Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_1blok-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.51 Кб
Скачать
  1. Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.

Үшкіл жүйке (тройничный жүйке); (nervus trigeminus, лат. nervus — жүйке, trigeminus — үшкіл) — мидан шығатын ең ірі аралас жүйке (V-жұп). Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді. Көздік жүйке — көздік аумағын, мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады. Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке

  1. Шығыршықтық жүйке, әкетуші және қосымша жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.

Шығыршық нерв (IV) N. trohlearis шығыршық нерв даму жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның жалғасы сомалық-қозғалыс ядроларынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғары ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m.obliquus superior-да аяқталады

  1. Мойын өрімі: түзілуі, топографиясы, тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары

Мойын өрімі

Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердін бүйірінен медиалды жағынан омыртканың алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бүлшықеттері, scalenus medius, m. levator scarulae, m. splenius cervicis арасында орналасып, n. accessorius пен n. hypoglossus және tractus sympaticus-пен анастомозданады. Өрімді алдыңғы жағынан m. sterno-cleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді.

1. Кіші шүйде нерві, n. Occipitalis minor екінші және үшінші мойын нервтерінен түзіліп m. Sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып, бұлшықеттен шыққан соң екі тармаққа бөлінеді .

2. Үлкен құлақ нерві n. aurycularis magnus ,мойын өрімінің ең ірі нерві басталып m. Sternocleidomastoideus артқы жиегімн жүріп, оны кіші шүйде нервтен төмен орап бұлшықеттің сыртқы бетіне шығады.

3. Мойынның көлденең нерві, r. transuersus coli немесе мойынның терілік нерві, n.cutaneus coli түзіледі , ол жоғарыда көрсетілген нерв сияқты m.sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып , жиектен шыққан соң , оны орап, аталған бұлшықеттің сыртқы бетімен көлденең бағытта және төсбұғана- емізіктәрізді бұлшықет пен m. Platysma арасында алға жүреді.

  1. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтар: құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Құлақ (aurіs) – адам мен жануарлардың есту органы. Анатом. құрылымына қарай Қ. сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Сыртқы Қ-қа Қ. қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Қ. қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы Қ. бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқыншақтан сол түтікше арқылы ортаңғы Қ-қа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен Қ-тың ішкі бөлігі лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді, сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді. Ортаңғы Қ-тың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі Қ-ты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі Қ. – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына Қ-тың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орт.) орталықтары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]