- •Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар берудің ықпалы
- •Жоспары:
- •1.Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру
- •2.Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар
- •3. Мамандық түрлеріне шолу
- •Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасының ерекшелігі
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасының ерекшелігі
- •Қарым – қатынастағы құзыреттілік
- •Болашақ педагогтың психологиялық коммуникативтік мәдениетін дамыту
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •1.Болашақ педагогтың психологиялық коммуникативтік мәдениетін дамыту
- •2.Педагогтың коммуникативті компоненттері
- •Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
- •6М011600 география,
- •1 Курс магистрант
- •Жоспары:
- •1.Компьютерлік ойындардың жасөспірімдерге әсері
- •2. Жасөспірімдер организміне әсері
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар берудің ықпалы
Орындаған: Саматқызы А
6М011600 география,
1 курс магистрант
Тексерген: доц. Ибраимова Ж
2016 жыл
Жоспары:
1.Жеткіншектердің мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру
2.Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар
3. Мамандық түрлеріне шолу
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес жәнe кәсіптік іріктеу кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызымен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі. Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастырумен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш сыныпта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экономикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады
Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін және халық шаруашылығына, экономикалық аудандарға, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе.
Оқушыда 14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін? Міне жоғары сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады. Қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар жоғары сынып оқушысына көп ойлануды қажет етеді.
Шешім қабылдаудан бұрын, дербес адам тәжірибелі үлкендермен, құрдастарымен, интернет желісімен, газет -журналдармен ақылдасады. Бірақ, әрбір жас адам шешімді өз бетінше қабылдауы керек.
Қазіргі заманда жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби бағалануына отбасы да маңызды ықпал етеді.
Қазіргі кезде мектептерде жоғарғы оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандық туралы мәлімет жинап алуға болады.
Кәсіпке баулу жеке адамның шығармашылығын белсендіруге, әлеуметтік процестердің дамуын рационалды басқаруға және даму үстіндегі қоғамның қажеттіліктерімен жас азаматтардың жеке қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған.
Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті проблемалары болып саналады.
Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ. Әрбір пән мұғалімі өзі оқытатын пәннің бағдарламасы, оқулығы талаптарына сай білім мен тәрбие береді. Оқушының өзі қалаған пәндері бойынша оқытуды күшейтеді.
Кәсіпке бейімдеу және кәсіпке баулу негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады.
Кәсіптік білім беру бүгінгі таңда ең белсенді мәселе болып отыр. Кәсіптік білім берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, жұмыс кабинеттерін ұйымдастыру, ол бойынша кеңестер құру – басты міндет. Олай болса, кәсіптік білім беру мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе.
Ал енді соның ішінде педагогикалық оқу орындарына түсетін студенттер туралы айтатын болсақ, бүгінгі күнде мұғалімдік мамандыққа келіп түсетін студенттердің көпшілігі дерлік өз еркімен келіп түспейді. Оларға оқу орнын бітіргендік туралы дипломға оның педагогикалық қаблеттілікке деген ынтасы, күш-жігері, т.б. жазылып берілмейді ғой. Олардың кейбіреулері мұғалім болуды жай ғана оқу орнын шартты түрде бітірумен ғана шектелуі мүмкін, ал кейбірінің пікірі кейінгі уақытта қай жерде болмасын (ауылдық жерде, аудандық, қалалық, облыстық) жұмыс табу жөніндегі себептер көптеп кездеседі. Сондықтан педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді кәсіптік тұрғыдан даярлау мәселесі бүгінгі күні осы оқу орындарындағы мұғалім даярлайтын оқытушы қауымының үлесіне тиетін жүк. Оларды осы колледж немесе университет қабырғасында жүргенде мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын, оның келешектегі рөлін, қоғамдағы мұғалімдік мамандықтың қоғам жасаушы жастарды оқытып тәрбиелеудегі негізгі тұлға екендігін саналарына күнбе-күн теориялық, практикалық және семинар сабақтарында, жеке пән әдістемелерінде болсын, пәнаралық байланыста болсын, оларды осы мамандықтың барлық ерекшеліктерін толық меңгеруге бағыттау керек.
Көптеген зерттеулерге қарағанда, оқушылардың мұғалімдік мамандықты таңдауына себеп болған нәрселер: сыртқы көріністеріне, мұғалімдерге еліктеу негізінде келгендегі туралы анықталып отыр.
Шеберлік, жоғары мәдениеттілік, қайырымды және саналы талап қоюшылық мұғалімді нағыз идеал етіп көрсетеді. Педагогикалық мамандықты таңдауда маңызды мотив ол – педагогикалық қызметке қызығу болып табылады. Табандылықпен таңдалған педагогикалық қызмет оқушының мамандықты саналы таңдап, саналы меңгеретіндігін көрсетеді.
Педагогикалық қызығушылық – ол эмоциялық – танымдық, өзінің мамандығына белсенді қарым – қатынас, кейін балалармен де жұмыс істеуге өз септігін тигізе отырып, мамандықты меңгеруі үшін маңызды элемент болып табылады.
Мектептерде жеке адамның қалыптасуына байланысты кәсіби бағдар жұмысы аз жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептер оқушыларға бағыт береді. Бірақ, өмірлік ең маңызды міндетті шешу үшін ерекше толықтырылған дайындық керек. Ол міндет еңбекті өз бетінше және саналы таңдау. Әзірше мектепте арнайы мамандық таңдау бойынша оқу пәні жоқ.
