Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен

флегмонасы

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Тіл түбірінің инфекцияланған жара-қаттары, тіл бадамшасының (tonsilla lingualis) қабыну аурулары.

Тіл түбірінің абсцесі мен флегмо-насының клиникалық белгілері.

Тіл түбірінің іріңді қабыну процесі, әдетте екіншілік инфекция ретінде да-миды (52 А,Ә суреттер).

Науқас сөйлегенде, жұтынғанда «тамағы» ауыруына, тынысы тарылу-ына шағымданады.

Әдетте, науқастың қалпы мәжбүрлі болуы мүмкін - тыныс алуын жеңілде-ту үшін еңкейіп, басын төмен түсіріп отырады. Аузынан сілекей ағады, сөзі түсініксіз. Іріңді қабыну процесінен ті-лі ұлғайып, ауыз қуысына сыймайды, қозғалысы шектеледі, аузы үнемі аш-ық болуы мүмкін. Ауыз қуысының шырышты қабығы ісініп, көкшіл түс-тенеді, беті лас қоңырқай фибриноз-ды өңезбен жабылады. Науқастың ауз-ынан жағымсыз иіс шығады. Тілді бас-қанда ауырсыну сезімі үдей түседі. Ті-ласты аймағының тіндері ісінген. Ірі-ңді инфильтрат тереңде жататындық-тан, ауыз қуыс түбі терісінің түсі өзге-ріссіз болуы мүмкін. Пальпациялағ-анда тіндердің тереңнен тығыз, ауыр-сыну сезімін тудыратын инфильтрат анықталады.

Инфекцияның тарау жолдары

Инфекция тіласты, иекасты, төменгі жақсүйекасты аймақтарына тарауы мүмкін.

Тіл түбірінің абсцесі мен флегмо-насын тіліп ашу операциясының ор-ындау реттілігі:

  • жансыздандыру - наркоз (тыныс жетіспеушілігінде трахеостома сал-уға тура келеді, сол арқылы эндо-трахеальды наркоз жүргізіледі) нем-есе жергілікті инфильтрациялық ан-естезия;

  • иекасты аймағының ортаңғы де- ңгейінен тері және тері астының шел тіндері 4 - 5 см ұзындықта тік бағытта (52,Б,В суреттер) немесе доға тәрізді (53 сурет) тілінеді; тілі-нген жараның жиектері қантоқтатқ-ыш қысқышпен мойынның теріас-ты бұлшықетінен (m.platysma) жә- не оның беткей шандырынан тұйық ажыратылады;

  • жараның жиектері жақсы ашыл-уы үшін мойынның теріасты бұл- шықеті айқасқан (қрест) сызық тәрі-зді тілінеді. Гемостаз (52,Г,Д сурет-

тер);

  • ауыз қуысы түбінің ортаңғы деңгейінен мойынның меншікті ша-ндыры (fascia colli propria) мен жа-қсүйек-тіласты бұлшықеті (m. mylo-hyoideus) тілінеді (52,Е сурет);

  • ауыз қуысы түбінің ортаңғы де-ңгейінен тіласты-тіл (mm. Hyoglos-sus), иек-тіл (mm. genioglossus) бұ-лшықеттерінің талшықтары қант-

52 сурет. Тіл түбір абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу оперциясының орындалуы

оқтатқыш қысқышпен ажыраты-лып, тілдің түбірінен ірің шығар-ылады. Гемостаз (52,Ж,З суреттер);

  • ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесі-лген полихлорвинильді түтік енг-ізіледі (52,И сурет);

  • жараға гипертониялық немесе антисептикті ерітінділермен дым-қылданған асептикті дәке таңғыш салынады.

VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)

Топографиялық анатомиясы

Тіласты аймағының шекаралары:

жоғарғы – тіласты аймағының шыр-ышты қабығы; асты - жақсүйек-тілас-ты (m. mylohyoideus) бұлшықетінің үс-тіңгі беті; бүйірі мен алды - төменгі жақсүйектің ішкі беті, ішкі - иек-тіл бұлшықеті (m. genioglossus).

Тіласты кеңістігінің шел тіндері жа-қсүйек-тіл науа және тіл түбірінің шел тіндеріне жалғасады. Тіласты кеңістіг-інде тіласты сілекей безі (glandula sub-ligualis), тіл жүйкесі (n. subligualis), 1 - 2 лимфа түйіндері, тіл артериясының бұтағы, өзімен аттас көктамыры мен Вартанов түтігі (ductus submandibular-is) жатады.

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Төменгі тістердің одонтогенді инфе-кциялық ошақтары (жиі кіші және үл-кен азу тістері), ауыз қуысы түбінің шырышты қабығының қабыну ауру-лары және инфекцияланған жаралар. Жақсүйек-тіл науасының, тілдің, тіла-сты аймақтарының іріңді қабыну про-цестерінен дамыған екіншілік іріңді қабыну аурулары.

