Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау

Қабыну процесінің орналасуы

Балмен бағалау

Іріңді қабыну процесі

Сірлі қабыну

процесі

1

Жақсүйектердің сүйекқабы

25

12

2

Бетсүйек аймағы

25

12

3

Көзұяасты аймағы

25

15

4

Ұрт аймағы

30

15

5

Иекасты аймағы

30

20

6

Құлақ маңы – шайнау аймағы

40

20

7

Жақсүйек арты аймағы

40

20

8

Самай аймағы (беткей орналасуы)

40

20

9

Самай аймағы (терең орналасуы)

60

30

10

Тіласты аймағы, тілдің денесі

40

20

11

Жақсүйектің шектелген остеомиелиті

50

25

12

Жақсүйектің жайылмалы остеомиелиті

70

50

13

Самайасты шұңқыры

50

25

14

Қанат-жақсүйек кеңістігі

50

25

15

Төменгі жақсүйекасты аймағы

50

25

16

Тілдің түбірі

60

30

17

Жұтқыншақ маңы кеңістігі

60

30

18

Көзұясы

70

30

19

Ауыз қуысының түбі (іріңді қабыну процесінің орналасуы және тарауына байланысты)

80

150 дейін

90 балға дейін

91 ден 160 балға дейін

160 балдан жоғары

ағымы қатерсіз

ағымы күмәнді

ағымы қатерлі

III. Ағымының болжамы

8 кесте

Егер есептелген балдың жалпы саны 160-тан асса, іріңді қабыну процесінің болжамы қатерлі деп қарастырылады. Мұнда іріңді қабыну процесінің ағымы қарқынды өтуі және оның тек көршілес аймақтарға ғана емес, сондай-ақ алшақта жатқан анатомиялық құрылымдары мен кеңістіктеріне тарайтыны да есепке алынады.

Ағымының болжамы қатерсіз (балы 90 аспайтын) іріңді инфекциялық процестерінің негізгі емі – іріңді ошақты тіліп ашу және ірің өткізгіш (дренаж) қою, ретінде қосымша «себепші» тісті жұлу.

Ілеспе аурулары жоқ, ағымының болжамы қатерсіз іріңді инфекциялық процестермен ауырған науқастарға жалпы ем ретінде антибиотиктер және десенсибилизациялау дәрі-дәрмектер мен аналгетиктер тағайындау жақсы нәтиже береді. Солардың ішінде ацетилсалицил қышқылы (аспирин) және соның қатарындағы препараттарды (аскофен, асфен, цитромон, индометацин, ибупрофен) тағайындау тиімді болып саналады.

Іріңді қабыну процесінің аяқталуын жеделдетуге, жараның іріңнен тез тазаруына және бітісуіне оңтайлы жағдай тудыру мақсатымен физиотерапиялық ем тағайындалады.

Болжамы күмәнді (балдың жалпы саны 91 - 160 дейін) инфекциялық қабыну ауруларында жақсүйектердегі және жұмсақ тіндердегі іріңді ошаққа

хирургиялық ем жүргізіп, ашылған жараға ірің өткізгіш енгізіледі және орташа мөлшерлі антибиотиктер тағайындалады. Емнің алғашқы кезеңінде кең спекторлы антибиотиктер тағайындалса, кейін бактериологиялық зерттеулерге (іріңді ошақтан табылған микробтардың түрлері мен олардың антибиотиктерге сезімталдығы) негізделіп тағайындалады.

Инфекциялық қабыну процесінің болжамы күмәнді науқастарға, негізінен ағзаның иммундық қорғаныс күшін реттеуге бағытталған патогенетикалық ем тағайындалады.

Мұндай емнің үш түрі жүргізіледі:

Біріншісі - науқастың иммундық жүйесін реттеуге және қабыну процесінің үстемділігін тежеуге, сонымен қоса, ағзаның инфекцияға қайырған гиперергиялық реакциясын басуға десенсибилизацияландыру емі жүргізіледі. Осы мақсатпен мына дәрі-дәрмектер тағайындалады: аналгетик антипиритиктер (антипирин, амидопирин, аналгин, фенацитин, парацетамол), салицилаттар (аспирин), фенилпропион және фенилуксусты қышқылдардың түзілістері (ибупрофен, индометацин), антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин, тавегил).

