Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MMPiM_22222222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.3 Кб
Скачать

Модельдеудегі жазықтықпен эскизбойыншы қию операциялары.

Деталь құралының ішкі жағын ұғынуды жеңілдету үшін жазықтық арқылы детальды қиямыз. Ол үшін Детальды түзету (Редактирование детали) құрал-саймандар панеліндегі   - Жазықтықпен қию (Сечение плоскостью) командасын таңдаймыз. Әрбір модельдің проекциялық жазықтығын анықтайтын координаталар жүйесі болады. Проекциялық жазықтығын көру үшін оларды Құрылым талында (Дерево построения) ерекшелеу қажет. Тышқан арқылы базалық жазықтық ретінде таңдап, қию жазықтығын ерекшелейміз.

Деталь таңдаған жазықтығымызға байланысты қиылады.

Эскиз арқылы деталь бөлігін қию. Сызбаның көрнекілігін арттыру мақсатында тек бір жазықтық емес бірнеше жазықтықты қолдануға болады. Ол жазықтықтарды базалық жазықтыққа параллель және оны симметриялы түрде оске бағыттайды. Нәтижесінде құрылымының ішкі және сыртқы бөлігін көрсететін деталь бөлігі қиылады (4 сурет).

Жазықтық бірнеше жазықтықтан құралған болса қиық күрделі деп аталады. Егер жазықтықтар бір-біріне параллель бірінен кейін бірі сатылап орналасса оны сатылы деп атаймыз. (5 сурет)

Егер жазықтықтар бір-біріне қандайда бұрышпен орналасса онда күрделі сынған деп аталады. (6 сурет)

Деталь бөлігін осы жолдармен қию үшін детальдың эскизін құрып алуымыз қажет.

Құрастырылымға компоненттерді қосу. Орында компоненттер салу.

Компас жүйесіндегі құрастырылым жасау

Құрастырылым модельдеу оған компаненттер қосудан басталады. Компоненттерді қосу командалары опрации менюінде, ал оларды шақыру басқыштары құрастырлымды редактрлеу панелінде орналасқан. Файлдан компонент қосу үшін меню операции файлдан компонент қосу командасы не панельде басқышы қолданылады. Ашылған терезде модельдің компоненті бар файлды таңдаймыз. Сосын компоненттің қою нүктесін көрсетеміз. Ағымды құжатқа компонент қойылады. Координаттар бастапқы нүктесі берілген. Қою нүктесімен сәйкестенеді. Координаттар жүйе өсінің бағыты ағымды құрастырылымның координаттар өсінің бағытымен сәйкес болады. Егер қойылған компонент құрастылымда бірінші болса, онда ол автоматты түрде қойылға күйнде бекітіледі. Бекітілген компонент құрастырылымның координаттар жүйесінде құрастырлым координаттар жүйесінде орнын ауыстыруға мүмкіндігі болмайды. Ішкі құрастырылым ағымды құрастырым құрамына кіретін құрылым.Компонент деп құрастырылым құрамына кіретін бөлшек, құрастырмалы бірліктер не стандартты бұйымдарды айтамыз.

Құрастырылымды редактрлеу түрлері.

Компьютерлік модельдеу процесінің негізгі кезеңдері.

