- •Компас жүйесіндегі көріністер
- •Модельдеудің түсініктемелері
- •Компас жүйесінде редактрлеу түрлері. Объектілерді редактрлеу мүмкіндіктері.
- •Математикалық модельдеудің маңызы.
- •Компас жүйесінде өлшем және белгілеулер қою. Өлшемдержайлы жалпы мәліметтер.
- •Флотациялау машиналары.
- •Параметризациялау жайында негізгі мәліметтер.
- •Металлургиялық машиналар.
- •Компас – 3d жүйесіндегі геометриялық объектілер. Графикалық құжатта торды қолдану.
- •Модельдеудегі редактрлеу операциялары.
- •Компас жүйесінде модельдеудегі көмекші геометрия.
- •Компас жүйесінде модельдеудегі өзара байланысу (құрастырылымда)
- •Құрастырылымды төменнен жоғарыға жобалау. Жоғарыдан төменге жобалау. Жобалаудың аралас тәсілі.
- •Құрастырылым. Құрастырылым компоненттерінің өзара байланысуы.
- •КомпаСтағы фильтрлер мен макроэлементтер.
- •Металлургиялық процестер мен машиналар.
- •Құрастырылымды төменнен жоғарыға жобалау, жоғарыдан төменге жобалау. Жобалаудың аралас тәсілі.
- •Спецификациядағы базалық және көмекші объект
- •Компас жүйесіндегі параметризация
- •. Имитациялық модельдеуді тағайындау
- •.Құрастырылым контекстіде бөлшек салудағы жұмыс тәртібі
- •Локалды фрагменттер. Макроэлементтер жіне фильтрлер.
- •Математикалық модельдеудің маңызы.
- •Модельдеудегі жазықтықпен эскизбойыншы қию операциялары.
- •Құрастырылымға компоненттерді қосу. Орында компоненттер салу.
- •КомпаСтағы модельдеудің жалпы принциптері. Бөлшек салудағы жұмыс тәртібі.
- •Модельдердің негізгі қасиеттері.
- •Компас – 3d жүйесінде моделдеудегі көмекші геометрия.
- •Объектілерлі редактрлеудің мүмкіндіктері. Мышь көмегімен объектілерді редактрлеу.
- •Компас жүйесіндегі құжаттар түрлері.
- •Компас жүйесіндегі спецификация. Көмекші және базалық объектілер
- •Өлшем туралы жалпы мәліметтер. Өлшемдік жазуды басқару.
- •Компас жүйесінде редактрлеу түрлері. Мышь көмегімен редактрлеу.
- •Компас жүйесінің интерфейсі және байлану.
- •Спецификацияның базалық және көмекші объектілері.
- •Компас жүйесінің интерфейсі және құжаттар түрлері.
Компас жүйесіндегі көріністер
Көрініс – заттың бетінің қарап отырған адамға көрінетін бөлігінің бейнесі.
Негізгі алты проекциялау жазықтығына затты проекциялау арқылы негізгі көріністі алады. ҚҚБЖ бойынша келесі негізгі көріністерді ажыратады:
Алдынанқарағанкөрініс1 (заттың формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретін басты түр);
Үстіненқарағанкөрініс 2;
Солжағынанқарағанкөрініс 3;
Оң жағынан қарағанкөрініс 4;
Астынан қарағанкөрініс 5;
Артынан қарағанкөрініс6 (оң жағынан түрін солға қарай бұру арқылы көрсетуге де болады).
Сызбаны тұрғызғанда бейнелер орналасқан негізгі жазықтарды бейнелердің проекциялау байланысы бойынша орналастырады, және бұл жағдайда ешқандай жазба орнатудың керегі жоқ. Басты көрініс проекциялық байланыста орналаспаған көріністерді, бетті тиімді пайдалану мақсатында, алфавиттің бас әріптерімен белгілейді: А, Б, В, ..., ал проекциялау бағытын бағыттауыш арқылы көрсетіп, көрініс белгіленген әріппен белгілейді.Қосымша көріністер негізгі жазыққа ақаулықтармен проекцияланатын болса, заттарды немесе оның бөліктерін қосымша жазықтықта проекциялайды. Алынған түр – қосымша көрініс деп аталады.
Сызбада негізгі және қосымша көріністермен бірге жергілікті көріністі де қолдануға болады. Нәрсе бетінің жекелеген, аз ғана шектеулі жерінің кескіні – жергілікті көрініс деп аталады. Жергілікті көріністің шектелу сызығын көрсетуге (А) де, көрсетпеуге де (Б) болады.
Жергілікті көріністердің белгіленуі қосымша көріністің белгіленуіне ұқсас.
КОМПАС-3D - график деген сызу редакторы өндірістің түрлі салаларында жобалау-конструкторлық жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ол машина жасау жобалауда, жобалау-құрылыс жұмыстарда, алуан жоспарлар мен жобалар құрағанда тиімді пайдаланылады. КОМПАС-график сызбалар мен эскиздермен жұмыс істеуге аналған КОМПАС-3D жүйесіне толығымен интегралданған модуль ретінде де және 2D-жобалау мен құжат шығару барлық есептерін орындайтын жеке өнім ретінде қолдана алады.
КОМПАС-график үш өлшемдік үлгілерінің ассоциациялық көріністерін оның арасында тіліктер, қималар, жергілікті тіліктер, жергілікті көріністер, жебе бойынша көріністер, үзілісі бар көріністерді автоматты түрде орындайды. Олар бәрі үлгімен ассоциацияланған: үлгідегі өзгерістер сызбадағы кескіннің өзгеруіне әкеліп соғады. Стандартты көріністер автоматты түрде проекциялық байланыста салынады.
Модельдеудің түсініктемелері
«Модель» және «модельдеу» сөздері бүгінгі күнде кең пайдалануда. Бүгінгі күні кең тараған «модель» сөзі (латын сөзі modulus – шара, өлшеуіш, үлгі шама деген мағына береді) алғашында тек қана ғылыми термин ретінде пайда болған. Энциклопедияда модель сөзіне берілген анықтама бойынша бұл – белгілі нысанның немесе нысандар жүйесінің (айтылмыш модельдің түпнұсқасы) орнына белгіленген шарттар бойынша «орынбасары» немесе «өкілі» ретінде қолданылатын бейне (шартты немесе ойдағы сурет, сипатамма, нобай, сызба, кесте, жоспар, карта және т.б.) немесе түп бейне (үлгі).
Модельдеу – бұйымдардың нақты параметрлерін (массасын, ауданын, көлемін т.б.) есептеуге, жобаланған жүйені жасағанға дейін немесе оны іске асырғанға дейін оның эксплуатациялық көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді.
Модельдеу көмегімен ұсынылатын жүйе жобаларының балама варианттарын (немесе процесстердің балама стратегияларын) салыстыруға болады. Бұл олардың қайсысы көрсетілген талаптарға көбірек сәйкес келетінін білу үшін қажет.
Модельдеу – қысқа мерзімде жүйенің жұмыс жасауының ұзақ интервалын зерттеуге, немесе керісінше, үлкен уақыт интервалының ішінде жүйенің жұмысын толық зерттеуге мүмкіндік береді.