Тіласты аймағы абсцесінің клин-икалық белгілері

Науқас тіласты аймағының ауыру-ына, сөйлегенде, тағам шайнағанда, жұтынғанда ауырсыну сезімі үдей тү-суіне және сілекей көп бөлінуіне ша-ғымданады.

Тіласты қатпарының шырышты қа-бығы қызарып, өңезбен жабылады. Ті-ласты аймағын сипап тексергенде тіл-дің және төменгі жақсүйек аралығы-нан шекарасы айқын емес, тығыз инф-ильтрат анықталады, басқанда ауырс-ыну сезімі үдей түседі.

53 сурет. Тіл түбірінің абсцесі мен флегмонасын тіліп ашу операция әдісі (Andre, 1971)

Инфекцияның тарау жолдары

Тіл түбіріне, тіласты, жақсүйекасты, қанат-жақсүйек аймақтарының шел ті-ндеріне.

Тіласты аймағының - абсцесін ті-ліп ашу операцияны орындау ретті-лігі (54,А,Ә суреттер)

  • жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтрация-лық және өткізгіштік мандибуляр-лы, торусальды (М.М. Вайсбрем бо-йынша) анестезия;

  • тіласты қатпары бойымен (plica submandibulare) ауыз қуысы түбін-ің шырышты қабығы төменгі жақ-сүйектің альвеолалық өсіндісіне параллельді бағытта тілінеді (54, Б,В суреттер);

  • тілінген жараның жиектері қан-тоқтатқыш қысқышпен іріңді ош-аққа қарай тереңдете ажыратылып, ірің шығарылады (54,Г сурет);

  • іріңді жараға резеңке жолақ енг-ізіледі (54,Д сурет).

54 сурет. Тіл асты аймағының абсцесін тіліп ашу операциясының орындау

VI.5.4. Жақсүйек-тіл науа абсцесі

Топографиялық анатомиясы

Жақсүйек-тіл науаның шекарасы: жоғарғы - ауыз қуысы түбінің шыры-шты қабығы; артқы - жақсүйек-тіла-сты бұлшықетінің (m. mylohyoideus) артқы бөлімі; сыртқы - төменгі жақ-сүйек денесінің ішкі беті; ішкі - тілдің бүйір беті; артқы - алдыңғы таңдай доғашығы (plica platoglossus); алдың-ғы шекарасы жоқ, себебі жақсүйек-тіл науаның шел тіндері тіласты кеңістігі-не жалғасады.

Аталмыш анатомиялық құрылы-мында тіл жүйкесі (n. lingualis) және өзімен аттас артерия мен көктамыры жатады.

Инфекцияның көзі және ену жол-дары

Төменгі жақсүйек тістерінің одонто-генді инфекциялық ошақтары (үшін-ші үлкен азу тістің кедергіленіп шығу-ының асқынуы - перикоронарит), ауыз қуысының шырышты қабығының қа-быну аурулары, инфекцияланған жар-алары.

Жақсүйек-тіл науа абсцесінің кли никалық белгілері

Науқас тіластының ауырсыну сезі-міне, сөйлегенде, тағам шайнағанда, жұтынғанда, аузын ашқанда ауырсыну сезімі үдей түсуіне шағымданады.

Тіл түбірі мен төменгі жақсүйек ар-алығында шоғырланған іріңді ошақтан жақсүйек-тіл науасы тегістеледі. Тіл сау жағына қарай ығысады. Инфиль-трат үстінің шырышты қабығы қызар-ған, басқанда ауырсыну сезімін туды-рады. Ауыздың ашылуы шектелген.

Инфекцияның таралу жолдары

Тіл түбірінің шел кеңістігіне, тіл астына, төменгі жақсүйекасты аймақ-тарының шел тіндеріне.

Жақсүйек-тіл науа абсцесін тіліп ашу операциясын орындау реттілігі (55,А сурет)

  • жансыздандыру - жергілікті ин-фильтрациялық және мандибуляр-лы, торусальды өткізгіштік анесте-зия (М.М. Вайсбрем бойынша);

  • үлкен азу тістері деңгейінен ин-фильтраттың өлшеміне сәйкес ауыз қуысы түбінің шырышты қабығы тіл және төменгі жақсүйектің альвеолалық өсіндісі аралығынан тілінеді (55,Ә,Б суреттер);

  • тілінген жараның жиектері инф-ильтратқа қарай қантоқтатқыш қы-сқышпен тұйық тереңдетіле ажыр-атылып, ірің шығарылады (55,В, Г суреттер);

  • іріңді жараға резеңке жолақ ен-гізіледі (55,Д сурет).

