- •1.1 Жылжымайтын мүліктін ұғымы және оның түрлері
- •1.2 Жылжымайтын мүлік нарығы
- •1.3 Жылжымайтын мүліктін құнын бағалау
- •2.1 Жылжымайтын мүлікті басқару кәсіби қызметінің әлемдік тәжіребиесі
- •2.2 Кәсіби басқарушы ұйымды (басқарушыны) тандау
- •2.3 Басқарушы және сервистік ұйымдарға арналған қызмет
- •3.1 Басқару тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •3.2 Кондоминиум обтектісін күтіп-ұстау
- •3.3 Басқару органдарының көп пәтерлі тұрғын үйлердін тұтынішылық қасиеттерің жақсартудағы рөлі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Кафедра «Есеп және аудит» курстық жұмыс
- •Астана 2016
3.3 Басқару органдарының көп пәтерлі тұрғын үйлердін тұтынішылық қасиеттерің жақсартудағы рөлі
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді."Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;
Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: "...Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз... Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді. Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар еді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - еліміздегі жергілікті басқару деңгейіе зерттеу, сонымен қатар жергілікті халықтың демократиялық жағдайын қарастыратын шараларды ұйымдастырушы билік органдарының қызметін жетілдіру шараларын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Тақырып өзектілігі зерттеу барысында статистикалық мәліметтер мен нақты аналитикалық шолулармен ашылады. Курстық жұмысүлкен екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімде жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың теориялық негіздемелері және шетелдердегі жергілікті басқару модельдері салыстырмалы түрде баяндалған.
Екінші бөлімде Қызылорда облысының маслихаты тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті басқару деңгейі, жергілікті бюджет шығындары және ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы жан-жақты көрсетілген. Осы бөлімнің өзектілігі ретінде қазіргі жергілікті басқару органдарын дамытудағы кедергі болып отырған мәселелер мен олардың мүмкін шешілу жолдары алынған. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу тұрғындардың белсенділігіне тәуелді. Өйткені, жөнделетін нысан тұрғындарының кемінде 67 пайызы оны жөндеуге рұқсатын беруі тиіс. Алайда, тұрғындардың барлығы бұған келісе бермейді. Мұның себебін пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қазіргі пәтерлердің көбісі жалға берілген иелері сырт жақта, оларды пәтерінің ахуалы қызықтырмайды, әйтеуір, пәтерақысын алса болды, ал, екінші, үшінші қабатта тұратындар төбеден су өту, ескірген кәріз жүйесінің қиындығы сынды мәселелерге бас ауыртып жатпайды дейді.
Бүгінде Тараз қаласында 49 пәтер иелері кооперативтері 700-ге жуық көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді. Солардың бірі үшінші мөлтек ауданда орналасқан «Азамат-Жайлау» пәтер иелері кооперативі. Біз ондағы басшының орынбасары Абайжан Әбілдаевты әңгімеге тартқан едік. Олар алты көп пәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда барлық үйге ортақ проблема – күрделі жөндеу болып тұр. Соған қарамастан, кооператив өкілдері көптен бері бірде-бір үйді күрделі жөндетуге қол жеткізе алмай келеді.
– Көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу өте күрделі үрдіс. Әуелі оған халықтың бастамашылдығы керек. Адамдардың түсінігі әрқилы. Тіпті, кейбірі жиналыстарға қатыспайды, қатысқан күнде ортақ келісімге келмейді. Мәселен, бізге қарасты алты үйдің де жағдайы қазір мәз емес. Әсіресе, үшінші мөлтек аудандағы №7 үйдің жыры ұзаққа созылып кетті. Бұл үйдің құжаттарын осыдан екі жыл бұрын әзірлеп, тұрғындардың 67 пайызының келісімін алып, қалалық тұрғын үй инспекциясына тапсырғанбыз. Бұл үй негізі әбден ескірген апатты жағдайда тұр десек те болады. Шатырының тозығы жеткен. Бесінші қабатта тұратындар жауын-шашынды күндері бізге базынасын айтып, хабарласады. Биыл наурыз айынан бастап сол үйдің алдында бірнеше рет тұрғындар жиынын өткіздік. Көбісі оған да шықпайды. Ал, қазір басқа екі үймен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың тұрғындары уақытында белсенділік танытып үлгерсе, биыл тұрғын үй жөндеудің екінші жарты жылдығына қарастырылатын қаржыға ілініп кетеді деген үмітіміз бар. Тараз қаласында белсенді жұмыс істеп жатқан пәтер иелері кооперативтері баршылық. Мәселен, «Ақбота», «Даму», «Светлана», «Қуаныш» атты пәтер иелері кооперативтері жыл сайын бірнеше үйді күрделі жөндетуге тапсырыс беріп, тиісті мекемеден оған қажетті қаржысын алады. Біз әйтеуір ысырылып қала береміз. Осы жағы қатты алаңдатады, – дейді Абайжан Бақтиярұлы.
Тұрғындардың белсенділік танытуына тағы бір кедергі болып тұрғаны жөндеу жұмыстарына кеткен қаржыны қайтару жайы. Көпшілігі осы жауапкершіліктен қашатын көрінеді. Он жылға жуық кезең бойы қарызын төлеуге ниеттері жоқ. Бұған дейін үй жөндеуге жұмсалатын қаржының 3-5 пайызы және 7 пайыздық салымы халықтан алдын ала жиналуы міндет екендігі бағдарламада нақты көрсетілген болатын. А. Әбілдаевтың айтуынша, көпшіліктің қарсылығы сол алдын-ала жиналатын салымнан басталады екен. «Оның соңы жанжалға ұласады да тұрғындар бір мәмілеге келе алмайды. Сөйтіп, тиісті қаржыны төлемейді. Төленетен ақша құны бөлменің аумағына қарай қарастырылған. 1500 теңгеден басталып 5000 теңгеден аспайды. Бір қарасаң, бұл қомақты қаржы емес. Есесіне, үйің жаңарып шығады емес пе? Алайда, мұның байыбына барып жатқандар шамалы» дейді ол.
