Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

I. Бастың ми бөлімінің төбесі

Ортаңғы бөлімі:

1. Маңдай аймағы (regio frontalis)

2. Шеке аймағы (regio parietalis)

3. Шүйде аймағы (regio occipitalis)

Бүйір бөлімі:

1. Самай аймағы (regio temporalis )

II. Бастың бет бөлімі

Беттің алдыңғы (ортаңғы) бөлімі

Беткей аймақтары:

1. Қабақ аймағы (regio palpebralis);

2. Көзұяасты аймағы (region

infraorbitalis);

3. Мұрын аймағы (regio nasi);

4. Ауыздың ерін аймағы (regio

labioris);

5. Иек аймағы (regio mentails)

Терең аймақтары:

1. Көзұя аймағы (regio orbitalis)

2. Мұрын қуысы (сavum nasi)

3. Ауыз қуысы (cavum oris)

4. Қатты таңдай (palatinum durum)

5. Жұмсақ таңдай (palatinum moli)

6. Жақсүйектердің сүйекқабыасты

(regio perіostium mandibula)

Беттің бүйір бөлімі

Беткей аймақтары:

1. Бетсүйек аймағы (regio zygoma-

tica)

2. Ұрт аймағы (regio buccalis)

3. Құлақмаңы-шайнау аймағы

(regio parotidomasseterica)

а) меншікті шайнау бұлшықет

аймағы (regio masseterica)

ә) құлақмаңы аймағы (regio

parotida)

б) төменгі жақсүйекарты шұңқыры

(fossa retromandibularis)

Терең аймақтары:

1. Самайасты шұңқыры (fossa

infratemporalis)

2. Қанат-жақсүйек кеңістігі (spatum

pterigomandibulare)

3. Жұтқыншақмаңы кеңістігі

(spatum parapharingeum)

М О Й Ы Н

I. Мойынның тіласты сүйек үстінің бөлімі (ауыз қуысының түбі)

Алдыңғы бөлімі:

1. Иекасты аймағы (regio subme-

ntalis)

2. Тіл (lingua)

а) тілдің денесі (corpus lingua)

ә) тілдің түбірі (radix lingua)

3. Тіласты аймағы (regio sublin-

gualis)

4. Жақсүйек-тіл науа

Бүйір бөлімі:

1. Төменгі жақсүйекасты аймағы

(regio submandibularis)

II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі

Алдыңғы бөлімі:

1. Жауырын-кеңірдектік үшбұрышы

(trigonum omotracheale)

2. Ұйқы үшбұрышы (trigonum cа-

roticum)

Бүйір бөлімі:

1. Төсбұғана-емізік бұлшықет

аймағы (regio m. sternocleido-

mastoideus)

2. Мойынның бүйір аймағы (regio

coli lateralis)

Артқы бөлімі:

  1. Трапеция тәрізді бұлшықет

аймағы (regio m. trapezius)

2. Жауырын-кеңірдектік үшбұры-

шы (trigonum omotracheale)

  1. Ұйқы үшбұрышы (trigonum

cаroticum)

Іріңді қабыну процестерінің патомо-рфологиялық тұрғыдан абсцеске және флегмонаға бөлінулері, олардың даму кезеңдерінде айналасындағы анатоми- ялық құрылымдардан алғашқыда гра -нуляциялық тінмен, кейін дәнекер тін- ді қаптамамен шектелулеріне немесе шектелмеулеріне негізделген. Әйтсе де, жедел іріңді қабыну процесінің ал- ғашқы даму кезеңдерінде инфекция- лық ошақты сау тіндерден шектейтін тосқауыл әлсіз, толық қалыптасып үл- гермейді. Клиницистер абсцестің және флегмонаның ажыратпалы диагнозын іріңді қабыну процестің тарау аума- ғына қарай жүргізеді. Айталық, жедел іріңді инфекция кіші шел кеңістігінде (мысалы, сүйір тіс шұңқырында) не- месе оның кішкене ғана бөлімінде өту- інде, оған абсцесс деген диагноз қойы- лады. Жедел іріңді инфекция анатоми- ялық аймақтың бір немесе бірнеше шел кеңістіктерін қамтитын болса не- месе көршілес аймақтарға және кеңіс- тіктерге тарауында, флегмона деген диагноз қойылады.

М.Б. Фабрикант жақсүйектері айна-ласында өтетін іріңді қабыну процес-терін теріасты және бұлшықет аралық флегмоналарына бөледі, себебі оның пайымдауынша, тері астының флегмо- налары, әдетте шектеулі немесе жайы- лмалы болса, бұлшықет аралық флег- моналары үнемі дерлік жайылмалы тү рде өтеді.

