- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Мазмұны
- •II тарау
- •VI тарау
- •VII тарау
- •VIII тарау
- •IX тарау
- •X тарау
- •XI тарау
- •XII.Тарау
- •XIII тарау
- •XIV.Тарау
- •Қысқартулар
- •I тарау
- •Этиологиясы және патогенезі
- •Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері
- •II тарау
- •I. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •II. Бастың бет бөлімі
- •Беттің бүйір бөлімі
- •II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі
- •III тарау қабыну процесінің патологиялық морфологиясы мен физиологиясы
- •Периодонтит, периостит, перикоронарит және жақсүйектердің остеомиелиті.
- •IV.1. Периодонтит.
- •IV.2. Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі.
- •IV.3. Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.
- •IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
- •IV.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі.
- •Ә. Жедел остеомиелиттің үстемділігі бәсеңдеген кезеңінде
- •Ә. Сүйек секвестрлері деморкациялануының (бөлінуі) аяқталу кезеңі
- •Б. Сүйек секвестрлері алынып тасталғаннан кейінгі кезең.
- •IV.5. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.
- •V тарау
- •Ауруларының жалпы клиникасы
- •Дене қызуы мен қоршаған ортаның температуралық көрсеткішіне және тыныс алу жиілігіне байланысты ағзасын сұйықтық жоғалу мөлшері
- •VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.
- •Жергілікті клиникалық белгілері
- •Жедел одонтогенді қабыну ауруларының ағымын болжау.
- •1. Қантамыр соғуының жиілігі
- •II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау
- •III. Ағымының болжамы
- •VI.3. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •33 Сурет. Қабақтың абсцесінде тері тілігінің орны және бағыты.
- •38 Сурет. Мұрынның абсцесі мен
- •VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
- •40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
- •VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
- •VI.3.2.Жұмсақ таңдайдың абсцесі (palatinum moli)
- •VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен
- •VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)
- •VI.6.3. Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы
- •Топографиялық анатомиясы
- •VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)
- •VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы
- •VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
- •VIII тарау лимфаденит және аденофлегмона
- •VIII.1. Лимфадениттер
- •Жедел одонтогенді лимфаденит
- •Созылмалы лимфаденит
- •Диагностикалық зертеу әдістері:
- •VIII.2 Аденофлегмона
- •Қабыну ауруларын кешенді емдеу
- •Антибиотиктердің микробтарды жою қасиетіне байланысты жіктелуі
- •9 Кесте
- •Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
- •Қан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділері
- •Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
- •Электролиттердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •Дәрумендердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •11 Кесте
- •Қабыну аруларының қарқынды емі
- •XI тарау
- •Қабыну аурулары
- •XI.2Туберкулез.
- •XI.3. Мерез.
- •XII тарау
- •Қабыну аурулары
- •XII.1 Сыздауық
- •XII.5. Су жегі (нома)
- •XIII тарау
- •XIII.1. Жедел одонтогенді гайморит
- •Физиотерапиляқ ем
- •XIII.2. Созылмалы одонтогенді гай-морит
- •Жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қатерлі ісік-тері
- •Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері.
- •12 Кесте
- •XIV тарау
- •Асқынулары
- •XIV .1. Бет көктамырларының тромбофлебиті.
- •XIV .2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы
- •XIV .3. Одонтогенді медиастенит
- •Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай
- •XIV .4. Сепсис
- •Жүйелі қабыну реакция синдромын (жқрс/sirs) айқындайтын белгілер
- •Сепсистің балама (эмпериялық) антибактериалық емінің нұсқауы
- •16 Кесте
- •Қоданылған әдебиеттер
- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Құраш Амангелді Ғалымжанұлы
VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
VII.1. Мойынның тіласты сүйек үсті бөлігінің абсцестері мен флегм-оналары
VII.1.1. Иекасты аймағының (reg-io submentalis) абсцесі мен флегмона-сы
Топографиялық анатомиясы
Иекасты аймағы - қосқарыншалы бұлшықеттердің алдыңғы екі қарынш-алары аралығында жатқан үшбұрыш-ты кеңістік. Оның ұшы төменгі жақсү-йектің иегіне, ал негізі – тіласты сүйе-гіне қарайды.
Иекасты аймағының шекаралары: алдыңғы – төменгі жақсүйектің дене-сі; артқы – тіласты сүйегі (os hyoide- us); жоғарғы – жақсүйек-тіласты бұл-шықеті (m. mylohyoideus) және мойын-ның меншікті шандыры (fascia colli pr-opria); төменгі – мойынның беткей шандыры (fascia colli superficialis); екі бүйірінен – екі қосқарыншалы бұлшы-қеттің (m. diqastricus) алдыңғы қарын-шалары.
Иекасты аймағының бұлшықеті ара-лығының шел қабаттарында 3 – 4 лим-фа түйіндері (nodi lymphatici submenta-lіs) жатады. Олардың бірі төменгі жақ-сүйектің қырына жақын, басқалары – тіласты сүйектің жандарында жатады.
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Төменгі алдыңғы тіс түбірлерінде шоғырланған одонтогенді инфекция-лық ошақтар. Төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарынан тарайтын (тіндерді бойлай немесе лимфогенді жолмен) екіншілік инфекция.
Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгіле-рі.
Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасында науқастың жалпы жағ- дайы орташа дәрежелі ауырлықта бол- уы мүмкін. Әдетте науқастың тыныс алуы, тағам қабылдауы және жұтынуы бұзылмайды. Иек астының жұмсақ тіндері домбығып ісінуінен, беттің төменгі ⅓ бөлігі ұзарғандай болып көрінеді (99 сурет). Инфильтрат үстінің терісі ісініп керіліп тұрады, қатпрға жиналмайды, қызарған. Пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Кей жағдайларда тіндердің ісінуінен науқастың тілі жоғары көтеріліп, сөйлеуіне, тамақ қа-былдауына кедергі келтіреді. Дене қы-зуы субфебрильді. Иек астының іріңді қабыну аурулары жедел лимфаденит, аденофлегмона, одонтогенді флегмона немесе остеофлегмона ретінде өтуі мүмкін. Жедел сірлі лимфаденитте ие-кастының лимфа түйіндері ұлғайып қатаяды, айналасындағы жұмсақ тіндер домбығып ісінеді, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Лимфа- дениттің бұл кезеңі уақытылы емделсе, қабыну процесі кері дамиды. Егер емдеу жүргізгеннің өзінде лимфа түйіндерінің өлшемі өзгеріссіз, сол қалпында қалса, лимфа түйіндерін тіліп ашып, іріңді шығару қажет. Қабыну процесі флегмонаға ауыс- қанда, науқастың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріледі, ағзаның жалпы улану белгілері айқын- дала түседі.
а ә
99 сурет. Иекасты аймағының флегмонасы. а – көрініс алдынан; ә – көрініс жанынан.
Инфекцияның тарау жолдары.
Төменгі жақсүйекасты және мойынн-ың ұйқы үшбұрыш аймақтарына (тінд-ерді бойлай немесе лимфогенді жолм-ен) тарауы мүмкін.
Иекасты аймағының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операц-иясын орындау реттілігі (100,101, 102 суреттер):
100 сурет. Ауыз қуыс түбінен іріңді ошақтарды тіліп ашуі орындары және бағыты көрсетілген.
1 – жақсұйекасты флегмонасы; 2 – ауыз қуыс түбінің және тіл түбірінің флегмоналары; 3 – иекасты флегмонасы; 4 – тіл түбірінің абсцесі.
жансыздандыру - наркоз (көкта-мырішілік, ингаляциялық) немесе премедикациямен қоса жергілікті
инфильтрациялық анестезия;
иекасты аймағының абсцесінде ауыз қуысы түбінің ортаңғы деңге-йінен тік (100/4,101,А,Ә суреттер) немесе көлденен бағытта тері жә-не тері астының шел тіндері төме-нгі жақсүйектің денесінен 1–1,5 см төмен, ұзындығы 3-4 см шамасын-да тілінеді;
флегмонада иекасты және тіла-сты сүйек аралығынан, иектің қы-рына параллельді бағытта тері ті-лінеді (102 Б,В суреттер);
жараның жиектері мойынның теріасты бұлшықетімен (m.platys-ma) және беткей шандырымен (fas-cia colli superficialis) бірге қантоқ-татқыш қысқышпен тұйық ажыра-тылады (101, Г сурет);
иек астының абсцесінде мойын-ның меншікті шандырының бетк-ей табақшасы тері тілігінің ұзын-дығына сәйкес тілінеді (102,Д сур-ет), ал флегмонада – жараның жие-ктері жақсы ашылу үшін қосым-ша мойынның теріасты бұлшықеті айқастырып тілінеді. (102,Е,Ж,З суреттер);
иекасты кеңістігінің шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен іріңді ошаққа қарай тұйық тереңдете аж-ыратылып, ірің шығарылады. Гем-остаз;
іріңді жараға резеңке жолақ не-месе бірнеше жерден тесілген пол-ихлорвинильді түтік енгізіледі (102 ,И сурет);
гипертониялық немесе антисепт-икалық ерітінділермен дымқылда-нған асептикті дәке танғыш салын-ады.
101 сурет. Иекастының және тіл түбінің флегмоналарын ашқанда жасалатын тіл-іктің көрнісі (Andre, 1971).
VII.1.2. Төменгі жақсүйекасты аймағының (region submandibularis) абсцесі мен флегмонасы.
Төменгі жақсүйекасты үшбұрышын-ың абсцесі мен флегмонасы – бет –жа-қсүйек аймағында жиі кездесет-
102 сурет. Иекасты аймағының абсцесі мен флег-монасын тік және көлденен бағытта тіліп ашылу операцияларының кезеңдері
ін жедел іріңді қабыну ауруларының бірі.
Топографиялық анатомиясы.
Төменгі жақсүйекасты аймағының шекаралары (103 сурет):
103 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының ше-каралары: 1 – төменгі жақсүйектің негізі, basis ma-ndibulae, 2 – қосқарыншалы бұлшықет (алдынғы қарыншасы), m. digastricus (venter anter.), 3 – қос- қарыншалы бұлшықет (артқы қарыншасы), m. dig-astricus (venter poster.), 4 – ауызқуысы түбінің бұ-лшықеті (диафрагма), m. mylohyoideus, 5 – тілас-ты-тіл бұлшықеті, m. hyoglossus, 6 – бізтіл бұлшы-қеті, m. styloglossus, 7 – біз-тіласты бұлшықеті, m. stylohyoideus, 8 – тіласты сүйегі, os. hyoideum, 9 – бет артериясы мен көктамыры, a. et v. facialis.
жоғарғыішкі – жақсүйек-тіласты бұл-шықеті (m. mylohyoideus); сыртқы – төменгі жақсүйек денесінің ішкі беті; ішкі-артқы – қос қарыншалы бұлшы-қеттердің алдыңғы және артқы қарын-шалары (m. diqastricus); төменгі – мо-йынның меншікті шандырының бетк-ей табақшасы және тері.
Аймақтың анатомиялық құрылы-мы (104 сурет). Терісі қозғалмалы, ер адамдарда шаш өседі. Тері астының шел тіндері жақсы дамыған. Мұнда бет жүйкесінің шеткері тармақтары (ramus marginalis mandibulae nervifaci-alis) өтеді. Олар 25% жағдайда төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қырынан 4–8 мм алшақтықта, дұзақ тәрізді өрім құрып орналасады, төменгі ерінді және иекті жүйкелендіреді (F. Henny, 1951; И.Г. Смирнов, 1970). Одан терең жерде мойынның беткей шандыр таба-қшаларымен (fascia colli superficialis) қапталған теріастының бұлшықеті жа-тады (m. platysma). Fascia collisuperfic-ialis пен мойынның меншікті шандыр-ының беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) аралығын-да жұқа шел қабаты бар, мұнда келесі қан тамырлары өтеді: бет (v. facialis) және сыртқы мойындырық (v. jugularis externa) көктамырлары; жоғарғы бө-лімінде - меншікті шайнау бұлшықеті-нің (m. massetter) алдыңғы қырынан бет артериясы (v. facialis). Одан терең-деу жерде төменгі жақсүйек астының меншікті шел кеңістігі жатады (spatum submandibularis). Кеңістіктің үстіңгі бетін жақсүйек-тіласты (m. mylohyoid-eus) және тіласты-тіл бұлшықеттерін (m. hyрoglossus) қаптайтын мойынның меншікті шандырының терең табақша-сы (lamina profunda fasciae colli propri-ae) шектейді. Төменгі шекарасын мой-ынның меншікті шандырының беткей табақшасы тұйықтайды. Аталмыш ша-ндыр табақшалары төменгі жақ-сүйек-асты сілекей безін (gl. Submandibular-is) жан-жақтан орап, тұйық қап (saccus hyomandibularis) құрайды. Төменгі жа-қсүйекасты сілекей безінің түтігі жақ-сүйек-тіласты және тіласты-тіл бұлш-ықеттері аралығындағы саңылаудан өтеді. Аталмыш саңылау төменгі жақ-сүйекасты кеңістігін ауыз қуысы түбі-нің басқа шел кеңістіктерімен байлан-ыстырады. Сілекей бездің айналасын-да және шандыр қабының ішінде көпт-еген лимфа түйіндері жатады (nodi ly-mphatici submandibularis). Сілекей без-дің үстіңгі-артқы бетінен жақсүйектің бұтағы мен иегі аралығынан, төменгі жақсүйектің астыңғы қырын иіп, бет артериясы (a.facialis) жоғары көтер-іледі. Бет көктамыры төменгі жақсүйе-касты сілекей безінің артқы бетіне ти-іп жатады. Сілекей безі астынан тілас-ты жүйке (n. hypoglossus), тіл көктам-ыры (v. lin-gualis), төменгі жақсүйек-асты үшбұрышының артқы бұрышына жақын жерде тіл жүйке (n. lingualis), ал тіл артериясы тіласты-тіл бұлшықе-тінің астында жатқан Пирогов үшбұр-ышынан өтеді.
