- •Дағдыларға шолу
- •2 Ішкі жиынтық бағалаудың тоқсандарда өткізілуі
- •Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша балдардың үлестірілуі
- •Сұрақтардың типтері бойынша балдардың үлестірілуі
- •3.1 Сұрақтар мен балл қою кестелерінің мысалдары
- •Бал қою кестесі
- •Сұрақтардың типтері бойынша балдардың үлестірілуі
- •Сұрақтар мен балл қою кестелерінің мысалдары
- •10. №1 Суретте өзен құрылысы берілген, атауларын жаз
- •11. № 2 Суретте Амазонка өзенінің алқабы берілген
- •12. №3 Суретте климатограмма берілген.
- •13. Құрлық суларының әсерінен түрлі апаттар, экологиялық пробелмалар туындайды.
- •Бал қою кестесі
- •5. Ішкі жиынтық бағалауды өткізу тәртібі
- •6 Модерация және балл қою
5. Ішкі жиынтық бағалауды өткізу тәртібі
Ішкі жиынтық бағалауды өткізу кезеңінде кабинетіңіздегі қолданылуы мүмкін кез келген көрнекі құралдарды, мысалы, диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды жауып қойыңыз.
ІЖБ басталмас бұрын нұсқаманы оқып, оқушыларға жұмысты орындауға қанша уақыт берілгені туралы хабарлаңыз. Оқушыларға жұмысты орындау барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқамамен таныстырып болған соң оқушыларға тест басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Тесті орындау барысында оқушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, қосымша ресурстардан, мәселен, сөздіктерден немесе анықтамалық әдебиеттерден ақпаратты алуға мүмкіндіктің жоқтығына (аталған ресурстар спецификация бойынша рұқсат етілгеннен басқа жағдайда) көзіңізді жеткізіңіз.
Оқушыларға қате жауаптарды өшіргішпен өшірудің орнына қаламмен сызып тастауды ұсыныңыз.
Тест барысында нұсқаулыққа немесе тестің ұзақтығына қатысты оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріңіз. Оқушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
ІЖБ аяқталуына 5 минут қалғандығы туралы оқушыларға хабарлап отырыңыз.
ІЖБ аяқталғаннан кейін сыныптағы оқушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын сұраңыз.
6 Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады. Бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықтар жіберілмеуі үшін, модерация үдерісі кезінде балдары қойылған жекелеген жұмыс үлгілері тексерілуі қажет.
Астана
