Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

Созылмалы лимфаденит

Созылмалы лимфаденит жедел лим-фадениттің аяғы ретінде клиникалық тәжірибеде жиі кездеседі. Сөйте тұра, біріншілік созылмалы лимфаденит кездеспейді емес. Мұнда дерттің же-дел кезеңінің клиникалық белгілері айқынсыз немесе байқалмай өтіп, лим-фа түйіндерінде гиперпластикалық процестері болып жүреді, лимфойдты тіндер грануляциялық тіндерге ауы-сады. Лимфа түйіндерінің өлшемі ұл-ғайса да, қозмалмалылығы сақталады. Ауырсыну сезімі тура, науқастың жал-пы жағдайы өзгермейді. Инфекциялық процесс өршуінде, клиникалық белгі-лері жедел кезеңіндегідей сипаттала-ды. Созылмалы лимфаденитер айлар, жылдар бойы айтарлықтай клиника-лық белгілерінсіз өтуі мүмкін, сөйте тұра, оны әрдайым қашан да болса жарылатын «мина» ретінде қарастырған жөн.

Созылмалы бейспецификалық лим-фаденит жедел қабыну процесі қайт-қан соң, вируленттілігі әлсіз микроб-тардан дамиды. Қабыну процесінің бұл түріңде лимфа түйіндері әркелкі өлшемде ұлғайып, қозғалысы шектеледі; палпациялағанда жекеленген лимфа түйіндері айқын анықталып, консистенциясы біршама тығыздық білдіреді, ауырсыну сезімін тудырмайды. Науқастың жалпы жағдайы, әдетте қанағаттанарлықтай. Созылмалы бейспецификалық қабыну процесінде лимфа түйіні сирек іріңдейді; іріңдейтін болса, оны созылмалы қабыну процесіндегі «мүлгіген» инфекцияның өршуінен туындаған жедел сатысы деп қарасты-рылуы тиіс. Егер одонтогенді немесе басқа инфекцияла лимфа түйіндерін «сақшы бекет» ретінде ұзақ уақыт ат-қылап, беріктігін сынайтын болса, ол

біртіндеп ыдырап, грануляциялық тін-ге ауысады; осының нәтижесінде лим-фа түйінде қабыну процесі әлсін-әлсін өршіп, ақырында терінің бүтіндігі бұ-зылуынан, жылан көз пайда болады; кейде жылан көз өздігінен жабылып, орны тыртықтанады, кейін тыртықтың қасынан жаңа жылан көздер ашылуы мүмкін.

Созылмалы спецификалық лимфа-дениттерінің этиологиясы негізінен туберкулез немесе актиномикоз ауруларымен байланысты. Әдетте, олар төменгі жақсүйекасты, жақсүйекарты және мойын аймақтарында дамиды. Кейде лимфа түйіндерінің ұлғаюын дененің басқа, айталық қолтық, шап аймақтарынан байқауға болады. Туберкулезды және актиномикозды созылмалы лимфадениттерінің клиникалық белгі-лері алғашқыда бір-біріне ұқсас бол-ып, бет-жақсүйек аймақтарының тері-асты жылжымалы (мигрирующий) гра-нулема деп аталатын қабыну процесі-нің белгілерімен сипатталады. Актин-омикозды созылмалы лимфаденит іріңдеуге және жылан көздерін калып-тастыруға бейім. Туберкулезді лимфа-дениттің ағымы негізгі дерттің өту ке-зеңіне, зақымданған лимфа түйідері-нің санын мен маңындағы тіндердің реакциялық сипатына байланысты.

Созылмалы одонтогенді лимфаде-

нитпен сырқаттанған науқастардың қанында иммуноглобулинндердің G және А тобының саны азаяды. Тәжі-рибелік тұрғыдан, лимфадениттің қа-рапайым спецификалық түрлерін анықтап алу өте маңызды. Туберкулезді лимфаденитте ауыз қуысынан, жақсүйектері айналасының тіндерінен спецификалық қабыну процесінің клиникалық белгілері мүлдем анықталмайды; лимфа түйіндерінде қабыну процесінің ағымы және үстемділігі баяу жүріп, дене қызуы ұзақ уақыт субфебрильді көрсеткіште сақталады, Манту реакциясы оң мәнді, пункция жасау арқылы алынған ірің бактерияло-гиялық зерттеулеріңе стерильді бол-ып шығады. Егер созылмалы лимфа-денит мерезден туындайтын болса, науқастың анамнезінен де және объек-тивтік көрінісінен де негізгі дерттің клиникалық белгілері анықтауға бо-лады. (Вассерман реакциясы оң мәнді, мұрын, таңдай, анқа аймақтарының жұмсақ тіндер ыдырап, ақаулануы жә-не т.б.).

Лимфа түйіндерінің актиномикоз-бен қабынуында, диагнозы науқастың ауру анамнезінен алынған мәліметтер-ге, инфильтраттың тығыздығына, им-мунологиялық реакциясының нәтиже-сіне, морфологиялық және цитология-лық зерттеулеріне негізделіп қойыла-ды.

Ажыратпалы диагнозы.

Аденофлегмона жедел лимфа-денитпен салыстырғанда, қабыну процесінің ауқымдылығымен, бетінің терісі керіліп, жылтырап тұруымен және қатпарға жиналмауымен, ағзаның жалпы бұзылыстарының айқын болуымен ерекшеленеді (төменнен қараңыз).

Сиалоаденит (құлақмаңы немесе жақсүйекасты сілекей бездерінің қабынулары) сілекей безі түтігінен ірің немесе сірлі сұйықтық бөлінуімен сипатталады. Егер созылмалы лимфаденитте инфильтрат үстінің беті кедір-бұдырлы болса, жаңа құрылымдардан ажыратуға тура келеді. Мұдайда биопсия жасалуы тиіс.

Мерездік лимфденитте түйін едәуір қатайыңқы және науқастың анамнезі-нен, объективтік көріністерінен мерезге тән мәліметтерді анықтап алуға болады (жоғарыда айтылған).

Брилла - Симмерса ауруы, немесе алып фолликулярлы лимфома - лимфосаркоманың қатерсіз түрінің бі-рі. Аталмыш құрылым ұзақ жылдар бойы құлақмаңы, жақсүйекасты, иека-сты лимфа түйіндері үлкейіп өсімен сипатталады; пальпация жасағанда ты-ғыз болатындықтан, оны созылмалы спецификалық лимфаденитпен немесе фолликулярлық гиперплязиямен сал-ыстыруға тура келеді. Алып фоллику-лалы лимфомаға (медулярлы лимфасаркома деп те аталады – ДДҰ, 1976) диагноз тек гистологиялық зерттеу нәтижесіне сүйеніп қойылады. Себебі, құрылым бара келе, орын ауыстырып, жайылуы (генерализациялануы) мүмкін. Мұндайда жақын және алшақ жатқан лимфа түйіндерімен қоса тері, тері астының шел тіндері, ішкі мүшелер, сүйектің кемікті заты зақымданады). Ұлғайған лимфа түйіндерін кесіп алып, гистологиялық зеріттеулер жасалуы тиіс.