55 сурет. Жақсүйек-тіл науа абсцесін тіліп ашу операциясының орындалуы

VI.5.5. Жақсүйектерінің альвеола-лық өсінділері қырларының сүйек-қабы астының абсцестері (периос-титтер)

Топографиялық анатомиясы

Жоғарғы және төменгі жақсүйекте-рінің альвеолалық өсінділері ауыз қу- ысын меншікті ауыз қуысына және кі-реберісіне бөледі, қызыл иектің (gingi-vae) шырышты қабығымен астарланғ-ан. Қызыл иектің шырышты қабығын-ың қозғалысы шектеулі, созылмайды, себебі бұл жерлерде шырышты қабық-астында дәнекер тінді қабат жоқ, сүйе-кқабымен тығыз бітісіп жатады. Қыз-ыл иектің жиектерінде шырышты қаб-ық тіс ұяшықтарына еніп, қызыл иект-ік қалташықтарын құрайды. Қызыл иек ерінге және ұртқа ауысатын тұста-рында шырышты қабық ауыз қуысы кі реберісінің күмбезін (fornix superior) құрайды.

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Созылмалы одонтогенді инфекция-лық ошақтары-периодонтиттер, парад-онтит, перикоронарит (56 сурет).

56 сурет. Түбір ұшының созылмалы одонтогенді инфекци-яларының жақсүйектеріне тарау бағыты

Жақсүйектерінің альвеолалық өс-інділері қырларының сүйекқабы ас-ты абсцестерінің клиникалық белг-ілері

Науқас жоғарғы немесе төменгі жа-қсүйектері аймақтарында солқылдағ-ан ауырсыну сезіміне пайда болуына шағымданады. Тіс жегісінен сауыты бұзылған «себепші» тіске тағам неме-се тіл тигенде, тістегенде ауырсыну сезімі үдей түседі.

Жақсүйектері айналасының жұмсақ тіндері ісінуінен беттің симметриясы бұзылады. Ісінген тіндердің терісі қы-зарған, сөйте тұра оны қатпарға жина-қтауға болады, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Ауыздың ашылуы еркін. «Себепші» тістің сауыты жар-тылай немесе толық бұзылған, айна-ласының шырышты қабығы қызарып, өтпелі қатпары іріңді инфильтраттан тегістеледі, үстінің шырышты қабығы ісінген, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. «Себепші» тісті соққылаға-нда (перкуссиялағанда) ауырсыну сезі-мі үдей түседі.

Инфекцияның тарау жолдары

Іріңді процесс бойлай көршілес ана-томиялық аймақтар мен шел кеңістік-теріне тарайды (57 сурет) және лимфо-генді жолмен аймақтық лимфа түйін-дерін зақымдауы мүмкін

57 сурет. Жақсүйектерінің альвеолалық өсінділері қырларының сүйекқабы астынан одонтогенді инфе-кцияның тарау жолдары (Andre, Neuman, 1971). 1 - төменгі жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің сүйекқабы; 2 - жоғарғы жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің сүйекқабы; 3 - периодонт; 4 - қатты таңдайдың сүйекқабы; 5 – мұрын қуысы; 6 - мұрынның аралық қабырғасы; 7 - жоғарғы жақс-үйек (гаймор) қойнауы ; 8 - үлкен азу тісарты айм-ағы; 9 - ұрт, құлақ маңы аймағы; 10 - төменгі жақсүйек айналасының шел тіндері; 11 - иек; 12 – жақсүйек асты аймағы; 13 - иек; 14 - тіл астының тіндері; 15 - тіл түбірі; 16 – қанат-жақсүйек кеңістігі; 17 – жұтқыншақмаңы кеңістігі; 18 - меншікті шайнау бұлшықетасты.

Жақсүйектерінің альвеолалық өсі-нділері қырларының сүйекқабы асты абсцестерін тіліп ашу операциясын орындау реттілігі (58 сурет):

58 сурет. Жақсүйектерінің альвеолалық сүйек-қабы астының абсцесін шырышты қабықтан ті-ліп ашу орны

  • жансыздандыру - жергілікті ин-фильтрациялық, егер «себепші» тіс жұлынатын болса, қосымша өткіз-гіштік мандибулярлы, торусальды анестезия (М.М. Вайсбрем бойын-ша);

  • ауыз қуысының өтпелі қатпары-нан, ұзындығы инфильтраттың өл-шеміне сәйкес (шырышты қабығы және сүйекқабы (қандауірдің жүзі сүйекке тигізіліп) тілінеді (58,А,Ә суреттер);

  • іріңді қабыну процесі шырышты қабық астында шоғырлануында, қантоқтатқыш қысқышпен жұмсақ тіндер тереңдете тұйық ажыраты-лып, ірің шығарылады;

