Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баскару.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
253.95 Кб
Скачать

3.1 Басқару тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда қазіргі сәтте негізгі

көңілді тұрғын үй қорын басқару және күтіп-ұстау саласындағы қызметті

кәсібилендіруге, бәсекелестік орнатуға және үй-жайлар (пәтерлер)

иелері, басқарушы ұйым/басқарушы және сервистік қызмет субъектілері

арасындағы шарттық қатынастарды дамытуға бөлу қажет.

Тұрғын үй саласында жылжымайтын мүлікті кәсіби басқаруды сәтті

аяққа тұрғызу үшін:

- үй-жайлар (пәтерлер) иелерімен жасалған шарттар негізінде кондо-

миниум объектісін басқару жөніндегі жұмыстарды атқару;

- жасалған шарт негізінде сервистік ұйымдар атқаратын жұмыстардың

орындалуына бақылау жүргізу;

- шарттық қатынастарды жоспарлау, есепке алу және қалыптастыру

мәселелерін қоса алғанда, басқарудың объект бойынша қағидатын енгізу;

- қаражат жұмсау тиімділігін арттыру, тұрғын үйді күтіп-ұстауға және

пайдалануға арналған қызметтер құнын төмендетуге және олардың сапа-

сын арттыруға мықты экономикалық ынталандырудың болуы;

Осылайша, басқарушы/басқарушы ұйым қаржылық жоспарлау және

басқару тетіктеріне ие болуы, оларды үй-жайлар (пәтерлер) иелерімен

шарттық қатынастар шеңберінде көрсетуі, тұрғын үй қорына қызмет

көрсетуі үшін меншік иелерімен келісілген сервистік ұйымдарды тарту

жұмысын ұйымдастыра алуы қажет.

Қазіргі уақытта тұрғын үйді күтіп-ұстау саласында бәсекелестікті

дамытуға кедергі болып отырған фактор шарттық қатынастардың ке-

мел болмауы болып отыр. Көп жағдайларда, мердігерлік шарттарын

қалыптастыруға атүсті қараушылық басқарушы ұйымның/басқарушының

тұрғын үй қорының жай-күйін жақсартуға экономикалық мүдделілігінің

жоқтығына, екінші бір жағынан, сервистік қызмет субъектілерінің осы үшін

бөлінген қаражатты үнемдеуге мүдделі болмауына негізделеді.

Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, саға саясаты аяясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортименте өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқару­шы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.

Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып, кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (бас-қарушылық) бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалтерияны (қаржылық және калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістін ұлғаюымен, оны шоғырландырудың өсуімен, капиталды орталықтандырумен, ірі компанияларды құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен байланысты болып келеді. Ең бастысы, баскарушы есептің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады. Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген. Басқарушы есептің „стандарт-кост’» жүйесіне ұқсас болып келетін калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгінде өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған.

Басқарушы есептің шексіз құқына тән кейбір мәселелерімен шаруашылық субъектінің жекелеген бөлімшелері бүгінгі күннің өзінде-ақ айналысуда, бірақта бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезіңда, кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр. Экономикалық қызметті талдау жүргізілсе де, ол тек шаруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері толық калыптасып біткен соң барып, бір шама кешіктіріліп жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.

Шаруашьшық субъектілерінде қажеттілік пісіп-жетідсе де, іс- жүзінде салықтық жоспарлау жоқ. Сонымен бірге басқарушы есептің негізін құрайтын калькуляциялаудың ойластырылып табылған тәсілі, кейбір жағдайда, ұйымдардың салықтық ауыртпалығын жеңілдетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар, міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін ұлғайтты. Бухгалтерлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті басқаруға өтсе, онда есептің жаңа сатыға өтерілгені.

1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстаң Республикасында қарсылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қайта құру бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандарттрына сәйкес ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады. Бұл мақсатқа — кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар жүйесін қалыптастыра алса ғана жетеді. Монографияның басты міндетінің бірі, шаруашылық субъектілерінде басқарушы есепті құруда, түсіңдіруде, енгізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Басқарушы есеп –бұл экономикалық интегралданған есептеудің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізгінде кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау. Бұл анықтама, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе ретінде кәсіпорындардың ирархияның барлық деңгейіне қолайлы.

Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап өту керек. Баскарудың барлық циклдік процесінде көрініс табатын басқарушы есебінің обьектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі өндірістікқкызметі бо­лып табылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы жақсы дамып келе жатқан экономика секторларының бірі - банк саласы. Дағдарысты және ифляциялық процесстерді жеңумен байланысты қазіргі Қазақстанның экономикасының проблемалары, банк жүйесінің одан әрі дамуы мен жетілдіруінде орасан зор практикалық мәні бар. Сонымен қатар соңғының дамуы банктің нарыққа шығуын либеризациялау, несие операцияларын жүргізу, банк қызметін талдау, тәукелді басқару және тағы басқада бағыттарды қамтиды.

Қазіргі заманғы банк жүйесі- бұл клиенттерге көрсетілетін дәстүрліжәне дәстүрлі емес әртүрлі қызметтер саласы.