Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.47 Кб
Скачать

32. Фрезерлі – роторлы қар тазалағыштар. Өнімділігінің есебі.

Жаңа түскен қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың техникалық өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·υм, м2/ч,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

8. Жатып қалған қарды тазалау кезіндегі қар тазалағыштардың өнімділігі

Пт = 3600( Вп – Впер. )·h·υм, м3/ч,

мұнда Вп – жол жамылғысын тазарту ені, м;

Впер. – қар тазалағыштың шектес өтпелері жабынының ені, м;

h – қар жамылғысының қалыңдығы, м;

υм – қар тазалағыштың жұмыстық жылдамдығы, м/с;

33. Фрезерлі – роторлы қар тазалағыштарының жұмыс істеу жолдары. 30-ші сурақты қара

34. Қар тиегіштер. Қызметі. Жіктелуі.

Қазіргі уақытта жасалатын қар тиегіштерде жұмыс органының және жалпы алғанда барлық машинаның принциптік сұлбасы бірдей. Бұл машиналар машиналардың алдындағы күректе орнатылатын табан типті қоректендіргіштермен жабдықталған.

Біліктен қоректендіргіш табандарымен бөлінген қар оны көлік құрал-дарына ауыстыратын қырнауышты конвейерге беріледі. Қоректендіргіш дискіден, теңгергіштен және табаннан тұрады (1, а-сурет). Дискіде теңгергіш осі эксцентрлік орналасқан. Соңғысы өзінің П-тәрізді ойығымен күрекке бекітілген бағыттаушы төрткілшеге кіреді. Теңгергіш диск айналғанда – тербел-мелі, ал қоректендіргіш табаны қармаушы қозғалыстар жасайды.

Қар тиегіш машиналар автомобильдердің тораптары мен агрегаттарынан жасалған арнайы шассилерге немесе тиеушінің арнайы жабдығын ең жақсы түрде орналастыратындай, конструкцияларының түрін өзгертетін автомобиль-дер шассиіне жинақталған.

35. Қар тиегіштер. Жалпы құрылысы.

Д-566 қар тиегіші. Оның арнайы жабдығы автомобиль және трактор тораптары мен агрегаттары пайдаланылып жасалған, өзі жүретін шассиге жинақталған. Машинаның арнайы жабдығы екі қоректендіргіші бар күректен, жебеден, конвейерден, жұмыс органдары жетектерінің механизмдерінен, гидрожүйеден және машинаны басқару жүйесінен тұрады. Өзі жүретін шасси өз кезегінде рамадан, алдыңғы және артқы көпірлердің моторлық қондырғы-сынан, берілістер қорабы кіретін жетек механизмдерінен, тарату қорабынан, жүріс азайтқыштан, тежеу жүйесінен, басқару жүйесінен және жүргізушінің кабинасынан тұрады. Қозғалтқыш қондырғысы ретінде салқындату, қоректен-діру жүйелері және ілініс муфтасы бар Д-50 қозғалтқышы пайдаланылған. Берілістер қорабы үш жылдамдықты; қуаттың екі таңдалуы бар: жұмыс органдарының жетегі және тарату қорабы үшін. Жонғыш қоректендіргіш екі жартыдан тұрады.

Олардың әрқайсысы спиралінің оң және сол бағыты бар екі жақтан кіретін таспалы жонғышты білдіреді. Қоректендіргіштің ұзақ мерзімділігін жоғарылату үшін жонғыш таспасының сыртқы жағында тістері бар жиналмалы тозуға төзімді жапсыр-малар бекітілген. Жонғыштың таспасы радиал орналасқан кронштейндердің көмегімен құбыр білігіне бекітілген, ол жонғыш қабығының бүйірлік жақтарында орнатылған шарикті мойынтіректерге сүйенетін цапфалармен қосылған. Бұл жақтар жонғыштың қабыққа қатысты орнатылуын реттеуге мүмкіндік береді.

Қабық өзінің төменгі бөлігінде шаңғымен жабдықталған, олармен жұмыс органы жол төсеміне сүйенеді. Шаңғының қалпы қапқа қатысты өзгеруі мүмкін, нәтижесінде жонғыштың биіктігі жол төсеміне қатысты реттеледі. Цилиндр құраушы түріндегі қабықтың артқы қабырғасының материалдың қоректендіргіштен конвейерге өтуіне арналған келте құбыры бар саңылауы бар. Қабықтың оң бүйірлік қабырғасы онда жонғыш жетегінің бағалы берілісі орналастырылған, пісіру картері түрінде орындалған.

Таспалы конвейер рамасы топсалы қосылған екі бөліктен тұрады. Рама-ның төменгі жағы жонғыштың қабығымен қосылған. Төменгі раманың жоғар-ғы бөлігінің сырғалық тесігі бар, олармен ол раманың жоғарғы бөлігі сияқты, шасси лонжерондарында орнатылған кронштейнде топсалы бекітілген.