- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Анаға деген сағыныш
Алыстамын анашым, алыстамын!
Алыстаумен жүрегім ғарышта шын..
Ғарышта шын, ғайыптан пайда болған,
Мұңлы күйдің жұлдыздары сан ұшқансын!
Сол жұлдыздан құралған көңілімде,
Қарсы тұрып, ғарыш өқрды болмысқа шын,
Бұл сағыныш анашым бола қоймас,
Жүрегімнен оянған болмысқа сын!
***
Жүрегім жанып барады,
Көзімде лава алауы,
Өзің үшін жүрегім,
Дамылсыз қатты соғады!!
***
Сүйіктім, жаным, құшуға мені асықпа!
Асыққан жүрек, лаулаған сезім ғашықпа?!
Ғашықпа маған, менде өзіңе ынтықпын,
Сенімен болсам – сарайдай болар лашықта!!!
Сездің бе Ана?
Сездің бе Ана?
Сенің жаның менде ме?
Жан бергендей жүрегі жоқ сүлдеге!
Сезінем мен жанымда өзің тұрғандай...
Жыласам егер анашым мені күндеме!
Сездің бе Ана?
Алыста жүрмін, жабықтым!
Күндегі сабақ, жабықтым, сені сағындым,
Қызық қой мама, жас болсам да мен дағы,
Сенесің бе? Бәріненде жалықтым...
Сездің бе Ана?
Өзіңдік қуат, менде сыр!
Жаныңда менде..
Жылындым ыстық маған тым...
Сағынышпен жаурадым ба білмедім..
Аз болса да, жылындым мама,жылындым!
Ағама
Қызық, сенімен алысып, шабысып ойнағанда сенен айрылып каламын деген ой басыма келіп пе еді?! Жоқ, жоқ, жоға... Сен табиғаттың көңілді жаратылысы – менімен алысып, ұрысып, табысып ойнағанда өзіңнің өткен күннің ерекше естелігі болып қалатыныңды ойлап па едің?! Белгісіз...
Аға, нағашы Ағам, Жан бауырым, елінің Батыр Ұлы!
Мейрамбек Нуридиллаұлы Рахматуллаев... Тағдыры қыршынынан қиылған отбасының ерке ұлы! Шаңырағының тірегі... Әкесі мен анасының жүрегі, жарының жалғызы...
Мейро! Сен жүректесің... жүректерде өмір сүр, өлме! Тастама!
Аға сені «Сіз» деуді қаламадым...
Еркелікпен қажет деп те санамадым...
Қарындастың жаманы мен шығармын
Бірақ бұлай қажеті не жаралаудың?!
Аға сенің сөздеріңнен күн шығатын...
Мазақтаумен, келеке мен сын шығатын...
Қазір сол сөз, қылықтарды сағынумен...
Суретіңе қараумен-ақ тұншығамын!
Күнә кетпес қаныпезер қара қолдан...
Сені айырған бақыт деген дара жолдан...
Аллам бәрін дұрыс қылар сенімдімін
Жауап берер ол да бір күн қанмен молдан...
Сенің бейнең енді бізге сағым, мүсін!!!
Алла берсін отбасыңа барлық күшін...
Әттең аға берер едім барлығында
«Жауха» деп бір шақыратын сөзің үшін
Ағатайым тентек ағам сезесің бе?
«Акулаңның» саған деген сағынышын!!!
03.08.2016
***
Таңдап сүю, сүйіп таңдау жан жүректің жылуы...
Десе дағы бұл ауырлау ұғымды –
Кей жүректер бәлкім ұқпас
Махаббатпен қосақтап...
Сезім ұғым, ғашықтықтың ұғымы
Ауыр келген жері сол ғой,
Ғадауатпен жалғасқан....
Сезім оты, кей-кездері махаббатқа алдаспан
Қылыш сермеп, жанды тербеп күндеткен,
Махаббат пен ғашық сезім
Екі түрлі сыр дастан
2016
Әкешім!
Әкешім асқар таудай бұлқынасың
Содан менің бір ұғарым,
Папа сен байқайсың ба, мен деген
Өзіңне тартқан шығармын...
Сендік мінез менде бар,
Мендік ашу сенде бар,
Тұңғышыңның бұл жағымсыз мінезін
Кей жандар ұнатпайтында шығар.
2016
Тізгініне жанымды ұстатқанда байландым,
Нұржан құрған шаңырақтың кенжесі боп сайландым
Ашуланған түр көрсемде өздеріңнің қасыңда
Періштемен бірге жүрген пендедей боп жайландым.
21.05.2016
Сәт жеткендей жанымды қинап барады...
Сәт жеткендей қоштасар қаламыма,
Жолыққандай тағдырдың жаманына,
Жан қиналып, жүрегім сыздап неге?
Барады, жұлымданып жамауына,
Күңреніп, күл күйіне ұшыранып,
Қаламым қамалғандай қамауына,
Қамауына, ащы шындық жасап қойған
Тағаламның тайға басқан тарауына!
07.08.2016
Мама
Бұл бір айда өтті, кетті,
Жүк жинайтын, жолға шығар,
Сәтте жетті,
Көздеріңе қарасам анашым-ау...
Қоштасар тағы бір жыл
Уақыт кепті...
Мама, неге? Уақыт тез-ақ өтеді екен,
Жаныңда болсам, бақыт сол ғой,
Құлыныңа сол бақытта жетеді екен,
11-күн деп саналған жүрегімде
Күйініштен жарылардай кетеді екен...
Мама сенің жаныңда қалсам десем
Уақыт шіркін кедергісін етеді екен...
07.08.2016
Туылған күнім!
