- •Мазмұны
- •Аннотация
- •Мөлшерлік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Белгілеулер және қысқартулар
- •1. Үймереттің жұмыс көлемдерін анықтау
- •2. Еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау.
- •2.1 Енбек шығыны, машина уақытының шығындарының калкулациясы кестесі
- •3. Үймеретті тұрғызу бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік
- •3.1. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау
- •4. Жабын плиталарын мантаждау жұмыстарының технологиялық картасы
- •4.1 Жұмыс шығынының калькуляциясы
- •5. Жұмыс өндірісі үшін машиналарды және механизмдерді таңдау
- •6. Жұмыстың сапасын және қабылдау талаптары
- •7. Материалды-техникалық қорлардың қажеттілігін анықтау
- •8. Техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
4.1 Жұмыс шығынының калькуляциясы
3 кесте.
№
|
ЕНиР |
Жұмыстың аталуы. |
өлшем бірлігі ЕНиР |
Жұмыс көлемі. |
Звено құрамы ЕНиР |
Бірлік көлемі |
Барлық көлемі |
|||
Уақыт машин. ЕНиР |
Баға-лау ЕНиР |
Жұм. көле- мі |
ЗЖ теңге |
|||||||
1 |
Е2-1-5 |
Т/Б плитаны монтаждау |
шт |
60 |
Электр. дән 5р-1 |
0,66 2,9 |
1,26 3,07 |
15.84 |
30.24 |
|
2 |
Е21-21 |
Монтаждау тетіктерін дән. |
м3 |
17,513 |
Монтаждаушы 6 разр |
2,6
|
5,67
|
361,97 |
789,37 |
|
3 |
Е2-1-31 |
Сырлау жұмыстары |
м2 |
89,44 |
Сылақ-шы 6 раз |
0,31 |
39,22 |
172,27 |
21795,7 |
|
4
|
Е2-1-11 |
18м-лік ферманы монтаждау |
шт |
7 |
Монтаждаушы 6 разр |
5,6 |
9,9 |
236,9 |
418,86 |
|
5 |
Е21-21 |
Монтаждау тетіктерін дән. |
м3 |
13,983 |
Монтаждаушы 6 разр |
2,6
|
19, 7
|
361,97 |
789,37 |
|
6 |
Е2-1-31 |
Сырлау жұмыстары |
м2 |
126,35 |
Сылақ-шы 6 раз |
0,9 |
335,2 |
172,27 |
21795,7 |
|
7 |
Е-2-1-31 |
Тұтас бетонға қалып орнату |
100 м2 |
321.935 |
Монтаждаушы 6 разр Дәнекерлеуші 5 разр |
0,41 |
97,875 |
131,9 |
31508,3 |
|
5. Жұмыс өндірісі үшін машиналарды және механизмдерді таңдау
Техникалық параметрлері бойынша монтаждау кранын таңдау
Монтаждау крандарын таңдау үшін бастапқы мәліметтер қызмет етеді, тұрғызылатын үйдің құрылыстық өлшемі (ұзындығы, ені, биіктігі), сонымен қатар конструкциялардың массасы. Кранды таңдау үшін мына параметрлер есептелуі керек: талап етілетін жүк көтергіштігі, кран ілмегінің жүк көтеру биіктігі, жебенің құлашы, сонымен қатар техникалық экономикалық көрсеткіш, сменалық эксплуатациялық кранның өнімділігі циклдің машина уақыты, машина-смена құны.
Сурет 3.1 – ең үлкен жүккөтергіштігі кезіндегі жебесінің орналасуы.
Кран параметрлерін анықтау:
сроповканы ескере отыра ілгіштің көтерілуінің биіктігі (Нкр);
монтаждау барысында жебе ұзындығы (L);
кранның жүккөтергіштігі (Q).
Ең ауыр элементтің массасы
Qжалпы = q + qстр = 5,2+0,05 = 5,25 т
q – арқалық массасы (qmax = 5,2 т);
qстр – стропалардың массасы (qстр = 0,05 т).
Ілгіштің көтерілуінің биіктігін анықтау:
Нкр = h0 + 500 + hп + hпол + hс = 22,2+0,5+1,8+1+3 = 28,5 м
h0 – ғимарат биіктігі (h0 = 22,2 м);
500 – қауіпсіз арақашықтық;
hп – панель биіктігі (hп = 1,8 м);
hпол – полиспаст биіктігі (hпол = 1 м );
hс – строптардың биіктігі (hс = 3 м).
Жебе ұзындығын анықтау:
L = a/2 + b + c = 3,75+5+21 = 29,75 м
a – кран жолының ені (а = 7,5 м);
b – кран жолынан ғимараттың ең шығыңқы элементінің проекциясына дейінгі арақашықтық (b = 5 м);
с – ең алыс элементтің ауырлық центріне дейінгі арақашықтық (с=21 м).
Максимальді жүккөтергіштігі бойынша Q = 5,25 т, ілгішінің көте-рілуінің биіктігі H = 25 м, жебе ұзындығы L = 29,75 м бойынша Кс-4571 кранын таңдаймыз.
Паспорттық берілгендер:
Жүккөтергіштігі – 8 т.
Жебе ұзындығы:
көлденең жағдайында –18 м;
ең үлкен жүккөтергіштігінде – 28 м.
Ілгішінің көтерілуінің биіктігі – 25 м.
Монтаждық машиналар мен механизмдердің тұратын жерімен олардың қозғалысы технологиялық картадағы қарстырылған қозғалыстарға сәйкес келуі қажет.
Жебелі крандардың жүретін жол ені олардың бұрылу радиусы мен габариттік өлшемдеріне байланысты алынған. Кран жүрісінің осі мен кран қозғалыс бағытын стрелкамен көрсетіп қояды.
Жебелі крандар жұмыс кезінде оларға ғимарат периметріне байланысты тұратын алаңдар қарастырылуы қажет. Бұл алаңдар қабылданатын материал түріне байланысты алынады. Бұған қоса автокөлік жүріс тұрысына байланысты қарастырылады.
Ірі көлемді элементтерді жобаланған алаңға кранның әсер ету радиусы ішінде болуы қажет.
Сурет 3.2 – Мантаждау жұмыстарын жүргізу.
Авария болдырмау үшін кранға бұрылуын шектейтін шектеуіш қою керек.
Есептелген мәліметтерге сүйене отырып мантаждау жұмыстарына КС-4571 кранын тиімді деп қабылдадық.
