- •Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар берудің ықпалы
- •Жоспары:
- •1.Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру
- •2.Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар
- •3. Мамандық түрлеріне шолу
- •Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасының ерекшелігі
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасының ерекшелігі
- •Қарым – қатынастағы құзыреттілік
- •Болашақ педагогтың психологиялық коммуникативтік мәдениетін дамыту
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •1.Болашақ педагогтың психологиялық коммуникативтік мәдениетін дамыту
- •2.Педагогтың коммуникативті компоненттері
- •Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •1.Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
- •2. Жасөспірімдер организміне әсері
Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
Орындаған: Саматқызы А
6М011600 география,
1 Курс магистрант
Тексерген: доц. Ибраимова Ж
2016 жыл
Жоспары:
1.Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
2. Жасөспірімдер организміне әсері
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс-шабыс, төбелес, зорлық-зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке-жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Бірте-бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата-ананы сыйлау қабілеті азаяды. Компьютердің адам денсаулығына кері әсері:
1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;
2. Көздің көру , құлақтың есту қабілеттері төмендейді;
3. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды.
4. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды.
5. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді [1].
Қазіргі заман жасөспірімдерін әлеуметтік желілерден тыс елестету мүмкін емес. Однокласнники, ВКонтакте, Facebook және т.б. оқушылардың санасын жаулап алғаны соншалықты, қазіргі кезде кездейсоқ танысулар болмайды, барлығы ғаламтор арқылы жоспарланады. Жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тәуелділігі тіпті ерте бастан пайда болуда. Себебі балалар компьютерді 3 жасынан бастап өз бетімен қосып, ұнаған ойындарын ойнай алады, ал мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ әлеуметтік желілерде тіркеледі де, сыныптастарын іздей бастайды.
Осылайша жасөспірімдер әлеуметтік желілерге «серуендеуге шығады», онда олар ата-аналардың бақылауынсыз қоғамның бір бөлігіне айналады. Өз парақшаларын барлық ынтасымен безендіре отырып, жасөпірімдер өздерінің ішкі әлемін көрсетеді. Сол парақшалар олардың өздерінше визиттік картасы болып табылады.
Жасөспірімдік уақыт – ол тұлғаның ары қарай қалыптасуына ерекше және өте маңызды шақ, бұл кезеңде тұлғаның өте жедел дамуы жүзеге асатыны белгілі. Бұл шақтың ерекшелігі, жасөспірімнің мінезіне көпті білуге құштарлық, ақылдың ұшқырлығы, ақпаратқа және білімге ұмтылыс байқалады. Жасөспірім ұшін басты іс-әрекет: ол - коммуникативті. Ал, қазіргі кезде коммуникацияны олар әлеуметтік желілерден іздейтіні белгілі.
Егер жағдайға оқушылар көзімен қарайтын болсақ, әлеуметтік желілердің жасөспірім үшін қажеттілігі төмендегідей:
жаңа танысулар жасау мүмкіндігі;
видео және фотоға қолжетімділік;
ойын, тест, форум түріндегі қолжетімді қосымшалар;
қазіргі қоғамда өсіп келе жатқан тұлға үшін толыққанды және дамыған жағдайлар жоқ, ал ғаламторда көңілін аулаған нәрсенің бәрі бар;
қарым–қатынас жасауда ашықтық, қысылмай әрекет ету мүмкіндігі, өйткені көптеген жасөспірім үшін шынайы өмірде емес, желіде қарым–қатынас жасау жеңілірек.
Интернет–технологиялардың дамуымен әлем қатты өзгеріске ұшырады. Оның арқасында өскелең ұрпақтың ойлау және өмірге деген көзқарасы өзгеріп отыр. Мысалы, қарым – қатынас жасау максималды деңгейде жеңілдеді. Біздің уақытта адамдар арасындағы үлкен арақашықтық олардың коммуникациясы үшін бөгет емес. Ғаламтор желісіне қосылған компьютер немесе ноутбуктарында бір-бірін көруге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама болса жеткілікті.
Шынайы өмірге қарағанда, желі арқылы жасөспірімдер өте көптеген нәрсе туралы айта алады, және ол жағдайда өздерін ыңғайсыз сезінбейді: өйткені оларда өз ойын толығымен ойлап, оны нақты жеткізуге уақыты болады. ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез-келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керекті ғаламтор мәліметі арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Мұның өзі адамзат үшін үлкен жетістік болып табылады. Осы ақылды көк жәшіктің балалар денсаулығына зияны туралы дәрігерлер не дейді? Дәрігерлер «баланың ұзақ уақыт қозғалмай, компьютердің алдында отыруы, ой-өрісінің дамуын шектеп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, логикалық ойлау қабілетінің бірте-бірте төмендеуіне әкеліп соғады» - дейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ойы тежеледі. Дәрігер қауымы «ақылды» жәшіктің жас балаға кері әсерін былайша жіктейді... [2]. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Л.С. Выготскийдің тұжырымына жүгінер болсақ, психиканың дамуын әлеуметтік ортадан тыс қарауға мүлдем болмайды. Ол “Всякая высшая техническая функция, необходимо проходить через внешнюю стадию в своем развитии, потому что она является первоначально социальной функций” деп жазады өз еңбегінде.
