Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A14_kopia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать

Бақыттың құшағында самғау менің арманым

Бақыттың құшағында самғау менің арманым,

Керек емес басқа заты мына қатал жалғанның,

Жүрегіме сыза түсіп, жас тамсада көзімнен,

Сол арманның соңынан мен қайтпадым да қалмадым...

Өзгелерге көрінсем де бір бақытты адамдай,

Жолы болмас жанымды мен көрсетпімдім

-Жоқ, көрсете алмадым....

Жүрегіме жасырынып, қорыққанды білдірмей...

Құласам да қайта-қайта биіктерге самғадым...

Кешіріңдер егер менде қате болса қинаған,

Жүрегіммен кей көздері өлердей-ақ қиналам...

Қиянатым сол болса егер кешіріңдер қайтпаймын,

Мен бәрі бір жеткім келеді, сол арманға қимаған!

09.09.2014.

Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым

Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым,

Тыя алмадым, жүрегіме сыя алмадым,

Сыя алмадым, сеніміңді ақтамадым,

Бірақ сенді мына мені даттамадың,

Даттамадың, жақтамадың, мақтамадың...

Кешір Алла, сендік көзді кері тарттым,

Күнәма мен жүздім білем, тіпті баттым,

Тұншықтым мен, ауа жетпей қиналамын,

Көбейді ғой, күнәларым жиналатын,

Қиналамын күнәларға жиналатын...

Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!

Ыстықсың ба ыстық жерден жаралдың ба?!

Ыстық болып бар ғаламда саналдың ба?!

Аяқ бассам елжіреніп тұрғандаймын,

Жұмақ кілті қақпасының қақ алдында...

Күйдірдің бе? Еріттің бе жүрегімді?

Жүрегімді, Көңілімді, Тілегімді...

Жанып жатқан ыстық тамыр сүрегімді

Сендің қуат қауышардай бар ғаламмен,

Ғалам сүйіп қалғандай ма тілегімді...

Қанын төкті, жанын берді өзің үшін,

Сермеп қылыш, азулы сөз, найза ұшын

Талай басшы, би-батыры салды күшін,

Кең даласын, туған жерін, жазирасын,

Қорғау үшін, төңкерілген көктің түсін!

Сұлусың сен! Көркемдіңтің символысың,

Бейне бір, әсем тұнған сынды мүсін,

Мүсініңе қанықпын, жүрек үшін –

Сен ғажапсың, кіндік қаным тамған жерім –

Қорғаймын мен тоқтағанша лүпіл – күшім!

18.04.2016

Қазағым

Қазағымның мейрімімен мақтанам!

Дана жолын, дара жолын сақтаған!

Көк көкжалдың ұрпақтарын – Аспанның

Хақ Тәңірі өзі дағы жақтаған!

Жаңара берсін елдігімнің дастаны,

Бірлікте болсын әрбір ұлттың жастары,

Көп ұлтты елдің ынтымағы жарассын!

Көркейе берсін Тәуелсіз елдің Аспаны!

Мен жастарға сенемін

Қазағым! Қайран елім баба тұтқан,

Ерлігің, елдігіңмен бізге жұққан,

Қасиет өн бойымда шырқан тұрған,

Ақынмын сөздеріңді қақпай ұққан,

Өзіңе табынумен өсіп келген,

Бабам-ау, жастарың бар жүрек жұтқан!

Сенерсің, олар дастан, өрге ұщқан,

Сенерсің, ақылдары шыңнан асқан,

Алатаудың қар басқан ақ шыңдарын,

Бағындырған оқ жетпейтін, олар дастан,

Заманның бар қажетін ойға алған,

Сенерсің, олар ұрпақ мың жалғасқан!

Қайсарлық қанында бар қанжар үнді,

Өзіңнен, арда тұтқан, қалған дінді,

Исламның шариғатын қастерлеген,

Балаңнан көрмес бабам ешбір мінді.

Сенерсің,қазақ атам жастарыңа,

Сөйлеген, сөзге шешен, қазақ тілді!

