Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MMPiM_22222222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.3 Кб
Скачать

Модельдеудегі редактрлеу операциялары.

Жылжыту, бұру, масштабтау, симметриясын алу және көшіру командаларын шақыру алдында операцияға қатысты объектілерді белгілеп алу керек.

Бұру командасын шақырған соң бұрылу центрін , базалық нүктені және базалық нүктенің жаңа орнын көрсету қажет. Бұрыш өрісіне бұрылу мәнән көрсету қажет.

Масштабтау командасын шақырған соң жүйе масштабтау центрін көрсетуді, сосын масштабтау коэффициентін координаттар, өстер бағыты бойынша масштабтау коэффициенттер енгізуді сұрайды. Егер белгіленген объектінің ішінде шеңбер доға бар болса онда У өсі бойынша масштабтау мәнін бере алмаймыз.

Симметрия командасы көмегімен белгіленген объектілердің түзу сызыққа қатысты симметриясын салуға мүмкіндік береді. Команданы шақырған соң жүйе симметрия өсінің бойында 1 – ші нүктені. Сосын 2 – ші нүктені көрсетуді сұрайды.

Компас жүйесіндегі геометриялық объектілер (көмекші түзулер, көпбұрыштар, фаска)

Көмекші түзу - бөлшектің контурын қалыптастыруда алдын ала салулар үшін, кейде көріністің арасында проекциялық байланыс беру үшін қажет. Сынықтар - түзу кесіндіден тұратын сынық сызықтар салу үшін қолданылады. Көпбұрыштар командасын шақырған соң, көпбұрыштың центрін көрсетіп, қасиеттер панелінде бұрыштар санын енгізіп шеңбер радиусын , диаметрінің тиісті өрісін береміз. Обьектілерді үздіксіз енгізу командасымен кесінді, доғалар салуға болады.

Ұсақтау үрдістері

Ұсақтау − байыту фабрикасының негізгі технологиялық үрдістер қатарына жатады. Байыту үрдісінің соңғы көрсеткіштерін қалыптастыратын, энергияны көп қажет ететін үрдіс болғандықтан, ұсақтау, фабрика жұмысының технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.

Ұсақтау көрсеткіштерінен байытылатын өнімнің ары қарай қайта өңделу нәтижесінен тәуелді, ең алдымен фабрика өнімділігі, бағалы құраушыны шығару, оның концентратта құрамдас болуы, соңында айырылу сияқты нәтижелер болып табылады. Сондықтан ұсақтау агрегаттардың тиімді жұмыс режимдерінің маңызды сұрағы туындайды.

Кенді ұсақтау міндеті дайындау операциясы ретінде шығарылатын минералдар түйір бетінің толық ашылуының қамсыздандыруынан тұрады.

Ұсақтау үрдісінің негізгі технологиялық жабдықтарын диірмендер (шарлық және стержендік) мен жіктеу аппараттары (спиралды жіктегіштер мен гидроциклондар) құрайды. Кенді қайта өңдеудің қатаң шарттарына байланысты, диірмендер не ашық айналымда (құм түйірін диірменге қайтармай), немесе тұйықталған айналымда жіктегішпен (құм түйірін жиірменге қайтару) жұмыс істей алады. Сонымен қатар диірменге құм түйірінің тек бір бөлігі ғана қайтарылғанда, жартылай тұйықталған айналымның сұлбасы да мүмкін.

Флотациялық байыту фабрикаларында ылғалды ұсақтау басым болғандықтан болады, технологиялық үрдіс сол ортада (қойыртпақ) өтетін, екi фазалы болып табылады.

Қойыртпақ дегеніміз минералды бөлшектер мен судың қоспасынан тұратын, онда мөлшерленген күйде және су көлемінде біркелкі таралған қатты бөлшектер айтады. Минералды бөлшектерді суда мөлшерлеу, қойыртпақтың араласуымен немесе оның жеткілікті жылдамдығымен қозғалуымен жүзеге асады. Неғұрлым бөлшектер көп болған сайын, соғұрлым қойыртпақ оңай қабатталады. Біркелкі араласқан қойырпақ суға қарағанда, айыр сұйықтықтың көптеген қасиеттеріне қабілетті.

Қойыртпақ құрамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: массасы бойынша қойыртпақтағы қатты құраушысымен, яғни қатты зеттек массасы қойыртпақтың барлық массасы бойынша қатынасымен сипатталады, онда қатты зеттектің мөлшері қосылады; сұйытылу, яғни сұйықтық массасының қатты заттек массасына біршама қойыртпақ мөлшерінде қатынасына тең.

Сұйық фазаның бар болуы, ұсақтау кезінде болатын, құбылыс механизмін қиындатады, ол гидростатикалық және гидродинамикалық заңдылықтардың есепке алынуының қажеттілігіне әкеліп соғады.

Ұсақтау үрдісінің кіріс әсерлері диірмендегі кен және су шығынын, гранулометриялық құрамын және кен қаттылығын қосады.

Диірменнің тұйықталған айналымда жіктегішпен жұмыс істеген кезде жоғарыда көрсетілген параметрлер, судың жүріп тұратын жүктемесі мен шығынының диірменге құйылуымен, құмдармен және жіктегіш құмдарымен толықтырылған.

ұсақтау үрдісінің көрсеткіштеріне әдетте ұсақтау өнімінің грануло- метриялық құрамы мен тығыздығы (ашық айналымдағы диірменнің жұмыс істеуі кезінде ұсақтау өнімі − диірменнің құйылысы болып табылады, ал тұйықталған айналымда жұмыс істеген кезде – жіктегіш құйылысы болады), берілген ірі материал бойынша өнімділігі қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]