Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

XIV тарау

БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫНЫҢ

Асқынулары

Қабыну процесінде инфекцияның бір орыннан екінші орынға, одан әрі жал- ғасу жолдарын болжамдай білу, асқы- нулардың алдын алуға мүмкіндік бер- еді. Бет-жақсүйек аймағынан жедел іріңді қабыну ауруларының мойынға немесе бассүйек сауыты ішіне, көкірек аралық кеңістігіне өтуі өте қауіпті ас- қынулар тудырады. Іріңді қабыну про- цестің орналасу жеріне байланысты, инфекцияның бойлай немесе қан және лимфа арнасымен тарау жолдары 13 кестеде көрсетілген.

Кестеде көрсетілгендей, беттің және мойынның шел кеңістіктері мен құры- лымдарының нақ ортасында ұрт май (Биша) түйіршігі мен жұтқыншақмаңы кеңістігінің майлы шел тіндері жатуы іріңді қабыну процестерінің жанжақ-қа тарауына оңтайлы жағдай туғыза- ды.

Осы кеңістіктерде өтетін жедел ірің- ді қабыну ауруларының көршілес ай- мақтарға тарауы және іріңді процестің жайылмалы түрде өтуі, науқастың өмі- ріне аса қауіпті асқынулар тудыруы ықтимал. Инфекцияның ми қабықшал- арына өтуі және анатомиялық кеңісті- ктерімен бойлай тарау жолдары келе- сідей болуы мүмкін:

1) ұрт кеңістігінің майлы шел тін- дері ит тістік шұңқырының майлы шел тіндері көзұяасты саңылауы бассүйек сауыты ішінің көктамыр қойнаулары;

2) ұрт май (Биша) түйіршігі көзұя

астының шел тіндері;

3) көзұя астының шел тіндері бұр ышты көктамыры көзұя көктамыры кеуекті қойнау;

4) ұрт май (Биша) түйіршігі көзұя асты шұңқыры және қанат көктамыр өрімі бассүйек сауыты түбінің дөң- гелек және сопақ тесіктері бассүйек сауыты ішінің көктамыр қойнаулары.

Көкірек аралық қуысына инфекция екі жолмен өтуі мүмкін: мойын мүше- лері аралығымен және мойынның бет- кей шандыр табақшасы бойымен, жақ- сүйекасты сілекей безі шандырының бетімен, одан әрі мойынның қантам- ыр-жүйке шоғырының және төсбұға-на емізік бұлшықеті бойымен төсүсті және апоневрозаралық кеңістіктеріне жетеді.

Қабыну процесінде бет көктамыр ар- насымен қанның кері қайтуы және ор- талық көктамырларынан шеткері ай- мақтарға өтуі көктамыр қақпақшала-рымен реттеледі. Беттің көптеген көк- тамырларында осындай қақпақшалар бар. Қақпақшалары жетілмеген көкта- мырлар қатарына жоғарғы және төме- нгі көзұялық көктамырлары, бет көк- тамырының үстіңгі бөлімі, сондай-ақ қанат көктамыр өрімін құрайтын бұта- қтар жатады. Аталмыш көктамырлар-ынан қанның кері қайтуы, әсіресе қа- быну процестерінде парадоксальды (жүйеге бағынбайтын) бағытта жүруі ықтимал. Көзұясы көктамырларынан қан екі бағытта өтуі ықтимал: көздің көктамыр ұштастығымен (анастомоза-сымен) мидың қатты қабықшасынан кеуікті қойнауға немесе кері бет көк-тамыр жүйесіне қарай. Осының нәти-жесінде, бет аймағында өтетін инф-екциялық қабыну процестер кедергісіз бассүйек сауыты ішіне өтуі мүмкін. Мысалы, жоғарғы ерін аймағында, мұ-рынның кіреберісі мен оның қанатт-арында немесе ұрт аймағында өтетін іріңді қабыну процестері жиі ми қабы-қшасының қабынуын немесе менингит сияқты өмірге аса қауіпті асқынулар тудыруы ықтимал. Беттің жедел іріңді қабыну аураларынан (сыздауық, шиқ-ан, безеу және т.б.) инфекция көкта-мыр арнасымен кері қарай (ретрогра-дты) өтіп, кеуікті қойнауға жету қауіп-тіліг бар.

Беттің терең бөлімдерінен өтетін көктамыр бұтақтарынан қан қанат кө- ктамыр өрімі мен ми қабықшасының

қойнауларына, бет немесе ішкі мойы- ндырық көктамырларына өтуі ықтим- ал. Сөйтіп, бет-жақсүйек аймағында- ғы көктамыр жүйесі күрделі екі жа- қтылы қарым-қатынас құруы, іріңді инфекцияның жан-жаққа тез тарау қауіптілігінің барына көз жеткі зуге болады.