Қуатын бойындағы барға төккен,

Ғылым сүйіп, санаға білім сепкен,

Ғалымдарын, анр қазақтың, кім мақтамас?

Көргендейміз өнімді ойға еккен.

Сенерсің, техниканы жаңғыртатын,

Жастарың бар ұлтқа адал қызмет еткен!

Ғаламды таң қалдырған өнерімен,

Қошеметті жиып алған кемеріне,

Сендердегі әсем-бұлақ, сылдыр үнді,

Айтыс, қобыз, домбыра бар көреріңе.

Сенерсің, Балуан Шолақ, Қажымұқан,

Ұрпақтарың қылыштарын сермеуінде!

Ұлтымның асқақ күні аспанында,

Тәуелсіздік нар қазақты басқаруда,

«Мен жастарға сенемін!» – деп ұрандаймын,

Арқау еттім Мағжан ақын дастанына.

Сенемін мен, ерек өсіп, ерді тартқан,

Қыран ұшқан, қазағымның жастарына!

Қыз-ұлттың анасы, біз – ұлттың анасы

Ана-әлем жаңғырығы, бар ғажаптың анасы,

Жылы жүзді, күн нұрындай ашық әсте санасы,

Көктем гүлі, бұлбұл үні, ыстық жарқын құшағы,

Ана – дара, бар әлемнің ақыл тұнған данасы.

Қазақ үшін «ана» заты қасиетті-қадірлі,

Арда тұтқан ана атын нар қазақта барлығы

Бір қолымен әлем тербеп, бірімен бесік тербеген,

«Жұмақтың кілті – анада» – деген

Хақтың да бар жарлығы.

«Қыз баланы – ұлт анасы» деп қадірлеп сыйлаған,

Атам қазақ қыз қонағын жамандыққа қимаған,

«Ана көрген тон пішер» бар жақсыны бойға алып,

Қазақ қызы – инабатын ол кездері тыймаған.

Бабам қазақ – қазақ қызын мәпелеген нұрымен,

Ақтық, пәктік, тазалыққа жетелеген жырымен,

Қырық үйден тыйым салып, қара күңі тыйым сап,

Ол қазақ қыз ғажап еді, ғажап еді-ау шынымен.

Шашбау, шолпы, бөрік, камзол киіп өскен сол қыздар,

Қазір міне басқа үлгіде, көрінді басқа қырымен.

Қысқа киіп, қара басты тасқа-жарға соқтықта,

Жыртық киім көрінеді, ұрынғандай жоқтыққа,

Темекі алып ауызына, ішімдікке беріліп,

Тұнып кетті ғажап қыздың аузы қоқыс-боқтыққа.

Әрине көпке топырақты шашпау керек білемін,

Бірақ бар ғой сондай жандар арамызда жүретін,

«Ақша, ақша» – деп тәнін сатқан аруларды көргенде,

Қалай ғана сыздамасын, ауырмасын жүрегің?

О қазағым, байлап ұста қыздарыңды қорғашы,

Қайда кетті, бір кездегі, Еңлік, Баян, Жібегің?

Бұл ғана емес, қазақ қызы, батысты тағы жақтады,

Бәрін емес, Құдайға шүкір қалғанын Алла сақтады,

Бір балаға зар болғанға мазағы ма білмедім,

Жүкті болып ерте жастан, тағдырын тағы ластады.

Тағдыр салған сынағы ма? Бәлкім осы пәниде,

Ауыр тиген болар мүмкін, ата – ана, бар үйге,

Бірақ неге? Қазақ қызы жауап берші ойланып?

Неге сонша қастық қылдың кінәсі жоқ сәбиге.

Әжетхана, такси роддом болып кетті-ау сірәсі,

Сендік күнә, болды ма айтшы періштенің күнәсі?

Ой түйерім, біз анамыз, ұлт анасы біздерміз,

Батыс берген жамандықтан енді қолды үзерміз

Арын сақтап, арман болар, қыз болайық арулар!

Бұл өлеңмен, бәлкім енді кемшілікті түзерміз!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]