Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

Жергілікті клиникалық белгілері

кесте 5

Қабыну процестерінің шоғырлану орындары

Қызметтерінің бұзылыстары

Қабыну процестерінің сыртқы

көріністері

Тыныс алу

Жұтыну

Ауыз ашылуы

Ауыздың

жабылуы

Көру

Сөйлеу

Беттің асимметриясы

Төменгі жақсүйекасты аймағының екі жағы бірдей ісінуі

Көмейдің

асимметриясы

Тілдің ұлғаюы

Тілдің жоғарға ығысуы

Терең

1. Ауыз қуы-сының түбі

+

+

+

+

+

+

2. Жұтқыншақ маңы кеңістігі

+

+

+

+

3. Тіл

+

+

+

+

+

4. Қанат-жақ-сүйек кеңістігі

+

+

+

5. Төменгі жақсүйек асты кеңістігі

+

+

6. Меншікті шайнау бұлш-ықеті астыны-ң кеңістігі

+

+

7. Самайасты шұнқыры

+

8. Самай ай-мағы (терең)

+

+

9. Көзұя

+

Беткей

1. Маңдай ше-кешұйде аймағы

+

2. Самай ай-мағы (беткей )

+

3. Қабақ

+

+

4. Сыртқы мұ-рын аймағы

+

+

5. Ұрт аймағы, иек

+

+

6. Иекасты аймағы

+

+

8.Бетсүйек ай-мағы

+

9. Ұрт аймағы

+

10. Құлақ ма-ңы-шайнау аймағы

+

11. Төменгі жақсүйекарты

+

12.Тіласты ай-мағы

+

+

Флегмона, әдетте бет-жақсүйек аймақтарының екі, үш немесе одан да көп шел кеңістіктерінде және ауыз қуысы түбінде өтеді. Алғашқы даму кезеңдерінен-ақ флегмона тез тарауға, тіндерді жайылмалы түрде зақымдауға бейім болып келеді. Қабынудың даму қарқындылығы соншалықты, тіптен

демаркациялану процесі кешеуілденіп, инфекциялық ошақтың шектелу мүміндігі болмайды. Флегмонаның ослайша өту сипатын кейбір авторлар қағаз сорғышына тамған майдың жанжаққа тез жайылуымен ұқсастырады.

Бет-жақсүйек аймақтары мен мойынның іріңді қабыну ауруларының топикалық диагностикасы косымша зерттеу әдістерін жүргізуді қажет етеді: термография, рентгенография, жылулық визиография, іріңді ошақты пункциялау (қабыну ошағында іріңнің бар-жоқтығын инемен сорып анықтау). Кейінгі зерттеу әдісін (пункциялау) кез келген, тіптен клиникалық тәжірибесі әлі де болса қалыптасып үлгермеген хирург-дәрігер жасай алады. Аталмыш әдіс тек іріңнің шоғырланған орнын ғана білдіртіп қоймай, сондай-ақ қабыну процесінің сипатын (сірлі, іріңді), түрін (аденофлегмона, остеофлегмона, одонтогенді флегмона) анықтауға және хирургиялық емнің қажеттілігін нақтылауға мүмкіндік береді,

қорытындылап айтқанда іріңді хирурги-яның “Ubi pus, ibi evacua – ірің бар жерге тілік қажет” делінген

басты қағиданы ұстануға нұсқау бо-лады.

VI.2. Жедел іріңді қабынуаурула-рының ағымын болжамдау және ем-ін жоспарлау

Бет-жақсүйек аймақтарының және мойынның абсцестері мен флегмоналары негізінен жедел одонтогенді (тіс-пен байланыстылығы) қабыну аурулары болғандықтан, олардың кешенді емін ұйымдастыру барысында келесі мәселелер шешілуі тиіс:

1. Жүргізілетін ем қаншалықты қарқынды болуы тиіс?

2. Науқастың емі медициналық мекеменің қай бөлімшесінде жүргізілгені тиімді?

• амбулаториялық ем ретінде емханада ма немесе мамандандырылған хирургиялық ауруханада ма, әлде оның қарқынды ем жүргізуге арналған бөлімшесінде ме?

3. Іріңді қабыну ошағы қандай хирургиялық әдіспен және қай жерден тіліп-ашылуы қажет?

4. Хирургиялық емі қандай жансыздандыру әдісімен жүргізілгені тиімді?

Кешенді ем жүргізілу барысында мына мәселелерге назар аударған жөн:

• жедел іріңді қабыну процесі ағымының болжамы (қатерсіз, күмәнді, қатерлі);

• науқастың жасы, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы, ілеспе ауруларының бар-жоғы;

• орындалатын операцияның сипаты (жарақаттылығы, ұзақтығы және т.б.);

• ауруханада емделгеннен кейін науқастың мекен – жайында емханалық көмекті көрсете алатын, берілген нұсқауларды жалғастратын (реабилитациялық кезең) дәрігерлердің болуы.

Жедел одонтогенді қабыну ауруларымен сырқаттанған науқастардың жалпы жағдайын бағалауға және инфекциялық процестің ағымын болжамдауға гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулері қажет (М. И. Азимов, Н. К. Артюшенко, Н.Н. Бажанов, А.С. Галяпин, Ю.В. Казаков, В.А. Козлов, Е.В. Крещетов, Т.К. Супиев, Н.А. Чабанов және т.б.). Күнделікті клиникалық тәжірибеде мұндай науқастарды ауруханаға жатқыза салысымен бәріне бірдей дер кезінде тереңдетілген зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бола бермейтіні, белгілі жәйт. Сол себептен, қысқа мерзім аралығында инфекциялық процестің ағымын болжауға қарапайым зерттеу әдістерінің қажеттілігі, оларды клиникалық тәжірибеге енгізу мәселелері әлі де болса толық шешімін таппай келуде. Осындай зерттеу әдістерінің бірін Т.М.Алехова, М.М.Соловьев, О.П.Большаков (2001) ұсынған. Мұнда іріңді қабыну процестің орны, аумағы және клиникалық белгілерінің айқындылығы (қантамыр соғуының жиілігі, дене қызуы, лейкоциттердің саны мен сапалық құрамы, эритроциттердің тұну жылдамдығы - ЭТЖ) ескеріліп, инфекциялық процесі ағымының болжамын анықтауға болады. Ағзаның іріңді қабыну процесіне қайырған жауабы ретіндегі реакцияларының белгілері балмен есептеу 6 кесте көрсетілген.