- •Жалғас Тіленов
- •Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.
- •Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Көпір: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Мишық: сыртқы және ішкі құрылысы, аяқшалары.
- •Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Жұлын: топографиясы, сыртқы және ішкі құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі.
- •Мидың үлкен жартышарларының жоғарғы-латералды, медиальды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.
- •Бас миының ақ затының анатомиясы мен топографиясы. Ассоциативті, комиссуральды және проекциялық өткізгіштік жолдар. Сүйелді дене мен күмбездің құрылысы.
- •Ортаңғы ми: бөлімдері, ішкі құрылысы. Ортаңғы ми ядролары мен өткізгіш жолдарының орналасуы.
- •Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.
- •Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.
- •Көз және көмекші аппараттары. Көз алмасы: қабықтары және олардың құрылысы
Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
Иық белдеуі б.е топографиялық орналасуына қарай: беткей және терең бұлшықеттеріне бөлінеді.
Беткей б.е. 1.Дельтатәрізді б.е – m.deltoideus Басталатын жері clavicula-бұғана (латериалды үштен бір бөлігі) ,acromion –жауырынның иықтық өсіндісі , spina scapulae.Бекитін жері tuberositas deltoidea humeri –тоқпан жіліктің дельтатәрізді бұдырмағы. Қызметі иықты бүгу ішке айналдыру, иықты жазу сыртқа айналдыру, иықты әкету.
Терең б. е 2.Қылқанүсті б.е - m.supraspinatus Баст ж fossa supraspinata- қылқанүстілік шұңқыр.Бек ж tuberculum majus humeri – тоқпан жіліктің үлкен төмпешігі.Қызметі иықты әкету.
3.Қылқанасты б.е – m.infraspinatus Баст ж fossa infraspinata- қылқанастылық шұңқыр Бек ж tuberculum majus humeri – тоқпан жіліктің үлкен төмпешігі.Қызметі иықты сыртқа айналдыру.
4.Кіші дөңгелек б.е –m.terez minor Баст ж fossa infraspinata- қылқанастылық шұңқыр Бек ж tuberculum majus humeri – тоқпан жіліктің үлкен төмпешігі.Қызметі иықты сыртқа айналдыру.
5.Үлкен дөңгелек б.е –m.terez major Баст ж facies dorsalis scapulae –жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен Бек ж crista tuberculi minoris humeri – тоқпан жіліктің кіші төмпешігінің қыры.Қызметі иықты әкелу ішке айналдыру.
6.Жауырынасты б.е – m.subscapularis Баст ж fossa subscapularis- жауырын асты шұңқыр.Бек ж tuberculum minus humeri – тоқпан жіліктің кіші төмпешігі.Қызметі иықты әкелу және ішке айналдыру.
Иық бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
Иық бұлшықеттері топогрофиялық орналасуына қарай алдыңғы және артқы топ бүлшықеттерге бөлінеді.1-алдыңғы топ:mm. biceps brachii-иықтың екі басты б.е, m.corocobrachialis- құстұмсық-иық б.е, m.brachialis-иық б.е. 2-артқы топ: m.triceps brachii-иықтың үш басты б.е,m. Anconeus-шынтақ б.е
Алдыңғы тобы 1.mm. biceps brachii-иықтың екі басты б.е –ол екі бастан түрады. Caput longum- үлкен басы Баст жері-tuberculum supraglenoidale scapulae-жауырынның буын үстілік төмпешігі, кіші басы- caput breve , баст жері –processus coracoideus scapulae –жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісі Бек жерлері-tuberositas radii-кәрі жіліктің бұдырмағы.Қызметі-иық пен білекті бүгу, білекті сыртқа айналдыру.
2.m.corocobrachialis- құстұмсық-иық б.е Баст ж – processus coracoideus scapula–жауырынның құстұмсық тәрізді өсіндісі. Бек ж- humeris- тоқпан жіліктің ортанғы 1/3 бөлігі. Қызметі- иықты бүгу.
3. m.brachialis-иық б.е Баст ж- humeris- тоқпан жіліктің төменгі және ортанғы 1/3 бөлігі.Бекитін жері- tuberasitas ulnae-шынтақ жіліктің бұдырмағы Қызметі- шынтақ буынын бүгу.
Артқы тобы 1.m.triceps brachii-иықтың үш басты б.е,3 басы бар. 1- Caput longum- үлкен басы Баст жері-tuberculum infraglenoidale scapulae-жауырынның буындық төменгі төмпешігі.2-caput laterale-латералды басы. Баст жері Facies posterior laterale humeris-тоқпан жіліктің артқы латералды беті.3. Caput mediale- медиалды басы.Баст ж-facies posterior humeri-тоқпан жіліктің артқы беті.Бекитін жерлері- olecranon-шынтақтық өсінді. Қызметі- шынтақ буынын жазу, ұзын басы-иық буынын жазу және тұлғаға әкелу.
2. m. Anconeus-шынтақ б.е. Баст ж- epicondylus humeri-тоқпан жіліктің
Латералды айдаршық үсті.Бек ж- olecranon-шынтақтық өсінді. Қызметі- шынтақ буынын жазу.
Шайнау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
Негізгі қызметі- самай- төменгі жақ буынын қозғалысқа келтіру.Төменгі жақ сүйегіне бекитін 4жұп бұлшықеттен тұрады. 1-шайнау бұлшықеті-m. massater Төрт бұрыш тәрізді, өте мықты б,е Бет сүйегінің төменгі жиегі мен бетсүйек доғасынан басталады. Tuberositas massaterica мен төменгі жақ сүйектің тармағының сыртқы бетіне бекиді. 2-Самай б.е – m. temporalis- ол бассүйекиің самайлық ойысында fossa temporalis желпуіш тәрізді орналасқан,талшықтары төмен қарай түсіп,төменгі жақ сүйектің тәж тәрізді өсіндісіне processus coranoideus барып бекиді.Қызметі- төменгі жақ сүйекті жоғары және төмен қарай тарту.3. Латералды қанат тәрізді б.е- m.pterygoideus lateralis-сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің айдаршығына барып бекиді.4. Медиалды қанат тәрізді б.е- m.pterygoideus medialis . сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің медиалды бетіндегі аттас бұдырмаққа бекиді.Қызметі –ауызды жабу.Төменгі жақ сүйекті бірқалыпта ұстау.