Ж. Аймауытұлы өзінің «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты еңбегінде, әр адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тумысынан берілетін ерекшеліктерін, іс – әрекеттің қандай түріне бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне қажетті мамандықты дұрыс таңдай алады. Мұндағы негізгі мәселе – мамандықтың әлеуметке, қоғамға қанша пайда келтіретіні. Бұл жерде, біз назар аударатын бір мәселе, мамандық таңдауда адамның тегіне, геніне байланысты жайтқа да ерекше мән беру.Ол осыған өзінің көзқарасын білдіріп, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді.
Өмірлік жоспар – бұл әлеуметтік этикалық тәртіптегі құбылыс. Бозбалалық кезеңдегі дамуда кім болу (кәсіптік өзін-өзі анықтау) және қандай болу (моральды өзін-өзі анықтау) сұрақтары ерекшеленбейді. Барлық жасөспірімдер өмірлік жоспар деп тәжірибелік шындыққа еш жанаспайтын бұлыңғыр бағыттар мен армандарды айтады, сондықтан жоғарғы сынып оқушылары сауалнамада өмірлік жоспарың бар ма деген сұраққа мақұлдайтын жауап береді. Бірақ көпшілігінің бұл жоспары оқуға, болашақта қызық жұмыспен айналысуға, адал дос табу және көп саяхаттау мақсаттарына келіп тіреледі. Бозбала өзінің болашағын оған жетудің жолдары жайлы ойламастан оны таңқаларлық етпек болады. Оның болашақ туралы көріністері көбіне даму процесіне емес, нәтижесіне бағытталған. Жас өспірім бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар – бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық таңдауға тіреледі. Жасөспірімдер үшін мамандық таңдау – белгілі деңгейде моральды мәселе. Мамандық таңдауда өзін – өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көп баспалдақты үрдіс.
Оқушыларды мамандық таңдау жайлы ақпарат екіге бөлінеді: бүкіл мамандық әлемі, олардың мүмкіндіктері мен қоятын талаптары; өзіңнің ойың, қабілетің, қызығушылығың жайлы, бірақ жоғарыдағы, төмендегі айтылған мәліметтер жоғарыдағыға жетпейді
Мамандық таңдаудағы өзін–өзі анықтаудың негізгі факторы – жасөспірімнің жасы. Мұнда екі қауіп болады: біріншісі – нақты тоқтамға келген және анықталған ізденісінің жоқтығымен байланысқан жоғарғы сынып оқушысының мамандық таңдаудағы өзін – өзі анықтау процесінің кейінге қалдырылуы. Бұл әрине түсінікті кәсіби өзін – өзі анықтау жеткіншек үшін өзін – өзі сыйлау және «мен өзім» деген талабы. Бұлар ер жетудің негізгі компоненттері.
Ата – аналардың осы процесті психологиялық басу арқылы (қашан, енді кім болатыныңды анықтаймыз. Мен сендей кезімде...) керісінше нәтижеге алып келеді де, балаларда уайымның өсуін, кейбір кезде өзін – өзі анықтаудан бас тартуы мүмкін, сонымен қатар ешнәрсеге ықыласы болмауына әкеліп тіреледі. Бұл жерде көмек ұйымдастырылған көпшіліктің уақытында болу керек. Бүкіл оқу кезеңінде бала танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Қызмет түрлерімен таныстыру және практикалық еңбектерге ортақтастыру. Әрине алдын – ала өзін – өзі анықтау әшейінде дұрыс фактор болып есептелінеді, бірақ оның да өзіндік тежеулігі қалыптассын дейтін шығар.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу – мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу- сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады. . Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі – өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушыларымен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен біріккен конференциялар, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылардың мамандыққа деген ниеттерінің негізгі түрлері :
-Мамандықтың қоғамдық –мемлекеттік маңыздылығы;
-Мамандықтың танымдық маңыздылығы;
-Таңдалған жұмысқа қызығушылық ;
-Осы саладағы мамандыққа дайындық;
-Мектептегі жетістіктің осы таңдалған мамандыққа байланысы;
-Мамандыққа деген қабілеттілік ;
-Мамандықтың тәрбиелік маңызы;
-Материалдық ойлану;
-Оқуға түсу, жұмысқа тұру жеңілдіктері;
-Туған –туыстарының, мұғалімнің,досының, отбасы дәстүрінің ақылы мен үлгілері;
Мамандық таңдаудың ең кең таралған мотивы таңдалған мамандықтың мазмұны мән –мағынасына қызығушылық болып табылады. Екінші орындағы мотив осы еңбектің қоғамдағы маңызы. Үшінші орындағы мотив ол мамандыққа материалдық қызығушылық. Төртінші орында мамандықтың мынадай ерекшелігі:құрметтілігі, романтикалығы, беделі жатады.
Мектепте кәсіптік бағдар бойынша мектептен тыс жұмысты ұйымдастырудың барлық түрлерін былай бөлеміз: оқушылардың жеке жұмыс істеуі(өз ынталарына сәйкес үйірмелер), көпшілік шаралар(тақырыптық кештер, экскурсиялар, олимпиадалар,конкурстар, жарыстар, сынып сағаттар т.б)
Пайдаланылған әдебиеттер
1. www.google.kz www.yandex.kz
2.Қазақстан мектебі.-2013,-№3 89-91 бет
3.Қазақстан мектебі.- 2014,-№9 50-52 бет
4.Ұлт тағылымы.-2014,-№2 256-259 бет
5.Ж. Тұрманова Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары.
6.Тәрбие құралы.-2013,-№5 32-36 бет
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
