Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арнай, Акжан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.67 Mб
Скачать

VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.

Бет-жақсүйек аймағының жекелен ген шел кеңістіктерінің шекаралары арнайы медициналық әдебиеттерінен белгілі болса да, оның жалпы өзінің нықтыланған шекарасы көрсетілмей келуде. Оның шекарасын нақтылау, қабыну процестерінің топикалық диагностикасын жүргізуге, хирургиялық емін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бет-жақсүйек аймағы бетті толық (бастың алдынғы бөлімін) және мой ынның жоғарғы бөлімдерін қамтиды.

Шекаралары: үстінен–шаштың алдынғы денгейі; жандарынан–құлақ қалқандары, төменгі жақсүйек бұтақтарының артқы қыры және изеу бұлшықетінің алдынғы жиегі; төменнен–қалқанша тәрізді шеміршектің үстіңгі жиегінен өтетін денгей. Аймақтың шекарасын осылай нақтылап белгілеу, осы аумақ ішінде жатқан мүшелер мен тіндердің, сондай-ақ ауыз қуысының аурулары мен жарақаттарын бет-жақсүйек хирургтары емдеуге жауаптылығын және заңдылығын көрсетеді.

Анатомиялық және топографиялық тұрғыдан бет-жақсүйек аймағы беттің және мойынның келесі жеке бөлімдерін қамтиды: маңдай, көзұя, мұрын, көзұяасты, бетсүйек, самай, құлақ-маңы-шайнау, ұрт, ауыз қуысы, иек- асты, төмеңгі жақсүйекасты, және төс-бұғана-емізік аймақтары.

Казіргі кезеңде бет-жақсүйек аймақтарының-аймақтарындағы хирургиялық инфекцияның ғылыми-тәжрибелік маңыздылығы арта түспесе, азаймағаны байқалады және бет-жақсүйек хирургиясының басты проблемаларының бірі болып қала бермек. Себебі, хирургиялық стомато-логия аурулары арасында бет-жақсүйек аймақтарының іріңді қабыну аурулары 50% асып түсуі, ағымының ауыр да жайылмалы түрлерінің көбеюі, көпшілік жағдайда клиникалық белгілері көмескіленіп өтуі және өмірге аса қауіпті асқынулар (кеуекті қойнаудың тромбозы, бас миының абсцесі, медиа-стенит және сепсис) тудыруы соның белгісі болса керек.

Бет-жақсүйек аймақтарының іріңді қабыну аурулары адамның өміріне аса маңызды мүшелері мен жүйелерді зақымдайтындықтан, бұл тек бет-жақсүйек хирургтарының ғана мәселесі болып қоймай, сондай-ақ жалпы хирургтармен, нейрохирургтармен, офтальмолгтармен және лор-дәрігерлерімен бірлесіп шешілетін мәселе.

Бет-жақсүйек аймақтарының іріңді қабыну ауруларын дененің басқа аймақтарында өтетін іріңді қабыну ауруларымен салыстырғанда, едәуір айырмашылықтары (әлеуметтік, эстетикалық және беттің адам өмірі мен қоғамда айрықша орын алатындығы) болғаны-болатыны ескерілуі тиіс. Бет-жақсүйек аймақтарынан бет жүйкесінің тармақтары және ымдау бұлшықеттері өтетіндіктен, іріңді ошақтарды тіліп ашқанда, хирургтан тиянақтылықты және анатомиялық құрылымдарды аса жарақаттамайтындай тілік жүргізуді қажет етеді.

Іріңді қабыну процестері бет-жақсүйек аймақтарының терең бөлімдерінде (самайасты, жұтқыншақ маңы және қанат-жақсүйек кеңістігі) өтуінің-өтуінен, олардың негізгі клиникалық белгілері көмескіленіп, науқастың сыртқы келбетінен инфекциялық процестің өту орнын және ауырлығын анықтауға мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты, наукастардың дәрігерлік көмекке кеш келулері, оларға уақытылы диагнозын қоюға кедергі тудырып, жүргізілетін хирургиялық емін күрделендіреді және аса қауіпті асқынулар дамуына себеп болады.

VI.1. Бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының жергілікті клиникалық белгілері

Флегмона (грек сөзінен – phlegmo-na, қабыну) - тері немесе шырышты қабық астының, бұлшықет және шандыр табақшалары аралықтарының шел кеңістіктерінде өтетін жедел жайылмалы іріңді қабынуы.

