- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Мазмұны
- •II тарау
- •VI тарау
- •VII тарау
- •VIII тарау
- •IX тарау
- •X тарау
- •XI тарау
- •XII.Тарау
- •XIII тарау
- •XIV.Тарау
- •Қысқартулар
- •I тарау
- •Этиологиясы және патогенезі
- •Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері
- •II тарау
- •I. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •II. Бастың бет бөлімі
- •Беттің бүйір бөлімі
- •II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі
- •III тарау қабыну процесінің патологиялық морфологиясы мен физиологиясы
- •Периодонтит, периостит, перикоронарит және жақсүйектердің остеомиелиті.
- •IV.1. Периодонтит.
- •IV.2. Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі.
- •IV.3. Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.
- •IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
- •IV.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі.
- •Ә. Жедел остеомиелиттің үстемділігі бәсеңдеген кезеңінде
- •Ә. Сүйек секвестрлері деморкациялануының (бөлінуі) аяқталу кезеңі
- •Б. Сүйек секвестрлері алынып тасталғаннан кейінгі кезең.
- •IV.5. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.
- •V тарау
- •Ауруларының жалпы клиникасы
- •Дене қызуы мен қоршаған ортаның температуралық көрсеткішіне және тыныс алу жиілігіне байланысты ағзасын сұйықтық жоғалу мөлшері
- •VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.
- •Жергілікті клиникалық белгілері
- •Жедел одонтогенді қабыну ауруларының ағымын болжау.
- •1. Қантамыр соғуының жиілігі
- •II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау
- •III. Ағымының болжамы
- •VI.3. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •33 Сурет. Қабақтың абсцесінде тері тілігінің орны және бағыты.
- •38 Сурет. Мұрынның абсцесі мен
- •VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
- •40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
- •VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
- •VI.3.2.Жұмсақ таңдайдың абсцесі (palatinum moli)
- •VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен
- •VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)
- •VI.6.3. Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы
- •Топографиялық анатомиясы
- •VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)
- •VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы
- •VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
- •VIII тарау лимфаденит және аденофлегмона
- •VIII.1. Лимфадениттер
- •Жедел одонтогенді лимфаденит
- •Созылмалы лимфаденит
- •Диагностикалық зертеу әдістері:
- •VIII.2 Аденофлегмона
- •Қабыну ауруларын кешенді емдеу
- •Антибиотиктердің микробтарды жою қасиетіне байланысты жіктелуі
- •9 Кесте
- •Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
- •Қан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділері
- •Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
- •Электролиттердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •Дәрумендердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •11 Кесте
- •Қабыну аруларының қарқынды емі
- •XI тарау
- •Қабыну аурулары
- •XI.2Туберкулез.
- •XI.3. Мерез.
- •XII тарау
- •Қабыну аурулары
- •XII.1 Сыздауық
- •XII.5. Су жегі (нома)
- •XIII тарау
- •XIII.1. Жедел одонтогенді гайморит
- •Физиотерапиляқ ем
- •XIII.2. Созылмалы одонтогенді гай-морит
- •Жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қатерлі ісік-тері
- •Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері.
- •12 Кесте
- •XIV тарау
- •Асқынулары
- •XIV .1. Бет көктамырларының тромбофлебиті.
- •XIV .2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы
- •XIV .3. Одонтогенді медиастенит
- •Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай
- •XIV .4. Сепсис
- •Жүйелі қабыну реакция синдромын (жқрс/sirs) айқындайтын белгілер
- •Сепсистің балама (эмпериялық) антибактериалық емінің нұсқауы
- •16 Кесте
- •Қоданылған әдебиеттер
- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Құраш Амангелді Ғалымжанұлы
IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
Одонтогенді инфекциялық қабыну
ауруларында(жедел периодонтит, пе-риостит, флегмона, остеомиелит, ос-теофлегмона)жақсүйектердің құрыл-ымдары әркелкі деңгейде патология-лық бұзылысқа ұшырайды. Осыған байланысты, остеомиелиттің патом-орфологиялық бұзылыстарының ере-кшеліктерін білу, дұрыс патогенетик-алық емін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
А. А. Лимберг, П. П. Львов (1938), А.Е.Верлоцский (1948), В.М.Уваров (1957), М.Д.Дубов, (1959) және т.б., периодонтиттерді және периостит-ерді патогенезі тұрғыдан остеомиел-иттер қатарына жатқызады. Клини-калық және патоморфологиялық тұ-рғыдан бет-жақсүйек аймақтарының барлық жедел одонтогенді қабыну ауруларын осылай бірыңғай қараст-ыру, әрине дұрыс та болуы мүмкін. Әйтсе де, жедел іріңді және созылм-алы периодонтиттердің өршуіндегі патоморфологиялық бұзылыстарын-ан тіс түбір ұшы аймағыда сүйек ті-ндерінде ұзақ уақыттан бергі қабыну процесінен туындайтын патологиял-ық өзгерістерін айқын көруге бола-ды. Тіс түбір айналасындағы сүйекте өтетін мұндағы перифокальді (қабы-нудың жергілікті шеңбері тек баста-лған жерімен ғана шектелуін айқын-дайтын атау) патологиялық бұзыл-ыстардың аумағы мен сапасын, ост-еомиелитпен теңестіруге болмайды.
