Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай

жүргізілетін ажыратпалы диагностика.

  1. кесте

Алдынғы

медиастинт

Артқы

медиастинит

1. Төс артында солқылдаған ауы-рсыну сезімі пайда болуы.

2. Төсті соққылағанда, ауырсыну сезімі арта түсуі.

3. Мойынның қан тамыр-жүйке шоғырын сипағанда, төс артында ау-ырсыну сезімі арта түсуі.

4. Төс аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі.

5. Төс ойығы (мойындырық ойығы) жұмсақ тіндерінің ісінуі.

6. Шірікті өлеттенген және анаэр-обрты қабыну ауруларында пальпа-циялағанда төс ойығынан ауа сықыры (крепитация) анықталуы.

7. Равич-Щерба белгісі (югулярлы) оң мәнді.

8. Жоғарғы қуысты көктамырла-рдың қысылу белгілері: бас ауруы, құлағы шуылдауы, бет және мойын терісінің цианозы (бозаруы), мойын көктамырларының кеңеюі, кеуде көк-тамырларының кеңейіп, тор құруы.

9. Төс аймағында тұйық дыбыс ше-карасы кеңеюі.

10. Кеңірдектің қысылуы немесе ығысуы.

Кеуденің солқылдаған ауырсыну сезімі жауырын аралығына таралуы.

Кеуде омыртқаларының өсінділер-ін саусақпен басқанда, ауырсыну сез-імі арта түсуі.

Жұтынғанда ауырсыну сезімі арта түсуі

Кеуде омыртқалары аймағының жұмсақ тіндері ісінуі.

Төс үстінің жұмсақ тіндері ісінуі.

Шірікті-өлеттенген және анаэробты қабыну процесінде бұғана үсті айм-ағынан крепитация белгісі анықтал-уы.

Равич-Щерба және Штейнберг белгі-лері оң мәнді.

Дақ және жартылай дақ көк там-ырларының қысылу белгілері: қабы-рға аралық көктамырлардың кеңеюі, плеврада және перикардта жалқық жиналуы.

Кеуде омыртқаларының екі жағы-нда тұйық дыбыс шекарасы кеңеюі.

Өңештің қысылуы немесе ығысуы.

Емі. Медиастенитті емдеу қиын да күрделі. Т.Робустованың және т.б., (1989) ұсыныстары бойынша, медиас-тениттің кешенді емінің жоспары үш кезеңге бөлінеді:

• операцияға дейінгі дайындық;

• біріншілік (медиастенитті тудыру-шы) іріңді ошақты хирургиялық өңд-еу және ірің өткізгіш қалдыру;

• операциядан кейінгі ем.

Операцияға дейінгі дайындықтың мақсаты: өмірге маңызды мүшелерд-ің қызметін реттеу, ағзаның жалпы уыттануын және гипоксиялық дәреж-есін төмендету. Дерттің реактивті жә-не токсикалық кезеңдерінде гемодин-амикалық, дезинтоксикациялық (ағз-аның уыттануына қарсы) және реоло-гиялық қасиеттері бар қан орнына қо-лданылатын ерітінділері мен инфу-зиялық ем жүргізіледі. Гемодез 3000 - 5000 мл, глюкоза, тұзды ерітінділерін науқастың 1 кг дене салм-ағына 30 -50 мл есебімен, Рингер ерітіндісі 400 мл, ацесоль 1000 мл, лактосоль көтамырға енгізіледі.

Дерттің терминалды кезеңінде жә-не қан айналымының гипоциркуляци-ялық жағдайында операцияға дейінгі дайындықтың мақсаты: жүрек қызме-тінің бұзылысын реттеуге бағытталғ-ан ем жүргізу. Жүрек гликозидтері – строфантин 0,05% - 0,5-1,0 мл көкта-мырға; корглюкон 0,06% - 0,5 мл көк-тамырға; 1,0 мл панангин 20-30 мл из-отоникалық ерітіндімен көктамырға; альбумин 100-200 мл көктамырға; по-лифер 400 - 1000 мл; полиглюкин 400 мл; гемодез 400 мл; натрий биокар-бонаты 4% - 100 мл; кальций хлориді 5% - 10 мл көктамырға енгізіледі. Операцияға дейінгі дайындық шама-мен 2-3 сағатқа созылады.