Жас кезінде көптеген адамдар өздерінің ойларын сипаттап күнделік жазады. Бірақ бүгінгі күні басқа адамдардың түрлі ойларын білу үшін жасөспірімдер блог жүргізеді.
Өз-өзіне сенімсіз жасөспірімге желі, өзін сұранысқа ие болғандай сезіндіреді. Ол жаңа адамдармен таныса отырып, келешекте онымен не туралы сөйлесемін деп қорықпайды. Қызығушылықтары бойынша топтарға кіріп, ол өзін түсінбейтін адамдар болады деп қорықпайды.
Жасөспірімдер сурет және видеоны желіге орналастыра отырып, басқалардың сын-пікірін елемейді. Желіде, оларда бағаланбаймыз, бізді түсінбейді деген сезімдер билемейді. Қоғам қабылдамаған нәрсені Интернет қабылдай береді. Адам өзінің жеке парақшасын толтырғанда, ол өзінің виртуалды бейінін құрастырады. Желіде ол бейін тұлға ретінде дамып, шынайы өмірде жасөспірім қалайтындай өмір сүреді.
Кез келген әлеуметтік желілердің құрамдас бөлігі болып табылатын сауалнамаларды толтыра отырып, адам өзінің қызығушылықтары мен қалаулары туралы ойланады. Сондықтан көпшілік адамдар желілік парақшаларды жастардың өзіндік айнасы және ол тұлғаның дамуына септігін тигізеді деп есептейді. Көптеген жасөспірімдер өздерінің шығармашылығының нәтижесін желіге орналастырады: өлеңдер, видео, әндер, әуендер. Жеке парақшаларды толтыра және безендіре отырып қызығушылық , хобби пайда болады.
Бір жағынан, біз көріп отырғандай, әлеуметтік желілер жасөспірімге оның жас ерекшелігіне қажетті: әлеуметтену, коммуникация, өзінің образын қалыптастыру, өз ойын білдіру, қызығушылығын табу, көзқарас қалыптастыру, ең бастысы - дербестік сезімдерін береді.
Жасөспірімдерге әлеуметтік желілердің оң әсері болғандай, теріс әсері бар екені сөзсіз. Олар виртуалды әлемге тәуелділік пайда болады. Кешкі серуендеу, мәдени ошақтарға бару сияқты шараларды желідегі вербальды қарым-қатынас алмастырады. Бұл жол тұлғаны, қоғамның бөлігі ретінде аутизм мен толық құлдырауға әкеп соқтыруы мүмкін.
Жастарда желіде тым көп отыру, оны асыра пайдалану арқасында шынайы адамдармен қарым-қатынас орнату фобиясы (қорқу сезімі) дамиды. Жасөспірімдер өмірде адамдармен, әсіресе, қарама-қарсы жыныспен танысуға ұялады, сөйлеу мәнерінде де қиындықтар туындайды. Өйткені Интернет желісіне кіріп бейтаныс объектіге хабар жазған, әрине, жеңілірек. Жаңа достарды табу қиынға түседі. Заманауи адамдардың қарым-қатынасы нақты сезімдер мен түйсінуді виртуалды күйзеліске ауыстырып алу сияқты өзгеріске ұшырап отыр.
Негізінен, желіде жасөспірімдер өздеріне жаңа ат береді. Өздерінің аттарынан бас тарта отырып, өз-өзін жоғалтып алмай ма? Көбісі осы фактордың әсерінен екіжүзділікке үйренеді, өзі шынайы өмірде ондай адам болмаса да, желіде өздерін басқа адам етіп көрсетеді. Осының бәрі кейін оның өмірінде із қалдыратыны сөзсіз.
Көптеген оқушылар өздеріне дос ретінде бейтаныс адамдарды қосатынын айтып өтті, ол оларды алдаудың әлеуетті құрбаны етеді. Интернет-алаяқтарына, әлеуметтік желі алтын арқау іспеттес. Мысалы, ВКонтакте сияқты әлеуметтік желі арқылы кім болса соған, не болса да сатуға болады. Жарнамалық ақпарат мұндай аудиторияда тез тарайды. Сәйкесінше топтар құрастырылып, шақырулар және ұсыныстар таратылып, дос ретінде қосылады.
Әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау, сауаттылық деңгейін де төмендетеді. Хабарлама жазу кезінде тіл қысқартылып, грамматикалық қателер жіберіледі, оларға адамдар үйреніп кетеді де, соның салдарынан сөйлесуде өмір бойы қателіктер жіберіп отырады.