Жедел периодонтитте қабыну про-цесі негізінен периодонт тіндерінде жүреді (Г.А.Васильев, 1956). Инфек-циялық процесс тіс ұяшығының қаб-ырғасы бойымен тарап, периодонт саңылауын кеңейтеді, сөйте тұра, ко-ртикальді сүйек табақшасында күрд-елі патологиялық бұзылыстарын туд-ырмайды, периодонт саңылауының бүтіндігі сақталады. Науқастың жал-пы жағдайы нашарламай тұрғандағы периодонтитте жүретін сүйектегі па-ологиялық процесті қабынудың пер-ифокальді жалқықтық (экссудатив-ті) реакциясы деп қарастырған дұр-ыс. Сірлі, кейін іріңді жалқық пери-одонт саңылауында жинақталып, жү-йке тармақтарын тітіркендіруі, тістің үнемі солқылдап ауыруына себебін тигізеді. Қабыну процесінде түзіле-тін жалқық периодонт саңылауынан сүйектің кемікті затына өтуінде, жед-ел периодонтиттің клиникалық сип-аты күрт өзгереді. Соның нәтижесі-нде, периодонт саңылауындағы қыс-ым төмендеп, қабыну ошағында ауы-рсыну сезімі бәсеңсиді. Сөйте тұра, тістің айналасындағы жұмсақ тінде-рдің ісінуі артып, дене қызуы көтер-іледі. В.В.Паникаровский және А. С. Григорьян, (1973), қабыну процестің тіс түбір айналасында өту кезеңін «транзиторлы остит» деп атаған. «Транзиторлы» деген атау сүйек тін-дерінде жүретін қайтымды қабыну реакциясының анықтамасы. Бұл негі-зінен, жедел іріңді немесе созылма-лы периодонтиттің өршуін сипат-тайтын патологиялық процесс. Қабы-ну процесі сүйек құрылымындағы қантамырлардың кернеуін тудырып, құрамында лейкоциттері бар сірлі жалқық түзеді. Кейбір жерлерінде сүйек белдемшелерінің остеобласт-ылық резорбциясы (сорылуы) жүр-еді. Қабыну процесі сүйек құрылым-дары бойымен (per continuitatem ) тарайтын болса, жедел периостит да-миды. Сүйектің қабынуы әрі қарай өріс алуында, патологиялық процесс жедел оститтің күрделі де қайтымсыз түріне, жедел іріңді остеомиелитке ауысуы ықтимал.
Сүйекте өтетін қабыну процеснінің патоморфологиялық бұзылыстарын, оның тіршілік жағдайымен байланыстырып қарастырудың үлкен тәжірибелік маңызы бар. А.С.Григорьян (1974), эксперименттік жағдайында сүйектің қабыну процесіндегі тіршілігін авторадиографиялық әдіспен зе-рттеп, сүйек тінінде өтетін патолог-иялық бұзылыстарды екі түрге бөле-ді: сүйек тінінің қайтымды бұзылыс-ына - оститке және қайтымсыз бұз-ылысына – остеомиелитке. Сүйек-тің бірінші түріндегідей қабынуында патологиялық процеске ұшыраған тін кейін өзінің алғашқы, қабынуын-ан бұрынғы қалпына келіп, орны бас-тапқыда талшықты жасушалық, кей-ін сүйекті құрылымдармен ауысады. Сүйектің екінші түріндегідей қабы-нуында альтерациялық процесі бас-ым өтуіне байланысты, сүйек тіні өл-еттеніп, секвестрлер қалыптасады. Сүйекте өтетін қабыну процесін мо-рфологиялық тұрғыдан дәлме-дәл си-паттайтын мәліметтердің бірі – сүй-ектің репаративтік қабілетінің жағд-айы. Оститте (периостит) сүйек белд-емшелерінің (балки) сорылуы (резо-рбциясы) репаративтік процесімен бірге жүріп, бұзылысқа ұшыраған тіндердің орындары остеоидты құры-лымға, кейін сүйек тініне ауысады. Остеомиелит процесінде қабыну ош-ағында сүйектің өлеттенуі басым-дылықпен, ал репаративтік процесі – баяу жүреді, тіптен мүлдем тоқтауы ықтимал.
