дарашылдықтың жеке өзінің қатысуымен болатын үдеріс емес, ол қайткен күнде Басқаның болуын, оның қатынасын талап етеді. Ендеше, өркениеттілік сана жатқа деген толеранттылықты қалыптастырудан басталса керек. Аталған толеранттылық, яғни Басқаның “басқалығына” деген төзімділік, басқаны “жат” болғаны үшін ғана кемсітуге жол бермеу – толысқан мәдениеттің, демек, өркениеттің шығар биігі. Өзге мәдениетті қабылдауға деген даярлық толерантты сананың болуынан басталады. Ол толеранттылық мәдениетте бірден, туа біте қалыптаспайды. Оны мәдениет бойына егу, баулу қажет. Жас нәрестенің өз жақындарынан, туыстарынан басқа жат адамды жатырқап, бөтенсінетіндігі сияқты, “буыны қатпаған” мәдениеттерде ксенофобияның болуы дұрыс болмаса да орынды. Сәбидің өсе келе көп адамдар арасына түсуінен бастап, қауымдасуынан (социализациялануынан) бастап Басқа алдындағы қорқыныш орнын Басқаға деген қызығушылық, Басқалармен қоса әрекеттену тиімділігін түсіну басатындығы сияқты, мәдениет те өркениеттілік сатысында мәдени қауымдастық өміріне, оның өзіндік талаптарына ден қояды. Нәтижесінде, меніңше, аралас-қораласы көп мәдениетте өркениеттік толеранттылық, сұхбатқа ынталы сана қалыптасады. Сол сияқты, Жорж Мунэн айтпақшы, адамзаттың түрлі мәдениеттерінің когнитивті тәжірибесінен хабардар мәдениеттің тілі аударуға ыңғайлы тіл болып табылады екен.
Мәдениет және еңбек бөлінісі. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі. Мәдениеттің негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінің қазіргі кезге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңгі, кәдімгі доңғалақ бір кезде адамның табиғат пен байланысындғы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.
Мәдениет және өркениет. Қазіргі өркениет. Оның ерекшелігі мен қарамақайшылығы. Мәдениет пен өрениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл – өркениетілік пен мәдениет өзара тығыз байланысты және бір объективті негізде дамиды деген сөз. Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзеріп отыратынын да айта кету қажет.
