Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anatomia_1blok-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.51 Кб
Скачать
  1. Ортаңғы ми: бөлімдері, ішкі құрылысы. Ортаңғы ми ядролары мен өткізгіш жолдарының орналасуы.

ОРтаңғы ми (средний мозг); (mesencephalon — грек,гр. mesos — ортаңғы, гр. encephalon — ми) — ортаңғы ми қақпағы мен үлкен ми аяқшаларынан тұратын ми бөлігі. Ортаңғы мида аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын ромбы тәрізді мидағы төртінші ми қарыншасы қуысымен байланыстыратын түтікше қуыс — суқұбыры (суағар) болады. Ортаңғы ми қақпағы — қақпақты пластинканың беткей қабаты ақзаттан, ал терең қабаты сұрзаттан құрылған. Төрт төмпектің алдыңғы жұп төмпегінің сұрзаты — афференттік қыртысасты көру рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпегінің сұрзаты тепе- теңдік және есту рефлекстерінің орталықтарын түзеді.

Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрамына төрт төмпешік,қара зат,қызыл ядро III және IV жұп ми жүйкелерінің ядролары мен торлы құрылым кіреді.Төрт төмпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке (III жұп)ядролары ортаң,ы мидың сырт жағында,ал ішкі жағында қара зат,қызыл ядро және IV жұп шығыршықтың жүйке нейрондары орналасқан.Көз алмасын қозғайтын III жұп аралас жүйке тармақтары арасында көздің қиғаш еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар.Төрт төмпешікалдыңғысы көру қабылдағышыштарының тітіркенуіне байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық.Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді(мысалыкөздің,бастың,дененің жарық түскен жаққа бұрылуы). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан.Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық.МысалыМиды қызыл ядродан төменірек жерден кессе,мысықта децеребрациялық мелшию (құрысу) белгілері пайда болады:мысықтың басы қақшиып шалқаяды,жотасы созылып,тікірие сіресіп қатаяды,құйрығы тік көтеріледі.

  1. Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Тіл (язык)

(лат. lingua, гр. glossa) — ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл - тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителийменқапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.

Тіл үзбесі

(frenulum lingua, лат.frenulum' — үзбе, lingua — тіл) — тілдің денесі мен ұшынан тіл түбіне қарай бағытталған кілегейлі қабақ қатпары.

Тіл - жұтқыншақ жүйкесі

(nervus glossopharyngeus, лат. nervus — жүйке, гр.glossa — тіл, pharynx — жұтқыншақ) — мидың аралас IX жұп жүйкесі. Ол сопақша мидан басталып, ми сауытынан жырымдалған тесік арқылы шығады. Құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтар болады. Оның сезімтал талшықтары тіл түбіріндегі дәм сезу емізікшелерін, жұмсақ таңдайды және жұтқыншақты жүйкелендіреді. Қозғалтқыш жүйке талшықтары жұтқыншақтың бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Парасимпатикалық жүйке талшықтары шықшыт және ұрт сілекей бездерін жүйкелендіреді.  Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.

Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 28, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 азу тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азул тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 азу тiс және 8 моляр тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]