  • жараның жиектері жабылып қал-мау үшін, резеңке жолақ енгізіледі; «себепші» тіс жұлынады (егер тісті сақтап қалу қажеттілігі болмаса);

VI.6. Беттің бүйір бөлімінің бетк-ей аймақтары

VI.6.1. Бетсүйек аймағының абсц-есі мен флегмонасы (regio zygoma-tica)

Топографиялық анатомиясы

Аймақ бетсүйегіне (os zygomaticus)

сәйкес, мына шекаралары бар (59 сур-

ет): жоғарғы - көзұясының төменгі қыры (жоғарғы және артқы жағында самай аймағының алдыңғы-төменгі бөлімі, жоғарғы-артқы жағында – көз-ұясы); төменгі - бетсүйегі мен самай өсіндісінің төменгі қыры (астында ұрт аймағы жатады); алдыңғы - жоғарғы жақсүйегі мен бетсүйек жігі (алдында көзұяасты аймағы жатады); артқы - бетсүйегі мен самай сүйегінің жігі (ар-тында құлақ маңы-шайнау аймағы жа-тады). Бетсүйек аймағында теріасты-ның шел тіндерінен басқа жекеленген шел кеңістіктері бар және осы жерден бетсүйек бұлшықетінің (m. zygomatic-us) талшықтары басталады. Аймақтың сезімталдық жүйкеленуін n. zygomati-cus тармақтары (үш тармақтары жүйенің екінші тармағы), ал қозғалтқыш жүйкеленуін бет жүйкесінің тармақтары қамтиды. Аймақты көлденең бет артериясынан бөлініп шыққан көзұя артериясы қоректендіреді.

Инфекцияның негізгі көзі

Жоғарғы 6543 I 3456 тістердің одонтогенді инфекциялық ошақтары, одонтогенді емес іріңді процестері, те-рінің, сондай-ақ ұрт және көзұяасты, құлақ маңы-шайнау және самай айма-қтарының қабыну аурулары.

59 сурет. Бетсүйек аймағы және айналасында жатқан аймақтар:1 - бетсүйек аймағы; 2 - самай ай-мағы; 3 - көзұя аймағы; 4 – көзұ-яасты аймағы; 5 - ұрт аймағы; 6 - құлақ маңы-шайнау аймағы.

Инфекцияның тарау жолдары

Көзұя астына, ұрт, құлақмаңы-шай-нау, самай аймақтарына, көзұясына.

Бетсүйек аймағының абсцесі мен флегмонасының клиникалық белгі-лері

Қабыну процесінің бастапқы кезең-інде бетсүйек аймағында тығыз, ауыр-сыну сезімін тудыратын инфильтрат пайда болады, кейін тіндердің ісінуі жан-жаққа таралуынан (құлақмаңы-шайнау, самай, көзұяасты және ұрт ай-мақтарына) беттің симметриясы бұзы-лады (60 сурет). Инфильтрат үстінің терісі қызарады, қатпарға жиналмай-керіліп, жылтырап тұрады. Ауырсыну сезімі самай, көзұя асты аймақтарына тарайды, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Іріңді процесс тіндерді бой-лай (per continutatem) көзұя астына, беттің басқа да аймақтарына тарауы мүмкін. Дене қызуы көтеріледі. Кейін флюктуация белгісі байқалуы мүмкін, егер қабыну процесі m. massetter - дің бетсүйекке бекитін жеріне жетсе, ауы-здың ашылуы шектеледі.

Іріңді инфекциялық ошақты тіліп ашу операция әдісін таңдау, іріңнің шоғырлану орнына байланысты. Іріңді ошақ сүйекқабы астында орналасса, ауыз қуысы ішінен, ал тері астының шел қабатында орналасса, бет жүйкес-інің тармақтарына параллельді бағыт-та тері бетінен тілініп ашылады.

Бетсүйек аймағының сүйекқабы асты абсцесін тіліп ашу оперциясын орындау реттілігі

  • жансыздандыру – премедика-циямен қоса жергілікті инфильтра-циялық анестезия;

60 сурет. Сол жақ бетсүйегі аймағының абсцесі

  • ауыз қуысы кіреберісінің күм-безі бойымен жоғарғы жақсүйектің альвеолалық өсіндісінің шырышты қабығы мен сүйекқабы 3 - 4 см ұз-ындықта тілінеді (61,А,Ә суреттер);

  • бетсүйек - альвеолалық қыраты (crista zуgomatico-alveolaris) аймағ-ының және оның алдыңғы жағын-ың сүйекқабы қырғышпен (распа-тор) сүйектен ажыратылады;

тілінген жерден жұмсақ тіндер бетсүйектің алдыңғы-сыртқы беті

61 сурет. Бетсүйек аймағының сүйекқабы асты абсцесін тіліп ашу операциясының орындалуы

  • бойымен қантоқтатқыш қысқы-шпен тұйық ажыратылып, ірің шығ-арылады (61,Б сурет);

  • ашылған іріңді жараға резеңке жолақ немесе бірнеше жерден тесі-лген полихлорвинильді түтік енгі-зіледі (61,В сурет).