Заманауи технологиялар әлеуметтік желілерге мобильді телефондар арқылы шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген оқушылар желілерге сабақ кезінде де шыға алады, ал ол өз кезегінде білім беру үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Әр алуан ойын бағдарламалары өздерінің боямалы түрімен, жағымды акустикалық эффектілерімен назар аудартады, адамға психологиялық жағынан әсер етеді, әсіресе бұл жасөспірімдерге қатысты. Ойынның бірінші сеансынан кейін мыналар орын алады: оқуға деген уәжділік жоғалады; үй тапсырмалары орындалмайды; өмірге деген қызығушылық жоғалады; ата-аналармен дау-дамайлар басталады; Осы тақырыптың өзектілігіне байланысты зерттеу жүргізілген болатын. Бірнеше компьютерлік клубтарда белгілі бір балаға немесе 3–4 адамнан тұратын бірнеше топқа бірнеше күн ағымында бақылау орнатылады. Заңдылық анықталды: балалар клубта уақытты тұрақты түрде, 3–4 сағаттан өткізді: Залдағы жасөспірімдердің 3–4 %-ы стратегиялар мен квесттер ойнауды жөн көрген, 96 %-ы атыс ойындарын ойнайды. Сюжет: виртуалды ойыншылар тобы шектеулі кеңістік бойынша жүгіріп жүреді және түрлі қарулар көмегімен бірін-бірі жояды. Виртуалды қару түрлері: шоқпарлар, найзалар, садақтар, балғалар; шеге суырғыштар; түрлі фасондағы пышақтар; тапаншалар; автоматтар, пулеметтер; гранатаатқыштар, базукалар; зымыранатқыштар мен лазерлер; инелақтырғыштар, дисклақтырғыштар; дереу мұздатқыш құрылғылар; отшашқыштар мен сушашқыштар. Ережелер қарапайым: өлтір немесе сені өлтіреді. Егер оқ немесе снаряд тиген сәтте виртуалды ойыншы ұрыс алаңынан қан, дене, ет пен сүйек бұлтында жоғалып кетсе, ойын неғұрлым сәтті болып шығады. Бақылау барысында жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бірнеше саты анықталды. Зерделеу Бала осы ойын туралы қатарластарынан, жарнамадан біледі және өзін психологиялық жағынан дайындайды. Пернетақтаға отырғанда, ол 10–15 минут шамасында басқару тетіктерін, қосылу ережелерін, ойын шарттарын т. б. зерделейді. Ойынды әзірлеушілермен бәрі көзделген – шағын баптаулар, басқарудың азғантай пернелері. Ойынға кіру Бұл сатыда бірнеше аралық деңгейлер бар және олардың нақты шегі жоқ. Ойын сюжетіне миды баптау. Жасөспірімнің қабылдаушылық деңгейіне байланысты 5-тен 8 минутқа дейін созылады.Бала басқаруға келмейді, агрессивті, тік мінез бола бастайды. Шынайы әлемнен бірте-бірте ажырау. Ойнаушының миы ойынға әлі де толығымен ендемеген, бірақ барған сайын ойыншы өзіне кетіп барады. Егер дауыстың шығарылуы бас динамиктерге барса, шынайылықтан біртіндеп ажырау уақыты дереу қысқарады. Бас динамиктері сыртқы дыбыстарды жібермейді, сондықтан бала психологиялық жағынан өзін сыртқы ортадан ажыратады. Шынайы өмірден толықтай ажырау. Ми толықтай ажыраған, оған телінген сюжетті белсенді қабылдайды. Ойын элементтерімен толықтай бірігу орын алады (естудің, сюжетті көрермендік қабылдаудың). Егер осы сәтте оларды экраннан аластатса, болжап болмайтын реакция орын алуы мүмкін – толық немқұрайлықтан долы қарсылыққа дейін. 4-тен 6 жасқа дейінгі балаларда – жасын төгу, есірік, компьютерден кеткісі келмеу. 6 және одан жоғары жаста – оларды ойыннан ажыратқан адамдарға күш қолдануға дейінгі әрекеттер.
Үлкендердің бақылауынсыз желіде ұзақ отыру қоғамда қабылданған моральдық нормалардан тыс, жат нәрселердің қалыптасуына әкеп соғуы мүмкін: есірткі мен ішімдікті қабылдауды, адам өлтіруді, порнографияны таратуды насихаттау.
Жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтенуі іске асады, оған қарым-қатынас қажет. Қазіргі кезде психологияда «топтағы жалғыздық» феномені бар. Ол дегеніміз - үлкен топта, ұжымда адамның жалғызсырауы. Осыған телекоммуникациялық және компьютерлік технологиялардың дамығаны тікелей әсер етіп отыр. Осылайша, жасөспірмдердің коммуникациялық потенциалының төмендеуі жүзеге асады. Сондықтан, балаңызды қанша жақсы көріп тұрсаңыз да, компьютерге көп үйір қылмаған абзал. Оның орнына таза ауада көбірек ойнатқанның пайдасы зор болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А. Б. Жаңа информациялық технологиялар. Алматы баспасы 2006 жыл
Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері. Алматы 2003 жыл
