Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.47 Кб
Скачать

36. Қар тиегіштер. Өнімділігінің есебі.

Қазіргі уақытта жасалатын қар тиегіштерде жұмыс органының және жалпы алғанда барлық машинаның принциптік сұлбасы бірдей. Бұл машиналар машиналардың алдындағы күректе орнатылатын табан типті қоректендіргіштермен жабдықталған.

Біліктен қоректендіргіш табандарымен бөлінген қар оны көлік құрал-дарына ауыстыратын қырнауышты конвейерге беріледі. Қоректендіргіш дискіден, теңгергіштен және табаннан тұрады (1, а-сурет). Дискіде теңгергіш осі эксцентрлік орналасқан. Соңғысы өзінің П-тәрізді ойығымен күрекке бекітілген бағыттаушы төрткілшеге кіреді. Теңгергіш диск айналғанда – тербел-мелі, ал қоректендіргіш табаны қармаушы қозғалыстар жасайды.

Қар тиегіш машиналар автомобильдердің тораптары мен агрегаттарынан жасалған арнайы шассилерге немесе тиеушінің арнайы жабдығын ең жақсы түрде орналастыратындай, конструкцияларының түрін өзгертетін автомобиль-дер шассиіне жинақталған.

Д-566 қар тиегіші. Оның арнайы жабдығы автомобиль және трактор тораптары мен агрегаттары пайдаланылып жасалған, өзі жүретін шассиге жинақталған. Машинаның арнайы жабдығы екі қоректендіргіші бар күректен, жебеден, конвейерден, жұмыс органдары жетектерінің механизмдерінен, гидрожүйеден және машинаны басқару жүйесінен тұрады. Өзі жүретін шасси өз кезегінде рамадан, алдыңғы және артқы көпірлердің моторлық қондырғы-сынан, берілістер қорабы кіретін жетек механизмдерінен, тарату қорабынан, жүріс азайтқыштан, тежеу жүйесінен, басқару жүйесінен және жүргізушінің кабинасынан тұрады. Қозғалтқыш қондырғысы ретінде салқындату, қоректен-діру жүйелері және ілініс муфтасы бар Д-50 қозғалтқышы пайдаланылған. Берілістер қорабы үш жылдамдықты; қуаттың екі таңдалуы бар: жұмыс органдарының жетегі және тарату қорабы үшін. Жонғыш қоректендіргіш екі жартыдан тұрады.

Жаңа түскен қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың техникалық өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·υм, м2/сағ,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

Жатып қалған қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·h·υм, м3/сағ,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

h – қар жамылғысының қалыңдығы, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

37. Мұз және тығыздалған қарды оюға арналған машиналар. Қызметі. Жіктелуі.

Жарғыш-қопсытқыштар асфальт-бетон жол төсемдерінен тығыздал-ған қарды алып тастау үшін қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, бұл машиналарды химия материалдармен бұзылған құрылымы және тоңудың баяулаған күштері бар мұзды жару кезінде қолдануға болады.

Жарғыштар жұмыс органының әрекет ету принципі бойынша екі топқа бөлінеді: активті және пассивті типті жұмыс органы бар машиналар. Активті типті жұмыс органы бар жарғыштарда аспап базалық шассиге қатысты жылжиды. Пассивті типті жұмыс органы бар жарғыштарда аспап базалық шассиге қозғалыссыз бекітілген.

Біздің елімізде конструкциясы төменде айтылған пассивті типті жұмыс органы бар жарғыштарды сериялы жасайды.

Екі қозғалмайтын пышағы бар Д-447 сорғыш-қопсытқышы МТЗ-50 немесе МТЗ-52 тракторының базасында Д-447 қар жинау машинасының жұмыс жабдықтарының жинағына кіреді.

Д-447 машинасы (1-сурет) үш жұмыс органымен: машинаның алдында орналасқан қар соқасымен; артқы жағына ілінген щеткамен және артқы доңғалақтардың алдында жинақталған жарғышпен жабдықталған. Барлық жұмыс органдары трактор қозғалтқышының картеріне бекітілген рамаға жинақталған.

Пышақтар қар қабатының екі жолағын жарады. Осы жолақтардың арасында қалатын тығыздалған қар машинаның келесі өтуімен жарылады. Пышақтардың әрқайсысы төрт буынды рычагты механизммен ерекше рамада бекітілген алаңда орнатылған. Рама өз кезегінде топсалар арқылы негізгі рамада бекітілген, ол екі гидроцилиндрдің әсерінен төмен және жоғары тасымалдау қалыптарына жылжуы мүмкін. Сонымен бірге пышақтар тығыздалған қарға тиесілі тереңдетіледі. Алаңның және пышақ-тың негізгі рамаға қатысты қалпы ол үшін арнайы тағайындалған гидро-цилиндрдің әсерінен өзгеруі мүмкін. Жұмыс күйінде піспекті және гидроцилиндр штогын жылжытады, алаң пен пышақты шеткі жылжытыл-ған қалыпқа жылжытады.

Д-447 қар жинау машинасының жұмыс органдарын көтеру мен түсіруді жүргізушінің кабинасында орнатылған, золотникті ауыстырып қосқыштың көмегімен басқарады.