Бетсүйек аймағының теріасты флегмонасын ауыз қуысы сыртынан тіліп ашу операциясының орындалу реттілігі (60 сурет):

  • жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті анестезия не-месе жалпы наркоз (көктамырішіл-ік, ингаляциялық);

  • бетсүйегі мен самай өсіндінің төменгі қыры бойымен тері, тері астының шел тіндері тіліп (62, А,Ә суреттер), бетсүйектің төменгі қы-ры ашылады (62,Б,сурет). Гемостаз;

  • бетсүйек аймағының жұмсақ ті-ндері іріңді ошаққа қарай қантоқт-атқыш қысқышпен тұйық тереңде-те ажыратып, ірің шығарылады (62,В сурет)

  • іріңді жараға резеңке жолақ енг-ізіледі;

62 сурет. Бетсүйек аймағының теріасты флегмонасын ауыз қуысы сыртынан тіліп ашу операциясының орындалуы.

  • гипертониялық немесе антисе-птикалық ерітінділермен ылғалда-нған асептикті дәке таңғыш салын-ады.

VI.6.2. Ұрт аймағының абсцестері мен флегмонасы (region bucсalis)

Топографиялық анатомиясы

Ұрт аймағының шекарасы (63 сур-ет): жоғарғы - бетсүйектің төменгі қыры; төменгі - төменгі жақсүйек де-несінің астыңғы қыры; алдыңғы-бет-самай сүйектерінің жігі мен ауыздың бұрышын байланыстыратын деңгейі немесе ауыздың дөңгелек бұлшықеті (m. orbicularis oris); артқы - меншікті шайнау бұлшықеттің (m. masseter) ал-дыңғы шеті.

Ұрт аймағының анатомиялық құ-рылымдары мен қабаттары:

• терісі жұқа, қатпарға жеңіл жина-қталады. Сәби және жас балалар кү-лгенде, ұрттың тері бетінде ойық қал-ыптасады;

• тері астының майлы шел қабаты жақсы дамыған, аралығынан мойын-ның теріасты бұлшықеті (m. platysma) өтеді;

• шайнау-құлақмаңы шандырының жалғасы (fascia buccalis);

• шел тіндері мен Биша май түйірш-ігі, лимфа түйіндері, жүйке тармағы және құлақмаңы сілекей безінің түтігі (Стенонов түтігі );

• ұрт бұлшықеті (m. buccinator);

• шырышты қабық астының шел ті-ндері;

• ауыз қуысының шырышты қабы-ғы.

Аймақтың жұмсақ тіндерінің басым бөлігін ұрт бұлшықеті қамтиды, оның астында ұрт май түйіршігі жатады. Май түйіршігі (corpus adiposum) шан-дыр табақшамен (fascia buсcapharryn-gea) қапталған, теріасты шел қабат-ынан бөлек, шектеліп жатады, ал өсін-ділері көршілес аймақтарға барады.

Май түйіршігі мен өсінділері ұрт, құлақмаңы-шайнау, самай және басқа да көптеген аймақтарын бір-бірімен байланыстырып, іріңді процестің бой-лай тарауына себеп болуы мүмкін, Бет-жақсүйек аймақтарының терең бө-лімдерінің өтетін іріңді қабыну аурул-ары Биша май түйіршігінің денесі мен өсінділері бойымен жан-жаққа тарап, осы аймақты түгелдей қамтуы мүмкін.

Ұрт бұлшықеті (m.bucalis) жалпақ құрылым, беттің кейбір ымдау бұл-шықеттерінен терең жатады. Беті fasc-ia buccopharyngea - мен жабылған, ау-ыз қуысының бүйір қабырғаларын құ-райды. Шандыр табақша жоғарғы бір-інші үлкен азу тіс деңгейінде жақсүй-ектің альвеолалық өсіндісі мен қанат тәрізді өсіндіден басталып, одан қан-ат-жақсүйек байламы (lig. Pterygоman-dibulare) бойымен төменгі жақсүйект-ің ұрт қыратына және төменгі үлкен азу тісі тұсында альвеолалық өсіндіге бекиді. Ұрт аймағының жоғарғы-арт-қы бөлімі мен шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінен құлақмаңы сілекей безі түтігінің соңғы бөлімі өтеді. Түті-ктің тар бөлімінде жиі сілекей тасы тү-зіледі. Осы жерде дамитын абсцесс ау-ыздың ішінен тілініп ашылуы тиіс. Се-бебі, абсцесс тері бетінен тілініп ашы-латын болса, сілекей безінің түтігі жа-рақаттанып, жыланкөзі қалыптасуы мү мкін.

