- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Қарайлама балалықтың кемесіне...
Сенімдімін ол сәт қайта келмесіне...
Анашым-ау жүрегіңді ауыртпашы...
Бас қатырма, өткен шақтың елесіне...
Білемін сен сағынасың сол сәттерді...
Менде аңсаймын, бірақ басқа бір сәт келді...
Жаңа қадам жасадық па бірге анашым?
Есімізге сақтайықшы сол сәтті енді...
30.01.2015
Баспалдақ
Асқарға жетпес шабытым,
Өлеңім болар сауытым,
Жыладым өлген арманның,
Құшақтап суық табытын!
Асқарға жетті шабытым,
Өлеңім болды сауытым,
Көмдімде жүрек түбіне,
Арманның өлген табытын...
Асқардан асты шабытым,
Жаңадан киген сауытым,
Арманнан асқақ шабытым,
Таңдадым көзді жұмдым да
Ол арманның бағытын!
2013
Мен арыстан
Мен арыстан,
Мінез-ақыл-жан арыстан,
Көшкен бұлтпен, самал желмен
Тек жарысқан!
Мен арыстан!
Көкке шығып, қайта түсіп,
Көк сабырын,
Көк шыдамын тек тауысқан!
Мен арыстан, намыс туын
Алып ұшқан!
Мен арыстан, Көк Тәңірдің
Нұрын құшқан...
Аспанда ай, шуақты күн,
Суық қардың,
Арыстаны, құртпас мені
Ешбір дұшпан!!!
09.08.2015
Шүкір еттім
Шүкіршілік өмірге келгеніме,
Күн батқанды, ай шыққанды көргеніме,
Отбасымның ортасында жүргеніме,
Олармен бірге жылап-күлгеніме!
Өкінбеймін, өткен өмір елесіне,
Сенімдімін ол өткен шақ келмесіне,
Аллам өзі шуағын шашар маған,
Сенімдімін өткен күндей жүрмесіме...
2013
ҰБТ біткен кез
Тағдыр қатал аямас ешбір жанды,
Кейбіреулер қарсы ала алмас атқан таңды,
Кейбіреулер қарсы ала алар атқан таңды
Бірақ қиын тағдырлы, қиын жанды...
2013
Сағындым, шыдам жетпес жүрек мұңға
Баспайтын олар орнын-жүзде, мыңда,
Сағыныш жүрегімді байлап алып,
Салады құр жанымды қатал сынға!
2014
Психология
Арманым бөлек, мақсатым басқа,
Жеткізбес арман, жеткізбес жаста,
Арманнан шығып, мақсатқа жетіп,
Соқтым басымды тауға да тасқа!
Арманым бөлек, мақсатым бөлек,
Мен ұмтылмасам кімге олар керек?!
Жетемін мақсат шыңына әрине
Мақсатқа жетем, сенемін демек...
2014
Қинамашы ата-анамды
Ей өмір саған айтам, мені тыңда,
Ашулансаң тек мені, мені қыйна,
Бірақ сенің қулығың сенде болар,
Сенің ойың сыймайды-ау топас миға!
Саған қызық шығар бәлкім осы ісің,
Өтінемін, мендей жанның мұңын түсін,
Ата-анамның кінәсі не аулақ жүрші,
Тигізбеші оларға ащы саусақ ұшын!
10.09.2014
Неге өмір сүрмейді екен мәңгілік?
Неге адам сүрмейді екен мәңгілік?
Жадымда тұр осы сұрақ жаңғырып,
Себебі сол, адам мәңгі өлмеске,
Жауыз болар шеттерінен даңқы ұрып...
Бірақ неге өмір сүрмес мәңгілік,
Осы сұрақты жүрегім қойды дәу қылып,
Бәлкім, адам жер бетіне сыймастан
Өзге әлемді жаулап олар қаңғырып...
Неге өмір сүрмеске екен мәңгілік,
Онда адам құтырар еді ант ұрып,
Алладан басқа өмір сүрер ешкім жоқ,
Өмір бәрі, ол ғана сүрер мәңгілік
Қалғаны өлер тек рухы қалар жаңғырып...
03.06.2014
Көндігу қиын...
Көндіге алмас ешкімде зор қазаға,
Ауру алар, оқыс алар сол азаға,
Бақыт екен, Алла берген күнді сүріп,
Өлген бақыт ұшырамай еш жазаға...
Көндіге алмас сонда да жаның зор қазаға,
Өлген арман ұшырамай еш жазаға...
03.09.2014