Абсцесс (abscessus – шектелген іріңді ошақ немесе іріңдік) - тері немесе шырышты қабық астының, бұлшықет және шандыр табақшалары аралықтарының шел тіндерінің ыдырауынан туындайтын іріңді қабыну. Абсцесс айналасында қалыптасатын грануляциялық тіндермен шектеледі. Флегмона мен абсцестің бір-бірінен айрмашылықтары, олардың жайылу көлеміне, жергілікті және жалпы клиникалық белгілеріне, ағымының ерекшеліктеріне байланысты. Сөйте тұра, абсцесс жеке өзіне тән басты «шектеулі» қасиетін жойып, флегмонаға ауысуы мүмкін. Осыған байланысты, абсцесс пен флегмонаны ажырату, кейбір жағдайларда едәуір қиындық тудырады.

Флегмона мен абсцесті бір-бірінен өзара ажыратқанда, оларды біріктіретін клиникалық белгілерінен басқа, жеке өздеріне тән патогноматикті, яғни тек өзіне ғана тән нақты белгілері болатыны ескерілуі тиіс.

Абсцесс шектелген іріңді қабыну процесі болғандықтан, ағзаны аса жоғары уландырмайды. Беткей шел кеңістіктерінде өтетін абсцестер мен флегмоналарында тіндердің ісінуі (tumor), терінің немесе шырышты қабықтың қызаруы (rubor), жергілікті қызуының көтерілуі (calоr) үнемі байқалады. Ал, қабынудың ауырсыну сезімі (dolor), мүшенің қызметінің бұзылуы (functional esa) үнемі байқала бермейді.

Флегмоналардың жергілікті клиникалық белгілері, көп жағдайларда инфекциялық процестің өту орнына байланысты. Айталық, беткей (теріастында) флегмоналардың барлығында, тіндердің ісінуі, науқастың бет пішінінің бұзылуы (асимметриясы), пальпациялағанда ауырсыну сезімін тудыратын тығыз инфильтрат бары анықталады; инфильтрат үстінің терісі қызарған, қатпарға жиналмай, керіліп, жылтырап тұрады. Терең флегмоналарында (қанат-жақсүйек және жұтқыншақ маңы кеңістіктерінде, тіл түбірінде) іріңді инфильтраттың болуы, тері бетінің өзгерістері байқалмай, беттің симметриясы бұзылмауы мүмкін.

Бет-жақсүйек аймағы флегмоналарының барлығына тән жергілікті клиникалық белгілер:

• төменгі жақсүйектің қозғалысы шектелуі, кейде толық қарысуы (тризм);

• шайнау және жұтыну қызметтерінің бұзылуы, ауырсыну сезімін тудыруы; мұндай бұзылыстар әсіресе қанат-жақсүйек кеңістігінің және меншікті шайнау бұлшықеті астының флегмоналарында жиі байқалады;

• сөйлеу және тыныс алу бұзылыстары;

• сілекейдің бөлінуі бұзылуы: сілекейі қоюланып, түкіру қиындық тудыруы.

Флегмоналар сүйек тініне немесе лимфа түйіндеріне қатысты остеофлегмонаға және аденофлегмонаға бөлінеді. Бірнеше тін қабаттарынан тұратын анатомиялық аймақтардың қай денгейінде (тері немесе шандыр астын-да, шандыр табақшалары аралығында, бұлшықет астының шел тіндерінде немесе сүйекқабы астында) абсцестің немесе флегмонаның өту орнын анықтау- топикалық диагностика деп аталады.

Бастың бет бөлімінің терең аймақтарында және ауызқуысының түбінде өтетін жедел іріңді қабыну ауруларында, жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілерінің бәрі бірдей айқын байқала бермейді. Іріңді қабыну процесінің шоғырлану орнына байланысты, ауырсыну сезімі, жұтыну, шайнау, сөйлеу және тыныс алу бұзылыстары, шайнау бұлшықеттерінің құрысуы (тризм), ауыз-жұтқыншақ өтісінің тарылуы сияқты клиникалық белгілер, әрдайым бірінші орында тұрады. Қабыну процесінің кейбір белгілерін (ісіну, шырышты қабықтың қызаруы, қабыну ошақ үсті тіндерінің қызуы көтерілуі) негізінен ауыз қуысы ішінен ғана байқауға болады.

