Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.47 Кб
Скачать

1)Сыпыру-жинау машиналары. Жалпы құрылғысы Сыпыру-жинау машиналарының басты жұмыс жабдығы: машинаның артқы дөңгелектерінің артында орналасқан басты цилиндрлік щетка, артқы және алдыңғы дөңгелектер арасында орналасқан екі конустық щеткалар, шнекті қоректендіргіштер, қырғыштары бар шынжырлы конвейер, сыпыруға арналған контейнерлер.

2)Сыпыру-жинау машиналары. Қызметі. Жіктелімі. Сыпыру-жинау машиналары қатты жол және аэродром жамылғыларын тазалауға, қала территорияларын шаң, ластан және ұсақ қоқыстардан тазалауға арналған. Жол бетінің ластануы автомобиль көлігінің доңғалағының дұрыс сырғанауына кедергі жасайды. Жол жамылғыларын сапалы тазалануы доңғалақтың жолмен ілінісу коэффициентін 12-15% өсіреді және көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын арттырады. Жіктелімі:Базалық машина: трактор,автомобиль, тіркеме,арнайы шасси;Қызметі:сыпыратын, сыпырып жинау,вакуумдық сыпыру,вакуумдық жинау; Жұмыс мүшелері:цилиндрлік щетка,жинастыру щ.,таспалыщ.,ваккумдық щ.;Шаңсыздандыру:ылғалды, пневматикалы.

3)Сыпыру-жинау машиналары. Щеткаларының құрылысы. Сыпыру-жинау машиналарының басты элементтеріне цилиндрлік және конустық (лотковые) щеткалар жатады. Цилиндрлік щетка: жетекші білік, щетканың корпусы, түктері, подшипник. Диаметрі 0,4-тен 0,7 м дейінгі цилиндрлік щеткалар горизонталь ось бойынша айналады, түктері диаметрі 0,8-ден 1,5 мм болат сымдардан немесе диаметрі 2,0-ден 2,5 мм капрон сымдардан болады. Конустық щетка - щетканың корпусы, түктері, щетканың жетегі. Диаметрі 0,4-тен 0,7 м дейінгі конустық щетка бұрышы 5-7 градус вертикальға қарай айналады. Сыпыру-жинау машиналарының соңғы үлгілерінде цилиндрлік щеткаларының орнына таспалы щеткаларды қолданады.таспалы щетка: щетканың корпусы, айналдыру ролигы, жетекші ролигы, щеткалар

4)Сыпыру-жинау машиналары. Кинематикалық схемасы. Құбыр желілерінің схемасы. Кинематикалық схемасында келесілер көрсетіледі: беріліс қорабы; қуатты жинау қорабы; гидросорғы; тарату редукторы; су сорғысы; конустық редуктор; щетканың шынжырлы берілісі;цилиндрлік щетка; шнектер; шнектердің шынжырлы берілісі; конвейер;конустық щетканың гидромоторы; конустық щетка. Машина құбыр желісінің схемасы: сопло, үшжүрісті кран, вентиль,су сорғысы,орталық клапан, сүзгі, цистерна, құю құбыры, тығын краны.

5)Сыпыру-жинау машиналары. Өнімділігінің есебі. техникалық өнімділігі Пт=3600(Вп-Впер.) ·υм, м2/ч,

мұнда Вп – жол жамылғысын сыпыру жолағының ені, м; Впер. – машинаның шектес өткелдері ара жабынының ені, м; υм – машинаның сыпырған кездегі жұмыстық жылдамдығы, м/с;

Сыпыру-жинау машинасының пайдаланылушылық өнімділігі Пэ=3600· Vб · kн ·kи /qз·Tц , м2/ч

мұнда Vб – сыпыруға арналған шанақтың сыйымдылығы, м3;kн – цистернаның сумен толтырылу коэффициенті;kи – машинаны уақытты пайдалану коэффициенті;qз – ластану нормасы, 0,1-ден 0,15 л/м2 дейін қабылданады;Tц – машинаның жұмыстық циклінің ұзақтығы, с.Tц = tнап. + tраз. + tпер. + tп.з., с.

мұнда tнап. – сыпырылғанға арналған шанақты түсіру ұзақтығы, 300-ден 600 с дейін қабылданады.

tраз. – сыпырылғанға арналған шанақтың толтырылу ұзақтығы, с; tраз. = Vб·kд /qз·Bп·υм, с

мұнда kд – маневрлеу салдарынан машина қозғалуының біркелкі еместігі коэффициенті, kд 1,05-тен 1,2 дейін қабылданады; tпер. – өтпелердің ұзақтығы, с;tпер. = 2·L /υтр.ср., с. мұнда L – жұмыс орнынан цистернаның сумен толтырылған жеріне дейінгі ара қашықтық, м;υтр.ср – орташа тасымалдық жылдамдық, м/с; tп.з – дайындау-қорытынды жұмыстарының ұзақтығы, 600-ден 1000 с дейін қабылданады.