104 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының қаб-аттары: 1 - тері, 2 – тері астының майлы шел тінд-ері, 3 – мойынның беткей шандыры, fascia colli su-perficialis, 4 – мойынның беткей бұлшықеті, m. pl-atysma, 5 – мойынның меншікті шандырының бет-кей табақшасы, lamina superficialis fasciae colli pro-priae, 6 – төменгі жақсүйекасты сілекей безі, glan-dula submandibularis, 7 - мойынның меншікті шан-дырының терең табақшасы, lamina profunda fasc-iae colli propriae, 8 – ауыз қуыс түбінің бұлшықе-ті, m. mylohyoideus.
Сөйтіп, іріңді қабыну процесі төм- енгі жақсүйекасты аймағының әр ден-гейінде өтуі мүмкін (105 сурет).
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Жақсүйекасты үшбұрышының ірің-ді процесі төменгі үшінші үлкен азу тістің (ақыл тісі) кедергіленіп жарып шығуының немесе төменгі үлкен азу тістері ауруларының асқынуларынан дамиды. Сондай-ақ, іріңді процесс ли-
105 cурет. Іріңді қабыну процес-терінің төменгі жақсүйекасты аймағында шоғырлануы. А – теріас-тының майлы шел тіндерінде; Ә - мойынның тері-асты бұлшықеті астында; Б - төменгі жақсүйек-асты шел кеңістігінде, В - жақсүйекасты және бұл-шықетасты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын іріңді процесс.
мфа түйіндерінің қабынуынан да дам-уы мүмкін.
Төменгі жақсүйекасты аймағы-ның абсцесі мен флегмонасының жергілікті клиникалық белгілері.
Науқас төменгі жақсүйекасты айма-ғының тіндері ісінуіне, ауыратынды-ғына, тағам шайнағанда ауырсыну сез-імі үдей түсуіне шағымданады.
Төменгі жақсүйекасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен, беттің симметриясы бұзылады (106 cурет). Әдетте, аталмыш аймақтың іріңді қаб-ынуы жақсүйекасты үшбұрышы тінде-рінің ісінуінен басталып, жұмсақ тінд-ері біртіндеп қатаяды, тері беті қызар-ып, қатпарға жиырылмайды. Науқаст-ың ауыз ашылуы кедергіленіп, жұтын-уы және сөйлеуі қиындайды, ауырсы-ну сезімі біртіндеп үдей түседі. Кей жағдайда жұмсақ тіндердің ісінуі мо-йынға дейін жетіп, терінің қызару ау-мағы төске жетуі мүмкін.
Ауыз қуысын ішінен тексергенде,
тіласты аймағының шырышты қабығы қызарып, домбығуын көруге болады.
Инфекцияның тарау жолдары
Инфекция тіласты және иекасты ай-мақтарына, жұтқыншақмаңы кеңістігі-не (осы арадан артқы көкірек аралық кеңістігіне), жақсүйек артына, мойын-ның қан тамыр-жүйке шоғырының ша-ндыр қынабына (осы арадан алдыңғы көкірек аралық кеңістігіне), сондай-ақ мойынның тіласты және беттің бүйір бөлімінің терең аймақтарына тарауы мүмкін (107 сурет).
106 сурет, Солжақ төменгі жақсүйек асты аймағының флегмонасымен сырқаттанған науқастың бет бейнесі.
107 сурет. Іріңді қабыну процесі жақсүйекасты аймағынан тарау жолдары: А – аймақтың V-VI тістер деңгейіндегі жазықтық бағыттағы жобасы, Ә - аймақтың жақсүйек бұтағы деңгейіндегі фронтальді бағыттағы жобасы.
Төменгі жақсүйекасты аймағы абсцесі мен флегмонасының хирурги-ялық емі.
Инфекциялық процесті тудырушы тісті жұлумен қоса, іріңді ошақты тіл-
іп ашу операциясы жасалуы тиіс. Ол үшін төменгі жақсүйектің астыңғы
қырынан 1-2 см алшақтықта, ұзынды-
ғы 4-6 см тері тілігі жүргізіледі. Тері, теріасты шел қабаты, беткей шандыр табақшасы қабат-қабатымен тілінген соң, қантоқтатқыш қысқышпен жұмс-ақ тіндер тұйық тереңдетіле ажыраты-лып (108 сурет), ірің шығарылады. Ашылған жараның жандарында іріңді қалталар қалмау үшін, тіндерді саусақ-
108 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының флегмонасын тіліп ашу әдісі. (Andre, Neuman, 1971).
пен мұқият тексеріп, іріңнің кедергісіз шығуына көз жеткізу қажет. Егер фле-гмона төменгі жақсүйекасты және ие-касты аймақтарын бірге қамтитын бо-лса, иекастынан қосымша тілік жасап,
оны негізгі тілікпен біріктіреді (109 сурет).
109 сурет. Төменгі жақсүйекасты және иекасты аймақтарының флегмоналарын бірге тіліп ашу операциясы және ірің өткізгіш түтігін енгізу әдісі (Andre, Neuman, 1971) .
Ашылған іріңді жараға резеңке жол-ақ немесе бірнеше жерден тесілген
полихлорвинильді түтік енгізіп, асепт-иктікалық дәке таңғыш салынады.
Төменгі жақсүйекасты аймағы-ның абсцесі мен флегмонасын тіл-іп ашу операциясын орындау кезе-ңдері (110 сурет):
110 сурет. Төменгі жақсүйекасты аймағының флегмонасы мен абсцесін тіліп ашу операциясы
жансыздандыру – жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), немесе премедикациямен қо-са жергілікті инфильтрациялық жә-не өткізгіштік анестезия (Берше-Ду-
бов, В.М.Уваров, А.В.Вишневский бойынша);
бұл аймақтың абсцесі мен флег-
монасын (110, А сурет) тіліп ашу үшін төменгі жақсүйек денесінің ас-тыңғы қырынан 1,5-2 см алшақ (бет жүйкесінің шеткері тармақтарын жарақаттамау үшін) іріңді инфиль-тратын іріңді инфильтрат үстінің те-рісі тілінеді (110,Ә,Б суреттер);
тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері, тері астының шел тіндері) мойынның беткей шандырынан (fas-cia colli superficialis) қантоқтатқыш қысқышпен немесе Купер қайшыс-ымен төменгі жақсүйектің бұрышы ашылғанша тұйық ажыратылады. Тері астының шел тіндерімен бірге бет жүйкесінің шеткері тармақтары жоғары көтеріледі;
мойынның теріасты бұлшықеті (m. platysma) мен меншікті шандыр-дың беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) 8–10 мм ұзындықта тілінеді (110,В сурет);
теріасты бұлшықетінің астында
жатқан мойынның меншікті шанд-
ырының беткей табақшасы (fascia colli propria lamina superficialis) қан-тоқтатқыш қысқышпен тұйық ажы-ратылады. Егер іріңді ошақ мойын-ның беткей және меншікті шандыр табақшалары аралығында шоғырла-нса, сол жерден ірің шығарылады;
қантоқтатқыш қысқыштың бой-ымен мойынның беткей бұлшықеті тері тілігінің ұзындығына сәйкес ті-лінеді (110,Г сурет) Гемостаз;
төменгі жақсүйек астының мен-шікті шел кеңістігінің абсцесінде – мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы (fascia colli prop-ria lamina superficialis) 1,5–2 см ұзындықта тілінеді, қантоқтатқыш қысқышпен төменгі жақсүйекасты сілекей безінің айналасында жатқ-ан шел тіндері тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (110,З,И суреттер) Гемостаз;
төменгі жақсүйекасты шел кеңі-стігінің флегмонасында, әсіресе, ші-рікті-өліеттенген флегмонада, мой-
ынның меншікті шандырының бет-кей табақшасы тері тілігінің ұзынд-ығына сәйкес тілінеді;
төменгі жақсүйек пен жақсүйек-асты сілекей безі аралығында a. fac-ialis, v.facialis байлам салып, кесіл-еді (110, Д, Е, Ж суреттер);
төменгі жақсүйекасты сілекей безін ілмекпен төмен қарай ығысты-рып, жақсүйек астының шел кеңіс-тігі тексеріледі, қантоқтатқыш қы-сқышпен сілекей безінің айналасын-да жатқан жұмсақ тіндер тұйық аж-ыратылып, ірің шығарылады (110, З, И суреттер);
іріңді жараға резеңке жолақ нем-есе бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтік енгізіледі (110, К сурет);
гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен дымқылда-нған асептикті дәке таңғыш салын-ады.
VII.1.3. Ауыз қуысы түбінің
абсцесі мен флегмонасы
Ауыз қуысы түбінің флегмонасы – ауыз қуыс түбі диафрагмасының (m. mylohyoideus) үстінде және астында
жатқан екі немесе бірнеше шел кең-істіктерін қамтитын жайылмалы іріңді қабыну процесі. Ауыз қуысы түбінің көптеген бұлшықеттері мен шандыр табақшалары аралықтарынан саңыла-улар мен табиғи тесіктер, сілекей без-дерінің түтіктері, қантамырлары мен жүйке тармақтары өтуі, аймақтың көп-теген кеңістіктерін бір-бірімен байла-нысып жатуына себеп болады.
111 сурет. Ауыз қуысы түбінің бұлшықеттері. 1 - жақсүйек-тіласты бұлшықеті, m. mylohyoi-deus ; 2 - иек-тіласты бұлшықеті, m. geniogl-ossus; 3 - spіna mentalіs.
Ауыз қуысы түбінің шекаралары: жоғарғы - ауыз қуысының шырышты қабығы, төменгі – жақсүйек-тіласты бұлшықеті мен ауыз қуысы түбінің те-рісі, алдыңғы және екі жақ бүйірі – төменгі жақсүйек денесінің ішкі беті, артқы - біз тәрізді өсіндіге бекитін бұлшықеттер мен қос қарыншалы бұл-шықеттің артқы қарыншасы. Ауыз қу-ысы түбінің шекаралары айқын емес, сөйте тұра олар бір-бірімен тығыз бай-ланысы бар бірнеше шел кеңістіктері-нен тұрады. Бұл аймақтың іріңді қабы-ну аурулары ілкіден бастп-ақ бірнеше шел кеңістіктерінде өтуі мүмкін. Ауыз қуысының түбі диафрагма деп те ата-лады, оның өзі бірнеше бұлшықеттер-ден құралған. Негізгі құрылымын тіла-сты сүйектен төменгі жақсүйектің іш-кі кортикалды табақшасынан өтетін жақсүйек-тіл асты сызығына (linea my- lohyoidea) бекитін mm. mylohyoideus құрайды (111,112 сурет).
112 сурет. Төменгі жақсүйектін бұрышы тұсынан ті-лдің түбірінен өткендегі ауыз қуысы түбінің алдын-ғы кесіндісі (Н.И.Пирогов бойыншы).
1 - тілдің жоғарғы ұзнабойнғы бұл-шықеті; 2 - тілдің тік бұлшықеті; 3 - тіласты-тіл бұлшықеті; 4 – иек-ас-ты-тіл бұлшықеті; 5 – біз-тіласты бұлшықеті; 6 – ау-ыз қуыс түбінің шел тіндері; 7 – төменгі жақсүйект-ің денесі; 8 – жақсүйек-тіласты бұлшықеті; 9 – қос қарыншалы бұлшықет; 11- тіласты сілекей бе-зі; 12 - тіласты артериясы;13 – тіласты жүйкесі; 14 – терең тіл артериясы; 15 – тілдің көлденен бұлшы-қеті; 16 – тіл бездері.
