- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Мазмұны
- •II тарау
- •VI тарау
- •VII тарау
- •VIII тарау
- •IX тарау
- •X тарау
- •XI тарау
- •XII.Тарау
- •XIII тарау
- •XIV.Тарау
- •Қысқартулар
- •I тарау
- •Этиологиясы және патогенезі
- •Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері
- •II тарау
- •I. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •II. Бастың бет бөлімі
- •Беттің бүйір бөлімі
- •II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі
- •III тарау қабыну процесінің патологиялық морфологиясы мен физиологиясы
- •Периодонтит, периостит, перикоронарит және жақсүйектердің остеомиелиті.
- •IV.1. Периодонтит.
- •IV.2. Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі.
- •IV.3. Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.
- •IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
- •IV.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі.
- •Ә. Жедел остеомиелиттің үстемділігі бәсеңдеген кезеңінде
- •Ә. Сүйек секвестрлері деморкациялануының (бөлінуі) аяқталу кезеңі
- •Б. Сүйек секвестрлері алынып тасталғаннан кейінгі кезең.
- •IV.5. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.
- •V тарау
- •Ауруларының жалпы клиникасы
- •Дене қызуы мен қоршаған ортаның температуралық көрсеткішіне және тыныс алу жиілігіне байланысты ағзасын сұйықтық жоғалу мөлшері
- •VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.
- •Жергілікті клиникалық белгілері
- •Жедел одонтогенді қабыну ауруларының ағымын болжау.
- •1. Қантамыр соғуының жиілігі
- •II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау
- •III. Ағымының болжамы
- •VI.3. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •33 Сурет. Қабақтың абсцесінде тері тілігінің орны және бағыты.
- •38 Сурет. Мұрынның абсцесі мен
- •VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
- •40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
- •VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
- •VI.3.2.Жұмсақ таңдайдың абсцесі (palatinum moli)
- •VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен
- •VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)
- •VI.6.3. Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы
- •Топографиялық анатомиясы
- •VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)
- •VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы
- •VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
- •VIII тарау лимфаденит және аденофлегмона
- •VIII.1. Лимфадениттер
- •Жедел одонтогенді лимфаденит
- •Созылмалы лимфаденит
- •Диагностикалық зертеу әдістері:
- •VIII.2 Аденофлегмона
- •Қабыну ауруларын кешенді емдеу
- •Антибиотиктердің микробтарды жою қасиетіне байланысты жіктелуі
- •9 Кесте
- •Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
- •Қан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділері
- •Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
- •Электролиттердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •Дәрумендердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •11 Кесте
- •Қабыну аруларының қарқынды емі
- •XI тарау
- •Қабыну аурулары
- •XI.2Туберкулез.
- •XI.3. Мерез.
- •XII тарау
- •Қабыну аурулары
- •XII.1 Сыздауық
- •XII.5. Су жегі (нома)
- •XIII тарау
- •XIII.1. Жедел одонтогенді гайморит
- •Физиотерапиляқ ем
- •XIII.2. Созылмалы одонтогенді гай-морит
- •Жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қатерлі ісік-тері
- •Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері.
- •12 Кесте
- •XIV тарау
- •Асқынулары
- •XIV .1. Бет көктамырларының тромбофлебиті.
- •XIV .2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы
- •XIV .3. Одонтогенді медиастенит
- •Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай
- •XIV .4. Сепсис
- •Жүйелі қабыну реакция синдромын (жқрс/sirs) айқындайтын белгілер
- •Сепсистің балама (эмпериялық) антибактериалық емінің нұсқауы
- •16 Кесте
- •Қоданылған әдебиеттер
- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Құраш Амангелді Ғалымжанұлы
Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
Полиглюкин. Мөлдір сарғыш түсті ерітінді, молекулалық салмағы 15000, тұтқырлығы 2,8 - 4,0; рН - 4,5 - 6,5 тең. Гемодинамикалық қасиеті басқа кол-лоидылы ерітінділерден едәуір жоға-ры, декстран қатарына жатады. Құр-амында (100 мл ертіндіде) 5,5 - 6,5 гр орта молекулалы декстран (бактерия текті полисахарид), 0,3% этил спирті, 1 мг азот және 0,2 мг ауыр металлд-ар бар.
Полиглюкин күйіктік және жарақ-аттық шокта, жедел қан кетуде, сыр қаттан және операциядан кейінгі улан-удан туындаған шокта немесе сепси-стің алдын алуға қолданылады.