Ұрт бұлшықеттің тереңдігінен бет, беттің көлденең және ұрт артерияла-ры, алдыңғы, терең бет (анастомоз) құрайтын қантамыр өрімдері өтеді.

Ұрт аймағының аденофлегмонасы лимфа түйіндерінің қабынуынан дам-ып, әдетте, шектелген іріңді процесс ретінде сипатталады.

В.И. Коробкованың мәліметтері бо-йынша, Биша май түйіршігінің өлшемі адамның жасына, ұрттың май тіндері дамуының деңгейіне байланысты әр-келкі, орта шамамен 3х9 см құрайды. Биша май түйіршігі денесінің төменгі бөлігі ұрт аймағында, ортаңғы бөлігі бетсүйек доғасының астында, ал жоға-рғы бөлігі - самай аймағының алдың-ғы тұсында жатады. Кәмелет жасына жеткен адамдардың Биша май түйір-шігі денесінің алдыңғы шеті жоғарғы екінші кіші азу тіс деңгейінде, ал арт-қы шеті - төменгі жақсүйектің бұтағы мен меншікті шайнау бұлшықеті ара-лығында жатады. Төменгі шеті құлақ сырғалығы мен езуді біріктіретін дең-гейде жатады.

Жоғарғы жақсүйек пен төменгі жақ-сүйек бұтағының алдыңғы қырының аралығында май түйіршігінің денесі қанат-жақсүйек кеңістігінің және қан-ат-таңдай шұңқырының шел тіндерім-ен байланысып жатады.

А.И. Скарзованың мәліметі бойын-ша, Биша май түйіршігінің денесі дән-екер тінді табақшамен қапталган, сол себептен мұндағы іріңді қабыну проц-есі шектеулі түрде өтеді. В.Ф. Войн-Ясенецкий және т.б. авторлар, ұрт май түйіршігінің іріңді қабынуы жан-жаққа тез тарайтынын ескеріп, оның айналасында өтетін іріңді қабыну аур-уларын екінші реттілік флегмоналары деп санайды. Сөйтіп, ұрт, май түйірші-гінің өсінділері бойымен іріңді қабыну процесі көршілес шел кеңістіктеріне, одан әрі басқа аймақтарға тарауына кедергі болмайтынына көз жеткізуге болады.

Май түйіршігінің өсінділері самай аймағымен (артқы өсіндісі апоневроз-асты кеңістігінде жатады), көзұясын-ың төменгі саңылауымен (жоғарғы өс-індісі арқылы), қанат-таңдай шұңқыр-ымен (ішкі және қанат-таңдай өсінділ-ері арқылы) байланысып жатады. Осы арада май түйіршігі самай шұңқырын-ың терең бөлімінен өтіп, маңдай сүйе-ктің бетсүйектік және бетсүйектің ма-ңдай-мұрын өсінділерінің артында жа-тады, артқы бөлімін самай бұлшықеті жабады.

Т.И. Аникинаның (1968) мәліметте-рі бойынша, ұрт май түйіршігінің қан-ат-таңдай өсіндісі көз ұясының үстің-гі саңылауымен негізгі сүйектің бассү-йек түбіне жетіп, кеуекті қойнауға өте жақын жатады. Осындай тығыз анато-миялық байланыстың нәтижесінде, ұрт аймағында өтетін инфекция беттің көктамырларының қабынуын ғана ту-дырып қоймай, сондай-ақ кеуекті қой-наудың тромбозымен асқынуы мүмк-ін.

М.Б. Фабриканттың мәліметі бойы-нша, жақсүйектері аймағында өтетін іріңді қабыну аурулары ұрт май түй-іршігі денесінің бойымен бетсүйек до-ғасының астынан асып, самай және са-майасты шұңқырларына, көзұясының төменгі саңылауымен көзұясына тар-ауы мүмкін. Сондай-ақ, ұрт аймағын-ың сыздауығымен, шиқанында және көктамырларының қабынуында өмірге аса қауіпті асқынулар (көзұясының флегмонасы, кеуекті қойнаудың тром-бозы және т.б.) дамуы мүмкін.

63 сурет. Ұрт аймағының шекарасы (А): 1 – бетсүйегі, os zygomaticus; 2 - төменгі жақсү-йектің денесі, corpus mandibulae; 3 – менші-кті шайнау бұлшықеті, m. masseter; 4 – құла-қмаңы сілекей безі, glandula parotis; 5 – құл-ақмаңы сілекей безінің түтігі, ductus рaroti-deus; 6 - бет жүйкесі, n. facialis.