Қабыну процесі тек тіршілігі бар ортада ғана өтетіндіктен, мұнда таби- ғат заңына тән барлық құбылыстар жүреді. Солардың ішінде, механика- лық (жалқықтың орын ауыстыру не- месе жылжу заңдылығы), физикалық (гидравликалық заңы), химиялық (ос- мос заңы) және тіндерде өтетін био- логиялық заңдары осы процеске қаты- сады. Осыған сәйкес, қабыну процесі- нің өнімдері, тек тіршілігі бар ортада ғана түзіледі, ал зат алмасу процесі то- қтасымен-ақ, қабынудың барлық сипа- ты жойылады.

Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, қабыну процесінің түріне (да- му себебіне), өту орнына (жұмсақ не- месе сүйек тіні және т.б. анатомиятоп-ографиялық ерекшеліктеріне) және ау- мағының өлшеміне (ошақты, жайылм- алы, көршілес аймақтарға таралуы, жайылуы), орталық жүйке жүйесінің жағдайына (нормо,гипер-және гипое-ргиялық) байланысты, әркелкі клини-калық белгілермен сипатталады және соған сәйкес ем жүргізуді қажет етеді.

Бет-жақсүйек аймақтарының күрде-лі анатомиялық және топографиялық ерекшеліктеріне байланысты, жедел одонтогенді қабыну ауруларының бә- рін бір әдіспен емдеу үлкен қателік- тің белгісі. Себебі, әрбір одонтогенді қабыну ауруларын диагностикалау ба- рысында, дәрігер өзіне зақымдаушы факторымен «сүйек тіні қаншалықты бұзылған» деген сауал қойуы тиіс. Мысалы, одонтогенді қабыну аурула- рының кейбірінде, айталық жедел пе- риодонтитте немесе флегмонада, сүй- ек тіндерінде қайтымсыз бұзылыстар жүрмейді, патологиялық процесс тек айналасындағы жұмсақ тіндерде ғана

өтеді, ал остеомиелитте патологиялық

процесс сүйек тінін өліеттендіріп, қай-тымсыз бұзылыстарын тудырады. Бет-жақсүйек аймақтарында өтетін қабы- ну ауруларының ерекшеліктерін осы- лайша түсіну,соған сәкес кешенді ем- ін ұймдастыру, олардың асқынулары- ның алдын алуға мүмкіндік береді.

Жедел одонтогенді қабыну процес-терінде жақсүйектері тіндерінің тірші- лігін (қайтымдылығы немесе қайтым- сыздылығы) ескеріп, диагнозын қою, тиімді емін тағайындауға және асқы- нуларының алдын алуға мүмкіндік бе- реді. Осы ретте, клиникалық тұрғыд- ан Н.Н. Бажановтың (1999), жедел од- онтогенді қабыну ауруларын жүйелеу жобасын өте тиімді деп айтуға бола- ды.

ІІ.3.Жедел одонтогенді қабыну ауру- ларын жүйелеу (Н.Н.Бажанов,1990)

1. Инфекциямен жақсүйектердің зақымдануы басымдылықпен өте-тін одонтогенді қабыну аурулары:

а) жедел, созылмалы және созылма-лы периодонтиттің өршуі;

ә) жедел одонтогенді остеомиелит.

2. Инфекциямен жұмсақ тіндердің зақымдануы басым жүретін одон-тогенді қабыну аурулары (қабыну процесінің аумағы бір тіс пародонты аумағымен шектелген):

а) жедел одонтогенді периостит;

ә) жедел перикоронарит;

б) одонтогенді абсцесс;

в) одонтогенді флегмона;

г) одонтогенді қабыну инфильтра-

ты.

3. Аймақтық лимфа түйіндерінің одонтогенді қабынуы:

а) жедел одонтогенді лимфаденит

(сірлі, іріңді);

ә) одонтогенді аденофлегмона.

4. Одонтогенді қабыну аурулары-ның асқынуларынан алшақта жа- тқан мүшелердің және анатомия- лық құрылымдардың қабынуы:

а) медиастенит;

ә) бет көктамырларының тромбоф-лебиті және кеуекті қойнауының тро- мбозы;

б) менингит, менингоэнцефалит, бас

миының абсцесі;

в) сепсис.

1. а) Жедел, созылмалы және со-зылмалы периодонтиттің өршуі – бір тіс периодонтында және айнала-сындағы сүйек пен жұмсақ тіндерде өтетін сірлі немесе іріңді қабынуы.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: перкуссия тек “себе- пші” тісте ғана ауырсыну сезімін туд- ырады. Жақсүйек аймағының жұмсақ тіндерінде патологиялық бұзылыстар байқалады.

ә) Жедел одонтогенді остеоми-елит - бірнеше тіс пародонтында жә- не жақсүйекте іріңді, іріңді-өлеттенг-ен инфекциялық қабынуымен бірге пе-риостит, абсцесс немесе флегмона да-миды.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: бірнеше тістің перк-уссиясы ауырсыну сезімін тудырады, олардың қозғалмалылығы, тістердің қызыл иегі астынан ірің шығуы, тығыз инфильтрат қалыптасуы, Венсан бел- гісі байқалуы. Ағзаның жалпы уытта- ну дәрежесі жоғары, мүшелердің және жүйелердің қызметі бұзылады. Қанда С-реактивті ақуыз анықталады. Жедел одонтогенді остеомиелиттің асқынуы- нда остеофлегмона дамиды.