Бұлшықет төменгі жақсүйектің орта-ңғы деңгейінен басталып, үшінші үлк-ен азу тіске дейінгі жерге жетеді. Бұл-шықеттің астында жатқан тіласты жә-не төменгі жақсүйекасты шел кеңістік-тері аралығында нақтылы шекара жоқ деуге болады. Ауыз қуысы түбіндегі жақсүйек-тіласты және тіласты-тіл бұ-лшықеттері, m. myloyhoideus et m. hyo-glossus, аралығынан бірінші саңылау өтеді. Екі m. myloyhoideus-тің талшы-қтары ауыз қуысы түбінің ортаңғы де-ңгейінде бір-бірімен бірігіп жік, raphe mylohoidea, құрайды. Төменгі жақсүй-ектің алдыңғы бес тістерінің түбірлері осы сызықтан төмен, ал үлкен азу тіст-ердің түбірлері, керісінше, одан жоға-ры орналасады. Пішіні төрт қырлы та-бақшаға ұқсас m. myloyhoideus тілдің үстінде жатады. Аталмыш бұлшықет жиырылғанда, тіл жоғары көтеріледі. Жақсүйек-тіл бұлшықет талшықтары аралықтарында жатқан саңылаулардан иекасты және тіл артерияларының ан-астомозы өтеді. Осы саңылаулар бой-ымен іріңді қабыну процестері тіласты және жақсүйекасты шел кеңістіктеріне жалғасып, одан әрігі аймақтарға тара-уы мүмкін.
Ауыз қуысы түбінің қабыну процесі негізінен төменгі үлкен және кіші азу тістері ауруларының асқынуларынан дамиды. М.В. Мухинаның (1974) мәлі-меттері бойынша, егер инфекция күр-ек немесе кіші азу тістерінен туында-са, қабыну процесі тіласты, иекасты кеңістіктерінде немесе тілдің түбірін-де, ал үлкен азу тістерінен - іріңді про-цесс бастапқы кезеңнен-ақ төменгі жа-қсүйекасты үшбұрышында өтеді. Мұн-ың себебін кеңістіктің мына анатоми-ялық ерекшеліктерімен түсіндіруге бо-лады. Төменгі күрек (алдыңғы) тістер-дің түбір ұштары жақсүйек-тіласты бұлшықеттің m.milohyoidyus сүйекке бекитін деңгейінен жоғары, ал үлкен азу тістердің түбір ұштары, керісінше - аталмыш бұлшықеттен төмен орнал-асады. Сондықтан, үлкен азу тістері ауруларының асқынуларынан туында-йтын іріңді қабыну процестері төменгі жақсүйекасты сілекей безінің орнында өтуі мүмкін (113 сурет).
Ауыз қуысы түбінің ортаңғы бөлімі-нен инфекциялық процесс жанжаққа кедергісіз тарауының бірден-бір себебі бұл аймақты тұйық шектейтін шандыр табақшаларының болмауы. Тіласты сүйекке бекитін шандыр табақшалары іріңді қабыну процесінен ыдырайтын болса, ірің мойынның шандыр аралық-тарымен төмен қарай өтеді. Кейін ірің қантамыр-жүйке шоғыры бойымен не-месе төсбұғана-емізік бұлшықетінің терең шандыр табақшасын ыдыратып, көкірек аралық кеңістігінің алдыңғы бөліміне жетеді.
113 сурет. Жақсүйек-тіласты бұл-шықеті мен тіс түбір ұштарының деңгейі. 1 – жақсүйек-тіласты бұлшықеттің артқы бөлімі үлкен азу тіс түбірлері ұшынан жоғары бекиді; 2 – бұл-шықеттің алдынғы бөлімі алдыңғы тіс түбірл-ері ұштарынан төмен бекиді.
Қабыну процестері жиі жақсүйек ас-ты сілекей безінің түтігі немесе қанта-мырлары бойымен тарайды. Кейде ір-іңді қабыну процесі m.mylohyoideus та-лшықтары аралығынан өтетін тіласты сілекей безінің диафрагмалық өсіндісі (бөлшегі) бойымен де тарауы ықтим-ал.
Бұл аймақтың флегмоналары төменгі жақсүйек денесінің астыңғы қырына параллельді бағытта, одан 1,5-2 см тө-мен тілік жүргізіліп ашылады. Тінде-рді тілгенде бет артериясы меншікті шайнау бұлшықеттің алдыңғы жиегі-нен 5-12 мм ілгері немесе 2-5 мм артта және төменгі жақсүйектің астынғы қырын иіп өтетінін білу жөн. Сондай-ақ, төменгі жақсүйектің астынғы қыры бойымен бет жүйкенің шеткері тарма-қтары өтетіні естен шығарылмауы ти-іс. Әдетте, олардың өту бағыты әркел-кі: төменгі жақсүйектің астынғы қыр-ынан 4-8 мм төмен немесе одан 3-6 мм жоғары өтуі ықтимал (Смирнов В. Г., 1970).
Ауыз қуысы диафрагмасының үстін-гі бөлімінде осы аймақтың негізгі шел кеңістігі жатады. Жандарындағы екі шел кеңістіктің түбін m. mylohyoideus құрайды, ішкі жағын – тіл бұлшықетт-ері, бүйірін – төменгі жақсүйектің ден-есі, үстін – тіл және кызыл иек аралы-
қтарын құрайтын шырышты қабық
шектейді. Аталмыш кеңістіктер негізі-нен тіласты сілекей бездері жайғасат-ын орын болып табылады. Иек-тіл жә-не иек-тіласты бұлшықеттері, m genio-glossus et m. geniohyoideus, аралығын-ан жұп бұлшықет аралық саңылауы өтеді. Сонымен қоса, диафрагманың үстіндегі иекасты-тіл бұлшықет аралы-ғында дара шел кеңістігі жататынын білген жөн.
Ауыз қуысы түбінің іріңді қабы-ну аурулары мына шел кеңістіктерде өтуі ықтимал (114 сурет):
114 сурет. Ауыз қуысы түбінің флегмоналарында іріңді қабыну ошақтарының шоғырлану орындары: А – оң және сол жақ тіласты аймағы, Ә – бір жағы-ның тіласты және төменгі жақсүйекасты аймақта-ры, Б - оң және сол жақ-сүйекасты аймақтары, В - оң және сол тіласты және жақсүйекасты аймақт-ары, Г – ауыз қуысы түбінің барлық шел кеңістік- терін түгелдей қамтитын іріңді қабыну процесі.
екі тіласты шел кеңістігін түгел қамтитын ауыз қуысы түбінің фле-гмонасы (мұндай флегмонада инфе-кциялық қабыну процесі иекасты шел кеңістігінде бірлесіп өтуі мүм-кін) (114,А сурет);
бір жағының төменгі жақсүйек-асты және тіласты шел кеңістікте-рін қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (114,Ә сурет);
екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгел қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы (инфекц-иялық қабыну процесі иекасты шел кеңістігінде бірлесіп өтуі мүмкін) (114,Б сурет);
екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кең- істіктерін түгел қамтитын ауызқуы-сы түбінің флегмонасы (114,В сур-ет);
ауыз қуысы түбінің барлық шел кеңістіктерін түгел қамтитын фле-гмона (114,Г сурет).
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Төменгі жақсүйек тістерінің одон-тогенді инфекциялық ошақтары, ауыз қуыс түбінің шырышты қабығының, мойынның тіласты бөлімі терісінің ин-фекциялық қабынулары мен инфек-цияланған жаралары.
VII.1.3.1. Екі тіласты шел кеңісті-гін түгел қамтитын ауыз қуыс тү-бінің флегмонасы.
Екі тіласты шел кеңістігін түгел қамтитын ауыз қуыс түбі флегмо- насының клиникалық белгілері.
Науқас сөйлегенде және жұтынға-нда үдей түсетін тіл астының ауырсы-ну сезіміне шағымданады. Кейде науқ-астың тынысы тарылуы мүмкін. Тын-ыс алуы бұзылуында науқас еңкейіп, басын төмен түсіріп отыруға мәжбүрлі болады. Тіл астының тіндері ісінген, тілі ауыз қуысына сыймай, сөйлеуге кедергі келтіреді. Ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы фибринозды – қы-зарған, беті лас сұр түсті өңезбен жа-былған. Сипап тексергенде оң және сол жақ тіласты аймақ тарынан тығыз инфильтрат анықталады. Іріңді инфил-ьтрат тереңде жатуына байланысты, тері бетінің түсі өзгеріссіз болуы мүм-кін, сөйте тұра қатпарға жинақталмай-ды. Пальпация ауырсыну сезімін ту-дырады.
Инфекцияның тарау жолдары.
Алғашқыда абсцесс ауыз қуысы тү-бінің шел кеңістіктерінің бірінде шо-ғырланса, кейін іріңді қабыну процесі жайылмалы түріне ауысып, осы айма-қтың шел кеңістіктерін түгелдей қамт-иды. Ауыз қуысы түбінің латеральді саңылауынан ірің төмен қарай сілекей безінің өсіндісі мен түтігі бойымен тіл-жақсүйек және тіласты бұлшықет-терінің артқы жағымен жақсүйекасты шел кеңістігіне, одан әрі тілдің түбір-іне кедергісіз өтеді. Осы саңылаудан ірің артқа және жоғары барып жұтқы-ншақ маңы кеңістігіне жол табады.
Екі тіласты шел кеңістігін түгел қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясы орындау реті (115,А сурет): жансыздандыру – премедикац-иямен қоса жергілікті инфильтра-циялық, екі жақты өткізгіштік ман-дибулярлы және торусальді анес-тезия немесе жалпы наркоз;
ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы тіласты қатпары (plica sub-lingualis) мен төменгі жақсүйектің альвеолалық өсіндісі аралығының бір жағынан тілінеді (115,Ә,Б сур-еттер);
115 сурет. Екі тіласты шел кеңістігін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау реті
тілінген жара қантоқтатқыш қы-сқышпен жақсүйек – тіласты бұл-шықетінің (m.mylohyoideus) бетке-йімен төмен қарай тұйық тереңдете ажыратылып, ірің шығарылады (115,В сурет);
осындай операция тіласты айма-ғының екінші жағына жасалып, ау-ыз қуысы түбінен ірің шығарылады (115,Г,Д,Е суреттер);
ауыз қуысының ішінен іріңді ашылған жараларға іріңі өткізгіш ретінде екі резеңке жолағы енгізіле-ді (115,Ж,З суреттер).
VII.1.3.2 Төменгі жа-қсүйекасты және тіласты шел кеңістіктерін қамтитын ауыз қуысы түбінің бір жақты флегмонасы.
Инфекцияның негізгі көзі және тарау жолдары.
Төменгі жақсүйек тістерінің одон-тогенді инфекциялық ошақтары, ауыз қуыс түбі шырышты қабығының және жақсүйекасты аймағы терісінің инфек-циялық қабыну аурулары және инфе-кцияланған жаралары. Тіл-асты, иека-сты, құлақмаңы-шайнау аймақтарын-ан, қанат-жақсүйек кеңістіктерінен не-месе лимфа арнасымен тарайтын екін-шілік инфекция.
Төменгі жақсүиек-асты және тіл-асты шел кеңістіктерін қамтитын ауыз қуысы түбінің бір жақты флег-монасының клиникалық белгілері.
Науқас сөйлегенде, тағам шайнаған-да және жұтынғанда тамағының және төменгі жақсүйек аймағының үдей тү-сетін ауырсыну сезіміне шағымдана-ды. Төменгі жақсүйек аймағының жұ-мсақ тіндері ісінуінен, бетінің симмет-риясы бұзылады. Бетінің төменгі 1⁄3 бөлігі ұлғаяды. Пальпациялағанда ау-ырсыну сезімін тудыратын тығыз ин-фильтрат анықталады. Инфекциялық қабыну процесі теріасты шел тіндері-не тарайтын болса, инфильтрат үстінің терісі қызарады, флюктуация белгісі байқалуы мүмкін. Науқастың ауызы жартылай ашық, тілі көтеріңкі, тіл ас-тының қатпары (plica sublingualis) іс-інеді, үстінің шырышты қабығы қыза-рады, беті фибринозды өңезбен жабы-лған. Ауыздан жағымсыз иіс шығып, сілекей ағады (сілекейін жұту ауырсы-ну сезімін тудырады). Тіласты аймағ-ына бимануалды пальпация жасаған-да, тығыз инфильтрат анықталады, ба-сқанда ауырсыну сезімі күшейеді.
Инфекцияның тарау жолдары
Жұтқыншақмаңы артына, мойынн-ың қантамыр - жүйке шоғырының ша-ндыр қынабына, шандыр табақшалары бойымен көкірек аралық кеңістігіне тарауы мүмкін.