Модельдеу негізгі кезеңдері:  1. Есептің қойылуы. Компьютерлік модельдеу объектісінің байыпты және жартымсыз жақтарын бөлуді, объекттер мен құбылыстардың табиғатынан абстракциялауды талап етеді. Абстракциялау міндетті түрде модельдеудің мақсаттарын есепке ала отырып жасалады.  Мысалы, машина жасау өндірісінде геометриялық модельдерді жобалауда беттің фактурасы мен кейбір бөлшектерді есепке алмау жиі кездеседі. Осылай, тіреу нормаліндегі бұранда шартты түрде көрсетіледі.  2. Концептуалды модельді құрастыру. Бастапқыда сапалы модель құрастыру, содан соң мөлшерлі. Мысалы, инженерге адекваттық математикалық модель жасау үшін ең алдымен машина немесе технологиялық үрдістің әрекет ету қағидаларын мұқият зерттеу және сипаттау керек. Ең маңызды кіріс және шығатын параметрлерді атап көрсету қажет.  3. Формализация, яғни математикалық модельге өту. Компьютерлік технологияларының дамуының бірінші кезеңінде модельдеу үрдісін жүзеге асыру үшін алгоритм жасалып, программалар жазылды. Сол заманда ЭВМ-мен жұмыс істейтін кез келген инженер автоматты түрде бағдарламашы болып есептелді. Бүгінгі күні ғылыми зерттеулер үшін жеке, бірегей бағдарламалар жазылады, ал инженерлік істе дайын программалар пакеттері немесе әмбебап интерактивті автоматтандырылған жүйелер басым болады.  Бірақ инженер программалық және математикалық жасауды жақсы білу керек. Қолданылатын математикалық аппарат пен программалардың жұмыс істеу алгоритмдерін жақсы меңгеру арқылы ғана дайын компьютерлік программаны тандап, онымен дұрыс жұмыс істеуге болады.  Нашар дайындалған маманның САЕ жүйелерімен жұмыс істегендегі көп кездесетін қателіктерін мысал ретінде алуға болады. Мұндай жағдайда ақырғы элементтегі модельдерде элементтердің дұрыс таңдалмағаны және түпкі элементтер торының бөліктеуі дұрыс емес жасалғаны себеп болады.  4. Компьютерлік тәжірибелерді жоспарлау және өткізу немесе интерактивті автоматтандырылған жүйедегі біртіндеп жасау және құрылымдық модельді жөндеу.  Есептеу және көрсетушілік операциялары, тіпті заманауи жоғары жылдамдықты компьютерлерде де ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мысалы, шекті элементтер әдісінде немесе технологиялық үрдістерді модельдеу кезінде бірінші кезекте есептеу жоспарын (командалық файл) жасайды, ал содан соң дестелік режимде есептеулер жасалады.  5. Интерпретация және нәтижелерді талдау. Модельдеудің жауапты кезеңі. Модельді құрастыру ісіне қарағанда, нәтижелерді дұрыс талғап-талдап түсіндіру және олардың дәлдігін, адекваттылығын дәлелдеу күрделі жұмыс болып табылады. Дәлдік, адекваттылық және модельдеу нәтижелерін бағалауға қатысты сұрақтарға студенттердің жиі қайтаратын жауабы: «бұл машинаның есептеу нәтижелері», ал бұл «маман» біліктілігінің өте төмен дәрежеде екендігін және модельдеудегі осы сияқты өте маңызды кезеңді өз бетімен орындай алмайтынын көрсетеді.  Модельдің адекваттылығы пәндік аймақтың негізгі заңдарын тексерумен, сақталу заңдарының типімен, және ол варианттар үшін белгілі аналитикалық немесе тестілік шешімдерді модельдеу нәтижелерінің жеке варианттарын салыстырумен бекітіледі. Мысалы, механикалық конструкциялар модельдерін оңтайландыру әдістерінің жинақтылығын дәлелдеу үшін арнайы тесттер бар.  6. Модельді анықтау және (немесе) оңтайландыру. Модельді жасау мақсат емес, әсіресе инженерлік жұмыста. Әзірленген модельдің негізінде тиімді техникалық жобаның объектісін немесе жүйесін жасау қажет.  Модельді мұқият зерттеп, жөндегеннен кейін ғана оны практикада қолдануға болады. Модельді зерттеп, жөндеу процесінде адекваттылықты, параметрлердің идентификациясын, параметрлердің маңыздылығын бағалау сияқты тексерудің тапсырмаларын шешу ғана емес, сонымен қатар олардың тиімді мәнін таңдау керек. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]