Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Жұтқыншақтың бүйір немесе артқы қабырғалары бөгде заттармен жара-қаттануы немесе инфекцияланған жа-ралар (жиі бөгде заттардың енуінен), іріңді қабыну процесі жұтқыншақ немесе таңдай бадамшаларынан іріңді қабыну процестерінен дамуы мүмкін.

Жұтқыншақ қабырғасы абсцесінің клиникалық белгілері

Науқас жұтынғанда ауырсыну сезі-мі пайда болуына, әсіресе сілекейін жұтқанда ауырсыну сезімі үдей түсуі-не шағымданады.

Ауыз қуысын ларингоскоппен тек-сергенде жұтқыншақтың артқы немесе бүйір қабырғасы «томпайып» көтері-ліп тұрады, үстінің шырышты қабығы қызарады. Тіндердің ісінуінен көмей өтісі тарылады.

Инфекцияның тарау жолдары

Инфекциялық қабыну процесі жұт-қыншақмаңы кеңістігіне (spatum perip-hariyngeum), әрі қарай өңештің бойы-мен - артқы көкірек аралық кеңістігі-не және мойынның қантамыр-жүйке шоғыры бойымен алдынғы көкірек ар-алық кеңістігіне өтуі мүмкін (95 сур-ет).

Жұтқыншақ қабырғасының абс-цесін тіліп ашу операциясын орын-дау реттілігі:

Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі ларингоскоппен және маңдайшам (рефлектор) жарығымен ауыз қуы-сының ішінен тіліп ашылады.

• жансыздандыру - жергілікті апп-ликациялық немесе инфильтрация-

лық анестезия;

• іріңді қабыну ошағының орта тұс-ынан тілік жасалады (ол үшін қан-дауырдың жүзі дәкемен бірнеше қа-бат орап, тек ұшы 3 мм ұзындықта ашық қалдырылады);

95 сурет. Жұтқыншақ қабырғасының абсце-сінде іріңді қабыну процесінің тарау жолдары А - жоба сагитталды кесіндісінен: 1 – жұтқыншақ, pharingх; 2 - жұтқыншақтың артқы қабырғасының абсцесі; 3 – жұтқыншақарты кеңістігі, spatum retrop-hari-ngeum; 4 - өңеш, oesophagus; Ә - жоба жазық-тық кесіндісінен: 1 - pharingх; 2 – жұтқы-ншақтың бүйір қабырғасының абсцесі; 3 - spatum lateroph-aringeum; 4 - мойынның қан-тамыр жүйке шоғыры.

• тілінген жара қантоқтатқыш қыс-қышпен іріңді ошаққа қарай тұйық ажыратылып, ірің шығарылады.

VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы

(spatum retrofaringeum)

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Жұтқыншақтың артқы қабырғасы-ның инфекцияланған жаралары (бөгде заттармен жарақаттануы), көршілес анатомиялық аймақтардан екіншілік іріңді қабыну аурулары тіндерді бой-лай (жұтқыншақмаңы кеңістігінің бүй-ір жағы, перитонзилярлы шел кеңі-стіктері) инфекциялық қабыну проце-сін тудыруы, сонымен қоса инфекция лимфагенді жолмен жұтқыншақ арты-ның лимфа түйіндеріне тарауы мүмк-ін.

Жұтқыншақарты шел кеңістігі абсцесінің жергілікті клиникалық белгілері

Науқастың қалпы мәжбүрлі болуы мүмкін - тыныс алуын жеңілдету үшін басын төмен түсіріп, еңкейіп отырады. Жұтынуы қиындауынан аузы ашық, үнемі сілекей ағады. Кеңірдегін бас-қанда және жанына қарай ығыстыр-ғанда, ауырсыну сезімі арта түседі. Жұтқыншақарты кеңістігінің айнала-сындағы анатомиялық аймақтардан тараған екіншілік іріңді қабыну процесінде, қосымша сол аймақ-тардың қабыну процестерін сипаттай-тын клиникалық белгілер байқалады. Айталық, жұтқыншақ маңы бүйірінің флегмонасында - пальпациялағанда мойынның жоғарғы бүйір бөлімінің тереңдігінен ауырсыну сезімін туды-ратын инфильтрат анықталады. Жұт-қыншақты ларингоскоппен тексерген-де, оның артқы қабырғасы дефор-мацияланып, өтісі тарылуын көруге болады. Шырышты қабығы қызарған.

96 cурет. Жұтқыншақарты абсцесін тіліп ашу. . 1 - қандауір; 2 – қантоқ-татқыш қышқыш; 3 – сорғыштың түтігі; 4 – шпатель.

Инфекцияның тарау жолдары

Жұтқыншақ артының шел кеңістігін тұйықтайтын қабырғалар болмайтын-дықтан, мұндағы іріңді инфекция өңе-штің бойымен тарап, артқы медиаст-енит тудыруы мүмкін.