Мен жиырмаға толдым...
Жүрегім де есейді, көңілім де,
Алыстарға қарайлайтын өмірім де...
Қалай тез-ақ
Кеше ғана туылған ем,
Осы сұрақ шын жара ғой көңіліме...
Мен есейсем, жас қосылар әкешіме,
Анашымда өсе берер жыл көшінде,
Шіркін уақыт тоқтап қалса бақыт еді,
Сыйлаған туған күннің иесіне,
Мен жиырмаға толдым!
09.08.2016
Басталды...
Тағы келдім, алыстарға бас бұрдым мен
Жүрегімнен жанар таудай тас құрдым мен,
Құлаймын ау, су тасыса қайтер екем,
Бірақ жүрек тасыменен қарсы бастап,
Шын-ақ Құдай қиындыққа рас тұрдым мен...
2016
Егер мен ғашық болсам...
Мама, сүйем оны, тек тыңдашы,
Көңілімді қалдырдың деп сынбашы...
Мама менің бақытым маңызды ғой...
Өтінемін, бақытсыз жан рөлін беріп,
Бақытымнан бақытсыздықты құрмашы...
Мама ол, беймейсің ғой, аспан дерсің...
Құдай мені сыйға берсе, соған берсін...
Пешенеме жазылған сол шығар-ау
Келсе маған ғашық адам, тек сол келсін
Жүрегіме мінсіз жан боп тек сон енсін!
2016
Мен бір байғұс жүрегіме таңқаламын
Мен бір байғұс жүрегіме таңқаламын,
Бөлшегіне айналған сан ғаламның,
Бөленетін барлығыный жай-күйіне
Орындамай қыйнайтын жан қалауын,
Мен бір байғұс жүрегіме таңқаламын...
19.07.2016
Күйініш
Мұнға батам, сағынамын, жылаймын,
Алламнан тек шыдам бер деп сұраймын,
Ойым бөлек, ісім тұнық себеп көп,
Мұңның шебін, мұңлы күйді құрайтын...
Сабырыммен сынға төздім, сүріндім,
Азабы көп, мазағы көп бүгіннің,
Жылдап жазып, сырлап қойып – сақтаған,
Пешенемнің еншісіне жүгіндім...
Шыдап келем, шыдап келем сенерсің,
Хақ тағалам, өзің бәрін көрерсің,
Таласамын тарға бастым, кең бастым,
Бақытыңның берші кіші үлесін!
27.01.2016
Мен туылған сол бір кезде бойыма куат сепкен сен..
Сәлемменен бастайын әр сөзімді,
Менің сөзім болар-ау сонда ұғымды,
Қара өлең жолдарын арнап өтіп,
Жырлап өткім келеді бұл ғұмырды.
Бұл бір әлем жұмбақтардан құралған...
Бұл бір әлем жыйып алған мың арман,
Адамдардың ойларынан жасалып -
Өткен әлем бұл бір талай сындардан
Сол әлемде өмір сүріп келем мен,
Өмірімді айтып өтсем тереңнен
Парақ шіркін жетпей қалар сонда да,
Жазып өтем, жазғаныма сенем мен!
Мен туылған сол бір кезді білмеймін
Білмесемде бұл өмірде гүлдеймін...
Шуағымды шашып өтем баршаға
Шуақ шашқан нұр төгетін күндеймін.
Мен туылған сол бір кезді білмеймін!
Білем бірақ мен туылған кезімде...
Риза болды әкем анам өзіне...
Тұңғышы боп есік ашқан баланың
Ғашық бопты қара жарқын көзіне...
Мен туылған сол бір жылдар
Аштық жылы болыпты...
Сол аштыкта қиналыпты, қиындықтан солыпты...
Мен туылдым, жұт кезінде, бірақ тірі қалдым ғой
Мен келдім де, ортам, жаным, құуанышқа толыпты...
Анам сүйсе, емірінеп, менің тәтті исімді,
Әкем тіпті, еркелетіп, қылығыма сүйсінді...
Әжем мені құндақтатып, өз жанынан тастамай
Атам болса, мені бермей, басқарыпты би сынды....
Ұйықтағанда, би атама жақын болып жатыппын,
Ұйықтамаймын деп еркелеп, бөленіппін бақыттың...
Қызық сонда жаныма да жақын болған атаның
Бар мейрім мен махаббатын молынан мен татыппын...
Содан енді мектепке де аяқ бастым тез өстім...
Ортасына сіңіп кеттім мектептегі көп достың
Үздік оқып атамнын мен үміттерін ақтадым
Осылайша өмірде көрген бір қайғыны таппадым....
Содан енді бақытты боп келе бердім тоқтамай
Қызығым көп болды өмірде ерке қыздың көп талай
Бірақ бірде ең сорақы бақытсыз күн тап келді...
Ол бір күнді қалай айтам жыламай мен жоқтамай?
Өміріме шуақ шашып білімге ол жеткізді
Бойыма қуат ойыма нұрдың сәулелерін сепкізді
Ерек етіп, еркелетіп, «дәйіс, данош» сөзі бар...
Аташым да кетіп қалып, жүректі жетім еткізді...
Атам менің, немересін бақыты деп танитын...
Қатты айтса күңіреніп, күйінішпен налитын...
Ақша беріп, алдап қана жіберетін мектепке...
Айтқан сөзін, үйреткені бойымызға даритын...
Мен туылған кезде сенде қуандың деп білемін
Сені ойлап, шарқ ұрады мені бала жүрегім...
Рухын мәңгі жанымда жүрсін, аташым жүрші жанымда
Тоқтасада сенің бізді ойлайтын асау жүрегің!
25.08.2012