Бір жағының төменгі жақсүие-касты және тіласты шел кеңістік-терін қамтитын, ауыз қуысы түбін-ің флегмонасын тіліп ашу операция-сын орындау реті (116,А сурет) жанс-ыздандыру – наркоз (ингаляциялық) немесе премедикациямен қоса жергілі-кті инфильтрациялық және өткізгіштік анестезия: (БершеДубов, В.М. Уваров, А.В. Вишневский бойынша);
иектің орта тұсынан 1,5 - 2 см төмен, жақсүйектің бұрышына дей-ін жалғастырып, ұзындығы қабыну инфильтраттың аумағына тең тері, тері астының шел тіндері тілінеді (116,Ә,Б суреттер);
тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері және тері астының майлы шел тіндері) мойынның теріасты бұлшы-қеті (m. platysma) мен беткей шанд-ырынан (fascia colli superficialis) тө-менгі жасүйектің астыңғы қыры аш-ылғанша қантоқтатқыш қысқышпен немесе Купер қайшысымен тұйық ажыратылады. Тері астының шел ті-ндерімен бірге бет жүйкесінің шет-кері тармақтары жоғары көтеріледі;
мойынның теріасты бұлшықеті (m. platysma) мен меншікті шандыр-дың беткей табақшасы іріңді инфи-льтраттың үстінен 1см ұзындықта тілінеді (116,В сурет);
теріасты бұлшықеті астында жа-тқан тіндерден қантоқтатқыш қыс-қышпен босатылады;
мойынның теріасты бұлшықеті және оның шандыр табақшасы қа-нтоқтатқыш қысқыштың бойымен тері тілігінің ұзындығына сәйкес ті-лінеді. Гемостаз (116,Г сурет);
мойынның меншікті шандырының беткей табақшасын (lamina superfic-ialis fasciae colli propriae) тіліп, тө-менгі жақсүйекасты сілекей безінің қабы ашылады (116,Д сурет);
бет артериясы (a. facialis) мен көктамырына (v. facialis) байлам са-лып, кесіледі. Гемостаз (116,Е, Ж суреттер);
сілекей безі төмен қарай ығыст-ырылып, төменгі жақсүйек астының кеңістігі тексеріледі. Сілекей безі мен мойынның меншікті шандыр-ының терең табақшасы аралығында жатқан шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен ажыратылып, ірің шығ-арылады (116,З,И суреттер);
жақсүйек-тіласты бұлшықетінің (m.mylohyoideus) талшықтары қан-тоқтатқыш қысқышпен тұйық аж-ыратылып, ірің кедергісіз шығатын-дай етіліп, тіл астының және төме-нгі жақ сүйекасты шелкеңістіктерін-ің аралығы кеңейтіледі, ірің шығар-ылады. Түбегейлі гемостаз;
тіласты және төменгі жақ сүйе-касты шел кеңістіктеріне резеңке жолақ енгізіледі (116,К сурет);
тіласты аймағынан ірің шығару үшін альвеолалық өсінді бойымен ауыз қуысының шырышты қабығы инфильтраттың үстінен тілінеді (116,Л,М суреттер);
тіндер қантоқтатқыш қысқышп-ен іріңді ошаққа қарай тұйық ажыр-атылып, ірің шығарылады (116, Н, О суреттер);
іріңді жараға резеңке жолақ не-месе бірнеше жерден тесілген пол- ихлорвинильді
116 сурет. Төменгі жақсүйек және тіласты аймақтарынның бір жақты флегмонасын тіліп ашу опер-ациясының орындалу кезеңдері.
VII.3.3. Екі төменгі жақсүйек асты шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы.
Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгел қамтитын ау- ыз қуысы түбінің флегмонасының клиникалық белгілері
Науқас мойнының үстіңгі бөлімінің ауырсыну сезіміне, сөйлегенде, ауыр-сыну сезімі үдей түсуіне, жұтынуы қи-ындауына шағымданады. Тыныс алуы бұзылуы мүмкін. Науқастың қал-пы кейде мәжбүрлі - еңкейіп, басын төм-ен түсіріп отырады.
Оң және сол жақ тіласты аймақ-тарының тіндері едәуір ісінеді, ауыз қуысы түбінің терісі қызарып, керіліп тұрады. Иекасты және жақсүйекасты аймақтарын пальпациялағанда шека-расы айқын емес, басқанда ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат анықталады. Қабыну процесі ұзаққа созылуында флюктуация белгісі бай-қалуы мүмкін. Тілдің қозғалысы шек-теледі, ауыз қуысына сыймай, аузы жартылай ашық қалуы ықтимал. Тіл-дің жандарынан тіс сауыттарының із-дерін көруге болады. Ауыз қуысының
шырышты қабығы қызарып, домбығ-ады, сипап тексергенде және басқанда ауырсыну сезімі пайда болады.
Инфекцияның тарау жолдары
Тіл астының, жұтқыншақмаңы ай- мақтарының шел кеңістіктеріне, тіл түбіріне, мойынның қантамыр-жүйке шоғырының шандыр қынабы бойымен көкірек аралық кеңістігіне тарауы мү-мкін.
Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгел қамтитын ау- ыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау ретілігі:
Ауыз қуысы түбінің екі төменгі жа-қсүйекасты шел кеңістіктерін түгел қамтитын флегмонасында (117,А сур-ет) бірінен кейін бірі орындалатын екі операция жасалады. Оң және сол тө-менгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін тіліп ашқанда, иекасты шел кеңістікт-ері тексерілуі тиіс және тері тіліктері аралығында ені 2-2,5 см бүтін тері жо-лағы қалдырылады. Операция келесі-дей орындалады.
жансыздандыру – наркоз (ин-галяциялық) немесе премедикация-мен қоса жергілікті инфильтрация-лық және өткізгіштік анестезия: (Бе рше-Дубов, В.М. Уваров, А.В. Виш невский бойынша);
иектің астыңғы қырының орта тұсынан 1,5-2 см төмен, жақсүйек-тің бұрышы дейінгінен 1,5 см алш-ақтықта, ұзындығы қабыну инфил-ьтраттың өлшеміне сәйкес тері және тері астының шел тіндері тілінеді (117,Ә сурет);
тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері және тері астының шел тінде-рі) мойынның теріасты бұлшық-етінен (m. platysma) және оны жаб-атын беткей шандыр табақшасынан (fascia colli superficialis) қантоқтат-қыш қысқышпен немесе Купер қай-шысымен төменгі жақсүйектің аст-ыңғы қыры ашылғанша тұйық ажы-ратылады. Тері астының шел тінде-рі ілмекпен бет жүйкесінің шеткері тармақтарымен бірге жоғары көтер-іледі;
тері астының бұлшықеті (m. platysma) мен мойынның беткей шандыр табақшасы іріңді инфильтр-аттың үстінен 1 см ұзындықта тілін-еді;
тері астының бұлшықеті қант-оқтатқыш қысқышпен астында жа-тқан тіндерден босатылады;
мойынның теріасты бұлшықеті және оның шандыр табақшасы қа-нтоқтатқыш қысқыштың бойымен тері тілігінің ұзындығына сәйкес тілінеді. Гемостаз;
мойынның меншікті шандыр-ының беткей табақшасы (lamina su-perficialis fasciae colli propriae) тілі-ніп, төменгі жақсүйек асты сілекей безінің қабы ашылады;
қажет болған жағдайда, гемос-таз ретінде бет артериясы (a. facial-is) мен көктамырына (v. facialis) ба-йлам салып, кесіледі;
төменгі жақсүйекасты сілекей безін төмен қарай ығыстырып, жа-қсүйекасты кеңістігінің терең бөл-імдері тексеріледі. Сілекей безі мен мойынның меншікті шандырының терең табақшасы аралығында жат-қан шел тіндері қантоқтатқыш қыс-қышпен ажыратылып, ірің шығары-лады (117,Б сурет);
осындай хирургиялық ісәрекет қарсы жағының төменгі жақсүйек-асты шел кеңістігіне жасалады (2-9 кезеңдер);
жақсүйек астынан ашылған ір-іңді жараларының жиектерінде иек астының теріасты шел тіндері мой-ынның меншікті шандырының бет-кей табақшасынан (lamina superfic-ialis fasciae colli propriae) тұйық аж-ыратылады (117,В сурет);
мойынның меншікті шандыры (fascia colli propria) мен жақсүйек-тіласты бұлшықеті (m. mylohyoide-us) ортаңғы деңгейінен тілінеді;
тіндерді қантоқтатқыш қысқы-шпен тұйық ашып, иекасты аймағы-ның шел кеңістігі тексеріледі.Түбе-гейлі гемостаз;
иек астының және екі төменгі жақсүйек астының шел кеңістіктері өзара біріктіріп, резеңке жолақ нем-есе бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтік енгізіледі (117, Г,Д суреттер);
ауыз қуысы түбіндегі іріңді жараларға гипертониялық немесе антисептикалық ерітінділерімен ды-мқылданған асептикті дәке таңғыш салынады.
117 сурет. Екі төменгі жақсүйекасты шел кеңістіктерін түгел қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операци-ясы.
VII.1.3.4. Екі төменгі жақсүйек-асты және тіласты аймақтарының шел кеңістіктерін түгел қамтитын ауыз қуыс түбінің флегмонасы
Екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кеңіс-тіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбі флегмонасының клини-калық белгілері.
Науқас дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік пайда болып, мазасы кетуіне, тәбетінің төмендеуіне, ұйқысы бұзыл-уына, жұтынуы кедергіленіп, ауырсы-ну сезімін тудыруына, мойнының жо-ғарғы бөлімінің екі жағы бірдей ау-ыруына шағымданады. Тыныс алуы бұзылады.
Әдетте, науқастың қалпы мәжбүрлі тыныс алуын жеңілдету үшін басын төмен түсіріп, еңкейіп отырады. Ауызы жартылай ашық, үнемі сілекей ағады. Тынысы беткей, жиі және қырыл естілуі мүмкін.
Оң және сол жақ тіласты аймағы-ның тіндері ісінуінен бетінің симме-триясы бұзылады (118 сурет).
118 сурет. Екі төменгі жақсүйекасты және тілсты аймақтарының шел кеңістіктерін түгелдей қамтитын ауыз қуысы түбінің флегмонасы
Терісі қызарып, керіліп тұрады, қат-парға жинақталмайды. Иек және екі жағының жақсүйекасты аймақтарын пальпациялағанда шекарасы айқын емес, ауырсыну сезімін тудыратын ты-ғыз инфильтрат анықталады. Флюкту-ация белгісі байқалуы мүмкін. Ауызд-ың ашылуы шектеулі. Тіл астының ті-ндері ісінуінен, екінші тіл қалыптасқа-ндай көрініс байқалады. Ауыз қуысы-ның шырышты қабығы домбығып, қы-зарады, беті фиброзды өңезбен жабыл-ады. Тілдің өлшемі ұлғаюынан, ауыз қуысына сыймай, көтеріліп тұрады, қозғалысы шектеледі. Ауыздан жағы-мсыз иіс шығады. Ауыз қуысы ішінен пальпациялағанда тілдің оң және сол жақ астынан тығыз инфильтрат анық-талады. Басқанда ауырсыну сезімі па-йда болады.
Инфекцияның тарау жолдары
Тіл түбіріне және жұтқыншақмаңы шел кеңістігіне, мойынның қантамыр-жүйке шоғыры қынабының бойымен көкірек аралық кеңістігіне тарауы ықтимал.
Екі төменгі жақсүйекасты және тіласты аймақтарының шел кеңіс- тіктерін түгел қамтитын ауыз қу- ысы түбінің флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау кезеңдері:
Ауыз қуысы түбінің мұндай флегм-онасын екі бірдей операцияны бірінен кейін бірін орындап, жақсүйек-асты және тіласты аймақтарынан ірің шыға-рылады, иек астының және тіл түбірі-нің шел кеңістіктері тексеріледі (119 сурет) .
жансыздандыру – міндетті түде жалпы наркоз(жасалынады). Тыныс алу жетіспеушілігінде, қабыну процесінен тыныс жолдары тарылуында немесе операция жасау барысында ин-
119 сурет. Ауыз қуысы түбінің жайылма-лы флегмонасымен ауырған науқасқа «жа-ға тәрізді» тілік жасалып, ірің шығарылға-ннан кейін; бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтіктер және резенке жола-қтар ірің өткізгіштер ретінде енгізілген.
