- •Жалғас Тіленов
- •Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.
- •Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Көпір: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Мишық: сыртқы және ішкі құрылысы, аяқшалары.
- •Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Жұлын: топографиясы, сыртқы және ішкі құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі.
- •Мидың үлкен жартышарларының жоғарғы-латералды, медиальды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.
- •Бас миының ақ затының анатомиясы мен топографиясы. Ассоциативті, комиссуральды және проекциялық өткізгіштік жолдар. Сүйелді дене мен күмбездің құрылысы.
- •Ортаңғы ми: бөлімдері, ішкі құрылысы. Ортаңғы ми ядролары мен өткізгіш жолдарының орналасуы.
- •Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.
- •Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.
- •Көз және көмекші аппараттары. Көз алмасы: қабықтары және олардың құрылысы
Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады
Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.
Көмей Көмей (larynx) — тыныс алу түтікшесінің кеңейген алдыңғы бөлігі болып саналады. Жоғарғы бөлігі жұтұыншаққа, төменгі бөлігі кеңірдекке ашылып жалғасады. Ол мойынның алдыңғы жағындағы қуыс ағза, тіласты сүйегі мен кеңірдектің бірінші жарты сақинасы арасында орналасқан. Көмей қызметі: Тыныс алу Фонация Қорғаныс Көмейдің жасқа байланысты ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестелердің кең воронка тәрізді болады, II-IV мойын омыртқаларының аралығында орналасады. Қалқанша шеміршек пластинкалары қосылған жерде көмей шодыры болмайды. Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балаларда көмей үстілік шеміршек тіл түбінен біраз жоғары орналасады. Сондықтан сұйық тамақты жұтқан кезде, көмей үстілік шеміршектің латеральды, яғни жұтқыншақтың көмейлік алмұрт тәрізді қалтасынан өтеді. Бала бір уақытта жұтып және дем ала алады. Балаларда көмей шодыры болмайды. Ол жыныстық жетілу кезінде пайда болады. Балаларда қалқанша шеміршекте терең ойық болады. Сақина тәрізді шеміршек ұзын пластинкамен қосылған, сондықтан жаңа туған нәрестерлерде көмей ересектерге қарағанда кең болады. Ал дауыс саңылауы жоғары орналасады, кіреберісі қысқа болады. Дауыс саңылауы 6-6,5мм. Балаларда 3 жасқа дейін дауыс саңылауы тез өседі, ұзаруы жыныстық жетілу кезінде болады. Көмей бала 4-5 жаста болғанда тез өседі. 6 жастан кейін азаяды. Бірақ ұл балаларда жыныстық жетілу барысында тез өсіп, көлемі үлкейеді. Осы кезде дауыс өзгереді. Көмейдің өсуі мен функциясы жыныс бездерінің функциясына байланысты. Ер адамдарда көмей 25 жасқа дейін өссе, әйел адамдарда 22-23 жасқа дейін. Өсуіне байланысты көмей төмен түседі және оның жоғарғы бөлігі мен тіл асты сүйегінің арасы үлкейеді. 7 жаста көмейдің төменгі бөлігі VI мойын омыртқаның жоғарығы жиегінде болады. 17-20жаста көмей ересек адамның көмейінің деңгейіне жетеді. Қарт адамдарда жас адамға қарағанда көмей төмен орналасады. Ал әйел адамда ер адамға қарағанда жоғары орналасады. Жаңа туған нәреседе көмей шеміршектері жұқа болып келеді, уақыт өте ол өзінің эластикалық қасиетін сақтап жуандайды. 23-25 жастан кейін гиалинді шеміршектердің сүйектенуі жүреді. Бірінші қалқанша шеміршек, екінші сақина тәрізді шеміршек, содан кейін ожау тәрізді шеміршек сүйектенеді. Эластикалық шеміршектер сүйектенбейді.
Кеңірдек және басты бронхылар: топографиясы, құрылысы, бронхтық ағаш. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
Кеңідектің гиалинді шеміршекті сақиналары, олардың сіңір байлам арқылы жалғанып тұруы.Сақиналы байлам .Бронхылар, олардың құрылысы .Оң жақ бронхы. Сол жақ бронхы. . Бронхылардың бұтақтануы. Сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар.
Кіреберіс-ұлу жүйкесі: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.
Кіреберіс-ұлу нерві (VIII) vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әр түрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде жайғасқан статикалық аппаратардың импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.
Иіс сезу жүйкесі: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.
Иіс сезу нервтері (I) Иіс сезу нервтер, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезі миынан дамиды. Оларға химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан оларда болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының regio olfactoria аймағыда жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады.
Көру жүйкесі: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.
Көру нерві (ІІ) Эмбриогенез үрдісінде көз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады, филогенез үрдісінде жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан, оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысты осымен түсіндіріледі. Ол жарық тітіркендірудерін өткізетін сомалы-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы реінде онда түйін болмайды, ал оның құрамын енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көп полюсті нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды.
Тіл-жұтқыншықтық жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.
Тіл-жұтқыншақ нерві (IX) Үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады. Жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты, бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар: Жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін-m.styloparyngeus енрвтендіретін эфферентті талшықтар Glandula parotis үшін эфферентті парасимпатикалық талшықтар. Құрам бөліктерін сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitaries, оған афферентті түйін-ganglia superius er inferius-тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетатиті парасимпатикалық ядро-төменгі сілекей бөлетін ядро-торлы құрылымынлда кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының-nucleus ambiguous пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.
Көзді қозғалтушы жүйкесі: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.
Көз қозғалтқыш нерв (III) N.oculomotoros, көз қозғалтқыш нерв-дамуы жағынан бірінші құлақалды. Тіл-жұтқынша нерві түбіршіктері арқылы оливияның артында,кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервен бірге
миотомының қозғалыс түбіршегі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында: Соммалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар. Ішкі көз бұлшықеттеріне, қосымша ядросынан шығыпп баратын парасимпатикалық талшықтар
Бет жүйкесі,кезбе және тіластылық жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.
Тіласты нерві (XII)-n.hypoglossus, жануарларда дербес болып тіласты бұлшықетін нервтендіретін 3-4 жұмыс сегменттік нервтерінің қосылып-бірігуінен пайда болады. Одан тіл бұлшықеттерінің оқшаулануына сәйкес бұл нервтер күрделі омыртқалылар мен адамда біріге-қосылып, жұлын нервтерінен бассүйек нервтеріне ауыспалы тип ретінде түзіледі. Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар бар. Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және талшықтар бар. Онда сондай-ақ жоғарғы мойын симпатикалық түйінінен шығаратын симпатикалық талшықтар да өтеді. Тілсаты нервісінің доғасы орналасқанда Пирогов үшбұрышының ауданы үлкен,керісінше болады. M.hypoglossus-тың алдыңғы жиегінде тіласты нерві тіл етіне енетін соңғы тармақтарға ыдырайды
Бет нерві (VII) facialis, бет нерві-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар. Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады. Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі
Кезбе нерв (X) vagus, кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған кең таралағандықтан осылай деп аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар: Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігін және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries-ке келетін афферентті талшықтар Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторыларынан шығатын талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus-тен алады. Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi-ден шығатын эфферентті талшықтар. Олар жүрек миокардына және тамырлардың бұлшықет қабықшасына келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол жүректің бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Кезбе нервтің парасимпатикалқ бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақша мидан, оның sulcus lateralis posterior-ынан, тіл-жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршек түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jufulare арқылы бассүйектен шығады.
