Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.47 Кб
Скачать

42. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған машиналар. Қызметі. Жіктелуі.

Контейнерлік қоқыс тасығыш (1-сурет) үйлерден, қоғамдық тамақтан-дыру орындарынан және басқа ұйымдардан қоқысты және тағам қалдықта-рын шығаруға арналған. Қоқыс арнайы контейнерлерде шығарылады.

ГАЗ-53Ф автомобилінің шассиіне жинақталған, М-30 контейнерлік қоқыс тасығышы бір уақытта жалпы сыйымдылығы 6 м3 сегіз контейнерді тасымалдайды. Контейнерлер әрқайсысында төрт данадан екі аудармалы платформаға орнатылады. Гидравликалық жетегі бар кран барлық тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік береді. Машинаға бір адам - жүргізуші қызмет көрсетеді. Платформа қаптамасының терезелерінде орналасқан, алты механикалық басқару пульті жүргізушінің кранды тікелей контейнердің жанында тұрып басқаруына және сонымен бірге оларды аудармалы платформаның ұяшықтарына орнатуға мүмкіндік береді. Қолдары ұзартылған қармауыш жүргізушінің машинаға көтерілмей платформада орнатылған контейнерлерді жүргізуіне мүмкіндік береді.

Аудармалы платформада орнатылған контейнерлер серіппесі бар арнайы қадалармен бекітіледі. Бұл олардың тасымалдау және жүк түсіру кезінде платформа ұяшықтарынан түсіп қалуынан қорғайды. Контейнерлерді қоқыста түсіру аудармалы платформаларда бұру жолымен жүргізіледі. Оң және сол платформалар гидравликалық кранмен кезекпен бұрылады. Контейнерлер қармауышын платформаға орнату үшін платформаның артқы бөлігінде оларға пісірілген ұяшықтарымен бірге екі бойлық бұрыштығы бар болады. Бойлық арқалықтардың ортасында тіреу алаңдар пісірілген, оларға рессорларды блоктаудың гидравликалық цилиндрлері жинақталады. Аудармалы платформаларда контейнерлер орнатылған. Кранның көмегімен платформа көлденең осьтің айналасында бұрыла және онда орнатылған төрт контейнерді түсіре алады.

М50 шанақты қоқыс тасығышы сыйымдылығы 0,75 м3 стандарттық контейнерлерден қоқысты жинауға, оны тасымалдауға және зарарсызданды-ру немесе пайдаға асыру орындарына түсіруге арналған. Қоқыс тасушының арнайы жабдығы МАЗ-500А автомобилінің шассиіне жинақталған және шанақтан, түсіру (ығыстыру) тақтасынан, тиеу (тығыздау) тақтасы мен шөміші бар артқы қақпақтан, сырғымалы жебесі бар толық бұрылатын краннан, гидравликалық және электр жүйелерінен тұрады. Бұрылыс механизмі екі арқалықтан және олармен контейнер сырғытпалардан төменгі жағынан ілінетін қармауыштары бар тростан тұрады. Бос контейнерді кран бұрынғы орнына қояды. Сыйымдылығы 2 м3 тиеу шөміші толтырылған соң көтеріледі. Тиеу тақтасының қозғалысымен қоқыс шөміштен шанаққа беріледі де, тығыздалады. Қоқыс тасығыш артқы қақпағы алдын ала көтеріліп тұрғанда және көтергіш кран машина осіне қатысты 900 бұрылғанда, шанақтың алдыңғы қабырғасы болып табылатын, түсіру тақтасының орын ауыстыруымен түсіріледі.

53 Илосостар. Жалпы құрылысы.

Бұл – құдықтарды лайдан механикаландырылған тазарту және оны түсіру орнына тасымалдау үшін арналған лай сорғыштар және канализацияның нөсер және жалпы қорытпалы желілерін тұнбадан тазарту және бітеліп қалғанды жою үшін тазартуға арналған машина. Мұндай машиналар екі типті пайдаланылуға түседі - вакуумдық және гидродинамикалық. Бұл машиналардың арнайы жабдықтары автомобиль шассиінде жинақталған. Нөсер канализациясы желілерін тұнбалардан тазартады және олардағы бітеліп қалғандарды гидродинамикалық тәсілмен жояды.

Илососты машинаның жұмыс жабдығы цистернадан, вакуум-сорғыдан, пневможүйеден, гидрожетек мен қосымша жабдықтан тұрады.

1-артқы қақпағы; 2-құлыптар; 3-лайға арналған бөлігі; 4-поршень; 5- лайды соруға арналған келте құбыр (патрубок); 6- лайлы суға арналған бөлігі; 7-перегородка; 8-қылта (горловина); 9 –таза суға арналған бөлігі; 10 – сақтандырығыш келте құбыры (предохранительный патрубок); 11 – ауаны соруға арналған келте құбыр; 12- төгу келте құбыры