фекциялық ошақтан ірің ауыз қу-ысына немесе тыныс жолдарына өту қауіптілігі болса, сондай-ақ оп-ерациядан кейін де науқастың ты-ныс жолдары тарылуының алдын- алу мақсатымен трахеостома сал-ып, сол арқылы эндотрахеальді на-ркоз жүргізу тиімді;
иек астының орта тұсынан 1,5-2 см төмен және жақсүйектің бұры-шына дейін жалғастырылатын, ұз-ындығы қабыну инфильтратының өлше міне сәйкес тері және тері ас-тының шел тіндері тілінеді;
тілінген жараның үстіңгі жиегі (тері және тері астының майлы шел тіндері) мойынның теріасты бұлш-ықеті (m. platysma) мен беткей шан-дыр табақшасынан (fascia colli sup-
erficialis) қантоқтатқыш қысқышпен немесе Купер қайшысымен төменгі жақсүйектің астыңғы қыры ашылғанша тұйық ажыратылады. Тері астының шел тіндерімен бірге бет жүйкесінің шеткері тармақтары жоғары көтеріледі;
мойынның теріасты бұлшықеті мен беткей шандыр табақшасы қа-быну инфильтраты үстінің биіктеу жерінен 1 см ұзындықта тілінеді;
тері астының бұлшықеті қантоқ-татқыш қысқышпен астында жатқ-ан тіндерден тұйық босатылады; мойынның теріасты бұлшықеті мен шандыр табақшасы астына енгізіл-ген қантоқтатқыш қысқыштың бой-ымен тері тілігінің ұзындығына сәй-кес тілінеді;
мойынның меншікті шандыры-ның беткей табақшасын (lamina su-perficialis fasciae colli propriae) тіл-іп, төменгі жақсүйекасты сілекей безінің қабы ашылады;
қажет болған жағдайда гемос- таз ретінде бет артериясы (a. faci-alis) мен көктамырына (v. facialis) байлам салып, кесіледі;
сілекей безі төмен ығыстырыл-ып, төменгі жақсүйекасты кеңістігі-нің терең бөлімдері тексеріледі (аш-ылмаған іріңді ошақтар қалып қоймас үшін). Іріңді ошақты ашу үшін, сілекей безі мен мойынның меншікті шандырының терең табақ шасы аралығындағы шел тіндері қа-нтоқтатқыш қысқышпен тұйық аж-ыратылады;
тіласты бұлшықетінің талшық-тарын қантоқтатқыш қысқышпен тұйық ажыратып, ірің шығару үшін,
тіл астының шел кеңістігін ашу қа-жет;
осындай хирургиялық әдіс қар- сы жағының төменгі жақсүйекасты шел кеңістігініне жасалады (2-10 ке-зеңдер);
жақсүйек астынан ашылған ір-іңді жаралардың жиектерінде иек астының теріасты шел тіндері мой- ынның меншікті шандырының бет-кей табақшасынан (lamina superfic-ialis fasciae colli propriae) түйық аж-ыратылады;
мойынның меншікті шандыры (fascia colli propria) мен жақсүйек-тіласты бұлшықеті (m mylohyoi-deus) ортаңғы деңгейінен тілінеді;
қан тоқтатқыш қысқышпен иек астының шел кеңістігі ашылады;
тіласты тіл (mm. hyoglossus) жә-не иекастытіл бұлшықеттері (mm. genioglossus) ортаңғы деңгейінен жандарына қарай ығыстырылып, тіл түбірінің шел кеңістігі тексеріледі;
жақсүйек астының, тіл астының, иекасты және тіл түбірінің шел ке-ңістіктеріне бірнеше жерден тесіл-ген полихлорвинильді түтік енгізі-леді; Түбегейлі гемостаз;
ауыз қуысы түбінен ашылған ір-іңді жараларға антисептикалық не-месе гипертониялық ерітінділермен дымқылданған дәке таңғыш салына-ды.
VII.2. Мойынның тіласты бөлім-інің тіл сүйекасты аймағының абсц-естері мен флегмоналары.
VII.2.1. Мойынның тіл асты сүй-ек асты бөлігінің алдыңғы бөлімін-ің абсцестері мен флегмоналары.
Топографиялық анатомиясы Мойынның тіласты бөлімінің тілсүй-екасты аймағының алдыңғы бөлімінің шекаралары (120 сурет): жоғарғы – тіласты сүйегі (os hyoideus) және m. digastricus артқы қарыншасы, төменгі
– төстің мойындырық ойығы, артқы – төс-бұғана-емізік бұлшықетінің (m. sternocleidomastoideus) алдыңғы жиегі.
Мойынның тіл сүйекасты аймағын-ың ортаңғы деңгейінде екі үшбұрыш жатады (trigonum coli mediale), олард-ың өздері жауырын-тіласты бұлшық-етінің (m. omohyoideus) алдыңғы қары-ншасымен жауырын-кеңірдектік (trig-onum omotracheale) және ұйқы үшбұр-ыштарына (trigonum caroticum) бөлін-еді.
Бұл аймақтың терісі жұқа және қоз-ғалмалы. Беткей шандыры (В.Н.Шев-куненко бойынша бірінші шандыр табақша) тері астының бұлшықетін қаптайды. Аталмыш бұлшықет пен бі-
120 сурет. Мойынның құрылымдары, шандырлары мен бұлшықеттері.
1- мойынның теріасты бұлшықеті; 2 - төс-бұғана-емізік бұлшықеті, m. sternocleidomas-toideus; 3 – мойынның мен шікті шандырын-ың беткей табақшасы, lamina superficialis fasciae colli propriae; 4 – жауырын-тіласты бұл- шықеті, m. omohyoideus; 5 – төс-тіласты бұлшықеті; 6 – төс-қалқан бұлшықеті; 7 – қа-лқанша безі; 8 – мойыніші шандырының висцеральді табақшасы; 9 - мойыніші шанды-рының париетальді табақшасы; 10 – ішкі мо-йындырық көктамыры; 11- кезбе жүйкесі; 12 – жалпы ұйқы артерия; 13 – қайтарма кеңірдек жүйкесі; 14 - өңеш; 15 - мойынның ұзын бүлшықеті; 16 – омыртқа алдының шан-дыры; 17– симпатикалық бағана;
Қабаттарының құрылымдары (121 сурет).
121 сурет. Мойынның бұл-шықеттері мен ша-ндырлары (В. Н. Шевкуненко бойынша) 1 - m. platysma, 2 - m. sternocleidomastoideus, 3 - m. sternohyoideus, 4 - m. sterno-thyreoideus, 5 - gl. thyroidea, 6 - m. omohyoideus, 7 – oesopha-gus, 8 - m. scalenus anterior, 9 - m. trapezius
рінші шандыр табақша аралығында беткей қан тамырлары мен жүйке та-рмақтары (v. jugularis anterior, n. Cuta-neus colli) өтеді. Одан төмендеу жерде мойынның меншікті шандыры (В. Н. Шевкуненко бойынша - екінші шанд-ыр табақша) жатады. Аталмыш шан-дыр табақша үстіңгі жағында төменгі жақсүйектің қырына, төменінде – төс-тің тұтқасының алдыңғы жиегіне бек-иді. Сыртқы (латеральді) жағында шандыр m. sternocleidomastoideusті,ал мойынның бүйір үшбұрышынада m. trapeciusті қаптайды. Мойынның тіл-асты бөлігінің тіластысүйек аймағы-ның келесі шандыры – жауырынтілас-ты шандыр табақшасы (В.Н. Шевкуне-нко бойынша үшінші шандыр табақ-ша) – басқаларымен салыстырған қыс-қа. Жоғарғы жағында ол тіласты сүйе-гіне, төменде – төстің артқы қырына бекиді, жандарында – жауырын-тілас-ты бұлшықетін (m.omohyoideus) қапта-йды. Орта тұсында екінші және үшін-ші шандыр табақшалары өзара қосыл-ып, «ақ сызық» деп аталатын табақша құрайды. Төстен 3-4 см жоғары жерде шандыр табақшалары аралығында жақсы дамыған майлы шел тіндері жа-тады – төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігі, spatum interaponeurotic-um suprasternale (122 сурет).
Мойынның алдыңғы бөлімінің шан- дыр аралық шел кеңістіктері екі топқа бөлінеді:
1) тұйық дерлік шел кеңістіктері; 2) өзара қатынасып жататын тұйық емес шел кеңістіктері. Тұйық дерлік шел кеңістігіне төс үстінің апоневроз арал-ық шел кеңістігі (spatuminteraponeuro-ticum suprasternale.) жатады. Тұйық емес, өзара қатынасып жататын шел кеңістіктеріне spatum previscerale (алды-ңғы көкірек аралығымен қатынасы
122 сурет. Төс үстінің апоневроз аралық шел кеңі-стігі: а: 1 – төс-бұғана-емізік бұлшықеті, m. sterno-cleidomastoideus; 2 – трапеция тәрізді бұлшықет, m. trapecius; 3 – жауырын-тіласты бұлшықеті, m. omohyoideus; 4 – бұғана; 5 – төсарты-бұғана-еміз-ігінің тұйық қабы: ә: 1 – тіл асты сүйегі; 2 – мойы-нның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis fasciae colli propriae; 3 – күре көк-тамыр доғасы, arcus venosus juguli; 4 – төстің тұт-касы; 5 - мойынның меншікті шандырының те-рең табақшасы, lamina profunda fasciae colli pro-priae; 6 - төс үстінің апоневрозаралық шел кеңістігі, sp-atum interaponeuroticum suprasternale.
123 сурет. Мойынның тіласты аймағының алдың-ғы бөлімінде шоғырланған іріңді қабыну процест-ері (көрініс көлденең бағытынан): 1 - теріасты шел кеңіс-тігінде; 2 - кеуде үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінде; 3 - кеңірдек алдының шел кеңіс-тігінде; 4 – мойынның алдыңғы бүйір бөлімінің тіласты-сүйекасты бөлімінде; 5 - мойынның қанта-мыр-жүйке шоғыры-ның шандыр қынабының шел кеңістігінде; 6 – жұтқыншақмаңы шел кеңістігін-де; 7 - кеңірдекмаңы кеңістігінде; 8 - ретровисце-ральді кеңістікте.
бар) және spatum retroviscerale (үсті-ңгі жағында – жұтқыншақ маңы кеңіс-тігімен, төменде – артқы көкірек арал-ық кеңістігімен қатынасы бар).
Мойынның тіласты аймағының ал-дыңғы және артқы бөлімдерінің шел кеңістіктерінде іріңді қабыну процес-терінің шоғырлануы (123,124 сурет-тер), оларды тіліп ашу орындары мен ірің өткізгіштік қалдыру ерекшелік-тері (125 сурет) көрсетілген.
Төс үсті кеңістігінің шел тіндері ар-алығынан arcus venosus juguli өтеді. Үшінші шандыр табақша төрт жұп бұ-лшықеттерін қаптайды: mm. sternohyo-idei, sternothyreoidei, thyrehyoidei (мой-ынның ортанғы сызығының екі жағы-нда, кеңірдектің артында жатады) жә-не m. omohyoidei. Аталмыш бұлшықет-тердің астында париетальді және висц-еральді шандыр табақшаларынан құр-алған fascia endocervicalis (В.Н.Шевк-уненко бойынша – төртінші шанд-ыр табақша) жатады. Висцеральді шандыр табақша мойынның жекеленг-ен мүшелерін қаптайды. Кеңірдектің алдында төртінші шандырдың парие-тальді және висцеральді табақшалары
аралығында шел кеңістік бар – spatum previscerale (pretrachea-le), ол астыңғы жағында алдыңғы көкірек аралық кең-
істігінің шел тіндеріне жалғасады. Тө-ртінші шандырдың париетальді шан-дыр табақшасы кеңірдектің бүйір жан-дарында spatium vasonevorum деп ата-лады мойынның кантамыр-жүйке шоғ-ырын (a. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus) қаптайды. Қынаптың
124 сурет. Мойында абсцестер мен флегмоналардың шоғырлану орындары. а - сагит-тальді кесіндісі: 1 – жұтқыншақарты абсцесі; 2 – экстра-дуральді абсцесс; 3 - желке айм-ағының абсцесі; 4 - кеңірдек артының абсцесі; 5 - төс үстінің абсцесі; 6 –апоневроз ара-лық төсүсті абсцесі; 7 – висцеральді кеңістіктің абсцесі; 8 - жұтқыншақ артының абсцесі. ә – мойынның көлденең кесіндісі: 1 – бецольді флегмонасы; 2 - висцеральді кеңістігінің флегмонасы (абсцесі); 3 - жұтқыншақарты кеңістігінің флегмонасы ( абсцесі); 4 - мойынн-ың артқы терең флегмонасы; 5 – трапеция бұлшықет астының флегмонасы; 6 – мойынн-ың қантамыр–жүйке шоғыры флегмонасы. (В.К.Гостищевтен алынған. Оперативная гной-ная хирургия . – М., 1996.)
ішінде жатқан шел тіндері қан тамыр-жүйке шоғыры бойымен алдыңғы көк-ірек аралық кеңістігінің шелтіндеріне жалғасуы, медиастениттің дамуына себеп болуы мүмкін.
Көмейдің, кеңірдектің және өңештің артында, мойынның терең ұзын бұл-шықеттерінің жандарында (mm. longus
colli, longus capitis) омыртқа алдының
шандыр табақшасы (В. Н. Шевкунен-
ко бойынша бесінші шандыр табақ-
ша) өтеді. Өңештің артында, төртінші және бесінші шандыр табақшалары аралығында, артқы көкірек аралығы-мен қатынас құрайтын жататын вис-цера артының кеңістігі (spatumret-roviscerale) бар.