6)Сыпыру-жинау машиналарының жұмыс істеу жолдары Сыпыру-жинау машинасы келесі түрде жұмыс істейді: конустық щетка қоқысты жинастыру аймағынан қармап алып оны басты щетка аймағына береді. Басты щетка қоқысты шнекті қоректендіргіштерге бағыттайды, ал қоректендіргіштер щетка алдында орналасқан шынжырлы конвейерге жібереді. Конвейерлердің жоғарғы бөлігінде орналасқан контейнерлерге қоқыс келіп түседі.

7)Суару-жуу машиналары. Гидравликалық жүйесі.Соқа мен щетканы көтеріп-түсіру гидравликалық жүйемен іске асырылады.

8. Суару-жуу машиналары. Қызметі. Жіктелуі.

Суару-жуу машиналарын асфальт және цемент-бетонды жабындары бар жолдарды жуу және суару үшін, сондай-ақ шаңды, балшықты және қоқысты сырыпу үшін қолданады. Олар жасыл желектерді суару, өрттерді сөндіру және суды жеткізу үшін қолданылуы мүмкін.

Қар тазалағыш жабдықтары бар ПМ-130 суару-жуу машинасы жылдың жазғы да, қысқы да кезінде жұмыс істеуге арналған. Жазда машина асфальтталған жолдарды жуу және жетілдірілген және грунттық жабындарды суару үшін қолданылады. Машина екі модификацияда шығарылады.

Екінші нұсқада (ПМ-130П) машинаның тіркеме-цистернасы бар. Арнайы тапсырыс бойынша соплоларды бұру механизмі және цистернадағы су деңгейін көрсеткіш орнатылуы мүмкін. ЗИЛ-130 автомобилінің шассиінде цистерна орнатылған, ол сүзгі 6, орталық клапан 5 және жинау құбыры арқылы су сорғысымен 4 қатынасады. Соңғысы қозғалтқыштан сорғымен карданды білікпен қосылған, қуатты іріктеу қорабы арқылы қозғалысқа келтіріледі. Су сорғыдан 4 қысыммен құбырлардың айдау тармағына және құбырлар жүйесіне жинақталған тарату крандары арқылы олармен суару немесе жуу жүргізілетін соплоларға 1 түседі.

9. Суару-жуу машиналары. Жалпы құрылысы.

Қарды тазалау үшін машина қар тазалау жабдығымен жабдықталған. Соқа машинаның алдыңғы жағында орналасқан, ал щетка соның астында. Щетканың жетегі – қуатты жинау қорабынан алынады. Соқа мен щетканы көтеріп-түсіру гидравликалық жүйемен іске асырылады. Машинаны басқарудың барлық органдары жүргізуші кабинасында орналасқан.

Цистерна овалды формадағы сыйымдылық. Астыңғы бөлігінде сүзгі, остойник орналасқан. Цистерна екеуі артқы автомобиль рамасына бекітілетін үш тіреуде орнатылған. Алдыңғы тіреу болттармен бекітіледі. Цистернаның астыңғы бөлігінде цистернадан су сорғысына келетін суды жабу клапаны орналасқан. 1 – сопло, 2 – үшжүрісті кран, 3 – вентиль, 4 – су сорғысы,5 – орталық клапан, 6 – сүзгі, 7 – цистерна, 8 – құю құбыры, 9 – тығын краны.

Машина құбыр желісінің схемасы

Жүргізуші орталық клапанмен кабинасынан тартыммен клапан білігі-мен қосылған рычагты басқарады. Орталық клапанның жоғарғы бөлігіндегі суды тазарту үшін металл тордың үш қабатымен тартылған қаңқаны білдіретін сүзгі орнатылған. Ол сүзгіге қармауышпен және сынамен бекітіледі. Сүзгіге қатынас — цистернаның жоғарғы люгі арқылы.

Суды тарату үшін оны алдыңғы соплоларға берген кезде алдыңғы және бойлық құбырларға жинақталған, үш жүрісті кран қызмет атқарады. Алдыңғы құбыр басқыштармен машинаның алдыңғы бамперіне бекітіледі. Машинаға келесі жабдықтар беріледі:

1. Су жинауға арналған стендер.

2. Су құбыры желісінен суды жинауға арналған әрқайсысының ұзындығы 2 м екі су құбыры жеңі.

3. Суды су қоймасынан жинауға арналған әрқайсысының ұзындығы 2 м екі сорғыш жең.

4. Өртке қарсы діңгегі бар әрқайсысының ұзындығы 20 м екі өртке қарсы жең.

5. Стендерді ашуға және жабуға арналған бүйір жақ кілті.

6. Сегіз жалғастықты коллектор.

Жабдықтар есіктері бар ернеулік жәшіктерде орналасқан. Стендер машинаның артқы бөлігіндегі рамада орнатылған.