2. а) Жедел одонтогенді периост-ит – сүйекқабының сірлі немесе іріңді инфекциялық қабынуы. Инфекциялық қабыну процесі бір тіс пародонт айма- ғында өтеді.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: себепші тістен альве- олалық өсіндінің немесе жақсүйегі де- несінің сүйекқабы астында сірлі неме- се іріңді инфильтрат қалыптасады; па- льпация ауырсыну сезімін тудырып, жақсүйек айналасының жұмсақ тінде- рі ісінеді.

ә) Жедел перикоронарит – төменгі ақыл тістің кедергіленіп жарып шы- ғуының сірлі, сірлі-іріңді немесе іріңді қабынуы.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: кедергіленіп шығып келетін төменгі ақыл тіс үстінің шыр- ышты қабығы қызарып, ісінеді. Инфе- кциялық процесі жан-жаққа таралуын- да абсцесс немесе флегмона дамиды оны, перикоронариттің асқынуы реті- нде қарастырады.

б) Одонтогенді абсцесс –жақсүй-ектері айналасының бір шел кеңісті-гімен шектелген іріңді қабыну проце- сі. Инфекциялық ошақ бір тістің паро- донтында ғана шоғырланған.

Нақты (патогноматикті) клиник-алық белгілері: іріңді процесс жақсүй- ек айналасының бір анатомиялық шел кеңістігімен шектелген, шекарасы айқ- ын іріңді инфильтрат анықталады; па- льпация ауырсыну сезімін тудырады. Ағзаның улану дәрежесі төмен.

в) Одонтогенді флегмона - бет-жақсүйек аймақтарының немесе мой- ынның бірнеше шел кеңістіктерін қам- титын жайылмалы, шекарасы айқын емес іріңді қабыну процесі. Инфекци- ялық ошақ бір тіс пародонтында шоғ- ырланған және қабыну процесінің не- гізгі даму себебі болып табылады.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: шекарасы айқын ем- ес, бірнеше анатомиялық шел кеңісті- ктерін қамтитын іріңді инфильтрат анықталады. Ағзаның жалпы улану белгілері (дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік пайда болып, тер шығуы және т.б.) айқын. Жедел одон- тогенді остеомиелитпен сырқаттанған науқаста одонтогенді флегмона (осте- офлегмона) дамыса, оны остеомиелит- тің асқынуы деп қарастырылуы тиіс. Бұл жағдайда, алдымен жедел одонто- генді остеомиелит диагнозы қойылып, содан соң себепші тіс және флегмона өтетін шел кеңістіктері көрсетіледі.

г) Одонтогенді қабыну инфиль-траты - целлюлит. Бұл жақсүйек аймағы жұмсақ тіндерінің сірлі немесе пролиферативті қабынуы. Инфекциял-ық қабыну процесі бір тіс пародонты- нда өтеді.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: бір немесе бірнеше анатомиялық шел кеңістіктерінен сірлі қабыну инфильтраты анықталады. Па- льпация ауырсыну сезімін тудырады. Егер одонтогенді қабыну инфильтра- ты остеомиелитпен байланысты болса, олардың әрқайсы жеке көрсетіліп, қо- йылатын диагнозда инфильтрат есепке алынбайды.

3. а) Жедел одонтогенді лимфаде-нит – аймақтық лимфа түйіндерінің сірлі немесе іріңді қабынуы. Пальпац-иялағанда ауырсыну сезімін тудырат-ын қозғалмалы, шекарасы айқын ин- фильтрат анықталады. Қабыну проце- сіне ұшыраған лимфа түйіндерінің се- бепші тіске (инфекция ошағына) ай- мақтық қатысы бар.

ә) Одонтогенді аденофлегмона - аймақтық бірнеше лимфа түйіндерінің жайылмалы іріңді, іріңді-өліеттенген қабынуы.

Іріңді инфильтрат 2-3 немесе бірне-ше анатомиялық шел кеңістіктерін қа-мтуы мүмкін. Қабыну процесінің себ-ептері - тістердің немесе ауыз қуысы шырышты қабығы ауруларының асқ-ынулары және т.б.

Нақты (патогноматикті) клини-калық белгілері: жайылмалы, қозғалы-сы шектелген, шекарасы айқын емес инфильтрат анықталады. Оның одонт- огенді флегмонадан айырмашылығы - ағзаның жалпы уыттану дәрежесі едә- уір төмен. Науқастың жалпы жағдайы айтарлықтай зардап шекпейді.Дене қызуы аса жоғары көтерілмейді.