125 сурет. Мойынның абсцестері мен флегмоналарын ашуға жүргізілетін тері ті-ліктерінің орындары (а) және ірің өткізгіштіктерді енгізу: (ә). а: 1 – иекасты флегмон-асы; 2 – төменгі жақсүйекасты флегмонасы; 3 – жұтқыншақмаңы абсцесі; 4,5 – мойы-нның қантамыр қынабының флегмонасы: төменгі (4) және жоғарғы бөлімі (5); 6 – Кютнер бойынша тілік; 7 – Керенин бойынша тілік; 8 – мойынның бүйір үшбұрышы флегмонасы; 9 – превистиральді флегмона; 10 - төсүсті апоневроз аралық флегмона-сы. ә: 1 – жақсүй-екасты флегмонасы; 2 – қантамыр қынабының флегмонасы; 3 – рет-ровисцеральді флегмона; 4 - төсүсті абсцесі мен алдыңғы көкірекаралық абсцесі; 5 – бецольді флегмона; 6 – мойынның сыртқы үшбұрышы флегмонасы. (В.К.Гостищевт-ен алынған. Оперативная гнойная хирургия . – М., 1996.)
VII.2.2. Мойынның тіласты сүйек-асты аймағының алдыңғы бөлімін-ің теріасты шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасы.
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Терінің іріңді қабыну аурулары (фо-лликулит, сыздауық, шиқан, тілме), инфекцияланған жаралар, көршілес анатомиялық аймақтарының тері асты май шел тіндерінің іріңді қабыну ауру-лары (иекасты, төменгі жақсүйекасты, төс-бұғана-емізік аймақтары).
Мойынның тіл асты сүйекасты аймағының адыңғы бөлімінің тері асты шел тіндерінің абсцесі мен фл-егмонасының клиникалық белгі лері
Науқас мойынының алдыңғы бөлі мінің ауыруына шағымданады.
Мойынның алдыңғы бөлімінің тін дері ісінгенін көруге болады. Паль- пациялағанда шекаралары айқын (абс-цесте) немесе айқын емес (флегмона-да), өлшемі ауқымды, тығыз инфиль-трат анықталады. Инфильтрат үстінің терісі қызарған, пальпациялағанда ау-ыратын, басқанда ауырсыну сезімі үд-ей түсетін тығыздық анықталады. Ұз-аққа созылған іріңді қабыну процес-інде флюктуация белгісі болуы мүм-кін.
Инфекцияның тарау жолдары
Мойынның теріасты май шел тін-деріне және кеуденің алдыңғы бөлімі-не.
Мойынның тіл асты сүйекасты аймағының алдыңғы бөлімінің тері асты шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашуоперациясын орындау реттілігі (126 сурет):
жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтраци-ялық анестезия немесе жалпы нар-коз;
мойын терісінің қатпарлары бо-йымен (126,А сурет) іріңді инфил-ьтраттың өлшеміне сәйкес горизо-нтальді бағытта тілік жасалады (126, Ә,Б суреттер);
қантоқтатқыш қысқышпен тері астының шел тіндері тұйық, терең-дете ажыратылып, қабыну ошағы-нан ірің шығарылады (126,В сур-ет); Гемостаз.
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден те-сілген полихлорвинильді түтік ен-гізіледі (126, Г сурет);
126 сурет. Мойынның тіласты аймағының алды-ңғы бөлімінің теріасты шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу опера-циясының орындалуы.
гипертониялық ерітіндімен дым-қалданған асептикті дәке таңғыш салынады.
VII.2.3. Төс үстінің апоневроз ар-алық шел кеңістігінің (spatum intera-poneuroticum suprasternale) абсцесі мен флегмонасы
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Инфекцияланған жаралар, ұйыған
қанның іріңдеуі, көршілес анатомиял-ық аймақтарының іріңді қабыну ауру-лары.
Төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінің абсцесі мен флегмон-
асының клиникалық белгілері
Науқас мойынының алдыңғы бөлі-мінің төменгі бөлігі солқылдап ауы- руына, жұтынғанда, мойнын бұрғанда ауырсыну сезімі үдей түсуіне шағым-данады.
Мойынның алдыңғы-төменгі бөлім-інің төсүсті тіндері ісінеді, пальпация-лағанда ауырсыну сезімін тудырады. Инфильтрат үстінің терісі қызараған немесе өзгеріссіз, қатпарға жинақтал-майды, пальпациялағанда ауырсыну сезімі үдей түседі. Дене қызуы көтері-леді.
Инфекцияның тарау жолдары
Төс үстінің апоневроз аралығы тұй-ық кеңістік болғандықтан, іріңді қа-быну процесі көршілес аймақтарға тек мойынның екінші және үшінші шан-дыр табақшалары ыдырағанда ғана та-рауы мүмкін. Бірінші жағдайда, lamina superficialis fasciae colli propriae бүтін-дігі бұзылғанда, іріңді қабыну процесі мойынның беткей шандыр табақшасы (fascia colli superficialis) бойымен тері астының майлы шел тіндері бойымен кеуде алдыңғы бетіне өтеді. Екінші жағдайда, lamina profunda fasciae colli propriae бүтіндігі бұзылғанда, іріңді қабыну процесі мойынның төртінші шандыр табақшасы (fascia endocer- vicalis) бойымен кеуденің артына, егер шандырдың париетальді табақшасы ыдыраса - кеңірдек алдының шел ке-ңістігіне (spatum pretracheale), одан әрі - алдыңғы көкірек аралығына өтуі мүмкін.
Төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонас-ын тіліп ашу операциясын орындау реті (127 сурет):
127 сурет. Төс үстінің апоневрозасты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясын.
ашылған жараның жиектері (те-рі, теріасты шел тіндері, беткей ша-ндыры - fascia colli superficialis) іл-мекпен төмен және жоғары қарай қайырылып, мойынның екінші шан-дыр табақшасы (lamina superficialis fasciae colli propriae) тілінеді (127,В сурет);
төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінде жатқан көктамыр-ларын және мойындырық көкта-мыр доғасын (arcus venosus juguli) жарақаттамау үшін, мойынның екі-нші шандыр табақшасы астына қа-нтоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен инфильтрат үстінің тіндері 0,5 см ұзындықта тілінеді (127,Г сурет);
қантоқтатқыш қысқышпен тіндер іріңді ошаққа қарай тұйық тереңд-ете (мойындырық көктамыр доғас-ын жарақаттамау үшін) ажыратыл-ып, ірің шығарылады (127,Д сурет);
жандарының қабырғалары тұйық ажыратылып, m. sternocleidomastoi-deus төменгі талшықтары артында жатқан тұйық қабы (recessuslatera-lis) тексеріледі (125, Е сурет). Гемо-стаз;
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тес-ілген полихлорвинильді түтік енгі-зіледі (127,Ж сурет);
гипертониялық немесе антисептик-алық ерітінділермен дымқылданған асептикті дәке таңғыш салынады.
VII.2.4. Кеңірдек алды шел кеңіс-тігінің (spatum pretracheale) абсцесі мен флегмонасы.
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Кеңірдек алдының инфекцияланған жаралары, көршілес анатомиялық айм-ақтардан (жұтқыншақмаңы, мойынн-ың қантамыр-жүйке шоғырының қын-абынан, төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінен тарайтын екіншілік іріңді қабыну аурулары, сондай-ақ, ли-мфагенді жолмен де (аймақтың шел тіндерінде көптеген лимфа түйіндері жатады) дамуы мүмкін.
Кеңірдекалды шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасының клини-калық белгілері.
Науқас мойынының төменгі бөлімі-нің ауыруына, жұтынғанда, жөтелген-де, басын бұрғанда немесе шалқайт-қанда ауырсыну сезімі үдей түсуіне шағымданады.
Әдетте науқастың қалпы мәжбүрлі – тынысын жеңілдету үшін басын төмен түсіріп, еңкейтіп отырады. Мойынның алдыңғы-төменгі бөлімінің тіндері ісі-нгенде мойындырық ойығы тегістеле-ді. Пальпациялағанда кеңірдектің үс-тіңгі тұсынан іріңді инфильтрат анық-талады, басқанда және кеңірдекті жа-нына қарай ығыстырғанда, ауырсыну сезімі үдей түседі. Іріңді қабыну проц-есі терең шел кеңістігінде өтетіндікт-ен, тері бетінің түсі өзгермеуі мүмкін. Кеңірдектік байлам астының (подсвя-зочный) тіндері домбығып ісінуінде, науқастың дауысы қарлығады, тыны-сы тарылады.
Инфекцияның тарау жолдары
Іріңді процесс жиі алдыңғы көкірек аралығына, сондай-ақ, жұтқыншақ ма- ңы кеңістігіне, одан әрі–жұтқыншақ артының және артқы көкірек аралық кеңістіктеріне өтуі мүмкін.
Кеңірдекалды шел кеңістігінің аб-сцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау реттілігі:
жансыздандыру – наркоз (көкта-мырішілік, ингаляциялық), преме-дикациямен қоса жергілікті инфил-ьтрациялық анестезия;
іріңді қабыну процесі кеңірдек алды кеңістігінде шоғырлануында мойынның ортаңғы деңгейінен, тө-стің тұтқасының үстіңгі қырының ортасынан сақина тәрізді шемірше-кке дейін тері тілінеді;
мойынның беткей шандыр таба-қшасы тілінгеннен кейін, жараның жиектері астында жатқан тіндерден
тұйық ажыратылып, ілмекпен жан-дарына қарай ығыстырылады, мой-ынның екінші шандыр табақшасы-ның (lamina superficialis fasciae colli propriae) беті ашылады;
төс үстінің апоневроз аралық шел кеңістігінде жатқан көктамыр-лары мен мойындырық көктамыр доғасын (arcus venosus juguli) жар-ақаттамау үшін, мойынның екінші шандыр табақшасының астына қан-тоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен инфильтрат үстінің тіндері 0,5 см ұзындықта тілінеді;
шел тіндер мен қан тамырлары (arcus venosus juguli) қантоқтат-қыш қысқышпен мойынның үшінші шан-дыр табақшасынан (lamina profunda fasciae colli propriae) түйық ажыра-тылады. Гемостаз;
ілмекпен шел тіндері жандары-на қарай ығыстырылып, lamina profun-da fasciae colli propriae тілінеді. Астында жатқан мойынның төртін-ші шандырының париетальді табақ-шасы (fascia endocervicalis) қантоқт-атқыш қысқыштың бойымен тілін-еді. Мұндағы шел кеңістігінде жат-қан қантамырларын (a. thyreoidea imтa et plexus thyreoideus impar) және қалқанша безін жарақаттамау шаралары қарастырылуы тиіс;
қантоқтатқыш қысқышпен шел тіндері тұйық тереңдете ажыраты-лып, ірің шығарылады;
қан кетуі түбегейлі тоқтатылған соң (гемостаз), жараға резеңке жо-лақ немесе бірнеше жерден тесіл-ген полихлорвинильді түтік енгізі-леді;
гипертониялық ерітіндімен дым- қылданған асептикті дәке таңғыш салынады.
VII.2.5. Мойынның ұйқы үшбұры- шының (trigonum coroticum) абсцесі мен флегмонасы
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Екіншілік іріңді қабыну процесі қан тамыр айналасының шел тіндері бойы-мен көршілес аймақтардан (жақсүй-екасты, жұтқыншақ маңы, төменгі жа-қсүйек арты) енеді, сондайақ, іріңді инфекцияның қоздырғыштары лимфо- генді жолмен ішкі мойындырық көк-тамыры бойында жатқан лимфа түй-індерінің (nodus limphaticus jugulodi-gastricus) қабынуынан дамуы мүмкін. Терінің іріңді қабыну аурулары және ұйқы үшбұрышының инфекцияланған жаралары іріңді процестің дамуына себепші болуы ықтимал.
Мойынның ұйқы үшбұрышының абсцесі мен флегмонасының жерг-ілікті клиникалық белгілері:
Науқас мойнының ұйқы үшбұрышы аймағы ауыруына, басын қозғалтқан-да, еңкейткенде және бұрғанда ауыр- сыну сезімінің үдей түсуіне шағым-данады.
Мойнының ұйқы үшбұрыш аймағы-ның тіндері ісініп, терісі қызарады. М. sternoceidomastoideus жоғарғы үштен бір бөлімі аймағының алдыңғы тұсын пальпациялағанда ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат анық-талады. m. sternoceidomastoideus сыр-тына қарай ығыстырғанда, ауырсыну сезімі күшейеді.
Инфекцияның тарау жолдары
Инфекциялық қабыну процесі ұйқы үшбұрышынан қантамыр айналасы-ның spatium vasonervorum шел тіндері бойымен төмен, одан әрі алдыңғы кө-кірек аралығына және бұғана үсті мен бұғана асты аймақтарына өтуі мүмкін.