Ұрт-жұтқыншақ шандыры ұрт бұл-шықетін сыртынан жауып, қанат тәріз-ді өсіндінің ілмегі мен төменгі жақсү-йектің жақсүйек-тіласты сызығы арал-ығында тығыз дәнекер тінді құрылым ретінде тартылып тұрады. Аталмыш құрылым lig. pterуgo-mandibularis деп аталып, ұрт бұлшықеті (m. buccinator) бекитін жерден өтеді. Құлақмаңы сіле-кей безінің түтігі ұрт бұлшықетін жан-шып, ауыз қуысынан ашылады. Айма-қтың шел қабатынан, төменгі жақсүй-ек денесінің орта тұсынан жоғары қар-ай, көздің ішкі бұрышына қарай бет артерия мен көктамыры өтеді. Бет арт-ериясы тері астының шел қабатында беттің басқа артерияларымен ұштаса-ды (анастомоз құрады) - a. buсcalis, a. infraorbitalis (a. maxillaris бөлініп шы-ғады), a. transversa faciei (a. temporal-is). Меншікті шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінің орта шамасында бет көктамыры мен қанат көктамыр өрімін байланыстыратын ірі көктамыр өтеді (v. anastomotica).

Ұрт аймағының сезімталдық жүйке-лері: n. infraorbitalis (үш тармақты жү-йкенің екінші тармағынан), n. buccalis және n. mentalis (үш тармақты жүйкен-ің үшінші тармағынан).

Сөйтіп, ұрт аймығында ұрт бұлшы-қетінің үстіңгі деңгейінде беткей шел кеңістігі және ұрттың шырышты қаб-ығы мен ұрт бұлшықеті аралығында терең шел кеңістігі жататыны ескеріл-уі тиіс (64 сурет).

Инфекцияның негізгі көзі және ену жолдары

Жоғарғы және төменгі кіші және үлкен азу тістері аймақтарының одонтогенді инфекциялық ошақтары, ұрттың терісі мен шырышты қабығының инфекцияланған жаралары қабыну процестің даму көзі болуы мүмкін. Сонымен қоса, көзұяасты, құлақмаңы шайнау, бетсүйек және самайасты аймақтарының инфек-циялары ұрт аймағының екіншілік іріңді қабыну процесі көзінің қатарына жатады. Ұрт аймағы те-рісінің немесе шырышты қабығының

64 сурет. Ұрт аймағында іріңді қабыну процесінің шоғырлану орындары: 1 – бет-кей шел кеңістігінде (m. buccinator үсті-нде); 2 - терең шел кеңістігінде (m. buccin-ator астында); 3 - m. buccinator

бүтіндігі бұзылуы (тіс сауытының өтк-ір қырларымен немесе ортопедиялық аспаптармен жарақаттануы, тамақ іш-кенде ұртты тістеу, және т.б. себептер) іріңді ифекцияның дамуына себеп бо-лады.

Ұрт аймағының беткей шел тін-дерінің (тері және ұрт бұлшықеті аралығы) шектелген іріңді қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері..

Науқас ұрт аймағының ауыруына, аузын ашқанда және тағам шайнаған-да ауырсыну сезімі үдей түсуіне шағы-мданады.Қабыну инфильтратынан ұрт аймағының тіндері ісініп, беттің симм-етриясы бұзылады. Инфильтрат үстін-ің терісі қызарады, қатпарға жинақтал-майды.Пальпациялағанда тығыз инфи-льтарт анықталып, басқанда ауырсы-ну сезімі артады. Іріңді қабыну проце-сі ұзаққа созылғанда флюктуация бел-гісі байқалуы мүмкін.

Ұрт аймағының терең бөлімінің шел тіндерінде (ұрттың шырышты қабығы мен ұрт бұлшықеті аралы-ғы) өтетін жайылмалы іріңді қабы

ну процесінің жергілікті клиника-

лық белгілері.

Ұрт аймағының флегмонасында бе-ттің симметриясы едәуір бұзылады, инфильтрат үстінің терісі қызарып, жылтырап тұрады, қатпарға жиналма-йды. Жұмсақ тіндердің ісінуінен көз саңылауы жартылай немесе толық жа-былады, мұрын-ерін қатпары тегістел-еді. Ауыздың ашылуы шектелмесе де, шайнау қызметі бұзылады.

Ірінді қабыну процесі ұрт аймағын-ың шырышты қабығы астында өтуін- де, жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілерінің бәрі бірдей байқала берм-ейді. Мұнда ұрт аймағының шырыш-ты қабығы қызарып, ісінеді, бетінде тіс сауыттарының іздерін көруге бола-ды. Ұрт аймағының тері астында май-лы шел тіндері мол, лимфа түйіндері көп және қан тамырларына бай болат-ындықтан, флюктуация (іріңді ошақт-ың іркілуі) белгісі байқала бермейді. Сол себептен, ірінді процестің диагно-зын нақтылау үшін бимануальді паль-пация жасау қажет. Сондай-ақ, жуан инемен ірінді ошақтан ірің сору алып (пункциялау), диагнозын нақтылауға мүмкіндік береді.