Көктамырға енгізген коллоидты ері-тінділердің барлығы белсенді осмол-ярлы қасиетімен қан арасындағы сүй-ықтықтың көлемін арттырып, тін сұй-ықтығын қанарнасына тартады (сіңір-еді). Қантамырға енгізілген полиглю-кин қанарнасында 3 - 4 күн сақталса, оның 50% бірінші күні-ақ ағзадан шы-ғып үлгереді. Полиглюкиннің негізгі бөлігі бүйрекпен, ал қалғаны ішек – қарын (асқазан-ішек ) жолымен шыға-ды.
Қантамырға енгізілген полиглюкин қанарнасы айналымындағы сұйықты-қтың көлемін өз көлемінен бірнеше есе көбейтеді. Мұндай қасиет оның өте жоғары коллоидты осмолярлық қысымына байланысты.
Полиглюкиннің құрамында төмен молекулалы компоненттердің болуы, оны дезинтоксикациялық ерітінді ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Әдетте, полиглюкинді қантамырға ен- гізгенде, ағзада реакция дамымайды. Кей жағдайларда полиглюкинді енгі-згеннен кейін (3 - 10 мл), науқастың тынысы тарылып, тахикардия дамиды, қан қысымы төмендеуі мүмкін. Мұн-дай асқынулардың алдын алу ма-қсатымен, полиглюкиннің бірінші 15 – 30- тамшысы енгізілгеннен кейін 2 - 3 мин тоқтатып, бақылау жасалуы тиіс. Егер препаратқа реакция болмаса, қан-тамырға енгізе беруге болады.
Реополиглюгликин – төмен молек-улалы коллоидылы, жартылай гидро-лизделінген және тазартылған декст-ран. Молекулалық салмағы – 35000. Реополиглюкин өте жоғары гиперон-котикті коллоидылы ерітінді болғанд-ықтан, оны көктамырға енгізгенде, қан айналымындағы сұйықтықтың көлемі едәуір көбейеді. Оның қандағы әрбір 1 граммы 20 - 15 мл сумен байланыса-ды. Айналымдағы қанның көлемі өск-енде, эритроциттердің дезагрегация-сы төмендейді. Қан түйіршіктеріне дезаггрегациялық әсер етуі ескеріліп, оны іріңді қабыну процесінде ұсақ қантамырларында өтетін микроцирку-ляциялық бұзылыстарды реттеуге қолданылады. Қан орнына қолданыла-тын басқа ерітінділермен салыстыр-ғанда, реополи-глюкиннің реологиял-ық әсері едәуір басым. Әсіресе, ре-ополиглюкинді қанның гемоконцен-трациялық және гиперкоагуляци-ялық бұзылыстарын реттеуге қолдану жа-қсы нәтиже береді.
Реополиглюкин қан арнасында 2 - 3 тәулік сақталғанының өзінде, оның негізгі көлемі бірінші күндері-ақ зәр-мен шығып үлгереді.
Бірінші тәулікте реополиглюкиннің енгізілу көлемі 8 мл/кг, кейін - 6 мл/кг жеткізуге болады.
Желатинол. Құрамында көптеген амин қышқылдары (глицин, пролин, гидроксилпролин, аз мөлшерде мети-онин, цистин және т.б.) бар ақуыз препараты. Молекулалық салмағы 5000 және одан да жоғары, кәріптас (янтарь) түсті ерітінді. Тұтқырлығы 2,2 - 3,0; рН 6,8 - 7,4. Физикалық және химиялық қасиеті жағынан қанның плазмасына жақын.
Желатинольдың улылығы және пир-огенділігі жоқ, антигенді реакциясын және эритроциттердің агглютинац-иясын тудырмайды, ағзада жинақтал-майды. Айналымдағы плазманың көл-емін өсіруі арқылы қан қысымын жоғарлатады немесе қалпына келтіре-ді.
Геморрагиялық, операциялық, күй-ікті және жарақаттық шокта плазма-ның орнына, операцияға дайындық жүргізгенде, ағзаны дезинтоксикаци-ялауға қолданылады.
