Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОиОМ 28 29 30.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.59 Кб
Скачать

28

  • Термиялық жабдықтардың индексациясы.

Термиялық жабдықтың индексациясы : Бірінші әріп қыздыру түрін білдіреді. Электрлік пештер үшін С (кедергімен қыздыру), отындық пештер үшін Т әрпі (термиялық оттық) немесе Н (оттық қыздырылатын).

Индекстің екінші әрпі пештің негізгі құрылымдық сипатын көрсетеді. Мынандай негізгі түсініктер қабылданған: Н- қозғалмайтын астауымен пеш, Д- қозғалатын астауымен пеш, Ш – шахталық (дөңгелек), Л- туннельді, Г-колпакті, Э – элеваторлы (көтеру астауы бар пеш), Т- итермелі. К- конвейерлі астауы бар пеш, И – пульсирлейтін астауымен пеш, Б- барабанды, А- карусельді (айналмалы астауымен немесе жиынтығымен), Я – шұңқырлы пеш, Щ- саңылаулы пеш,, У- методикалық (соғатын).

В(ванна) – пештердің индексі пеш-ванналар мен электродты – тұзды ванналарды білдіретін екінші әріп.

Индекстің үшінші әрпі жұмыс кеңістігіндегі ортаны білдіреді. Кедергімен электрпештері үшін мына түсініктер қабылданған: О – тотықтанатын, З – қорғанысты, В- вакуум, Н-сутекті, А- азотты. Ал пеш- ванналардағы үшінші әріп М – май, Г – металл,тұз немесе сілті балқымасы. Отты пештер үшін О – тотықтанатын,(яғни қарапайым пештік), З- жасанды.

Индекстің төртінші әрпі пештің өзге ерекшелігін сипаттайды. А- пеш агрегатқа кіреді, яғни шынықтыру багы және басқа да жабдықтармен агрегаттала алады. В- пештің вертикальды орналасуы(дөңгелек қимадағы пештерде) немесе бұйымның вертикальды ауысуы (механизацияланған пештерде). Ж- пештің астауы бедерлі, К-сақианалы пеш (периодты қозғалысымен) немесе сақианалы астау ( айналмалы астауы бар пештерде), Т – тарелкалы астау, М- механизацияланған пеш, Н- үздіксіз қозғалыстағы пеш (барабанды), П -периодты қозғалатын пеш (барабанды).

Әріптерден кейін дефис арқылы жазылатын сандар, пештің (немесе муфель, реторт өлшемдері) жұмыс кеңістігінің өлшемдерін(дециметрмен) көрсетеді. бірінші сан тікбұрышты қимасымен пештерде жұмыс камерасының астауының енін, екінші сан – пеш табанының дөңгеленген ұзындығы. Үшінші сан – пештің жұмыс кеңістігінің дөңгеленген биіктігі.

Жекелеген жағдайларда алғашқы екі цифрды жақшаға алады да, жақшаның алдына пештің қанша жекелеген камералардан немесе секциялардан тұратындығын көрсететін цифр қойылады. Қорытындысында жүздеген ºС қызған номинальды шекті жұмыс температурасын , ал одан кейін дефис арқылы көмекші белгілерді белгілейді.

  • Каруселді пештер.

Карусельді пеш – өндірістік пеш, дискілі айналмалы астауымен қыздырылған бұйымдарды тасымалдайды.

Карусельді пешті ұсақ металдық дайындамаларды соғумен өңдеуге жіберер алдында қыздыру үшін қолданады.

Конструкциясы бойынша карусельді пеш сақиналы пешке ұқсайды, одан айырмашылығы айналмалы астауы мен жұмыс кеңістігінде ғана. Карусельді пешке бір терезе арқылы қолмен жүктейді және шығарады. Карусельді пештің сыртқы диаметрі 5 м дейін, өнімділігі – 5 т/сағ дейін. Бұл пешті пештің қабырғасына орнатылған оттық немесе форсунканың көмегімен газды немесе сұйық отын арқылы жандандырады.

1 — дискілі айналмалы астау; 2 —қыздырылатын бұйым; 3 —жүктеу және шығару терезесі; 4 —көтергіш ролик; 5 —астаудың айналу механизмі; 6 — оттық; 7 — жану қалдықтарын шығаруға арналған түтін шығарғыш