Жақсүйектердің одонтогенді осте-омиелитінде қабыну процесі сүйект-ің барлық құрылымдарында (сүйект-ің кемікті және негізгі заттары, сүйе-кқабы және айналасындағы жұмсақ тіндері) жүреді. Инфекциялық қабы-ну процесі жақсүйектердің айналас-ында жатқан жұмсақ тіндерге тара-уында абсцесс немесе флегмона дам-иды. Остеомиелитпен қоса, жақсүй-ектердің айналасында флегмона дам-ыса, оны остеофлегмона деп атай-ды. Бұл терминнің дұрыс аталуы фл-егмона мен остеомиелиттің патоген-ездік механизмі бір екендігін білдір-еді (И.Н.Муковозов, 1982).
IV.4.3. Жедел одонтогенді остеом-иелиттің патологиялық анатоми-ясы.
Остеомиелитте байқалатын пато-морфологиялық бұзылыстардың бас-тапқы кезеңінде сүйектің қыл қан та-мырлары кернеп, домбығады. Ұсақ қантамырлары біртіндеп қан ұйын-дысымен бітеліп (тромбыланып), ке-йін олардың ыдырауында, қабыну ошағы іріңдей бастайды. Іріңді қабы-ну ошағында микробтар, улы өнімд-ер жинақталады. Сонымен қоса, сүй-ек белдемшелерінде (балки) лейкоц-иттік инфильтрация үстемді өтуіне байланысты, сүйектің кейбір орынд-арында остеомиелит процесіне тән бұзылыстар жүреді (Г.А.Васильев, 1963). Алғашқы кезеңде осы жердің жұмсақ тіндерінде сірлі қабыну про-цесі өтсе, кейін іріңді түріне ауыса-ды. Жұмсақ тіндерден сүйекке бара-тын қантамырлары қан ұйындыс-ымен (тромбпен) бітеліп, сүйектің қоректенуін одан әрі бұзады. Егер ірі қантамырлары қан ұйығымен біт-елетін болса, сүйектің ауқымды аум-ағы өлеттенеді, ал ұсақ қан тамырл-ары бітелуінде өлшемі кіші секвес-трлер қалыптасады. Сүйекқабы аст-ында ірің жинақталғанда, сүйектің беті жалаңаштап, оның өлеттену аум-ағы едәуір ұлғаяды. Өлеттенген сүй-ек бөлшегі сау сүйектен тез бөлшек-тенбейді (демаркацияланбайды). Ос-теомиелиттің жедел сатысында сүйе-ктің өлеттену жылдамдығы қағазға тамған «май тамшысы»іспетті, жан-жаққа тез тарайды.
Қазіргі кезде остеомиелиттің пато-морфологиялық бұзылыстарының ке-зеңдері толық зерттеліп болған деп толық сеніммен айтуға болады.
Қабыну процесінің бірінші тәулі-гінде сүйектің кемікті затында реак-тивті қабыну процесі жүреді: қанта-мырлары кеңейіп, кернейді, қан айналымы баяулайды (стаз), лейкоциттер мен эритороциттер қан тамыр қабырғаларынан өтіп, сыртқа шығады, жасушааралықтарының инфильтрациясы және сірлі жалқықтың қалыптасуына тән патологиялық бұзылыстар жүреді.