Іріңді ошақ көкрек куыс аралығын-ың қай бөлімінде орналасуына байл-анысты, оның хирургиялық емі әрке-лкі болуы мүмкін (154 сурет).

Медиастениттің хирургиялық емі іріңді ошақты тіліп ашумен және ірі-ңді жараға өткізгіш қалдырумен шек-теліп қоймай, сондай-ақ іріңді қалта-шықтар қалмайтындай етіліп, ашыл-ған жараның жан-жақтары мұқият тек-серілуі тиіс. Сонымен қоса, қажеттіл-ігіне қарай некроэктомия және кон-трапертуралық тілік жасау тиімді нәт-иже береді. Қазіргі кезде медиастени-ттің хирургиялық емінің жүзден ас-там әдістері белгілі. Солардың ішін-де жиі қолданылып жүрген хирурги-ялық әдістерінің кейбіреулеріне тоқт-алып кетуге болады.

В.И. Разумовский әдісі (1899) мо-йынның жоғарғы медиастинотомия операциясы. Сол жақ m.sternocleidom-astoideus алдыңғы қырынан жұм-сақ тіндерді қабат-қабатымен тіліп, бұлш-ықет пен мойынның қан тамыр-жүйке шоғыры артқа қарай ығыстырылады, өңештің бойымен көкірек аралығының жоғарғы бөлімі тұйық тереңдетіле аш-ылып, ірің шығарылады.

154 сурет. 1 – Разумовский бойынша төстің үстінен жасалатын тері тілігі; 2 – төстің жанынан жасалатын тері тілігі; 3 – А.Я.Иванов бойынша төстің ортасынан жасалатын тері тілігі.

155 сурет. Разумовский бойынша мойынның жоғарғы медиастинотомия операциясы

а ә

156 сурет. Разумовский бойынша медиастино-томия операциясы. а – тіліп ашылған жарадан іріңді ошақты саусақпен тексеру; ә - көкірек аралығының жоғарғы-алдынғы бөліміне ірің өт-кізгіш енгізу.

156 сурет. Мойын медистинотомия опера-циясында төс арты кеңістігін саусақпен тексеру және төс арты кеңістігінің төменгі бөлімін ашу. (В.К. Гостищевтің Оперативная гнойная хирур-гия. – М., 1996. алынған).

157 сурет. Медиастинотомия опера-циясынан кейін көкірек аралығын антисептикті ерітінділе-рмен өңдеу (В.К. Гостищевтің Оперативная гно-йная хирургия. – М., 1996. алынған).

Гайденгайн әдісі (1899). Бұғананың үстінгі қырына параллельді бағытта ті-лік жүргізіледі. Төс бұғана емізік бұл-шықеті, m. sternocleadomastoidus, бек-итін жерінен тіліп босатылады. Көк-тамыр мен жалпы күре тамыры арал-ығымен тіндер тұйық тереңдетіле аж-ыртылып, көкірек аралығынан ірің шығарылады.

Медиастенитте инфекциялық ошақ-ты тек мойын аймағынан тіліп ашуды, кейбір авторлар тиімсіз деп есептейді. Сол себептен, В.И.Разумовский (1899) әдісі бойынша жоғарғы мойын мед-иастинотомия операциясы жасалғанн-

а

ә

158 сурет. Артқы медиастенитті висцеральды жолмен Насилов (а) және Гайденгайне (ә) әдістерімен тіліп ашу.

ан кейін көкірек аралығынан ірің ке-дергісіз шығуын қамту мақсатымен науқастың бас жағын төмен түсіріп, аяқ жағын көтеріңкі орналастыруды ұсынады науқастың Трендененбург қалпы. Әйтсе де, Разумовский бойы-нша жоғарғы мойын медиастинотом-ия операциясы (көкірек аралығынан ірің шығуына кедергі болса да) әлі де клиникалық тәжірибеде кеңінен қол-данылып келуде. Себебі бұл операци-яның орындалуы қарапайым, әрі аз жарақаттылы.

а ә

б

159 сурет. Савиных бойынша қарыннан жаса-латын медиастинотомия опрациясы.

а – диафрагмотомия; ә – электросорғышпен көк-рек аралығынан іріңді сору: 1 - көкет (ди-афрагма); 2 – бауыр; 3 – өңеш; 4 – қарынның тү-бі; 5 – электрсорғыштың ұштығы; б – артқы кө-крек аралығын трансхиальды дренаждау.