- •Жалғас Тіленов
- •Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.
- •Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Көпір: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Мишық: сыртқы және ішкі құрылысы, аяқшалары.
- •Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Жұлын: топографиясы, сыртқы және ішкі құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі.
- •Мидың үлкен жартышарларының жоғарғы-латералды, медиальды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.
- •Бас миының ақ затының анатомиясы мен топографиясы. Ассоциативті, комиссуральды және проекциялық өткізгіштік жолдар. Сүйелді дене мен күмбездің құрылысы.
- •Ортаңғы ми: бөлімдері, ішкі құрылысы. Ортаңғы ми ядролары мен өткізгіш жолдарының орналасуы.
- •Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.
- •Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.
- •Көз және көмекші аппараттары. Көз алмасы: қабықтары және олардың құрылысы
Мишық: сыртқы және ішкі құрылысы, аяқшалары.
Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат.[1]
Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сөйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.
Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.
Сопақша ми (продолговатый мозг); (лат. medulla oblongata; medulla — ми, oblongata — сопақша) — мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.
Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.
Сопақша мидың құрылысы біршама жүлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында — ақ зат, ішкі жағында — сұр зат орналасады. Ол ақ заттық аралықтар арқылы көптеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді.
Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативтік орталықтар құрайтын нейроцитгер ядролары. Аталган вегетативтік ядроларга:
жүрек соғу
тыныс алу
тер бөлу
сілекей бөлу
шайнау
жұту, сору
көз жасын бөлу
ас қорыту сөлдерін бөлу
құсу,
кекіру
күйіс қайтару
тұшкіру
жөтелу
көз жыпылықтау орталықтары жатады.
Сопақша мидың сұр заты — вегетативтік ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сүрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалгасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым (лат. formatio reticularis) болады. Бұл құрьшым сопақша мидан ортаңғы миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым — аталған ми бөлімдері орталықта- рын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған коса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады.
Ромбтәрізді шұңқыр: қабырғалары, бас ми жүйкелерінің шұңқыр беткейіне проекциясы.
Бас миының IV-ші қарыншасы, қабырғасының құрылысы. Жұлын-ми сұйықтығының ағу жолдары.
Жұлын мен бас миының қабықтары. Мидың қатты қабығының қойнаулары мен туындылары(өсінділері).
Жұлын мезодермадан пайда болатын үш дәнекер тінді қабықтармен қапталған. Егер белкей жағынан терең жүрсек, бұл қабықтар мыналар:
Қатты қабық
Торлы қабық
Жұмсақ қабық
Үшеуі де мидың осындай қабықтарына жалғасады.
Жұлынның қатты қабығы, жұлынды сырт жағынан қап түрінде қаусырады. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жанаспайды.Сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы деп те атайды.
2. Жұлынның торлы қабығы, жұқа тамырсыз жапырақша түрінде іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған саңылау тәрізді субдуралды кеңістікпен бөлінген.
3. Жұлынның жұмсақ қабығы, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды, оның екі жапырақшасы арасында тамырлар бар, олар тамырлардың айналасында перивакулярлы лимфалық кеңістік түзе, жұлын жүлгелері мен ми затына енеді.
ығы (лат. meninges — ми қабығы) — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық. Ми қабығы — қатты, өрмелі және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. Ми сауыты сүйектерімен және омыртқа өзегімен байламдар мен қатпарлар арқьшы байланысады. Мидың қатты қабығы бас сүйектің ішкі бетіндегі сүйекқаппен бірігіп кетеді. Жұлын өзегіндегі қатты қабық пен омыртқа бағанасы арасындағы эпидуральды (қаттыүсті) кеңістікте борпылдақ дәнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. Қатты қабықтың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Ортаңғы өрмелі қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық. Қабықтың екі беті де эндотелиймен қапталған. Ол қатты қабықтан субдуральды (қаттыасты), ал ішкі жұмсақ қабықтан — субарахноидальды (өрмеліасты) кеңістіктер арқылы бөлінген. Бұл кеңістіктерде ми-жұлын сұйығы болады.