Алғашқы 3 - 5 тәулік аралығында сүйек кемігінің қуыстары қызыл жә-не сары түсті сүйек миымен толады. Оның кейбір бөлімдерінен эозино-фильдер мен сегментті ядролы нейторофильдер шоғырын, бірлі-жарым плазмалық жасушаларды көруге болады. Сегментті ядролы нейторофильдер жиынтығын сүйектің кортикальді табақшасының кеңейген Гаверс өзектерінен де кездестіруге болады. Кейінгі 10 - 15 тәулік аралығында іріңді инфильтрациялық процесс арта түсіп, кемікті сүйектің өлеттенуі қар-қынды жүреді. Қан тамырлары кеңе-йіп, сүйек белдемшелері аралықтар-ынан қанталаған орындарды, құрам-ында ыдыраған лейкоциттер бар жа-лқықты ошақтарды кездестіруге бол-ады. Сүйек кемігі айналасында гран-уляциялық тіндер өсе бастайды. Қа-быну процесі басталғаннан кейінгі 20-30 тәулік аралығында жедел қаб-ыну процесінің белгілері әлі де сақт-алады: сүйек кемігінің өлеттенген жерлерін, детриттерге толы, сегмен-тті ядролы нейторофилдермен және лимфоциттермен қоршалған аймақт-арды көруге болады. Остеомиелит ошағының кейбір жерлерінде сүйек белдемшелеріне ұқсас эндооссальді сүйек құрылымдары қалыптаса бас-тайды. Кортикальді табақшаның Гав ерс өзектері кеңейіп, қабырғалары мүжіледі, сүйек белдемшелері жұқа-рады. Остеомиелиттің дамуының 34 - 45 тәулік аралығында сүйектің бар-лық құрылымдары өлеттеніп, корт-икальді табақшасы жұқара түседі. Сүйектің ыдырауы әрі қарай жа-лғасып, құрылымы сорылады, оры-ндары гомогенді заттармен толады. Кейін осы жерлерде іріңді жалқы-қпен қоршалған секвестрлер қалып-тасады.
Жақсүйектерде секвестрлердің қа-лыптасу мерзімі әркелкі. Кейде сек-вестрлер инфекцияның жедел сатыс-ынан кейін 4 апта өткен соң, рентге-нограммадан байқалса да, өлеттен- ген сүйектің толық бөлшектенуі 3 - 4 айға созылуы үмкін. Секвестрлер орындарында бос жатуы, қабыну пр-оцестің созылмалы кезеңіне ауысқа-нын білдіреді. Жедел қабыну процесі созылмалы кезеңіне ауысқанда, жаң-адан қалыптасқан сүйек тіндеріндегі қантамырлар босап, жасушааралы-ғына кальций тұздары жинақталады, сүйек тығыздалады. Деструкциялық процесс ұзаққа созылған сайын, сүй-ектің склерозденуі арта түседі. Бірн-еше жылдық эбурнацияға ұшырауы-нан (сүйектің түсі пілдің сүйегіне-ұқсас болуы қантамырлары мүлдем жойылып, шапқымен кескілегенде, сүйек жарқыншақтанып сынуы мү-мкін. Сөйте тұра, остеомиелит проц-есі өткен жерде ұзақ уақыт, тіптен жылдар бойы ұсақ абсцестер мен жасырын, «мүлгіген күйінде» жатқан инфекция ошақтары сақталып, кейде олар әлсін-әлсін өршіп тұрады .
Ұзақ уақытқа созылған жыланкөз-ді остеомиелиттік процесінде немесе оның жиі өршуінде, айналасындағы жұмсақ тіндер де едәуір өзгеріске ен-еді. Жыланкөздердің өзектері бұр-маланып, кейде айналасындағы бұл-шықеттерге жалғасуы мүмкін. Жыл-анкөздердің және олардың ұсақ өзе-ктерінің қабырғалары жалқық түзет-ін грануляциямен астарланады. Жин-ақталған жалқық жылжып,орнынан қозғалуына жол таппаса, жұмсақ тіндерде қабыну процесі өршиді. Ка-быну процесі басылғанда (ремиссия кезінде) грануляциялық тіндер тыр-тықтанып, жыланкөздері жабылады. Қабыну процестің өршу және бәсең-деу кезеңдерінің ауысып тұруы, тыр-тықтардың қалыптасуына және бұл-шықеттердің, тері астының шел тін-дері семуіне себеп болады. Тыртық-танған тығыз тіндерде кейде әк тұз-дары шөгіп, сүйектенуші (остеофи-цирующий) миозит дамуы мүмкін.
