- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Табиғат ана
Табиғат ана! Балаңа әсем үн қаттың!
Бізді әкеліп, дүниеге толғаттың,
Сенен алған қуат нұрын қайнатып,
Сендік күшпен болашаққа жол тарттым!
Табиғат ана, балаң үшін жан кештің,
Самалыңмен, бораныңмен ән кештің,
Төрт мезгілің, ыстық күнің, жауының,
Жасыл желек, қызыл-сары гүлдерің
Солардан сен, біздер үшін баз кештің!
Даму үшін сені талай қинадық,
Қинадық біз, саған қайғы сыйладық,
Қарт анам-ау шыдадың ба балаңа
Ішіңе сыйдық, сыртыңа бірақ сыймадық.
Анам сенің амандығын бақ бізге,
Адамзатпын, балаң адал бір сізге,
Қорғаймыз біз енді сенің барыңды
Айналдырмай, пәк жаныңды сұр күзге!
***
Аспан бұлтты,
Ренжігендей қара жерге,
Қара жерге, көкті аңсаған,
Жасыл жерді, гүлді аңсаған,
Бірақ аспан бұлты әсте,
Ренішпенен айналдырар,
Айналдырмақ бұл бір жерді,
Батпақ селге!
***
Киік көңіл жырлайды
Бұл жалғанның бізге жазған наласыма?
Әлде еткен күнәм үшін жазасы ма?
Мені өлтіріп қинайтындай қылдым бе екен...
Қастық қылық адамзаттың баласына?!
Неге айтшы...менің анам саған пайда?
Бармады ма «жетім» сөзі сендік ойға?
Жетім қалдым...жарар бәлкім деп жүргенде...
Мені де алу болған екен пасық ойда...
Ауру алды...қару алды киік затын,
Сайғақ, бөкен, киік деген менің атым,
Мөлдіреген көзімізді аяңдаршы...
Бізді өлтіріп, ләззат алған адамзатым!
17.04.2016
***
Қазақ жері аманат қазақ баласына,
Көз тоймайтын тауына – жазық даласына,
Осындай жер қалдырған қазақ балалары –
Тағзым етсін, нар қазақтың бабасына!
Өткен бабам сый көрсеткен анасына,
Бөлінбеген, ағы-көгі-қарасына,
Ана атын айналдырған боқтық сөзге,
Не айтарсың, сол қазақтың баласына...
Ежелгілер қазақпыз деп қанын төксе,
Бөлінеді ру – руға ұлттың ағасы да,
Баласына әңгіменің қажеті не?!
Үйрететін соны әке-ағасы да,
Бабаларын бір-бірінің қаралайды,
Қарамайды артына, тіпті шамасына,
Дамыйма екен осындайда қазақ ұлтым?
Жік салынса ақымақтықпен арасына,
Не айтармын, ақыл айтар мен емеспін,
Жеткенә сол ғой қайтейік енді санасына!
Мен қазақтың ұрпағымын
Қазақ тегім,
Қаныммен қатар соққан,
Жүрек үнім,
Жырлап жатыр, жанып жоқтан,
Жырлап жатыр қазағыма нар иленіп,
Тағдырына пендесінің
Күйген оттан...
Қазақ тегім, көк бөрінің ұрпағымын,
Жылдап жанған жүрегі ұрпағының,
Батыл, батыр, дана, дара жандары көп,
Асыратын асқақтатып ұлт даңқының!
Қазақ тегім, мен қазақтың ұрпағымын!
Қаратал сұлуына таныстыру
Армысын арда тұтқан қазақ халқым...
Бойындағы бар өнерін дәстүр-салтын...
Армысын арқа сүйер көрерменім,
Көтерген ұлт өркенін атақ-даңқын...
Қызыңмын қырдың гүлін теріп өскен,
Ұштасқан ой тұнығы бұлтпен көшкен...
Арманы асқарларға шыңдап шыққан,
Талабы пәк самалдай нәзік ескен...
Әділет деп есімімді ақтап қойған...
Әділ болып шыншылдықты жақтап қойған...
Әділбектің немересін көрейік деп...
Алғыр болсын деп мені мақтап қойған...
Сабыр тұнған Сабырбектің ұрпағымын...
Әкем менен анашымның гүл бағымын....
Отбасымды хандық...әкем хан деп білсең...
Ендеше мен елшісімін...өз тағымның...
Қараталдың аруына сайлап келдім...
Шайтан түртпей ақылменен жайлап келдім...
Қанжығамды еріктеп...жеңем деумен...
Жеңіске деп өнерімді майлап келдім...
Алла берсе үміттерді ақтамақпын...
Шыншыл болса...жеңімпазды жақтамас кім...
Елтай ауыл тілегінің тірегімін...
Тілектерін жүрегімде сақтамақпын...
Көрермен көз айымы қайып күші...
Қараталдың қас сұлуы...қанықты ісі...
Қарсылас бәріңеде сәттілік..
Жеңізпаз атансын тек лайықтысы.
2016