Еліміздің Үкіметі мұны да ескерді. Сөйтіп, 2014 жылғы 29 сәуірде «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011– 2020 жылдарға арналған бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылдады. Өзгерістер мен толықтырулар бағдарламаның тиімділігін арттыруға, оған халықтың қатысу тетіктерін оңтайландыруға, сондай-ақ, оны іске асыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Жаңа өзгерістерге сәйкес, ортақ мүлікті жөндеу жұмыстарының үлгілік түрлері белгіленді. Сонымен, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтар жұмыстардың ең аз түрін немесе жұмыстардың ең көп түрін таңдай алады. Бұл ретте, жұмыстардың ең аз түрі – тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу (жылылау), жұмыстардың ең көп түрі – тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін, жертөлесін, қасбетін жөндеу (жылылау), лифтін (бар болса) жөндеу. Халықтың бағдарламаға қатысуын жеңілдетудің негізгі тетіктерінің бірі үй-жай (пәтер) иелерінің 3-5 пайызы және 7 пайызы мөлшерінде көзделген алдын ала салымын алып тастау болды. Бұл шаралар бағдарламаны іске асыру кезінде көптеген тұрғындарға алғашқы төлемдерін қысқа мерзімде жинауда қиындық тудыратындықтан қабылданды, енді тиісінше олардың үйлері бағдарламаға қатыса алмайды. Аталған өзгерістер осы жылдан бастап тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша келіп түсетін өтінімдерге ықпал ететін болады. Сонымен қатар, бағдарламаның жаңа редакциясында көпқабатты тұрғын үйлердің жөнделуі бірыңғай тетік бойынша іске асырылатын болады, онда құзыретті мамандандырылған уәкілетті ұйымдар (ЖШС) жөндеу жұмыстарын өз бетінше немесе қосалқы мердігер ұйымдарды тартумен жүргізеді. Қосалқы мердігер ұйымдарды таңдау бойынша конкурстық рәсімдер алынып тасталды, оларды тұрғындардың өздері таңдайды.
Жұлдыз Өскенбаева, үшінші мөлтек ауданы, №7 үйдің тұрғыны:
– Мен үшінші қабатта тұрамын. Соған қарамастан, жауынды күндері үйіміздің қабырғасынан су сорғалайды. Мұны көршілерге айтсаң, ешкім үйдің ертеңіне алаңдап отырған сыңай танытпайды. Бұл жерге көшіп келгеніме бірнеше жылдардың жүзі болып қалды. Содан бері көріп келе жатқан құқайымыз осы. Мемлекет бізге үлкен қамқорлық жасап жатыр. Енді соны тоқмейілсімей пайдаланып қалу қажет. Ол үшін ұйымшылдық керек.
Қорытынды
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені ,мемлекетті басқару –бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық ,ұйымдастырушылық қызметі .Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады .
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - мемлекеттік басқару теориясы мен тереңірек танысып , оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру.
Сондықтан, курстық жұмысым 2 бөлімге негізделген, біріншісі- бұл мемлекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс - әрекетінің және мәселелері. Ал бұл бөлімде жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістері қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз. Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет. Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Біріншіден нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз және басқару органдарының жұмысын бақылаусыз әдiлеттi нарықтық бәсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес. Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi және экономикалық, әлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да
сақтанған дұрыс. қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі мүмкін.
Қолданылғын әдебиеттер тізімі
1.Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшіліктері
Ақиқат 2000 №5 44-47 б.Найманбаев С.
2. Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері. Малқұбаев Б Ақиқат. 2001. №3 42-47 б
3. Ақиқат. 2001. №11 67-72 б.
4. Басқаруіс-әрекетін жетілдіру жолдары. Ақиқат 2003. №1 30- б.
5.Мемлекеттік басқарудың демографиялыу әдістері. Тоқтыбаев 2003. №6 39-43 б.
6.Басқару есебінің қазіргі кездегі теңденсиясы. Жамғанв А. Аханова П.
Жаршы 1999 №1 8-12 б.
8.Мемлекетті басқарудың басты бағыттары. Найманбаев С. Заң 2000 №9 32-37 б.
9. Басқару іс-әрекетінің жетілдіру жолдары. Әлімбеков М. 2000 №5-6 61-68 б.
3. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
4. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
5. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
6. Ф.Энгельс «Происхождение семьи, частной собственности и государства»
7. Бердалиев К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері /К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 1998. - 148 б.
8. Шығыс Қазақстан сан бойынша: стат. жинақ - Алматы : Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі, 2006. - 136 б.
9. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.
10. Гамарник Г. Облыс экономикасын басқару жүйесін жетілдіру /Г. Гамарник, Н.Сердюк // Поиск. - 2002. - №2. - б. 98-100.
11. Гамарник Г. Н. Қазақстан экономикасын басқару : методология, әдістер, іске асыру жолдары : монография /Г. Н. Гамарник. - Алматы : Экономика, 2002. - 281сб.
12. Гранберг А. Аймақтық экономика негіздері : жоғарғы оқу орынд.оқу құралы. /А. Гранберг. - 2-ші басылым. – М.: Мемл. ун-т Экономика жоғарғы мектебі, 2003. - 495 б.
