- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
Павлодарға
Кең дала қараңғының құшағында,
Қара түнек, мінгендеймін ұшағына,
Алыстарға көз жіберіп, аңсап келем,
Жарықтың жанған алыс тұсауына,
Жетермін деп жетелеп іңкәрімді
Іңкәрімде мақсаттың тұсауында...
11.04.2016
Алғыс күніне арнау
Арма қазақ, бар жақсысын алға тартқан,
Арма елім, аттамайтын әдеп-салттан,
Бойындағы қан-жанына әдет жұққан,
Арма халқым, кіші-үлкенді ізет тұтқан!
Бүгінгі күн мейрамыңмен құттықтауға
Қабыл алғын жастарыңды бастап шыққан!
Қазақ елім, дархандықпен дара туды,
Кеңпейілдік, мейірбандық сана туды,
Балапанға бар ақылын төгіп беріп,
Сол балапан, қыран болып жаратылды,
Бүгін міне сол қырандар сыйлап отыр,
Өздеріңдей жауһар-жақұт бар асылды.
Бірің ана, бірің әке дана туған,
Тарихында адамзаттың дара тұрған,
Ұстаз болып әсте арда жаратылған,
Жаратылған бар ғажаптың санатынан,
Жеткіздіңдер, жетелетіп ақ білімге,
Сүйеу болып қатаймаған қанатымнан.
Ал бұл бір күн, Наурыз күні жылдың басы,
Еріген күн, Самарқандтың көкшіл тасы,
Бүгінгі күн татулықтың жыл бастауы,
Ризашылық білдірер күн кәрі-жасы,
Бұл бір күнді пайдаланып, мен сіздерге
Алғысымды білдірмекпін сөздің расы.
Ұстаздарым ұлағатты ұлт бастауы,
Өздеріңе алғыс айтты ұлт жастары,
Рахмет ұстаз бойға сепкен ілім үшін,
Иншаллах біз қолданармыз білім күшін,
Ойға құйған сәулелі бақ орманындай,
Құрастырып, ризашылық бейне мүсін!
Ізгіліктің ақ бастауы ағылған күн!
Ақ түйенің қарыны жарылған күн!
Реніш, өкпе, сатқындық тарылған күн!
Достыққа, ризалыққа бағынған күн!
Құтты болсын! Халқым менің разылықты,
Көптен күткен, ақ мерейлі сағынған күн!
01.03.2016
Ертіске
Ғашық болдым қара түнек қаласына!
Мұң бергендей жан дүнием санасына,
Ғашық болдым кеңге жайған даласына,
Ертістің су тасыған жағасына....
Ғашық болдым, ұшырардай жел күшіне,
Ғашық болдым, сұр жамылған көк түсіне,
Бұйыртса ғашық сезім қауышар-ақ
Ұмытпай Павлодардың Ертісіне!
Қытай мен Ресей асқан ақ алауы...
Бұл сұлуға керек халық бағалауы
Секіруге ынтық қылар толқындары
Шіркін ай. Ғажап Ертіс жағалауы...
11.04.2016
Кітап сыры
«Қисығы көп заманның – тіршілігі дарасы,
Сынға түскен адамның жазылмас-ақ жарасы,
Жазылмаған жараның, емін таба алар ма?!
Бұл пәнидің асқағы, тәуіптердің данасы...
Жырлап жазған сөзімен, өрнектері өлеңі,
Жүрегінің тамшысы – тұншықтырар көлемі,
Кітабына арқалап, өткен күннің елесін,
Салған жанның жүрегі – құдықтардың тереңі»
Төленді Г.Н. 18.05.2016
Сіңіліммен ВКДа
Айтысып отырмыз ба? Білім айтып...
Астрономия ашқандаймыз бейне сайтын
Мақтап қойып 9 шардың атыменен
Жаным-ау тастадық қой екеуміз-ақ
Көңілдерді сағынған өте бай қып!!!
04.03.2016
Сүйгенді сүй
Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба!
Шын сүймеген құр ойынға салынба!
Сүйген жанға қатты айтып қағынба!
Сүймегенде күйінішпен сағынба!
Жүрегіне құлып қойда бақытты...
Өмір сүргін ақылыңа бағында!
15.05.2016
Күнайым анама
Жыл өтті жылынды жанымда,
Ұмыттым өткенді тағы да,
Мама сен қалайсың? Жақсыма?
Барған жақ жаныңа жақтыма?
Сағындым, сенерсің өзіңді,
Мөп-мөлдір тұп-тұнық көзіңді,
Естелік кейде тек жаңғырад,
Еске алам сонда тек сөзіңді.
Сенерсің ұмыттым бейнеңді,
Еске алу қиын-ақ кедергі,
Кедергі болады жүрегім,
Ауырлық кедергі себебі!
2016
Сағынышым – отбасыма махаббатым
Махаббатым асқақ шыңға асқақтады,
Қиын екен бұл жүректен жас тоқтауы,
Отбасыма деген ыстық жан жылуым
Сағынудан баз кешпеді, бас тартпады.
Ана көңіл, әке жүрек ойдан шықпай,
Ақылымда жүрегімді кейде ұқпай,
« Кетеміз» - деп жар салады, басты ауыртып,
Айқайлайды, ақылыма құлақ сұқпай!
Жүрегімде махаббатым жаңғырады,
Сезімімде, өмір барда, мәңгі әлі,
Мәңгі әлі, мәңгілік боп қала бермек,
Бұл махаббат – жүрегімнің жан тұмары!
