Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)

Топографиялық анатомиясы

Аймақтың шекаралары. Мұрын қуысы үстінен бассүйектің алдыңғы шұңқырымен, астынан - қатты таңда-ймен, жандарынан – көзұясының іш-кі қабырғаларымен және жоғарғы жақ-сүйек қойнауымен шектеледі. Мұрын қуысы ортасынан мұрынның аралық қабырғасымен екі жартыға бөлінеді. Мұрын қуысының алдынан алмұрт тесіктері (aperture periforms) ашыла-ды, ал артынан хаона арқылы көме-ймен қатынасады.

Мұрын қуысының тіректік негізін құрайтын анатомиялық құрылымдар: үсті - мұрын сүйектерінің ішкі беті, маңдай сүйегінің мұрын бөлігі, тор сү-йектің lamina cribrosa және сына сү-йектің денесі; астынан – қатты таңда-йдың үстіңгі беті (таңдай сүйектің жазық табақшасы). Мұрын қуысының бүйір қабырғаларын мұрын сүйегі, тор сүйегінің лабиринті, таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасы, қанат тәрізді өсіндінің медиальді табақшасы құрайды. Мұрынның бүйір қабырға-сына үш мұрын қалқаны бекиді: үстіңгі, ортаңғы және төменгі; олар- дың аралықтарынан үш мұрын жолын көруге болады. Жоғарғы жолы (үстіңгі және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығы) тор сүйектің артқы және ортаңғы ұяшықтарына ашылады. Үсті-ңгі қалқанның артқы жағында қанат-таңдай шұңқырына (fossa pterigopalat-inum) ашылатын сына-таңдай тесігі (foramen sphenopalatinum), ал қалқан-ның үстіңгі жағында - сына сүйек қой-науының тесіктері бар.

Ортаңғы мұрын жолына маңдай жә-не жоғарғы жақсүйек қойнаулары, со-ндай-ақ тор сүйектің алдыңғы ұяшық-тары ашылады. Төменгі жолына мұры-нның (төменгі қалқаны мен қатты таң-дай аралығы) көзжас-мұрын өзегі аш-ылады. Мұрынның аралық қабырғас-ын желбезек (vomer) және тор сүйе-гінің перпендикулярлы табақшасы құ-райды.

Мұрын қуысын және айналасын-дағы қойнаулардың қабырғаларын(жо-ғарғы жақсүйек, маңдай, сына, тор қо-йнаулары) қантамырлары мен жүйке тармақтары жақсы дамыған шырыш-ты қабық астарлайды. Артериялық қан арнасын көз (aa.Ethmoidales anterior et posterior), жақсүйек (a. sphenopalatina) және бет (aa. septi nasi) артерияла-рының бұтақтары құрайды. Мұрын қу-ысының көктамыр арнасын бет-жақ-сүйек және көз көктамырларының бұт-ақтары кіреді. Олардың мұрын-жұтқ-ыншақ, көзұясының және қатты ми қабықшасының қойнауларымен байл-анысы бар. Мұрын қуысының шыры-шты қабығын иіс сезу (n. olphactorius) және үш тармақты жүйкенің (бірінші және екінші) тармақтары жүйкеленді-реді.

Инфекцияның негізгі көздері және ену жолдары

Мұрынның шырышты қабығының инфекцияланған жаралары, айналасы-ндағы аймақтардан (жоғарғы ерін, сы-ртқы мұрын) енген іріңді қабыну ауру-лары.

Мұрын қуысының абсцесі мен фле-гмонаның жергілікті клиникалық белгілері

Науқас мұрыны ауыратындығына, мұрынмен демін алуы қиындауына шағымданады.

Алдыңғы риноскопиялық зерттеу- лерінен мұрын жолының іріңді инфи-льтратымен тарылуын немесе бітелуін көруге болады. Инфильтрат үстінің шырышты қабығы қызарған.

Инфекцияның тарау жолдары

Инфекция бассүйектің түбіне, көз-ұясына, мидың қатты қабықшалары мен қойнауларына таруы мүмкін.

Мүрын қуысының абсцесін тіліп ашу операциясын орындау реттілігі:

  • жансыздандыру – премедикаци-ямен қоса 1% немесе 2% дикаин ерітіндісімен аппликациялық анес-тезиядан кейін жергілікті жансызд-андыру әдісі жасалады;

  • мұрын айнасы мен маңдайлық рефлекторы көмегімен іріңді инф-ильтраттың астынан мұрын қуысы-ның шырышты қабығы тілінеді;

  • қантоқтатқыш қысқышпен(«мос- кит») жараның жиектері тұйық аж-ыратылып, ірің шығарылады.

VI.5.3. Ауыз қуысының, (cavum oris) абсцесі мен флегмонасы (қатты

және жұмсақ таңдай, тіл, жақсүйе-ктерінің қабы)

Топографиялық анатомиясы

Жақсүйектерінің альвеолалық өсін-ділері мен тіс қатары ауыз қуысын екі бөлімге бөледі: ауыз қуысының кіре-берісі және меншікті ауыз қуысы. Ауыз қуысының кіреберісі алдынан және жандарынан еріндердің және ұр-ттардың шырышты қабығымен астар-ланған. Жоғарғы екінші және үшінші үлкен азу тістері деңгейінде ұрттың шырышты қабығы бетінен құлақ маңы сілекей безінің түтігі ашылады.