Жеке ұрт май түйіршігінің (Биша май түйіршігі) іріңді қабынуы өте ауыр дә-режелі ағымда өтеді. Мұнда ұрт айма-ғы айналасының жұмсақ тіндері едәуір ісініп, ісік көршілес аймақтарға тез та-райды (тіндердің коллатеральді ісінуі). Жұмсақ тіндердің ісінуі самай аймағ-ына, төменгі қабаққа тарап, көз саңыл-ауы жабылады

Инфекцияның тарау жолдары

Іріңді процестің жан-жаққа таралу-ына Биша май түйіршігі (corpus adip-osum buccaes. bulla Bichati) басты себ-еп болуы мүмкін. Іріңді инфекция құл- ақ маңына, жақсүйек астына, көзұяаст на, бетсүйек аймақтарына, қанаты-жақсүйек кеңістігіне тарайды.

Ұрт аймағының флегмонасы мен абсцесінің хирургиялық емі

Ұрттың анатомиялық және топогра-фиялық ерекшеліктері, инфекциялық қабыну процестің өту орны (беткей немесе терең) және операциядан кейін қалатын тыртықтың қалыптасуы еске-ріліп, абсцесті және флегмонаны тіліп ашу орны тері бетінен, бет жүйкесінің тармақтарына («үлкен қаз табаны») параллельді бағытта жүргізіледі. Ауыз қуысы ішінен тілік құлақмаңы сілекей безінің түтігіне (Стенонов түтігі) пара- лельді бағытта жүргізілуі тиіс.

65 сурет. Ұрт аймағының теріасты шел

тіндерінің үстіңгі бөлімінің абсцесін сырттан, мұрын-ерін қатпары боймен тіліп ашу операциясының орындалуы кезеңдері.

Егер абсцесс немесе флегмона бетк-ей шел тіндерінде өтсе, іріңді ошақ те-рі бетінен, ал терең шел кеңістіктерін-де - ауыз қуысы ішінен тіліп ашыла-ды. Айталық, ұрт аймағының үстінгі бөлімінің беткей шел кеңістігінің абс-цесі тері бетінен, мұрын-ерін қатпары бойымен (65,А,Ә суреттер), ал төменгі бөлімінің абсцесі мен флегмонасы тө-менгі жақсүйегінктің астынғы қырына параллельді бағытта тіліп ашылады (66,А,Ә,Б суреттер).

Ұрт аймағының беткей шел кеңістігінің флегмонасы мен абсце-сін (65 А сурет) тіліп ашу операция-сын орындау реттілігі:

  • жансыздандыру –премедикация-мен қоса жергілікті инфильтрация-лық анестезия немесе жалпы нар-коз;

66 сурет. Ұрт аймағының беткей шел кеңісті-гінің флегмонасы мен абсцесін сырттан тіліп ашу операциясының орындалуы.

  • мұрын-ерін қатпары бойымен (65,Ә сурет) немесе төменгі жақсү-йектің астынғы қырынан 1 - 1,5 см төмен, параллельді бағытта тері ті-лінеді; (66, А сурет)

  • ұрт бұлшықетінің үстінде жатқ-ан тері астының шел тіндері қанто-қтатқыш қысқышпен инфекциял-ық ошаққа қарай тереңдете тұйық ажыратылып, ірің шығарылады (65,Б сурет), (66,Б сурет);

  • іріңді жараға резеңке жолақ нем-есе бірнеше жерден тесілген поли-хлорвинильді түтік енгізіледі (65,В сурет), (66,В суреттер);

  • гипертониялық немесе антисеп-тикалық ерітінділермен дымқылда-нған асептикті дәке танғыш салын-ады.

Ұрт аймағының терең шел кеңіс-тіктерінің абсцесі мен флегмона-сын тіліп ашу операциясын орындау реттілігі (67 сурет):

67 сурет. Ұрт аймағының жоғарғы (А) және төменгі бөлімдерінің (Ә) терең шел кеңістіктерінің абсцесін ауыз қуысының шырышты қабық бетінен тілу орны және бағыты: 1 – құлақ маңы сілекей безі, gla-ndula parotidea; 2 - құлақ маңы сілекей безінің түтігі, ductus parotidea;

  • жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса жергілікті инфильтраци-ялық анестезия;

  • ауыз қуысы ішінен құлақ маңы сілекей безінің түтігі бойынан сәл жоғары немесе төмен шырышты қабық тілінеді;

  • тілінген жерден қантоқтатқыш қысқышпен тіндер инфекциялық ошаққа қарай тұйық ажыратылып, ірің шығарылады;

  • іріңді жараға резеңке жолақ енг-ізіледі