Жедел қан кетуден қансырағанда және геморрагиялық шокта көктамыр-ға немесе артерияға енгізіледі. Бірден 2000 мл ерітінді енгізуге болады. Ағ-заға енгізгеннен кейін 1 - 2 тәулік өтк-ен соң зәрден ақуыз табуға болады. Препаратты жедел және созылмалы нефритте енгізуге болмайды. Ерітінді 250 мл немесе 500 мл көлемінде дайы-ндалып шығарылады, +4Сº - +6ºС тем-пературада сақталуы тиіс. Ағзаға енгі-зудің кері көрсетілімі бүйректің жед-ел аурулары
Айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, төмен молекулалы ерітінділер (реополиглюкин, реомакродекс, поли-глюкин) айналымдағы қанның көлемін толықтыруға, микроциркуляциялық қан айналымын, қанның тұтқырлығы мен реологиялық қасиетін реттеуге қолданылады. Декстрандардың дезаг-грегациялық (эритроциттердің жа-бысқақтығын болдырмау), диуретикті (бүйректің сүзгіштік қызметін жақ-сарту) және қантамыр арнасына экст-рацелюллярлы (жасуша сыртының) кеңістіктен сұйықтықты өзіне тарту қасиеттері ескеріліп, қабыну проце-стің кешенді емінде қолданылады.
Парентералді қоректендіру - (para entero ішек) ағзаны ішектен тыс жол- дармен қоректендіру. Парентералды коректендіру ағзаның метаболиттік процесінің бұзылыстарын реттеуге, көлемі мен сапасы, қасиеті (пласти- калық және қуаттандыру) ескеріліп, құрамы минералды заттармен және дәрумендермен құнарландырып қол- дануға арналған препараттарды көкта- мырға енгізу арқылы жүгізілетін жас- анды қоректендіру.
Егер науқас өздігінен қоректену мүнкіндігі шектеулі немесе жеткілік-сіз болса, онда парентералді қоректен-діру жүргізуге тура келеді.
Толық құнарлы парентералді қорек-тендіру, яғни қажетті ингредиентт-ермен (құрамына қажетті заттармен) толықтырылған препаратты қолдану, ағзаның инфекцияға қарсы резистент-тілігін арттырып, тіндердің репарат-ивтік қабілетін жақсартады, өмірге маңызды мүшелердің бұзылған қызм-еттерін реттейді. Ағза азотпен, сумен, электролиттермен, дәрумендермен жә-не каллориймен тәулігіне толық қа-мтамасыз етілсе, оны толық парент-еральды қорек-тендіру деп, ағза жоғары-дағылармен жартылай қамты-лса, оны толық емес парентералді қоректендіру деп атайды. Дене қыз-уы әдеттегі қалпынан 1°С жоғарыл-ауы, ағзаның 5 - 8% қуаттық шығын-ын тудырады. Құрамында аскорбин қышқылы, А дәрумені, сирек металл-дар (Zn, Md және т.б.) мен ақуыздары бар, көмірсутегі ерітінділе-рімен және майлармен толықтырылған паренте-ралды қоректендіруін жүргізу, іріңді қабыну процестің асқынусыз өтуіне мүмкіндік береді. Ересек адамның ағзасы тәулігіне 1 кг дене салмағына 30 - 40 каллория қажет етеді.
Егер адамның 1 кг дене салмағына тәулігіне 1 гр ақуыз қажет екендігі, гидролизаттың 100 мл де орта есеппен 5 гр ақуыз бары ескерілсе, салмағы 70 кг науқасқа тәулігіне 70×100 гидро лизат ерітіндісін 5
енгізу қажет.
Парентералді қоректендіру ретінде амин қышқылды препараттар (ақуыз гидролизаттары, амин қышқылдары-ның ерітінділері), майлы эмульсия-лар, көмірсутегінің ерітінділері элект- ролиттер, гормондар мен дәрумендер қолданылады.
Ақуыз гидролизаттары қанның маң-ызды қызметтерінің бірін (қоректе-ндіру) атқаратындары ескеріліп, ола- рды іріңді қабыну ауруларында жиі қолданған тиімді. Бет-жақсүйек айма- ғының терең бөлімдерінде өтетін ірің- ді қабыну ауруларында науқастың жұ- тынуы қиындауында, тәбеті болмауы-нда және ағзаның жалпы уыттануы ескеріліп, ақуыз гидролизаттарын пар- ентеральді қоректендіру ретінде қол- ану жақсы нәтиже береді.
Парентералді қоректендіруге арнал-ған ақуыз гидролизаттарының төрт түрі болады: казеин гидролизаты, гидролизин, аминопептид және амино-кровин.
Казеин гидролизаты – амин қыш-қылдары мен қарапайым пептиттердің қоспасы. Препарат мөлдір, сарғыш немесе сарғыш-қоңыр түсті ерітінді, өзіндік иісі бар. Стерильді, пирогенді және улы қасиетері мүлдем жоқ.