Ауыз қуысының үстіңгі қабырғасын қатты және жұмсақ таңдай, астын ау-ыз қуысының түбі (ауыз қуысы түбі-нің диафрагмасы) m. mylohyoideus құр-айды. Соңғысының құрылысы күрде- лі және бірнеше анатомиялық құрылы-

мдардан тұрады: тіласты (regio sublin-gualis dext et sin), төменгі жақсүйек-асты (regio submandibularis dext et sin), иекасты аймақтары (regio submenta-lis). Ауыз қуысының түбі терімен қап-талған және топографиялық тұрғыдан мойынның үстіңгі бөлімін құрайды (region suprahyoidea)

Ауыз қуыс түбінің тіласты үзбесінің екі жағында тіласты емізігі (carunculae sublinguales) бар, мұнда жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерінің түті-ктері ашылады.

Жоғарғы және төменгі жақсүйекте-рінің альвеолалық өсінділері мен тіс қатары ауыз қуысын меншікті ауыз қуысына және ауыз қуысының кіребе-рісіне бөледі. Абсцесс немесе флегмо- на ауыз қуысының мына анатомиял-ық құрылымдарында дамуы мүмкін: қатты және жұмсақ таңдайда, жақ-сүйектердің сүйекқабы астында, тіл-де.

VI..5.3.1. Қатты таңдайдың абсце-сі (palatinum durum)

Топографиялық анатомиясы

Қатты таңдай жоғарғы жақсүйектің таңдай өсінділерінен және таңдай сүй-ектерінің жазық табақшаларынан құр-алған. Ауыз қуысын астарлайтын шы-рышты қабық тіс қатары мен таңдай жігі бойында сүйекқабымен тығыз бі-тіседі. Осы жерлерде шырышты қабық астында шел тіндері мүлдем болма-йды. Альвеолалық өсінді жоғарғы жа-қсүйектің денесіне ауысатын жерле-рінде, басқа жерлерімен салыстырған-да, шырышты қабық астының шел тін-дері біршама дамыған.

Қатты таңдай үлкен және кіші таң-дай артерияларымен (aa. palatinae ma-jor et minor) қоректенеді. Үлкен таңд-ай артериясы өзімен аттас жүйке тар-мағымен бірге үлкен таңдай тесігінен (foramen palatinum majus) шығады; ол үшінші үлкен азу тістің кызыл иегінен 1 - 1,5 см ілгері орналасады (46 сурет).

Кішігірім таңдай тесіктері (өзімен аттас артериялар шығады) үлкен таң-дай тесіктің артында орналасады. Қат-ты таңдайдың алдыңғы бөлімі күрек тістік артериясымен (a. incisiva) қор-ектенеді.

Инфекцияның негізгі көздері және ену жолдары

Жоғарғы жақсүйек тістерінің одон-тогенді инфекциялық ошақтары, қат- ты таңдайдың шырышты қабығының инфекциялық қабынулары мен инфек-цияланған жаралары.

Қатты таңдай абсцесінің клини-калық белгілері

Науқас таңдайы ісінуіне, тағам қа-былдағанда және сөйлегенде солқыл-дап ауруына шағымданады.

Қатты таңдайдан көтеріліп тұратын, шекаралары айқын емес іріңді инфи-льтратты көруге болады, айналасын-ың тіндері ісінген. Қабыну ошағы үс-

46 сурет. Шырышты қабығы алынғаннан кейінгі қатты және жұмсақ таңдайдың құрылымдары.

1 - таңдай бездері; 2 – таңдай жұтқыншақ бұл-шықеті; 3 - таңдай-тіл бұлшықеті; 4 - тілшік бұлшықеті; 5 – бадамша; 6 - жұмсақ таңдайды көтеретін бұлшықет; 7 - таңдай артериясы

тінің шырышты қабығы қызарған, пал-ьпация ауырсыну сезімін тудырады. Флюктуация белгісі болуы мүмкін.

Инфекцияның тарау жолдары

Қанат-жақсүйек, жұтқыншақ маңы кеңістіктеріне, жұмсақ таңдайға.

Қатты таңдай абсцесін тіліп ашу операцияның орындалу ретті-лігі (47 сурет)

47 сурет. Қатты таңдай абсцесін тіліп ашу орны және бағыты.

  • абсцесс қатты таңдайдың алдың-ғы бөлімінде орналасуында жергі-лікті инфильтрациялық, ал үлкен таңдай тесігіне өткізгіштік анес-тезия жасалады; егер абсцесс қатты таңдайдың артқы бөлімінде ор-наласса жергілікті анестезиямен қоса бассүйек түбінеге дөңгелек тесікке С.Н. Вайсблат бойынша өт-кізгіштік анестезия және самай шұ-ңқырынан А.В. Вишневский бойы-нша анестезия жасалады;

  • қабыну инфильтратының өлше-міне сәйкес қантамырлары бойы-мен қатты таңдайдың шырышты қабығы тілінеді;

  • жараның жиектері қантоқтатқ-ыш қысқышпен іріңді ошаққа қа-рай тереңде ажыратылып, ірің шы-ғарылады;

  • ашылған жарада резеңке жолақ тұрмайтындықтан, іріңнің кедергі-сіз шығуын қамту үшін тілінген жараның жиегінен ені 2 - 3 мм не-месе үшбұрышты етіліп шырышты қабық және сүйекқабы кесіп ал-ынады (14 суретті қараңыз). Гемо-стаз.