Жұтқыншақарты шел кеңістігі абсцесінің хирургиялық емі

Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесін ауыз қуысы ішінен тіліп ашуға болады (96 сурет). Ол үшін жергілікті жансыздандыру жасалған-нан кейін (апликациялық және инфил-ьтрациялық) қандауірдің тек үшын ға-на 1 см қалдырып, өткір қырын дәке-мен немесе жабысқақ пластырмен ора-йды. Немесе оның өткір қыры иілген Бильрот қасқышымен қысып ұстауға болады. Операцияны науқасты отыр-ған күйінде, маңдайшам сәулесінің жарығымен жасалады. Сол қолдың са-усақтарымен немесе шпательмен тілді төмен басып, саусақтың немесе шпа-тельдің бойымен іріңдікті шығыңқы жерінен ұзындығы 2 см, тереңдігі 1 см-дей тілік жасалады. Қандауірді тез шығарып алып, науқас іріңмен түн-шығып қалмауы үшін, басын алға жә-не төмен енкейтеді. Ірің шыққан соң, қантоқтатқышпен жара-ның жиектерін кеңейте ашып, іріңді жара антисеп-тикалық ерітінділермен жуып шайы-лады. Науқасқа тамағын антисептика-лық ерітінділермен шайып тұру қажет-тілігі екерірледі.

Жұтқыншақарты шел кеңісті-гінің флегмонасын ауыз қуысы сыр-тынан тіліп ашу операциясын орын-дау реттілігі (97А сурет):

• жансыздандыру - эндотрахеальды наркоз;

• жұтқыншақарты кеңістігінің флег-монасын тері бетінен тілік жасап, ірің шығарылады;

• қалқанша шеміршектің үстінгі жи-егі денгейінен, төс-бұғана-емізік бұ-лшықетінің алдынғы қыры бойым-ен 5 - 6 см ұзындықта тері тілінеді (97 Ә,Б сурет);

• тері тілігі бойымен тері астының майлы шел тіндері, мойынның бет-кей шандыры (fascia colli super-ficialis) (97 В, Г суреттер), m. sterno-thyreoideus, m. thyrohyoideus, m. om-ohyoideus, m. sternolceidomastoideus қаптайтын мойынның екінші және үшінші шандыр табақшалары тілі-неді (97, Д сурет);

• шел тіндері қантоқтатқыш қысқы-шпен тұйық ажыратылып, ілмекпен жандарына ығыстырылып, мойынн-ың төртінші шандырының париета-льды табақшасы ашылады;

• париетальды шандыр табақшасын 4 - 5 мм ұзындықта тіліп, сол жер-ден қантоқтатқыш қысқыш енгізі-леді, соның бойымен шандыр табақ- шасы тілінеді (97 Е,Ж сурет);

m. sternothyreoideus сыртқа, ал мо-йынның қантамыр-жүйке шоғыры (a. carotis communis, v. Jugularis Int-

erna, n. vagus) артқа қарай ығыстыр-

ылады. Кеңірдек пен қалқанша безі

97 сурет. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің флегмонасын тіліп ашу операциясының орынд-алуы.

медиальды жағына қарай ығыстыр-ған соң, жұтқыншақмаңының шел ті-ндері қантоқтатқыш қысқышпен тұ-йық ажыратылып, ірің шығарылады (97,З сурет);

• қабыну ошағынан ірің кедергісіз шығуын қамту үшін m. sternothreoi-deus ішкі аяқшасы сүйекке бекитін жерінен кесіледі (98 сурет, Н.А. Груздев бойынша);

• ашылған іріңді жараға бірнеше же-рден тесілген полихлорвинильді тү-тік енгізіледі;

• гипертониялық немесе антисепти-калық ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке танғыш салынады.

Беттің терең бөлімдерінің шел тінде-ріндегі саңылаулардан қанат көктамыр өрімі, жақсүйек артериясы және олар-дың бұтақтары, үш тармақты жүйке-нің үшінші тармағы, сондай-ақ төмен-гі альвеолалық артерия, көктамырлары және көптеген ірілікішілі жүйке тар-мақтары өтеді.

98 сурет. Жұтқыншақмаңы кеңістігімен қоса мойынның қантамыр-жүйке шоғ-ыры бойында қалыптасқан іріңді қалта-шықтарын және іріңді медиастенитті бі-рге тіліп ашу операциясы. Көкрек аралы-ғына ірің өткізгіш түтік егізілген; төме-нгі жақсүйек астына қарай қайырылған тері қиығы тігіспен теріге бекітілген

Сол себептен, ашылған іріңді жар-аны саусақпен тексеру барысында және қабыну процесіне енген тіндер аспаппен тұйық кеңейтілгенде аса сақтық қажет, өйткені, мұндайдағы құрылымдар, әсіресе көктамыр қабы-рғалары жарақаттануында, тоқтатуы оңайға соқпайтын қан кетуі мүмкін. Медиальды қанат тәрізді бұлшықеті-

нің алдыңғы тұсын сақтықпен тексе-ру қажет.