Бастың және мойынның абсцестері мен флегмоналарының хирургиялық емі нәтижелі болуы, іріңді процестің топикалық диагнозы дұрыс қойылуына байланысты. Іріңді қабыну процесінің топикалық диагностикасы екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде жедел іріңді қабыну процесі бет-жақсүйек аймағының қай бөлімінде (беткей немесе терең) өтуін анықтау. Іріңді қабыну процесінің өту орны анықталған соң, оның қай анатомиялық шел кеңістігінде шоғырлануын нақтылау – топикалық диагностиканың екінші кезеңі. Мұнда қабыну инфильтраттың шоғырлану орны, тіндердің ісінуі, терінің немесе шырышты қабықтың қызару аумағы, ауырсыну сезімінің бар-жоқтығының айқындылығы, себебі (өздігінен, сөйлегенде, жұтынғанда және т.б.) тарау бағыты, үдеуі себептері, инфильтраттың пальпациялағандағы тығыздығы және мүшелердің қызметінің бұзылуы (жұтыну, шайнау, тыныс алу, төменгі жақсүйектің әр бағыттағы қозғалысы) анықталады.

Бет-жақсүйек аймақтарының одонтогенді флегмонасының топикалық диагнозын дұрыс қою және іріңді ошақты тіліп ашуға тиімді орынын табу, жету, іріңді қабыну процестің төрт жергілікті клиникалық белгілеріне негізделеді:

Бірінші жергілікті белгі - «себепші» тіс белгісі. Мұндай тістің түбір ұшында гангренозды пульпиттен немесе маргинальді периодонтиттен туындаған қабыну ошағы шоғырланады. Тіс инфекциялық процестің даму көзі болғандықтан және айналасындағы тіндерге тарап, оларды зақымдайтындықтан «себепші» тіс деп аталады. Қабыну процесінде «себепші» тісті анықтау аса қиындық тудырмайды. Оны науқастың шағымынан немесе ауыз қуысын қарап тексеру барысында, аспаптық және рентгенографиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйеніп анықтауға болады;

Екінші жергілікті белгі - бет-жақсүйек аймақтарының жұмсақ тіндерінде қалыптасатын қабыну инфильтратының (іріңнен тіндердің ісінуі, қатайуы) айқындылығы. Кезкелген флегмона тіндердің инфильтрациялануымен өтсе де, бұл клиникалық белгі беткей флегмоналарда айқын байқалып, терең флегмоналарда сәл ғана білініп,тіптен байқалмауы да мүмкін. Бұл белгі іріңді қабыну процесін сырттай бейнелейтін, нәтижесінде бет пішінін бұзатын немесе симметриясының сақталуын айқындайтын көрініс. Айталық, ұрт аймағының флегмонасы беткей іріңді қабыну процесі болғандықтан, тіндердің ісінуі, тері беті қызаруы және инфильтрациялануы айқын байқалады. Ал, қанат-жақсүйек флегмонасы төменгі жақсүйек бұтағының ішкі беті жағында өтетіндіктен және терең шел кеңістіктерінде шоғырланған іріңді қабыну процестері қатарына жататындықтан, инфильтраттың белгісін сырттай байқау да, анықтап білу мүмкіндігі де бола бермейді, беттің симметриясы бұзылмайды. Әрине, мұндайда тіндердің инфильтрациясы жоқ деуге болмайды, оны тек терең орналасқа-ндықтан, сырттай анықтау мүмкіндігі шектеулі.

Үшінші жергілікті белгі – төменгі жақсүйектің қозғалысының шектелуі (тризм). Мұнда да науқастың аузы қаншалықты ашылатыны ғана анықталып қоймай, сондай-ақ, төменгі жақсүйектің жанына және алға ығысуының денгейі тексеріледі. Әрине, қайсыбір шайнау бұлшықеті айналасында шоғырланған қабыну процесі аздыкөпті болса да төмегі жақсүйектің қозғалу қызметін бұзады. Шайнау бұлшықе-терінің атқаратын қызметіне сәйкес, науқасты тексеру барысында, оның бұзылу денгейі қаншалықты екендігін анықтап білу, инфекциялық ошақтың шоғырлану орнында дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, қанат-жақсүйек кеңістігі флегмонасының нақтылы белгісінің бірі – ауыздың ашылуы шектелуі. Іріңді қабыну процесінен медиальды қанат-жақсүйек бұлшық еті тітіркеніп тырысуынан, төменгі жақсүйектің қозғалысы шектеледі, науқас аузын аша алмайды.

Төртінші жергілікті белгі – науқастың жұтынуының қиындауы. Аталмыш белгінің пайда болуы, жұтқыншақтың бүйір қабырғалары қабыну инфильтратымен қысылып, жұтынғанда үдей түсетін ауырсыну сезімі пайда болуымен байланысты.

Бастың белгілі бір анатомиялық құрылымында немесе бет-жақсүйек аймақтарының терең бөлімдері мен ауыз қуысы түбінің шел кеңістіктерінде өтетін абсцестерді және флегмоналарды сипаттайтын клиникалық белгілер 5 кестеде келтірілген.

Бет-жақсүйек аймақтарында шоғырланған жеке флегмоналардың