Іріңді инфекцияға ағзаның гиперергиялық реакциясы мына клиникалық белгілермен сипатталады:

• қабыну процесі жедел басталып,

қарқынды ағымда өтеді (1 - 3 тәулік аралығында);

• қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері айқын сипатталады;

• дене қызуы (қолтықтан өлшенгендегі) 38°С-тан жоғары– гипертермиялық реакция;

• дене қызуы мен қантамыр соғуы аралығында «қайшылық» болуы: тамыр соғуы жиілегенде, дене қызуы арта түсуі (нормергиялық реакциясын-да дене қызуының 1°-С көтерілуі, 1 минуттық тамыр соғуын 10 санға жиілетеді);

• гиперлейкоцитоз (1 мкл қанда лейкоциттер саны 12,0 мыңнан астам);

• лимфоциттер саны қалыпты көрсеткіште немесе сәл көбейгенде, нейтрофилез дамиды;

• эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) 40 мм/сағ. жоғары.

Екіншісі - инфекциялық қабыну процесіне ағза гипоергиялық реакциямен жауап қайырғанда (иммундық тапшылығында), иммундық жүйе қызметін реттеуге және баяу ағымдағы қабыну процесінің реакциясын жоғарылатуға бағытталған ем жүргізіледі. Осы мақсатпен орталық жүйке жүйесінің кызметін реттейтін (кофеин, фенамин және осы сияқты дәрі-дәрмектер: аскофен, асфен, новомигрофен, пирамеин, циркофен, цитрамон) иммундық жүйе қызметін үстемдейтін (продигиозан, пирогенал, левомизол жалпы УКС, қуаты төмен жиіліктегі гелий-неонды лазер) дәрі-дәрмектер мен физиотерапиялық ем тағайындалады.

Іріңді инфекцияға ағзаның гипоер-гиялық реакциясы мына клиникалық белгілерімен сипатталады:

• қабыну процесі баяу басталып, саябырлы ағымда өтеді. Соған байланысты, науқастардың басым көпшілігі инфекцияның алғашқы белгілері байқалғаннан кейін 3-5 тәулік кешеуілдетіп дәрігерге қаралады;

• қабыну процесінің жергілікті клиникалық белгілері саябырлы ағымда немесе көмескіленіп сипатталады: қабыну инфильтраты үстінің терісі немесе өзгеріссіз немесе сәл қызарады, ауырсы-ну сезімі болар-болмас;

• инфекциялық қабыну процесінің аумағы мен дене қызуы көрсеткіштері аралығында сәйкестік болмауы (жайылмалы іріңді қабыну процесінде дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты көрсеткіште);

• дене қызуы мен қантамыр соғуы аралығындағы «қайшылық» болуы–қантамыр соғуы жиілегенде дене қызуы да жоғарылайды (нормергиялық реакцияда дене қызуының 1°С көтерілуі 1 минут аралығындағы тамыр соғуын 10 санға жиілетеді);

• инфекциялық қабыну процесінің аумағы мен лейкоциттік реакция аралығында сәйкестік болмауы; (мұндай сәйкессіздіктің аса айқын түрі -жедел іріңді қабыну процесімен ауырған науқаста лейкопения дамуы);

• лимфоциттер саны азаюы;

• эритроциттердің тұну жылдамғы (ЭТЖ) 40 мм/сағ жоғары;

Іріңді қабыну процесінің иммундық тапшылықта өтуі иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер қорытындысынан анықтауға болады.

Үшінші жолы - инфекциялық процеске науқастың ағзасы қандай да болсын реакциялық жауап қайырса да, иммундық жүйе қызметін реттеуге адаптогендер тағайындалады. Инфекцияға ағза гиперергиялық реакциясымен жауап қайтарғанда, адоптогендер қабыну процесінің белсенділігін нормергиялық ағымына бұрады, ал гипоергиялық реакциясын- керісінше, үстемдейді. Осындай қасиетке ие адаптогендер қатарына жататындар: женьшень, элеутерококк, қытай лимонкасы, сондай-ақ дибазол 0,005 г тәулігіне 2-3 рет тағайындалады.

Ағзаның улану белгілері айқындалғанда (гипертермиялық реакция, гиперлейкоцитоз), антибактериялық және иммундық жүйенің қызметін реттейтін дәрі-дәрмектермен бірге уыттануға қарсы ем жүргізілуі тиіс. Іріңді қабыну процесінің болжамы қатерлі науқастарға антибиотиктер өте жоғары мөлшерде тағайындалып, оларды парентеральді жолмен енгізген тиімді.