Мойынның ұйқы үшбұрышының абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау реттілігі:
Іріңді ошақ ұйқы үшбұрышында шоғырланғанда жансыздандыру –жал-пы наркоз (көктамырішілік, ингаляци-ялық), премедикациямен қоса жергілі-кті инфильтрациялық анестезия;
төменгі жақсүйектің бұрышы де-нгейінен m. sternoceidomastoideus алдыңғы қыры бойымен тері тілін-еді;
әрі қарай тері астының майлы шел тіндері, мойынның беткей шан-дыры (fascia colli superficialis) және аралығынан өтетін тері астының бұ-лшықеті (m. platysma) қабат-қабат-ымен тілінеді;
ілмекпен жараның жиектері жа-ндарына қарай ығыстырылып, қан-тоқтатқыш қысқышпен мойынның меншікті шандырының беткей та-бақшасынан ажыратылып, m. sterno-cleidomastoideus-тің алдыңғы шеті ашылады;
m. sternoceidomastoideus таяу жерде 4–5 мм ұзындықта lamina su-perficialis fasciae colli propriae тілін-еді, жерде осы арадан қантоқтатқ-ыш қысқыш енгізіп, соның бойымен шандыр табақша кесіледі;
астында жатқан шел тіндер қан-тоқтатқыш қысқышпен тұйық ажы-ратылып, ілмекпен m.sternoceidom-astoideus жоғары және артқа қарай ығыстырылады, төртінші шандырд-ан (fascia endocervicalis) құралған мойынның қантамыр-жүйке шоғыр-ының шандыр қынабының сыртқы қабырғасы ашылады;
қантамыр – жүйке шоғырының шандыр қынабының сыртқы қабыр-ғасы 3–4 мм ұзындықта тілінеді; осы жерден шандыр мен ішкі мойы-ндырық көктамыр (v.jugularis inter-na) аралығына қантоқтатқыш қысқ-ыш енгізіп, соның бойымен қынапт-ың шандыр қабырғасы тіліп ашыла-ды;
қантамыр айналасының (парава-зальді) шел тіндері тұйық ажыраты-лып, қабыну ошағынан ірің шығар-ылады. Түбегейлі гемостаз;
spatium vasonervorum-нан ашыл-ған іріңді жараға резеңке жолақ не-месе бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтік енгізіледі;
антисептикалық немесе гиперто-ниялық ерітінділермен дымқылдан-ған асептикті дәке таңғыш салына-ды.
VII.2.6. Мойынның бүйір бөлімі- нің (region cervicalis lateralis) және төс-бұғана-емізік бұлшықеті айма- ғының (region sternocleidomastoidea) абсцестері мен флегмоналары.
Мойынның алдыңғы бөлімінің сыр-тқы жағында жатқан төс-бұғана-емізік бұлшықеті өзімен аттас аймақты (regio sternocleidomastoidea) құрайды. Атал-мыш аймақтың ерекшелігі: бұл жерде мойынның екінші шандыр табақшасы-нан құралған, қабырғалары тығыз және тұйық төс-бұғана-емізік бұлшық-етінің шандыр қынабы жатады. M. st-ernocleidomastoidea артқы жағынан қиғаш сыртқы мойындырық көктамы-ры өтеді (v. jugularis externa). Аймақт-ың төменгі бөлімінің бұлшықеті асты-нан мойынның негізгі қантамыр-жүй-ке шоғыры (a. carotis communis, v. jug-ularis interna, n. vagus) шығады. Қант-амыр-жүйке шоғырына жақын, мойы-нның бесінші шандыр табақшасы аст-ында симпатикалық жүйке бағанасы (truncus sympaticus) жатады.
Мойынның бүйір бөлімінің (trigon-um colli laterale) шекаралары: алдын-ан–төс-бұғана-емізік бұлшықетінің ар-тқы жиегі; артынан–трапеция тәрізді бұлшықет; төменнен – бұғана сүйегі. Жауырын-тіласты бұлшықеті trigon-um colli laterale екі үшбұрышқа бөле-ді: trigonum omoclaviculare және trigo-num omotrapezoideus.
Аймақтың анатомиялық құрылы-мы: терісі жұқа, беткей шандыр табақ-ша аралығын m. platysma өтеді. Шанд-ырдың астында жатқан майлы шел ті-ндерінен аймақтың терісін жүйкеленд-іретін nn. supraclavicularis (мойын өрі-
мінен құралған жүйке тармақтары), сондай-ақ бұғана және m. sternocleido-mastoideus қиылысының бұрышында шандыр табақшасын жаншып, сыртқы мойындырық көктамыры бұғана асты көктамырына қосылады. Мойынның екінші шандыры бүйір үшбұрышының бұғана үстінде, тығыз табақшаға ауы-сып, бұғананың үстінгі қырына бекиді. М. omohyoideus қаптайтын үшінші ша-ндыр табақша, тек бұғана үстіне жатқ-ан бүйір үшбұрышына дейін жетеді.
Үшінші шандырдың астында, артқы жағы мойынның омыртқа алдының шандырымен (бесінші) тұйықталған шел кеңістік бар. Шандырдың өзі бас-палдақ бұлшықеттерін (mm. scalene anterior, medius et posterior) қаптайды. Бұғана үстінің тұсында бесінші шан-дыр табақша астынан бұғана асты ар-терия мен иық жүйке өрімі өтеді; олар алдыңғы және ортаңғы баспалдақ бұл-шықеттері аралығынан өтетін саңылау арқылы (spatum interscalenum) бұғана-үсті аймағымен байланысып жатады. Осы жерде бұғана-асты плевраның кү-мбезіне таяу жатады. Артериядан ілге-рі, бұғананың артында бұғана астын-ың көктамыры өтеді. Алдыңғы баспал-дақ бұлшықеті бетінен тік бағытта ди-афрагмальді жүйке (n. phrenicus) өтеді. Артерия және көктамыр бойымен бұғ-ана үстінің шел кеңістігі алдыңғы жә-не баспалдақ бұлшықеті аралығының шел кеңістігі арқылы мойынның алды-ңғы бөлімімен және алдыңғы көкірек аралығымен байланыс құриды. Латер-альді бағытта бұғана және бірінші қа-бырға аралығынан өтетін саңылау арқ-ылы қан тамыр айналасының шел тін-дері қолтыққа жалғасады. Бұғананың үстінде a. subclavia-дан a. thoracica in-terna, a. vertebralis, tr. thyreocervicalis бөлініп шығады. Бұғана астының көк-тамырына сыртқы мойындырық көкт-амыры, ал ішкі мойындырық және бұ-ғанаасты көктамырларынан құралған көктамыр бұрышының сол жағына du-ctus thoracicus (кеуделік лимфа бағана-сы) қосылады.
Мойынның бүйір бөлімінен, жоғар-ыда көрсетілгендей, бірнеше шандыр аралық және бұлшықет аралық саңыл-аулары өтеді: 1) төс-бұғана-емізік қы-набының тұйық шандыр қынабы; 2) бұғанаүсті аймағының терең шандыр аралық кеңістігі (бұғана асты артерия және көктамыр бойымен мойынның алдыңғы аймағының шел тіндері көкі-рек аралығымен, қолтықпен, жалпы ұйқы артерия және ішкі мойындырық көктамыр айналасының шел тіндерім-ен қатынасады); 3) екінші және бесін-ші мойын шандырлары аралығында жатқан мойынның жоғарғы бөлімінің бүйір үшбұрышының шел кеңістігі (tr. omotrapezoideum). m. sternoceidomast-oideus қынабының артқы қабырғасы іріңді процеспен ыдырайтын болса, мойынның негізгі қантамыр-жүйке шоғыры кеңістігінде, spatium vasoner-vorum (a. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus) іріңді қалта қалыпта-суы мүмкін.
VII.2.6.1. Төс-бұғана-емізік бұлшық-еті (m. sternoceidomastoideus) шандыр қынабының абсцесі мен флегмона-сы.
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Инфекцияланған жаралар, ұйыған қанның іріңдеуі, көршілес аймақтард-ан тарайтын екіншілік іріңді қабыну аурулары (ауыз қуысы түбінің шірікті-өлеттенген флегмонасы, фасцит).
Төс-бұғана-емізік бұлшықеті (m. sternoceidomastoideus) шандыр қына-бының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгілері.
Науқас төс-бұғана-емізік бұлшықеті аймағының ауыруына, басын қозғал-тқанда, бұрғанда ауырсыну сезімінің үдей түсуіне шағымданады.
Бұлшықеттің айналасында жатқан тіндердің ісінуінен мойынның симмет-риясы бұзылады. Науқастың қалпы мәжбүрлі болуы мүмкін – басы қабы-ну процесі жағына қарай қисаяды. Па-льпация жасағанда тығыз инфильтрат анықталады, m. sternoceidomastoideus бұлтиып, шығып тұрады, басқанда ау-ырсыну сезімі пайда болады.
Инфекцияның тарау жолдары
М. sternocleidomastoideus шандыр қынабы тұйық кеңістік болғандықтан, іріңді қабыну процесі жан-жаққа тара-майды. Шандыр қынабының қабыр-ғалары өліеттеніп ыдырауында, іріңді қабыну процесінің тарауына кедергі болмайды. Сол себептен, ірің көршіл-ес аймақтарға, нақтылап айтқанда, бұ-лшықеттің астында жатқан spatium va-sonervorum өтеді, әрі қарай қантамыр айналасының шел тіндері бойымен бұ-ғана үстіне және алдыңғы көкірек ара-лығына өтуі мүмкін.
Төс-бұғана-емізік бұлшықеті (m. sternocleidomastoideus) шандыр қына-бының абсцесі мен флегмонасын ті-ліп-ашу операциясын орындау рет-тілігі:
жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтраци-ялық анестезия немесе жалпы нар-коз (көктамырішілік, ингаляциял-ық);
іріңді қабыну инфильтратының өлшеміне сәйкес төс-бұғана-емізік бұлшықеттің алдыңғы қырынан те-рі тілінеді;
тері астының шел тіндері қабат-қабатымен және мойынның беткей шандыры аралығында жатқан m. platysma тілінеді;
жараның жиектері жандарына ығыстырылып, қантоқтатқыш қыс-қышпен беткей шандыр табақша-сынан тұйық ажыратылады, m. ste-rnocleidomastoideus алдыңғы жиегі ашылады;
lamina superficialis fasciae colli propriae 4–5 мм ұзындықта тіліне-ді, осы жерден шандыр табақшасы мен бұлшықет аралығына қантоқ-татқыш қысқыш енгізіп, соның бо-йымен жараның ұзындығына сәйк-ес шандыр қынабының қабырғасы тілінеді;
қантоқтатқыш қысқышпен шел тіндері тұйық ажыратылып, m. ster-nocleidomastoideus ішкі беті және мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы бойынан ірің шығарылады;
ілмекпен m. sternocleidomastoid-eus жоғары көтеріп, артқа қарай ығыстырылады, іріңнің баржоқты-ғы тексеріледі;
spatium vasonervorum шел тінде-рінен ірің табылып жатса, қантоқ-татқыш қысқыштың бойымен төр-тінші шандыр табақша (fascia end-ocervicalis) тілінеді, мойынның қа-нтамыр-жүйке шоғырының шанд-ыр қынабы ашылып, ірің шығары-лады. Гемостаз;
ашылған іріңді жараларға резең-ке жолақ немесе бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтік енгізіледі;
гипертониялық немесе антисепт-икалық ерітінділермен дымқылда-нған асептикті дәке таңғыш салын-ады.
VII.2.7. Мойынның қантамыр-жүйке шоғыр бойының шел тінде- рінің (spatium vasonervorum) абсцесі мен флегмонасы
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Мойынның қантамыр-жүйке шоғы-рынының (паравазальді) шел тіндеріне инфекция көршілес анатомиялық ай-мақтардан (жақсүйекасты, жұтқын-шақ маңы, жақсүйекарты) енеді және ішкі мойындырық көктамыр бойында жатқан лимфа түйіндерінің (nodus lim-phaticus jugulo-digastricus, nodus lim-phaticus jugulo-omohyoideus) қабыну-ынан дамиды.
Мойынның қантамыр-жүйке шо- ғыр бойының шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасының клиникалық бе-лгілері.
Науқас мойнының бүйір бөлімі ау-ыруына, басын бұрғанда, мойнын төм- ен еңкейткенде ауырсыну сезімі үдей түсуіне шағымданады.
Мойынның бүйір бөлімінің тіндері ісінеді. М. sternocleidomastoideus ал-дыңғы жиегін сипап тексергенде, мо-йындырық ойығына дейін жететін ты-ғыз, ауырсыну сезімін тудыратын ин-фильтрат анықталады. М. Sternoclei-domastoideus сыртқа және жоғары қар-ай ығыстырғанда ауырсыну сезімі үд-ей түседі.
Инфекцияның тарау жолдары
Мойынның қантамыр-жүйке шоғы-ры айналасының (правазальді) шел ті-ндері бойымен инфекция көкірек арал-ығына және бұғана үстіне, одан әрі бұ-ғана астына тарауы мүмкін.