Казеин гидролизатын құрамында ақуыздар мен күрделі полипептидтер жоқ, ағзада анафилактикалық реакция және сенсебилизация тудырмайды, өте жеңіл қорытылады. В6 және В12 дәрумендерімен бірге енгізілгенде препараттың қорытылуы арта түседі. Өндірісте 200 және 400 мл мөлшерде шығарылады, дайын препарат 7 жылға дейін өзгеріссіз сақталады. Оны қаты-рып, қайнатуға және ысытуға болмай-ды. Химиялық және биологиялық қасиеттерін жойылатындықтан.
Гидролизин. Амин қышқылдары мен қарапайым ақуыздар ерітінділ-ерінің қоспасы. Құрамына глюкоза кіреді. Өндірісте 400 мл көлемді құт-ыда шығарылады.
Аминопептид. Амин қышқылдары мен төмен молекулалы пептидтердің қоспа ерітіндісі 200 және 400 мл көле- мінде шығарылады. Стерильді, апир- огенді (ағзада реакция тудырмайтын), улы қасиеті жоқ.
Гидролизин және аминопептид еріт- інділері ірі қара малдың қанынан ақу-ыздарды, фибрин сұйықтығын ферм-ентативті гидролиздеу әдісімен ажыр-атылып дайындалады.
Бет-жақсүйек аймағының іріңді қабыну аурулары ұзаққа созылуында, науқастар әлсіреп арықтағанда, қан ақуыздарының құрамы бұзылғанда және анемиялық жағдайда гидролиз-аттарды енгізу өте жақсы нәтиже бер- еді.
Іріңді қабыну ауруларында амин қышқылдарының қоспасынан тұратын 8% полиамин ерітіндісі парентеральді қоректендіру ретінде жиі қолданыл-ады. Оның құрамында 79,4 гр амин қышқылдары (8 алмастырылмайтын, 5 алмастырылатын амин қышқылдары), қуаттық компонент ретінде 50 гр
көпатомды спирт Д-сорбиті, 1 литр апирогенді су бар. Препарат мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау ерітінді. Көлемі 200 және 450 мл құтыда шыға-рылады, 2 жылға дейін сақтауға бола-ды. Көктамырға 1 минутта 25 - 35 там-шыдан, күн сайын 800 - 1200 мл, 5 - 10 күн енгізуге болады.
Майэмульсия жоғарғы каллориялы, ағзаны қуаттандыру үшін қолданыла-тын препараттар. Аз көлемінің өзі ағ-заның қуаттық күшін едәуір жоғар-латады. Клиникалық жағдайда май эмульсияларының енгізілу көлемі 1 - 2 гр (кг/тәулік) аспауы қажет.
Май эмульсияларының арасында интралипид клиникалық тәжрибеде жиі қолданылады. Әдетте, май эмул-ьсияларының өзін жеке қолданғанда, ағзада кетондық денелер пайда бола- ды. Сондықтан, олардың қорытылуын жеңілдету үшін көмірсутегі ертінділе- рін бірге енгізген жақсы.
Көмірсутегі ерітінділері – клини-калық тәжірибеде жиі қолданылатын қуаттық қор. Сөйте тұра, оның қуат-тық құндылығы тек 4 ккал/гр құрайды, сол себептен ағзаның бір күндік қуа-ттық қажеттілігін қамти алмайды. Ағзаның қуаттық қорын толықтыру үшін бұл ерітіндіні тәулігіне 7 - 10 л енгізуге тура келер еді. Жоғары кон- центрациялы көмірсутегі ерітіндісін енгізгенде, плазманың гиперомосст-ық қауіптілігі туындауы мүмкін. Сон -ымен қоса, жоғары концентрациялы көмірсутегі ерітінділерін, тек катетер арқылы ірі көктамырларына енгізуді қажет етеді.
Алкоголь. Жоғары каллориялы пре-парат. Алкогольді амин қышқылдары-мен және көмірсутегі ерітінділерімен бірге енгізген тиімді. Тәулігіне 1 гр спирт енгізуге болады. Енгізілген этил спирті, негізінен бауырмен қорыты-лады, сол себептен бауыры ауратын науқастарға өте сақтықпен тағайында уы тиіс.
Электртолит ерітінділері. Парен-теральді қоректендіруде ағзаны сумен және электролиттермен қанықтыру әр-түрлі ерітінділер енгізу арқылы жүзеге асырылады: натрий хлоридінің изот-оникалық ерітіндісі, электролиттер (лактосоль және т.б. ) Электлиттік алмасу процесін реттеу мақсатымен ағзаға тәулігіне орта есеп енгізілетін электролиттердің қажетті көлемі 10 кестеде көрсетілген