Мойынның қантамыр-жүйке шо- ғыр бойының шел тіндерінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операц-иясын орындау реттілігі:
жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтраци-ялық анестезия немесе жалпы нар-коз (көктамырішілік, ингаляциял-ық);
төс-бұғана-емізік бұлшықетінің алдыңғы жиегі бойымен, тіласты сүйектің денгейі тұсынан бұғанаға бекитін жеріне дейін тері тілінеді;
теріастының шел тіндері, мойы-нның беткей шандыры (fascia colli superficialis) және теріасты бұлшы-қеті (m. platysma) қабатқабатымен тілінеді;
жараның жиектерін ілмекпен ашып, қантоқтатқыш қысқышпен мойынның беткей шандырынан (fascia colli superficialis) тұйық аж-ыратылады, m. sternocleidomastoid-eus алдыңғы жиегі тексеріледі;
m. sternocleidomastoideus бойым-ен 4 – 5 мм ұзындықта lamina sup-erficialis fasciae colli propriae тілін-іп, осы жерден шандырдың астына қантоқтатқыш қысқыш енгізеді, со-ның бойымен тері тілігінің ұзынды-ғына сәйкес тілінеді;
қантоқтатқыш қысқышпен m. st-ernocleidomastoideus ішкі бетінен шел тіндері тұйық ажыратылып, жо-ғарғы және артқы жақтары ашыл-ады;
ілмекпен m. sternocleidomastoid-eus жоғары және артқа қарай ығ-ыстырылады, мойынның төртінші шандырынан (fascia endocervicalis) құралған қантамыр-жүйке шоғыры қынабының сыртқы қабырғасы 3–4 мм ұзындықта тілінеді;
тілінген жерден шандыр табақ-ша мен ішкі мойындырық көктам-ыр аралығына қантоқтатқыш қысқ-ыш енгізіліп, соның бойымен шан-дыр қынабы тілінеді ;
қантамыр-жүйке шоғыры бойы-нда жатқан шел тіндері қантоқтат-қыш қысқышпен тұйық ажыратыл-ып, ірің шығарылады;
spatium vasonervorum төменгі бөлімінің шел кеңістігінен ірің таб-ылса, алдыңғы көкірек аралығы те-ксеріледі. Ол үшін fascia endocervi-calis бойында жатқан шел тіндері қантоқтатқыш қысқышпен тұйық тереңдете ажыратылып, кеңірдек пен алдында жатқан мойынның ұзын бұлшықеттерінің (m. thyrohy-oideus, m. sternothyreoideus) аралы-ғы, содан кейін алдыңғы көкірек аралығы қуысының үстіңгі бөлімі ашылады;
m. sternothyreoideus-тің ішкі (ме-диальді) аяқшасы сүйекке бекитін жерінде кесіліп, операция аяқтала-ды;
түбегейлі гемостаз; spatium vas-onervorum-нан ашылған іріңді жа-раға бірнеше жерден тесілген по-лихловинильді түтік енгізіледі;
гипертониялық немесе антисеп-тикалық ертінділермен дымқылда-нған асептикті дәке танғыш салын-ады.
VII.2.8.Мойынның жоғарғы бүй-ір бөлімінің (trigonum omotrapezoid-em) абсцесі мен флегмонасы
Инфекцияның негізгі көзі және ену
жолдары
Инфекцияланған жаралар, іріңдеген қан ұйындысы, инфекциялық қабыну процесі көршілес аймақтардан (шүйде, мойынның артқы және бұғанаүсті ай-мақтарынан, spatium vasonervorum) ен-уі, мүмкін сондай-ақ, лимфогенді жол-мен мойынның терең бүйір бөлімінің лимфа түйіндерінің (nodi limphatici cervicalis lateralis profundi) қабынула-рынан дамуы мүмкін.
Мойынның жоғарғы бүйір бөлімі абсцесінің және флегмонасының кл-иникалық белгілері
Науқас мойнының жоғарғы бүйір бөлімі ауруына, басын қабыну проце-сінің қарсы жағына бұрғанда немесе төмен түсіргенде ауырсыну сезімі үд-ей түсуіне шағымданады.
Мойынның жоғарғы бүйір бөлімінің тіндері ісінеді, тері беті қызарып, қат-парға жинақталмайды. Тrigonum omo-trapezoideum аймағын пальпациялаға-нда тығыз, шекарасы айқын емес инф-ильтрат анықталады, басқанда ауырс-ыну сезімі үдей түседі. Науқас мәжбү-рлі қалпында отыруы мүмкін – басын қабыну процесі жағына бұрып, еңкей-іп отырады.
Инфекцияның тарау жолдары
Бұғана үсті аймағына, одан әрі пара-вазальді шел тіндері бойымен бұғана-асты аймағына және алдыңғы көкірек аралық кеңістігіне өтуі мүмкін.
Мойынның жоғарғы бүйір бөлімі-нің абсцесі мен флегмонасын тіліп-ашу операциясын орындау кезеңдері:
Іріңді процесс жауырын-трапеция үшбұрышында шоғырланғанда.
жансыздандыру – жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық), премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия;
іріңді қабыну ошақтың орналас-уына байланысты, тері және тері ас-тының шел тіндерінің тілігі m. stern-othyreoideus артқы немесе m. trapec-ius сыртқы беті бойымен жүргізіле-ді;
егер тері тілігі m. sternothyreoid-eus артқы беті бойымен жүргізілсе, мойынның беткей шандыр табақша-лары аралығында жатқан m. platys-ma 4-5 мм ұзындықта тілінеді. Тілі-нген жерден бұлшықеттің астына қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, сон-ың бойымен бұлшықеттің талшық-тары көлденең бағытта, ұзындығы тері тілігіне сәйкес кесіледі; егер тілік m. trapecius сыртқы бетімен жүргізілетін болса, m. platysma үст-інде жатқан мойынның беткей шан-дырын тіліп, бұлшықеттің талшық-тары қантоқтатқыш қысқышпен тұ-йық ажыратылған соң, ілмекпен та-ртып кеңейтіледі;
қантоқтатқыш қысқышпен шел тіндері іріңді қабыну ошағына қарай тұйық тереңдете ажыратылып, мой-ынның бірінші және екінші шандыр табақшалары аралығынан ірің шы-ғарылады;
іріңді қабыну ошағы тереңде жатса, мойынның екінші шандыр табақшасы (lamina superficialis fasci-ae colli propriae) 4–5 мм ұзындықта тілінеді. Осы тіліктен шандырдың астына қантоқтатқыш қысқыш енгі-зіп, соның бойымен тері тілігінің ұзындығына сәйкес шандыр тіліне-ді (v. jgularis externa жарақаттануы естен шығарылмауы тиіс);
шел тіндері қантоқтатқыш қысқ-ышпен тұйық ажыратылып, ірің шығарылады;
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесі-лген полихлорвинильді түтік енгізі-леді;
гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен дымқылдан-ған асептикті дәке таңғыш салына-ды.
VII.2.9. Бұғанаүсті кеңістігінің (trigonum omoclaviculare) абсцесі мен флегмонасы
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары
Инфекцияланған жаралар, ұйыған қанның іріңдеуі, көршілес аймақтар-дан (trigonum omotrapezoideum, spati-um vasonervorum шел тіндерінен) енген инфекция, сондай-ақ, инфекция бұғана үстінің лимфа түйіндерінде (nodi limphatici supraclavicularis) шо-ғырлануы мүмкін.
Бұғанаүсті кеңістігінің абсцесі мен флегмонасының клиникалық бе-лгілері
Науқас бұғана үсті аймағының ау-ыруына, иығын қозғалтқанда, мойнын және басын қарсы жағына қарай бұр-ғанда ауырсыну сезімінің үдей түсуіне шағымданады.
Бұғанаүсті аймағының тіндері ісіне- ді. Аймақты пальпациялағанда тығыз инфильтрат анықталады, басқанда ау-ырсыну сезімі үдей түседі. Науқас ба-сын мәжбүрлі қалпында ұстауы мүм-кін – қабыну процесі жағына бұрып немесе еңкейіп отырады.
Инфекцияның тарау жолдары
Іріңді қабыну процесі паравазальды (қантамырлар бойының) шел кеңісті-гіне, бұғана және қолтық астына, spa-tium vasonervorum, алдыңғы көкірек а-ралығына тарауы мүмкін.
Бұғанаүсті кеңістігінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу опера-
циясын орындау реттілігі:
жансыздандыру – жалпы наркоз (көктамырішілік, ингаляциялық), премедикациямен қоса жергілікті инфильтрациялық анестезия;
бұғананың үстіңгі қырымен ірің-ді инфильтрат толық ашылатындай етіліп тері және теріастының шел ті-ндері тілінеді;
мойынның беткей шандыр (fas-cia colli superficialis) табақшаларыы-нда жатқан тері астының бұлшықеті (m. platysma) 4–5 мм ұзындықта тіл-інеді;
тілінген жерден бұлшықеттің ас-тына қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, соның бойымен ұзындығы тері тілі-гіне сәйкес бұлшықеттің талшықта-ры қөлденең бағытта тілінеді. Мұн-дайда сыртқы мойындырық көктам-ырына байлам салып, кесіледі;
бұғанаүсті аймағындағы іріңді қабыну ошағына қарай тіндер қант-оқтатқыш қысқышпен тұйық ажыр-
атылып (бұғана асты көктамыры жарақаттану қауіптілігі болатынын естен шығарылмауы тиіс), ірің шығ-арылады;
ашылған іріңді жараға резенке жолақ немесе бірнеше жерден тесіл-ген полихлорвинильді түтік енгізіл-еді;
гипертониялық немесе антисепт-икалық ерітінділермен дымқылдан-ған асептикті дәке таңғыш салына-ды.
VII.3. Мойынның артқы бөлімінің (region nuchae) абсцесі мен флегмо-насы
Аймақтың шекарасы: үстінгі – жоғарғы шүйде сызығы, төменгі – жетінші омыртқаның үшкір өсіндісін-ің деңгейі; жандарынан – трапеция тәрізді бұлшықеттің жиектері.
Қабаттарының құрылысы. Терісі тығыз және біршама берік, астында жатқан майлы шел тіндері жақсы дам-ыған. Шандыр табақшасы тығыз, мой-ынның екінші шандырының артқы жа-ққа баратын табақшасының жалғасын құрайды және m. trapecius қаптайды. Мойын омыртқаларының көлденең өс-інділеріне бекитін шандыр табақша мойынның алдыңғы аймағын артқы аймағынан бөліп тұрады. Трапеция тә-різді бұлшықеттің астында mm. levator scapulae, splenius, одан тереңірек жер-де – m. erector spinae бас жақ бөлігі және омыртқалардың қысқа бұлшықе-ттері жатады. Аймақтан мойынның ар-тқы жүйке тармақтары, мойынның те-рең, омыртқалық, шүйде және көлде-нең артериялары өтеді.
VII.3.1. Мойынның артқы бөлімі-нің беткей (тері астының шел тінд-ері, мойынның бірінші және екінші шандыр табақшаларының аралы-ғы) абсцесі мен флегмонасы.
Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары.
Терінің іріңді қабыну аурулары (фо-лликулит, шиқан, сыздауық), инфекц-ияланған жаралар, ұйыған қанның ірі-ңдеуі, көршілес анатомиялық аймақ-тарының (шүйде аймағы, мойынның бүйір бөлімі) іріңді қабыну аурулары-нан дамитын екіншілік іріңді процесс.
Мойынның артқы бөлімінің бет-кей (тері астының шел тіндері, мо-йынның бірінші және екінші шандыр табақшаларының аралығы) абсцесі мен флегмонасының клиникалық бе-лгілері.
Науқас мойнының артқы бөлімі ау-ыруыну, басын бұрғанда ауырусыну сезімі үдей түсуіне шағымданады. Қа-быну процесінен мойынның артқы бө-лімінің тіндері ісінеді. Инфильтрат үс-тінің терісі қызарады, қатпарға жинақ-талмайды, пальпация ауырусыну сезі-мін тудырады. Флюктуация белгісі бо-луы мүмкін.
Инфекцияның тарау жолдары.
Іріңді қабыну процесі мойынның бүйір бөліміне, арқаға тарауы мүмкін.
Мойынның артқы бөлімінің бет-кей абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операциясын орындау реттілігі:
жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтрация-лық анестезия немесе жалпы наркоз (көктамырішілік);
мойын терісінен өтетін табиғи қатпарлары бойымен, инфильтратт-ың өлшеміне сәйкес үстінің тері жә-не тері астының шел тіндері тіліне-ді;
тері астының шел тіндері қанто-қттқыш қысқышпен қабыну инфил-ьтратына қарай тұйық тереңдете аж-ыратылып, ірің шығарылады;
егер іріңді қабыну процесі мой-ынның беткей шандырының астын-да шоғырланса, қантоқтатқыш қыс-қыштың бойымен шандыр табақша-сы тілініп, ірің шығарылады;
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесіл-ген полихлорвинильді түтік енгізіл-еді;
гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен дымқылдан-ған асептикті дәке таңғыш салына-ды.
